БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 29 қарашадағы № 463 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 29 қарашада № 17829 болып тіркелді
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Қ. Бозымбаев
«КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі _________________ 2018 жылғы « »
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 29 қарашадағы № 463 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. «Үлгілік инвестициялық шартты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы №107 бұйрығы (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде №10650 болып тiркелген, 2015 жылы 14 мамырдағы «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 676 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика Министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіндегі 5) тармақшасы (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде №12421 болып тiркелген, 2015 жылы 28 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 228 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика Министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіндегі 4) тармақшасын (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде №13942 болып тiркелген, 2016 жылы 8 тамызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |