• Мое избранное
Асыл тұқымды мал шаруашылығы және балара шаруашылығы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Асыл тұқымды мал шаруашылығы және балара шаруашылығы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 29 қарашадағы № 481 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 29 қарашадағы № 89 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 30 қарашада № 17834 болып тіркелді

Редакция 01.08.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 5 және 6-тармақтарына және 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 06.02.2023 жылғы № 53 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 06.02.2023 жылғы № 16 Бірлескен Бұйрығына сәйкес (30.03.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.02.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Мыналар:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 06.02.2023 жылғы № 53 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 06.02.2023 жылғы № 16 Бірлескен Бұйрығына сәйкес (30.03.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.02.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 14.07.2023 жылғы № 261 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 14.07.2023 жылғы № 139 Бірлескен Бұйрығына сәйкес (06.02.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.08.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес асыл тұқымды мал шаруашылығы және балара шаруашылығы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес асыл тұқымдық орталықтарға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығы және балара шаруашылығы саласындағы тексеру парағы;
3) осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес дистрибьютерлік орталықтарға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығы және балара шаруашылығы саласындағы тексеру парағы;
4) осы бірлескен бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға бюджеттік субсидияларды алған жеке және заңды тұлғаларға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығы және балара шаруашылығы саласындағы тексеру парағы;
5) осы бірлескен бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес республикалық палаталарға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығы және балара шаруашылығы саласындағы тексеру парағы;
6) осы бірлескен бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес бонитерлерге (сыныптаушыларға) арналған асыл тұқымды мал шаруашылығы және балара шаруашылығы саласындағы тексеру парағы;
7) осы бірлескен бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес техник-ұрықтандырушыларға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығы және балара шаруашылығы саласындағы тексеру парағы;
8) осы бірлескен бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес эмбриондарды телу (ауыстырып салу) жөніндегі мамандарға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығы және балара шаруашылығы саласындағы тексеру парағы;
9) осы бірлескен бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес асыл тұқымдық орталықтарға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығы және балара шаруашылығы саласындағы тексеру парағы;
10) осы бірлескен бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес дистрибьютерлік орталықтарға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығы және балара шаруашылығы саласындағы тексеру парағы бекітілсін.
2. Мыналардың:
1) «Асыл тұқымды мал шаруашылығы және бал ара шаруашылығы саласындағы тексеру парағын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 15-05-1136 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 820 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12729 болып тіркелген, 2016 жылғы 20 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
2) «Асыл тұқымды мал шаруашылығы және бал ара шаруашылығы саласындағы тексеру парағын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 15-05-1136 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 820 бірлескен бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 13 қыркүйектегі № 389 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 4 қазандағы № 438 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14406 болып тіркелген, 2016 жылғы 18 қарашада Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
4) осы бірлескен бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын;
5) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі  ______________ Ө. Шөкеев
Қазақстан РеспубликасыныңҰлттық экономикаминистрі  ______________ Т. Сүлейменов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу жөніндегі
комитет
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2018 жылғы 29 қарашадағы № 481
және Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы 29 қарашадағы
№ 89 бірлескен бұйрығына
1-қосымша
1-қосымша өзгертілді ҚР  Ауыл шаруашылығы министрінің 30.03.2021 жылғы № 97 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 31.03.2021 жылғы № 33 Бірлескен Бұйрығымен (29.11.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 18.04.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 06.02.2023 жылғы № 53 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 06.02.2023 жылғы № 16 Бірлескен Бұйрығына сәйкес (30.03.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.02.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 14.07.2023 жылғы № 261 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 14.07.2023 жылғы № 139 Бірлескен Бұйрығына сәйкес (06.02.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.08.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Асыл тұқымды мал шаруашылығы және балара шаруашылығы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Асыл тұқымды мал шаруашылығы және балара шаруашылығы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 141-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 22 маусымдағы № 48 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28577 болып тіркелген) бекітілген Тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру қағидаларына және «Тексеру парағының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 3 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №17371 болып тіркелген) сәйкес, асыл тұқымды мал шаруашылығы және балара шаруашылығы саласындағы бақылау субъектілерін тәуекел дәрежелеріне жатқызу үшін және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жіберілген хабарламалар бойынша талаптарға сәйкестігіне жүргізілетін тексеруді (бұдан әрі – талаптарға сәйкестігіне тексеру) және бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылауды жүргізу кезінде бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін әзірленді.
2. Осы Өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) бақылау субъектілері (объектілері) – асыл тұқымдық және дистрибьютерлік орталықтар, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға бюджеттік субсидиялар алған жеке және заңды тұлғалар, республикалық палаталар, бонитерлер (сыныптаушылар), техник-ұрықтандырушылар, эмбриондарды телу (ауыстырып салу) жөніндегі мамандар;
2) балл – тәуекелді есептеудің сандық өлшемі;
3) болмашы бұзушылық – асыл тұқымды мал шаруашылығы және балара шаруашылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарды құжаттаманы және есептілікті ұсынбау не оларды есепке алуды уақтылы жүргізбеу бөлігінде бұзу;
4) деректерді қалыпқа келтіру – әртүрлі шәкілдерде өлшенген мәндерді шартты түрде жалпы шәкілге келтіруді көздейтін статистикалық рәсім;
5) елеулі бұзушылық – асыл тұқымды мал шаруашылығы және балара шаруашылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген, өрескел және болмашы бұзушылықтарға жатпайтын талаптарды бұзу;
6) өрескел бұзушылық – Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы және балара шаруашылығы саласындағы заңнамасында белгіленген, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының кодексінде жеке және заңды тұлғалардың бонитирлеуден (бағалаудан) өтпеген асыл тұқымды өнімді (материалды) асыл тұқымдық куәлік бермей өткізуі; жеке және заңды тұлғалардың асыл тұқымдық куәлік бермей асыл тұқымды өнімді (материалды) өткізуі; асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің республикалық палатада тіркелмеген асыл тұқымды жануарлардан алынған ұрықтар мен эмбриондарды пайдалануы бөлігінде көзделген әкімшілік жауапкершілікке әкеліп соқтыратын талаптарды бұзу;
7) тәуекел – бақылау субъектісінің қызметі нәтижесінде адам өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне салдарларының ауырлық дәрежесін ескере отырып зиян келтіру ықтималдығы;
8) тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі – тиісті қызмет салаларында тәуекелдің жол берілетін деңгейін қамтамасыз ете отырып, кәсіпкерлік еркіндігін шектеудің ең төменгі ықтимал дәрежесі мақсатында бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) талаптарға сәйкестігін тексерулерді кейіннен жүзеге асыру үшін бақылау субъектілерін тәуекел дәрежелері бойынша бөлу арқылы қолайсыз факторлардың туындау ықтималдығын азайтуға бағытталған, сондай-ақ нақты бақылау субъектісі (объектісі) үшін тәуекел деңгейін өзгертуге бағытталған басқарушылық шешімдерді қабылдау және (немесе) осындай бақылау субъектісін (объектісін) бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудан және (немесе) талаптарға сәйкестігін тексеруден босату процесі;
9) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары (бұдан әрі – объективті өлшемшарттар) – белгілі бір қызмет саласында тәуекел дәрежесіне байланысты және жеке бақылау субъектісіне (объектісіне) тікелей байланыссыз бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
10) тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары – бақылау субъектісінің тікелей қызметімен, салалық даму ерекшеліктерімен және осы дамуға әсер ететін факторлармен байланысты, бақылау субъектілерін (объектілерін) тәуекелдің әртүрлі дәрежелеріне жатқызуға мүмкіндік беретін сандық және сапалық көрсеткіштердің жиынтығы;
11) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (бұдан әрі – субъективті өлшемшарттар) – нақты бақылау субъектісінің (объектісінің) қызметі нәтижелеріне байланысты бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
12) тексеру парағы – бақылау субъектілерінің (объектілерінің) қызметіне қойылатын, олардың сақталмауы адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне қатер төндіруге алып келетін талаптар тізбесі;
13) іріктеме жиынтық (іріктеме) – Кодекстің 143-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік бақылаудың нақты саласында бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобына жатқызылатын, бағаланатын субъектілердің (объектілердің) тізбесі.
2-тарау. Бақылау субъектілеріне (объектілеріне) талаптарға сәйкестігіне тексеру және профилактикалық бақылау жүргізу кезінде тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру тәртібі
3. Талаптарға сәйкестігін тексеру және (немесе) бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылауды жүзеге асыру кезінде тәуекелдерді басқару мақсаттары үшін талаптарға сәйкестігін тексеру және (немесе) бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылауды жүргізу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын объективті және субъективті өлшемшарттарды айқындау арқылы қалыптастырылады (шешімдерді мультиөлшемшартты талдау).
Бірінші кезеңде объективті өлшемшарттар бойынша бақылау субъектілері (объектілері) мынадай тәуекел дәрежелерінің біріне жатқызады:
1) жоғары тәуекел;
2) орташа тәуекел;