Toggle Dropdown
11
Аккредиттеу туралы куәліктің нысанын, Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуді өткізу қағидаларын, аккредиттеудің күшін жою негіздері мен тәртібін бекіту және «Жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестер туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1090 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 30 қарашадағы № 799 қаулысы
Toggle Dropdown
Редакция 17.09.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 64-бабының 4 және 9-тармақтарына, 98-бабы 1-тармағының 22) және 23) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған:
Toggle Dropdown
1) аккредиттеу туралы куәлiктің нысаны;
Toggle Dropdown
2) Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуді өткізу қағидалары, аккредиттеудің күшін жою негіздері мен тәртібі бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. «Жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестер туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1090 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 72-73-74, 547-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Toggle Dropdown
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 64-бабының 9-тармағына, 98-бабы 1-тармағының 23) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
Toggle Dropdown
көрсетілген қаулымен бекітілген Жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестер туралы үлгілік ережеде:
Toggle Dropdown
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
Toggle Dropdown
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«1) кәсіпкерліктің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларына, Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттардың жобаларына жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінен, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасынан (бұдан әрі – Ұлттық палата) міндетті мүше болуға (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйымдардан және өзге де коммерциялық емес ұйымдардан сараптама қорытындыларын алу;»;
Toggle Dropdown
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«2-тарау. Сараптамалық кеңестерді қалыптастыру тәртібі»;
Toggle Dropdown
4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«4. Сараптамалық кеңестің құрамы Ұлттық палатаның, міндетті мүше болуға (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйымдардың, заңнамада белгіленген тәртіппен аккредиттелген жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің және коммерциялық емес өзге де ұйымдардың, сондай-ақ мемлекеттік органның өкілдерінен қалыптастырылады.»;
Toggle Dropdown
5-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«5. Сараптамалық кеңестің құрылымы төрағадан, оның орынбасарынан (орынбасарларынан), хатшысынан және кеңес мүшелерінен тұрады.»;
Toggle Dropdown
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«3-тарау. Сараптамалық кеңестер қызметінің тәртібі»;
Toggle Dropdown
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«8. Сараптамалық кеңестің жұмыс органы:
Toggle Dropdown
1) сараптамалық кеңес отырыстарының арасындағы кезеңде оның жұмысын ұйымдастырады;
Toggle Dropdown
2) сараптамалық қорытынды алу үшін, оның ішінде осы жобаны мүдделі мемлекеттік органдармен келесі әрбір келісу кезінде кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын тиісті нормативтік-құқықтық актінің жобасын ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы сараптамалық кеңеске және Ұлттық палатаға хабарлама жібереді және нормативтік құқықтық актінің жобасын мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында орналастырады*;
Toggle Dropdown
3) сараптамалық кеңестің отырысына енгізілетін жобалар бойынша материалдар дайындауды жүзеге асырады;
Toggle Dropdown
4) сараптамалық кеңес отырысының қорытындылары бойынша хаттама дайындауды және оған қол қоюды қамтамасыз етеді;
Toggle Dropdown
5) сараптамалық кеңес өткізілгенге дейін кемінде он жұмыс күні қалғанда сараптамалық кеңестің мүшелеріне сараптамалық кеңестің өткізілетін жері, уақыты және күн тәртібі туралы хабарлайды және оларды қажетті материалдармен қамтамасыз етеді*;
Toggle Dropdown
6) сараптамалық кеңес отырысының шешімдері бекітілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде сараптамалық кеңестің мүшелеріне хаттама көшірмесін жолдайды*.
Toggle Dropdown
Ескертпе:
Toggle Dropdown
* Сараптамалық қорытынды алу үшін кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын тиісті нормативтік-құқықтық актінің жобасын ашық нормативтік-құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы хабарламаны сараптамалық кеңеске және Ұлттық палатаға жіберуді және осы жобаны мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында орналастыруды, сондай-ақ сараптамалық кеңестің отырысына шығарылатын жобалар бойынша материалдарды дайындауды жүзеге асыруды әзірлеуші жұмыс органының құрылымдық бөлімшелері жүзеге асыруы мүмкін.»;
Toggle Dropdown
мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
«8-1. Нормативтік-құқықтық актіні бірнеше мемлекеттік орган бірлесіп қабылдаған жағдайда, сараптамалық қорытынды алу үшін сараптамалық кеңестерге және Ұлттық палатаға кәсіпкерлік субъектілерінің мүддесін қозғайтын тиісті бірлескен нормативтік құқықтық акт жобасының ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылғаны туралы хабарлама жіберуді, сондай-ақ нормативтік-құқықтық актінің бірлескен жобасын мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында орналастыруды осы нормативтік құқықтық актіні әзірлеуге бастамашылық жасаған әзірлеуші мемлекеттік орган жүзеге асырады.»;
Toggle Dropdown
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«11. Сараптамалық кеңестің отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі.»;
Toggle Dropdown
14-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«14. Сараптамалық қорытынды сараптамалық кеңес мүшесінің және Ұлттық палатаның жазбаша ұстанымын бiлдiредi, ұсынымдық сипатта болады және заң жобасының тұжырымдамасына, қабылданғанға дейін нормативтік құқықтық актінің жобасына, оның ішінде осы жобаны мүдделі мемлекеттік органдармен әрбір кейінгі келісу кезінде жобаға мiндеттi қосымша болып табылады.»;
Toggle Dropdown
15-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«Бұл ретте сараптамалық кеңестің отырыстары сараптамалық кеңес мүшелерін тікелей шақыру не нақты уақыт режимінде бейнеконференция байланысы немесе интернет-конференциялар өткізу арқылы жүргізілуі мүмкін.»;
Toggle Dropdown
16-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«Сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда, әзірлеуші мемлекеттік орган сараптамалық қорытындыны алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы қорытындыны берген сараптамалық кеңес мүшесіне және Ұлттық палатаға келіспеу себептерін негіздей отырып, жауап жiбередi. Негіздемесі бар мұндай жауаптар жоба қабылданғанға дейін оған мiндеттi қосымша болып табылады.»;
Toggle Dropdown
мынадай мазмұндағы 17-тармақпен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
«17. Сараптамалық кеңес мүшелерінің және Ұлттық палатаның нақты орналасқан жері, сондай-ақ олардың байланыс деректері (пошталық мекенжайы немесе электрондық поштасының мекенжайы немесе телефон нөмірі және басқалары) қайта аталған, өзгерген жағдайда сараптамалық кеңес мүшелері және Ұлттық палата осы жағдай басталған сәттен бастап 3 жұмыс күні ішінде жұмыс органын хабардар етеді.»;
Toggle Dropdown
Үлгілік ережеге қосымша осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Toggle Dropdown
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 30 қарашадағы
№ 799 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
Аккредиттеу туралы куәлік
Toggle Dropdown
_________________________________________________________________________ (жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi бiрлестiктерiнің және/немесе өзге де коммерциялық емес ұйымдардың атауы) _________________________________________________________________________ (орталық мемлекеттiк немесе жергiлiктi атқарушы органның атауы)
Toggle Dropdown
_________________________________________________________________________ (жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi бiрлестiгінің және/немесе өзге де коммерциялық емес ұйымдардың атауы) _________________________________________________________________________ (орталық мемлекеттiк немесе жергiлiктi атқарушы органның атауы)
Toggle Dropdown
жанындағы жеке кәсiпкерлiк мәселелерi жөнiндегi сараптамалық кеңестiң қызметi шеңберiнде жеке кәсiпкерлiк мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актілердің жобаларына сараптама жүргiзу құқығын мойындайды.
Toggle Dropdown
(20 жылғы «___» ___________ № _________ бұйрық)
Toggle Dropdown
Куәлiк 20 жылғы «___» ___________ дейiн жарамды
Toggle Dropdown
Орталық мемлекеттiк немесе жергiлiктi атқарушы органның басшысы _________________________________________________________________________ (тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса), қолы) Берiлген күнi:
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 30 қарашадағы
№ 799 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
2
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуді өткізу қағидалары, аккредиттеудің күшін жою негіздері мен тәртібі
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуді өткізу қағидалары, аккредиттеудің күшін жою негіздері мен тәртібі (бұдан әрі – Қағидалар) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 64-бабының 4, 98-бабы 1-тармағының 22) сәйкес әзірленді және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуді өткізу тәртібін, аккредиттеудің күшін жою негіздері мен тәртібін белгілейді.
Toggle Dropdown
2. Орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың (бұдан әрі – мемлекеттік органдар) кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестерде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін бірлестіктер мен ұйымдардың білдіруін мойындауы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды (бұдан әрі – бірлестіктер мен ұйымдар) аккредиттеу болып табылады.
Toggle Dropdown
3. Бiрлестiктер мен ұйымдар аккредиттеуге жатады.
Toggle Dropdown
4. Аккредиттеуді мемлекеттік орган аккредиттеудi жүзеге асыру мерзiмдерi туралы мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегі хабарландыру жарияланғаннан кейiн жыл сайын жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
Аккредиттеудi жүзеге асыру туралы хабарландырулар мерзiмдi баспасөз басылымдарында немесе мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарында жарияланады.
Toggle Dropdown
6
5. Аккредиттеудi объективтi және құзыретті түрде жүзеге асыру мақсатында әрбір мемлекеттік органда құрамы мен ережесі мемлекеттік орган басшысының шешімімен бекiтiлетін аккредиттеу жөнiндегi комиссия (бұдан әрi – комиссия) құрылады.
Toggle Dropdown
2-тарау. Аккредиттеуді жүргiзу тәртiбi
Toggle Dropdown
6. Аккредиттеу алу үшiн өтiнiш берушi мемлекеттік органға:
Toggle Dropdown
1) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiшті;
Toggle Dropdown
2) салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда, құрылтай құжаттарының және заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктердің) мемлекеттiк тiркелгенін (қайта тіркелгенін) растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн;
Toggle Dropdown
3) бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерін көрсете отырып, бірлестік және/немесе ұйым мүшелерінің тізімін ұсынады.
Toggle Dropdown
Мерзімсіз негізде аккредиттеу туралы куәлік алу үшін өтініш беруші өзі жүгінетін мемлекеттік органға аккредиттеу туралы куәліктің үш көшірмесін де ұсынады.
Toggle Dropdown
1
7. Аккредиттеудi өткізу тәртiбi мынадай кезеңдерді:
Toggle Dropdown
1) мемлекеттік органның аккредиттеуді өткізуге өтініштер мен құжаттар қабылдаудың басталғаны туралы хабарландыруды орналастыруы;
Toggle Dropdown
2) бірлестіктердің және/немесе ұйымдардың өтінішті және осы қағидалардың 6-тармағында көзделген құжаттар топтамасын беруін;
Toggle Dropdown
3) комиссияның аккредиттеу материалдарын қарауын;
Toggle Dropdown
3
4) мемлекеттік органның аккредиттеу туралы немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешiм қабылдауын;
Toggle Dropdown
1
5) аккредиттеу туралы куәлiктi немесе негіздемесімен бірге аккредиттеуден бас тарту туралы жазбаша хабарламаны беруді қамтиды.
Toggle Dropdown
8. Мемлекеттік органда аккредиттелуге үміткер бірлестіктер мен ұйымдар хабарландыру жарияланған күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген құжаттар топтамасын ұсынады.
Toggle Dropdown
9
9. Бірлестіктер мен ұйымдар ұсынған материалдарды қарау ұсынымдары бойынша мемлекеттік орган аккредиттеу туралы куәлік беру немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылдайтын комиссияның отырысында жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
10. Құжаттарды қарау және аккредиттеу туралы куәлiк беру немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешiм қабылдау мерзімі өтініштерді қабылдау мерзімі аяқталған сәттен бастап он бес жұмыс күнiнен аспауға тиiс.
Toggle Dropdown
11. Аккредиттеуді өткізуге құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталған кезде өтініштер болмаған жағдайда, аккредиттеу туралы хабарландыру жарияланған мерзімді баспа басылымдарында не мемлекеттік органдардың ресми сайттарында аккредиттеуді өткізу үшін өтініштер болмағандықтан аккредиттеудің жүргізілмегені туралы хабарландыру жарияланады.
Toggle Dropdown
1
12. Егер:
Toggle Dropdown
1) ұсынылған құжаттар осы Қағидалардың 6-тармағының талаптарына сәйкес келмейтін болса;
Toggle Dropdown
2) бiрлестiк пен ұйымдар өз мүшелерiнiң мүдделерiн қорғау бойынша қызметтi жүзеге асырмайтын болса;
Toggle Dropdown
3) ұсынылған құжаттарда дәйексіз немесе толық емес мәлiметтер қамтылған болса;
Toggle Dropdown
4) бірлестік пен ұйым аккредиттеуге арналған құжаттар өтініштерді қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін ұсынылған жағдайларда, аккредиттеу жүзеге асырылмайды.
Toggle Dropdown
13. Аккредиттеу туралы куәлiк бекітілген нысан бойынша үш жыл мерзімге берiледi.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік органдарда қатарынан екі реттен көп аккредиттелген бірлестіктер мен ұйымдар аккредиттеу туралы куәлікті мерзімсіз негізде алады.
Toggle Dropdown
Мерзімсіз негізде аккредиттеу тәртібі осы Қағидалардың 2-тарауына сәйкес жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
14. Аккредиттеу туралы куәлiк жоғалған кезде бiрлестiк және/немесе ұйым оның телнұсқасын тиiстi өтiнiш берiлген күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде куәлiктi берген мемлекеттік органнан ала алады.
Toggle Dropdown
3-тарау. Аккредиттеудің күшін жою негіздері мен тәртібі
Toggle Dropdown
15. Мыналар:
Toggle Dropdown
1) аккредиттелген бiрлестiкті және/немесе ұйымды қайта ұйымдастыру немесе тарату;
Toggle Dropdown
2) бiрлестiктің және/немесе ұйымның бекітілген нысан бойынша аккредиттеудің күшін жою үшін өтiнiш беруі;
Toggle Dropdown
3) оның қолданылу мерзiмiнің өтуі;
Toggle Dropdown
4) бiрлестiктің және/немесе ұйымның Кодекстің 66-бабы 1-тармағының екінші бөлігінде көзделген талапты үш реттен астам бұзуы бірлестіктер мен ұйымдарды аккредиттеудің күшін жоюға негіз болып табылады.
Toggle Dropdown
16. Осы Қағидалардың 15-тармағында көзделген жағдайларда комиссия аккредиттеудің күшін жою туралы мәселелерді он жұмыс күнi iшiнде қарайды.
Toggle Dropdown
17. Мемлекеттік орган бiрлестiк пен ұйымды аккредиттеу туралы куәлiктiң қолданылуын тоқтату туралы комиссия шешім қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде хабардар етедi.
Toggle Dropdown
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің
бірлестіктері мен өзге де
коммерциялық емес ұйымдарды
аккредиттеуді өткізу қағидаларына
қосымша
Toggle Dropdown
Кiмге ____________________________ (орталық мемлекеттiк немесе
Toggle Dropdown
_______________________________
Toggle Dropdown
жергiлiктi атқарушы орган басшысының лауазымы, тегі, аты-жөні, әкесінің аты (бар болса)
Toggle Dropdown
Кiмнен_______________________ (бiрлестiк басшысының лауазымы тегі, аты-жөні, әкесінің аты (бар болса)
Toggle Dropdown
Деректемелер:____________________ (заңды мекенжайы, байланыс телефоны)
Toggle Dropdown
_________________________________________________________________________ (орталық мемлекеттiк немесе жергiлiктi атқарушы органының атауы)
Toggle Dropdown
жанындағы жеке кәсiпкерлiк мәселелерi жөнiндегi сараптамалық кеңестiң қызметi шеңберiнде жеке кәсiпкерлiктiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актілердің жобаларына сараптама жүргiзу құқығын тану/жою үшін _________________________________________________________________________ (бiрлестiктің және/немесе ұйымның атауы)
Toggle Dropdown
аккредиттеудi/акредиттеуді жоюды/мерзімсіз негізде аккредиттеуді сұраймын.
Toggle Dropdown
Өтiнiшке мынадай құжаттар қоса берiлдi:
Toggle Dropdown
1. _________________________________________________________________________
Toggle Dropdown
2. _________________________________________________________________________
Toggle Dropdown
3. _________________________________________________________________________
Toggle Dropdown
4. _________________________________________________________________________
Toggle Dropdown
_________________________________________________________________________ (қолы) (лауазымы, тегі, аты-жөні, әкесінің аты (бар болса)
Toggle Dropdown
20__ жылғы «___»__________
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 30 қарашадағы
№ 799 қаулысына
қосымша
Toggle Dropdown
Жеке кәсіпкерлік мәселелері
жөніндегі сараптамалық
кеңестер туралы
үлгілік ережеге
қосымша
Toggle Dropdown
___________________________________________________________________ (мемлекеттік органның атауы)
Toggle Dropdown
жанындағы жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің ХАТТАМАСЫ
Toggle Dropdown
№ __________ _____ жылғы «___» __________ Күн тәртібі
Toggle Dropdown
Жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес (бұдан әрі – Сараптамалық кеңес) мүшелерінің ____________________________________________________________(нормативтік құқықтық акт жобасының атауы немесе қаралып отырған мәселе) _____________________________________________________ қарауы туралы
Toggle Dropdown
1. Ескертулерсіз және ұсыныстарсыз сараптамалық қорытынды бергендер: _________________________________________________________________________(ұйымның атауы)
Toggle Dropdown
2. Ескертулермен және ұсыныстармен сараптамалық қорытынды бергендер: _________________________________________________________________________(ұйымның атауы, ұсынылған ескертулер мен ұсыныстардың
Toggle Dropdown
_________________________________________________________________________жалпы саны, олардың ішінде қабылданғаны/қабылданбағаны*)
Toggle Dropdown
3. Сараптамалық қорытынды ұсынбағандар: _______________________________(ұйымның атауы) 4.____________________________________________________________________(ескертулер мен ұсыныстардың қабылдағаны және қабылданбағаны туралы ақпарат**)
Toggle Dropdown
Сараптамалық кеңестің төрағасы Сараптамалық кеңестің хатшысы Ескертпелер: *Мысалы: Еуразиялық өнеркәсіптік қауымдастық – 10 (7/3) **Бұл жағдайда ескерту мәні қысқаша көрсетіледі. Ескерту қабылданған жағдайда олардың қабылдануы туралы ақпарат көрсетіледі. Келіспеген жағдайда, Сараптамалық кеңес мүшелеріне жіберілген сараптамалық қорытындымен келіспеу себептерінің негіздемесі бар хаттың күні мен нөмірі.