• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Внимание! Документ утратил силу с 30.07.2023 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 4 желтоқсандағы № 804 қаулысы

Осы Қаулы 2023 жылғы 30 шілдеден бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 13.07.2023 жылғы № 560 Қаулысына сәйкес 
Редакция 02.06.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 4 желтоқсандағы
№ 804 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
  • 1
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 02.06.2022 жылғы № 355 Қаулысымен (04.12.2018 ж. редакцияны қараңыз)
2. «Нормативтік құқықтық актілерді ресiмдеу, келісу, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 568 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 49, 313-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілерді ресiмдеу, келісу, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою қағидалары осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. «Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, олардың келісілу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 569 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 50, 316-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, олардың келісілу қағидалары осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 4 желтоқсандағы
№ 804 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 6 қазандағы
№ 568 қаулысымен
бекітілген
Нормативтік құқықтық актiлердi ресімдеу, келісу, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Нормативтік құқықтық актiлердi ресімдеу, келісу, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 44-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және мынадай нормативтік құқықтық актілерді ресімдеу, келісу, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою тәртібін айқындайды:
1) Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және өзге де орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулылары;
2) Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары;
3) орталық мемлекеттік органдардың ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары;
4) мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері және тексеру комиссияларының нормативтік құқықтық қаулылары.
Қағидалардың 1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген орталық және жергілікті органдар әзірлеуші мемлекеттік органдар болып табылады. Бұл ретте, Қағидалардың 1-тармағының бірінші бөлігінің 1) – 3) тармақшаларында көрсетілген органдар орталық органдар деп, ал мәслихаттар, әкімдіктер, тексеру комиссиялары мен әкімдер жергілікті органдар деп түсініледі.
2. Нормативтік құқықтық актілерді ресімдеу Заңның 2228-баптарының, осы Қағидалардың, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 569 қаулысымен бекітілген Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, келісу қағидаларының (бұдан әрі – Әзірлеу қағидалары) және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 703 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларының (бұдан әрі – Құжаттама жасау қағидалары) талаптары сақтала отырып жүргізіледі.
2-тарау. Мемлекеттік органдарда нормативтiк құқықтық актiлердi ресімдеу және келісу тәртібі
1-параграф. Нормативтiк құқықтық актiлердi ресімдеу
3. Нормативтік құқықтық актіде Заңның 22-бабында көзделген деректемелер болуға тиіс.
Заңның 22-бабының 1) тармақшасында көрсетілген деректеме электрондық құжат айналымы кезінде электрондық бланкінің өзінде орналастырылады.
Заңның 22-бабының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген нормативтік құқықтық актінің деректемелері электрондық құжат айналымы кезінде мемлекеттік органдардың интранет-порталының (бұдан әрі – МО ИП) электрондық тіркеу бақылау карточкасында және электрондық бланкіде орналастырылады.
Заңның 35-бабының негізінде тиісті нормативтік құқықтық актіге қол қоюға уәкілетті адамның немесе оның міндетін атқарушы адамның лауазымын, тегін және аты-жөнін әзірлеуші мемлекеттік орган (бірлескен нормативтік құқықтық акт әзірленген жағдайда – негізгі әзірлеуші жауапты мемлекеттік орган) электрондық тіркеу бақылау карточкасында көрсетеді.
Тиісті нормативтік құқықтық актіні келісуші мүдделі мемлекеттік орган адамының немесе оның міндетін атқарушы адамның лауазымы, тегі және аты-жөні электрондық тіркеу бақылау карточкасында көрсетіледі.
Электрондық құжат айналымы кезінде электрондық тіркеу бақылау карточкасы Заңның 22-бабының 8) тармақшасында көрсетілген деректемеге теңестіріледі.
Электрондық құжат айналымы кезінде нормативтік құқықтық актінің қалған деректемелері электрондық тіркеу бақылау карточкасына орналастырылады.
МО ИП-қа қолжетімділік болмаған немесе «Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгіні орналастыру үшін негіздер болған кезде нормативтік құқықтық актінің деректемелері мен мәтіні тікелей қағаз бланкіге орналастырылады.
Электрондық бланкідегі нормативтік құқықтық акт және электрондық тіркеу бақылау карточкасы, сондай-ақ нормативтік құқықтық актіге қоса тіркелетін жеке файлдар түріндегі құжаттар бірыңғай электрондық құжатты құрайды.
4. Әзірлеуші мемлекеттік органда электрондық құжат айналымы шеңберінде нормативтік құқықтық актіні қабылдау Заңның 35-бабы негізінде тиісті нормативтік құқықтық актіге қол қоюға уәкілетті адамның немесе тиісті акт негізінде оның міндетін атқарушы адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.
Көрсетілген адамдар қағаз құжат айналымы кезінде Құжаттама жасау қағидаларының талаптарын ескере отырып, қағаз бланкіге қол қояды.
5. Қағаз құжат айналымы кезінде нормативтік құқықтық актіні қабылдаған (келіскен) органның заң қызметінің басшысы, ал ол болмаған жағдайда – оның міндетін атқаратын адам осы қабылданған актінің әр парағын дәйектейді.
Көрсетілген заң қызметі болмаған жағдайда, парақтап дәйектеуді осы Қағиданың 24-тармағының екінші және үшінші бөліктерінде көрсетілген адамдар жүргізеді.
6. Нормативтiк құқықтық актiлердiң қазақ және орыс тiлдерiндегi мәтiндерiнiң сәйкестігін нормативтiк құқықтық актiнi мемлекеттiк тiркеуге ұсынған орталық және жергiлiктi органдар қамтамасыз етедi.
7. Нормативтік құқықтық актінің мазмұндық бөлігі электрондық бланкте *docx форматында мынадай параметрлер ескеріле отырып ресімделеді:
1) сол жақ шет сызығы – 2,5 сантиметр, оң жақ шет сызығы – 1,5 сантиметр, колонтитулдар – 2,5 сантиметр;
2) қаріп – № 14 мөлшеріндегі «Times New Roman» (қосымшаларда кішірек, бірақ № 10-нан кем болмайтын қаріп қолданылуы мүмкін);
3) жоларалық интервал – біржолдық;
4) абзацтық азат жол (бірінші жолдың азат жолы) – 1,25 сантиметр.
Оған нормативтік құқықтық актінің жобасын келісу кезінде әділет органдарына бұрын жіберілген құжаттар қоса беріледі.
Өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы нормативтік құқықтық актіге салыстырмалы кесте барлық қабылданған ұсынымдар, ескертулер және ұсыныстар ескеріле отырып өзекті күйде ұсынылады.
Электрондық құжат айналымы шегінде қоса берілетін құжаттардың бәрі Құжаттама жасау қағидаларында көзделген форматтарда бөлек файлдар түрінде қоса тіркеледі.
Қағаз құжат айналымы жағдайында нормативтік құқықтық акт және оған қоса берілетін құжаттар шимайсыз және түзетулерсіз ұсынылады.
Сонымен бірге, нормативтiк құқықтық акт және оған қоса берілетін құжаттар парақтарының сырт жағында қандай да бiр жазбаларға немесе қол қоюға жол берiлмейдi.
Нормативтiк құқықтық актілерде және олардың қосымшаларында (нормативтiк құқықтық актілердің негізгі және туынды түрлері) орфографиялық және грамматикалық қателерге жол берiлмейдi.