Toggle Dropdown
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
«Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-36 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 11 желтоқсанда № 17912 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 23 қарашадан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.11.2020 жылғы № ҚР ДСМ-180/2020 Бұйрығына сәйкес
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11304 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 23 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
«1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Дәрігерді үйге шақыру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Дәрігердің қабылдауына жазылу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «АИТВ инфекциясының бар-жоғына ерікті түрде жасырын және міндетті түрде құпия медициналық зерттеп-қаралу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Туберкулезге қарсы ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес «Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес «Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес «Еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
12) осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес «Транспланттау мақсатында азаматтан қайтыс болғаннан кейін оның тіндерін және (немесе) ағзаларын (ағзалардың бөліктерін) алу мүмкіндігі туралы көзі тірісінде еркін көңіл білдіруіне келісім беру және қайтарып алуды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
13) осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес «Алдын ала міндетті медициналық қарап - тексеруден өту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
14) осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аударымдарының және (немесе) жарналардың аударылған сомалары туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
15) осы бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес «Медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушы ретінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысуы туралы анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
16) осы бұйрыққа 16-қосымшаға сәйкес «Жедел медициналық көмек көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
17) осы бұйрыққа 17-қосымшаға сәйкес «Емдеуге жатқызу бюросы порталы арқылы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде пациенттерге стационарға емделуге жатқызуға жолдама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
18) осы бұйрыққа 18-қосымшаға сәйкес «Көлік құралын басқаруға рұқсат алу туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
«3. Мемлекеттік қызметті медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымдар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін беру «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады»;
«5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - электрондық»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Туберкулезге қарсы ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
«3. Мемлекеттік қызметті денсаулық сақтау ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесімен өтініштерді қабылдау және көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерін беру www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады»;
«5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - электрондық»;
«7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
«3. Мемлекеттік қызметті денсаулық сақтау ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін беру:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам;
2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады»;
«5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны - электрондық және (немесе) қағаз»;
«7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін көрсетіледі»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
«3. Мемлекеттік қызметті денсаулық сақтау ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін беру:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам;
2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады»;
«5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - электрондық және (немесе) қағаз»;
«7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты»;
«1. «Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет)»;
«3. Мемлекеттік қызметті денсаулық сақтау субъектілері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін беру қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.»;
«Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Уақытша еңбекке жарамсыздық туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты»;
«1. Уақытша еңбекке жарамсыздық туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет)»;
«3. Мемлекеттік қызметті денсаулық сақтау субъектілері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін беру қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.»;
осы бұйрыққа 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес 16, 17 және 18 - қосымшалармен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күннің ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Л. М. Ақтаеваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 7 желтоқсаны № ҚР ДСМ - 36 бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығына 16-қосымша
«Жедел медициналық көмек көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Жедел медициналық көмек көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті денсаулық сақтау субъектілері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге мәліметтерді берген сәттен бастап – 1 жұмыс күні ішінде («Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 3 шілдедегі № 450 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлердiң мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 15473 болып тіркелген) бекітілген жедел медициналық көмек көрсету қағидаларына (бұдан әрі - Қағидалар) сәйкес).
көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге мәліметтерді тапсырудың ең жоғары рұқсат етілген уақыты – 5 минут;
қызмет көрсетудің ең жоғары рұқсат етілген уақыты –1 жұмыс күн ішінде (Қағидаларға сәйкес).
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: жедел медициналық көмек көрсету (Қағидаларға сәйкес).
7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы.
9. Көрсетілетін қызметті берушіге жүгіну кезінде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтер:
пациенттің аты, тегі, әкесінің аты (болған жағдайда), жасы мен жынысы; пациенттің жай-күйі бойынша деректер және жазатайым оқиға жағдайы, жарақаты немесе ауруы;
пациенттің мекенжайы мен телефоны, сондай-ақ болатын жеріне бару бойынша болжамды деректері.
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне): мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай не 010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел көшесі, 8-үй, Министрліктер үйі, № 5 кіреберіс мекенжайы бойынша көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрлік басшысының атына шағым беру арқылы шағымдануы.
Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңесінде оны тіркеу шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмысы күні ішінде қаралуға жатады. Көрсетілетін қызметті берушіге шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап почта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне қолма-қол беріледі.
Портал арқылы өтініш берген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті алушы 8-800-080-7777, 1414 телефоны арқылы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы арқылы алады.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілген қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілген қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілген қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
4-тарау. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар
12. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.mz.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
13. Көрсетілген қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы арқылы ала алады.
14. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтің байланыс телефондары Министрліктің www.mz.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген, Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: 8-800-080-7777, 1414.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 7 желтоқсаны № ҚР ДСМ - 36 бұйрығына 2-қосымша
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығына 17 - қосымша
«Емдеуге жатқызу бюросы порталы арқылы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде пациенттерге стационарға емделуге жатқызуға жолдама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Емдеуге жатқызу бюросы порталы арқылы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде пациенттерге стационарға емделуге жатқызуға жолдама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті денсаулық сақтау субъектілері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштерді қабылдау және нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды берген сәттен бастап – 1 жұмыс күні ішінде («Стационарлық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 761 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 12204 болып тіркелген) бекітілген Емдеуге жатқызу бюросы порталы арқылы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде пациенттерге стационарға емделуге жатқызуға жолдама беру қағидаларына (бұдан әрі - Қағидалар) сәйкес).
көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге мәліметтерді тапсырудың ең жоғары рұқсат етілген уақыты – 30 минут;
қызмет көрсетудің ең жоғары рұқсат етілген уақыты –1 жұмыс күн ішінде (Қағидаларға сәйкес).
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген № 001-3/е нысаны бойынша берілген cтационарға емдеуге жатқызу жолдамасы.
7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі - 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс (жексенбі) және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – сенбі аралығында (дүйсенбі – жұма – үзіліссіз сағат 8.00-ден бастап 20.00-ге дейін, сенбі – сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін);
9. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар:
1) тікелей жүгінген кезде сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжат;
2) медициналық-санитариялық алғашқы көмек немесе медициналық ұйым мамандарының жолдамасы;
3) күнтізбелік 10 күннен аспайтын нәтижелердің жарамдылық мерзімдері мен зерттеулердің нәтижелері (қанның жалпы талдауы, несептің жалпы талдауы, биохимиялық талдау, бактериялық себінді) (Қағидаларға сәйкес).
10. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) нақты еместігін анықтауы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылады.
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне): мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай не 010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел көшесі, 8-үй, Министрліктер үйі, № 5 кіреберіс мекенжайы бойынша көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрлік басшысының атына шағым беру арқылы шағымдануы.
Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) көрсетіле отырып, тіркеу, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңесінде оны шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмысы күні ішінде қаралуға жатады. Көрсетілетін қызметті берушіге шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап почта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесіне қолма-қол беріледі.
Портал арқылы өтініш берген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті алушы 8-800-080-7777, 1414 телефоны арқылы мемлекеттік қызмет көрсету мәселеларі жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы арқылы алады.
Электрондық өтініш портал арқылы жіберілген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі барысында (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілген қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілген қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілген қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
4-тарау. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар
13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.mz.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
14 Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық түрде алу мүмкіндігі бар.
15. Көрсетілген қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы арқылы ала алады.
16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтің байланыс телефондары Министрліктің www.mz.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген, Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: 8-800-080-7777, 1414.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 7 желтоқсаны № ҚР ДСМ - 36 бұйрығына 3-қосымша
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығына 18-қосымша
«Көлік құралын басқаруға рұқсат алу туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Көлік құралын басқаруға рұқсат алу туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті медициналық ұйымдар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды берген сәттен бастап – 1 жұмыс күні ішінде («Көлік құралдарын басқару құқығын алуға үміткер адамды медициналық қарап тексеруден, механикалық көлік құралдары жүргізушісін қайта медициналық қарап тексеруден өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 20 наурыздағы № 166 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлердiң мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 8437 болып тіркелген) бекітілген көлік құралдарын басқару құқығын алуға үміткер адамды медициналық қарап тексеруден, механикалық көлік құралдары жүргізушісін қайта медициналық қарап тексеруден өткізу қағидаларына (бұдан әрі - Қағидалар) сәйкес.).
көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың пакетін тапсыру үшін күтудің ең жоғары рұқсат етілген уақыты – 5 минутқа дейін;
көрсетілген қызметті берушіге қызмет көрсетудің ең жоғары рұқсат етілген уақыты – Қағидаларға сәйкес 1 жұмыс күн ішінде.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: «Көлік құралын басқаруға рұқсат алу туралы «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген № 083/е нысаны бойынша берілген медициналық құжаттама.
7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі - 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс (жексенбі) және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – сенбі аралығында (дүйсенбі – жұма – үзіліссіз сағат 8.00-ден бастап 20.00-ге дейін, сенбі – сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін);
9. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар: тікелей жүгінген кезде сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжат.
10. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) нақты еместігін анықтауы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылады.
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне): мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай не 010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел көшесі, 8-үй, Министрліктер үйі, № 5 кіреберіс мекенжайы бойынша көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрлік басшысының атына шағым беру арқылы шағымдануы.
Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) көрсетіле отырып, тіркеу, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңесінде оны шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмысы күні ішінде қаралуға жатады. Көрсетілетін қызметті берушіге шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап почта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесіне қолма-қол беріледі.
Портал арқылы өтініш берген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті алушы 8-800-080-7777, 1414 телефоны арқылы мемлекеттік қызмет көрсету мәселеларі жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы арқылы алады.
Электрондық өтініш портал арқылы жіберілген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі барысында (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілген қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілген қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілген қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
4-тарау. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар
13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.mz.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық түрде алу мүмкіндігі бар.