Toggle Dropdown
Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 249 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 28 қарашада № 17803 болып тіркелді
Редакция 19.02.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидаларыбекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілері құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Банктік емес қаржы ұйымдарын реттеу департаменті (Көшербаева А.М.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;
3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ж.Б. Құрмановқа жүктелсін.
6. Осы қаулы 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Ұлттық Банк Төрағасы Д. Ақышев
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 29 қазандағы
№ 249 қаулысымен
бекітілді
Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидалары
1. Осы Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері, жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына(бұдан әрі – Бағалы қағаздар рыногы туралы заң) сәйкес әзірленді және орталық депозитарийдің бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесін (бұдан әрі – тізілімдер жүйесі) жүргізу жөніндегі қызметін жүзеге асыру тәртібін белгілейді.
2. Қағидалардың мақсатында мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) айналыс мерзімі аяқталған эмиссиялық бағалы қағаздарды есепке алуға арналған эмитенттің жеке шоты - айналыс мерзімі аяқталған және эмитент оларды өтеу бойынша міндеттемелерді орындамаған, осы бағалы қағаздарды ұстаушылардың жеке шоттарынан шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздарды есепке алу үшін эмитентке тізілімдер жүйесінде ашылған жеке шот;
2) аутентификация - қауіпсіздік рәсімін пайдалану арқылы клиенттің жеке басын, электрондық құжаттың түпнұсқалығын және дұрыс жасалуын растау;
3) бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімі - бағалы қағаздарды ұстаушыларды, сондай-ақ оларға тиесілі бағалы қағаздардың түрін және санын (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) сәйкестендіруге мүмкіндік беретін белгілі бір күндегі осы ұстаушылар туралы мәліметтердің жиынтығы;
4) бағалы қағаздарды ұстаушының жеке шоты - бағалы қағаздардың (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарының) меншік иесі болып табылатын тізілімдер жүйесінде тіркелген тұлғаға ашылған және (немесе) ол бойынша мәмілелерді тіркеу мен эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқықтарды есепке алу жүзеге асырылатын жеке шот;
5) биометриялық сәйкестендіру – «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын ескере отырып, оның физиологиялық және биологиялық ерекшеліктері негізінде электрондық қызметтерді алуға құқықтарын бір мәнді растау мақсатында клиенттің жеке басын анықтау рәсімі;
6) бір реттік пароль – электрондық нысанда көрсетілетін қызметтерді алатын субъектілерді сәйкестендірудің бір сеансы үшін ғана жарамды пароль;
7) клиентті динамикалық сәйкестендіру – бір реттік (біржолғы) немесе көп реттік кодты пайдалану арқылы көрсетілетін қызметтерді алуға оның құқықтарын бір мәнді растау мақсатында клиенттің шынайылығын белгілеу рәсімі;
8) депонент - орталық депозитарийдің Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 59-бабының 1-тармағында айқындалған функцияларды жүзеге асыратын клиенті;
9) жарияланған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған эмитенттің жеке шоты - эмитентке тізілімдер жүйесінде ашылған, ол бойынша орналастырылмаған эмиссиялық бағалы қағаздарды есепке алу жүзеге асырылатын жеке шот;
10) жауапкершілігі шектеулі серіктестік қатысушыларының тізілімі - белгілі бір күнге жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар туралы мәліметтердің жиынтығы;
11) инвестициялық пай қорының пай ұстаушыларының тізілімі - пай ұстаушыларды, сондай-ақ оларға тиесілі пайлардың түрін және санын сәйкестендіруге мүмкіндік беретін белгілі бір күндегі осы ұстаушылар туралы мәліметтердің жиынтығы;
12) исламдық бағалы қағаздар - исламдық жалға беру сертификаттары мен исламдық қатысу сертификаттары;
13) ортақ өкілдің жеке шоты - бірнеше адамға меншік құқығында тиесілі бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарының) есепке алу жүзеге асырылатын тізілімдер жүйесіндегі ортақ меншік қатысушыларының ортақ өкіліне ашылған жеке шот;
14) пароль – клиенттің сұратуы бойынша бағдарламалық-аппараттық құралдармен жасалатын және клиентке орталық депозитарийдің электрондық қызметтеріне қол жеткізуді ұсыну кезінде белгілі бір уақыт кезеңі ішінде көп мәрте пайдалануға арналған электрондық цифрлық символдардың бірегей бірізділігі;
15) тізілімдер жүйесіндегі операция - нәтижесі тізілімдер жүйесіне деректерді енгізу немесе оларды өзгерту және (немесе) тізілімдер жүйесінен ақпаратты дайындау және беру болып табылатын іс-әрекеттерінің жиынтығы;
16) уәкiлеттi орган – қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган;
17) ұстаушылары талап етпеген орналастырылған эмиссиялық бағалы қағаздарды есепке алуға арналған эмитенттің жеке шоты - ұстаушы (ұстаушылар) ақы төлеген, бірақ ұстаушы (ұстаушылар) тиісті бұйрықты (бұйрықтарды) ұсынбауына байланысты оның (олардың) жеке шотына (шоттарына) есепке алынбаған, орналастырылған эмиссиялық бағалы қағаздарды есепке алу үшін тізілімдер жүйесінде эмитентке ашылған жеке шот;
18) электрондық көрсетілетін қызметтер - клиентке мобильді қосымша немесе жеке кабинет арқылы жеке шот бойынша операцияларды және (немесе) ақпараттық операцияларды жүзеге асыру бойынша көрсетілетін қызметтер, сондай-ақ Орталық депозитарийдің қағидалар жинағына сәйкес орталық депозитарий ұсынатын қызметтер;
19) эмитенттің сатып алынған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған жеке шоты - эмитентке тiзiлiмдер жүйесінде ашылған, бағалы қағаздардың қайталама нарығында эмитент сатып алған, сондай-ақ Қағидалардың 53 және 54-тармақтарына сәйкес осы шотқа аударылған эмиссиялық бағалы қағаздарды есепке алу жүзеге асырылатын жеке шот;
20) эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша сатып алынған талап ету құқықтарын есепке алуға арналған эмитенттің жеке шоты - айналыс мерзімі аяқталған және эмитент оларды өтеу бойынша міндеттемелерді орындамаған бағалы қағаздардың қайталама нарығында эмитент сатып алған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша оның міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын есепке алу үшін тізілімдер жүйесінде эмитентке ашылған жеке шот;
21) эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары - айналыс мерзімі аяқталған және эмитент оларды өтеу бойынша міндеттемелерді орындамаған эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары.
3. Тізілімдер жүйесін орталық депозитарий жүргізеді.
4. Тізілімдер жүйесінде бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) иеленушілерге, эмитенттерге және номиналды ұстаушыларға жеке шоттар ашылады.
Жеке шотты ашу орталық депозитарий «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі - Кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл туралы заң) көзделген тиісті тексеру шараларын қабылдағаннан кейін жүргізеді.
Жеке тұлға болып табылатын клиентті биометриялық сәйкестендіру құралын пайдалана отырып сәйкестендіру кезінде сәйкестендіру деректерімен алмасу орталығының (бұдан әрі – СДАО) қызметтерін пайдалануға рұқсат етіледі.
Жеке немесе заңда тұлға болып табылатын клиентті сәйкестендіру кезінде мемлекет қатысатын кредиттік бюро қызметтерін пайдалануға рұқсат етіледі.
Орталық депозитарийдің СДАО-мен немесе мемлекет қатысатын кредиттік бюромен өзара іс-қимыл ету Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17920 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қарашадағы № 307 қаулысымен бекітілген Орталық депозитарийдің қызметін жүзеге асыру қағидаларында көзделген талаптармен жүзеге асырылады.
4.1. Орталық депозитарий СДАО немесе мемлекеттің қатысуымен кредиттік бюро немесе мемлекеттік дерекқорды қалыптастыруды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдар айқындаған тәртіппен орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде қамтылған өз клиенттері туралы деректерді орталық депозитарий осындай клиенттер туралы жоғарыда көрсетілген дереккөздерден алып отыратын ақпаратпен салыстырып тексеруді орталық депозитарийдің ішкі қағидаларында айқындалған тәртіппен жүзеге асырады.
Осы салыстырып тексерудің қорытындысы бойынша клиент туралы деректерде сәйкессіздіктер анықталған кезде орталық депозитарий оның ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен клиент туралы жаңартылуға тиіс деректердің болуын айқындайды және өзінің есептік жүйесіне тиісті өзгерістер енгізеді, содан кейін мұндай клиентке СДАО-ның немесе мемлекеттің қатысуымен кредиттік бюроның қызметтерін пайдаланумен немесе орталық депозитарийдің қағидалар жинағында белгіленген тәртіппен, мерзімде және тәсілмен тікелей мемлекеттік дерекқордан алынған ақпарат негізінде оның деректері жаңартылған жағдайда хабарлама жолдайды.
5. Орталық депозитарийдің тiзiлiмдер жүйесін қалыптастыру бойынша iс-әрекетi эмитент, бұрын бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесін жүргізген ұйымды және бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) ұстаушы ұсынған мәлiметтердi қабылдаудан, тексеруден, өңдеуден, тiзiлiмдер жүйесіне енгізуден тұрады.
6. Тізілімдер жүйесін мынадай құжаттар құрайды: