• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 01.07.2019 г

Отправить по почте

1

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің 22 қарашадағы 2018 жылғы № 1549 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 26 қарашада № 17779 болып тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2019 жылғы 1 шілдеден бастап ҚР Әділет министрінің 26.06.2019 жылғы № 349 Бұйрығына сәйкес
1. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң кейбiр бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша күшін жойды ҚР Әділет министрінің 11.04.2019 жылғы № 184 Бұйрығына сәйкес (22.11.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 05.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) «Заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 233 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11384 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 9 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекiтiлген «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
«2) порталда – акционерлік қоғамдарды, олардың филиалдарын (өкілдіктерін) қоспағанда, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, өтініш берілген кезден бастап жұмыс күнінің бір сағаты ішінде көрсетіледі.
Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған, оларда кемшіліктер болған, құрылтай құжаттары бойынша сарапшының (маманның) қорытындысын алу қажеттігі болған жағдайларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де негіздер бойынша заңды тұлғаны, филиалды немесе өкілдікті мемлекеттік (есептік) тіркеу мерзімі анықталған кемшіліктер жойылғанға немесе тиісті қорытынды (сараптама) алынғанға дейін тоқтатылатұрады.
Банктерді, республикалық және өңірлік мәртебесі бар қоғамдық және діни бірлестіктерді, оның ішінде саяси партияларды, шетелдік және халықаралық коммерциялық емес үкіметтік емес бірлестіктердің филиалдары мен өкілдіктерін мемлекеттік (есептік) тіркеуді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (бұдан әрі –Министрлік) жүргізеді.
Жергілікті мәртебесі бар қоғамдық және діни бірлестіктерді, қорларды және заңды тұлғалардың бірлестіктерін мемлекеттік тіркеуді, тиісті облыстағы және Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы қоғамдық және діни бірлестіктердің филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеуді облыстардың, Астана, Алматы мен Шымкент қалаларының Әділет департаменттері жүзеге асырады.
Министрлікте, облыстық және Астана, Алматы мен Шымкент қалаларының Әділет департаменттерінде тіркеуге жататындардан басқа, тиісті облыстарда құрылған, қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аудандық (қалалық) Әділет басқармалары жүзеге асырады.»;
«5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электронды/қағаз түрінде.»;
осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы және 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу туралы анықтама (бұдан әрі – анықтама) не осы стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден жазбаша түрде дәлелді бас тарту.
Порталға жүгінген кезде, көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі жолданады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық/қағаз түрінде.
Көрсетілетін қызметті алушы осы стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.»;
«7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда, заңды тұлғаларға (бұдан әрі- көрсетілетін қызметті алушы) ақылы көрсетіледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін тіркеу алымы белгіленген. Тіркеу алымының сомасы осы стандартқа 4-қосымшасына сәйкес «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген мөлшерлеме бойынша есептеледі және салық салу объектісінің тіркеу орны бойынша тиісті құжаттар берілгенге дейін төленеді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға электрондық сұрау салу берілген жағдайда, төлем портал арқылы «электрондық үкімет" төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.»;
осы стандартқа 5, 6, 7 және 8-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша өтініштер (бұдан әрі - өтініш);
қызметінің мәні қаржылық қызметтер көрсету болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің рұқсаты қосымша ұсынылады;
тиісті тауар нарығында монополиялық жағдайға ие нарық субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындарды, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларды және өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын олармен үлестес тұлғаларды, мұндай құру 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 172-бабында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік тіркеу үшін тіркеуші орган монополияға қарсы органның келісімімен жүзеге асырады;
орта және ірі кәсiпкерлiк субъектiсіне жататын заңды тұлғаларды мемлекеттiк тіркеу үшін өтінішке құрылтайшы немесе құрылтайшылардың бірі не шетелдік немесе шетелдік заңды тұлға, Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе мемлекеттік органдар не Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жалғыз құрылтайшы не құрылтайшылардың бірі болып табылатын жағдайларда, құрылтайшының уәкілеттік берген адамы қол қояды және «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабында көзделген жағдайларда нотариаттық тәртiппен куәландырылған құрылтай құжаттарын қоса бере отырып, оны тіркеуші органға береді;
орта кәсiпкерлiк субъектісіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттiк тіркеу үшін құрылтайшы (құрылтайшылар)осыстандартқа 9-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша орта кәсіпкерлік субъектісін мемлекеттік тіркеу туралыжәне банктік шотты ашуға және қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыруға (заңды тұлғаның құрылтайшысы (құрылтайшылары) қызметті жеке тұлғалармен еңбек қатынастарын жасамай жүзеге асыратын жағдайларды қоспағанда) өтініш береді;
жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу үшін өтінішке құрылтайшы (құрылтайшылар) не осыған уәкілеттік берілген адам қол қояды және оны «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабында, «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабында және «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабында көзделген жағдайларда, нотариаттық тәртiппен куәландырылған құрылтай құжаттарын қоса бере отырып, тіркеуші органға береді;
өз қызметін үлгілік жарғы негізінде жүзеге асыратын акционерлік қоғамды қоспағанда, жарғы;
құрылтай жиналысының хаттамасы немесе жалғыз қатысушының шешімі;
шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда, заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын түбiртек немесе өзге құжат;
Егер заңды тұлғатиісті тауар нарығында монополиялық жағдайға ие нарық субъектілеріне, сондай-ақ акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындарды заңды тұлғаларды және құру Қазақстан Республикасының заңдарында өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын олармен үлестес тұлғаларға жатқан жағдайда тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, тіркеуші орган монополияға қарсы органның алдын-ала келісімімен жүзеге асырылады;
шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда, заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын түбiртек немесе өзге құжат;
шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда, заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын түбiртек немесе өзге құжат;
тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде), ЖСН, тұрғылықты жерін көрсете отырып, өндiрiстiк кооператив мүшелерiнiң тiзiмi;
шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда, заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын түбiртек немесе өзге құжат.
заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын түбiртек немесе өзге құжат;
тұтыну кооперативi азаматтар үшiн –осы кооператив мүшелерiнiң тегі, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде), ЖСН және тұрғылықты жерi және заңды тұлға үшiн – тұрғылықты жері, банктік деректемелері туралы мәліметтер және БСН көрсетілген олардың тiзiмі ұсынады;