• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 07.11.2022 г

Отправить по почте

«Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 27 мамырдағы № 246 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 676 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 7 желтоқсанда № 17890 болып тіркелді

Осы Бұйрық 2022 жылғы 7 қарашадан бастап күшін жойды ҚР Ішкі істер министрінің 22.10.2022 жылғы № 830 Бұйрығына сәйкес
1. «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 27 мамырдағы № 246 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7032 болып тіркелген, «Казахстанская правда» газетінде 2011 жылғы 20 тамызда (№265-266), (26686-26687) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
««Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:»;
«7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерлеріне кезектен тыс арнаулы атақтарды беру қағидалары;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерлеріне көтермелеуді қолдану қағидалары;
9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілікке тарту қағидалары мен шарттары;»;
«16) осы бұйрыққа 16-қосымшаға сәйкес Ішкі істер органдарындағы қызметін тоқтатқан қызметкерлерді Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының кадрларынан шығару қағидалары;
17) осы бұйрыққа 16-1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қарамағындағы қызметкерлердің қызмет өткеру қағидалары.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бірінші, кезекті және кезектен тыс арнаулы атақтар беру үшін материалдарды ресімдеу мәселелері туралы нұсқаулық осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкеріне көтермелеу түрлерін қолдану қағидалары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерін тәртіптік жазаға тарту қағидалары осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында тәртіптік комиссия құру және оның жұмыс істеу ережесі осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында қызметтік тергеу жүргізу ережесі осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі істер органдарындағы қызметін тоқтатқан қызметкерлерді ішкі істер органдарының кадрларынан шығару қағидасы осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі істер органдарының қарамағындағы қызметкерлердің қызмет өткеру қағидасы осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр жұмысы департаменті (А.Д. Дәрменов) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкіне қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр жұмысы департаментіне (А.Д. Дәрменов) жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі полиция генерал-полковнигі Қ. Қасымов
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2018 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 676 бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2011 жылғы 27 мамырдағы
№ 246 бұйрығына
7-қосымша
Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерлеріне кезектен тыс арнаулы атақтарды беру қағидалары
1. Осы Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерлеріне кезектен тыс арнаулы атақтарды беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы 4-тармағына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының (бұдан әрі – ІІО) қызметкерлеріне кезектен тыс арнаулы атақтарды беру тәртібін айқындайды.
2. ІІО-ның қызметкерлеріне орта және (немесе) аға басшы құрамның кезектен тыс арнаулы атақтарды беру туралы шешімін Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі, ал кіші басшы құрамға кезектен тыс арнаулы атақты – лауазымға тағайындауға құқығы бар ІІО бөлінісінің басшысы қабылдайды.
3. Кезектен тыс арнаулы атақтар ІІО-ның бөліністері басшыларының қызметкердің өміріне қауіппен ұштасқан құқық бұзушыны ұстағаны, төтенше жағдай кезінде адам өмірін құтқарғаны, сондай-ақ қоғамдық резонансы бар аса ауыр қылмыстарды ашқаны және тергегені үшін, бар арнаулы атағында еңбек сіңірген жылдарының белгіленген мерзімінің кемінде үштен бірі өткен, бірақ бар арнаулы атақтан екі сатыдан жоғары емес және атқарып отырған лауазымы бойынша көзделген шекті арнаулы атаққа қарамастан кезектен тыс арнаулы атақ беруге ұсынымхаттың (бұдан әрі – ұсынымхат) негізінде беріледі.
4. Қызметкерлерге кезектен тыс арнаулы атақ беру құқық қорғау қызметiнiң бүкіл кезеңi iшiнде екi реттен артық жүргiзiлмейдi.
5. Арнаулы атақта болу мерзімі қызметкерге тиісті арнаулы атақ берілген күннен бастап күнтізбелік есеппен есептеледі. Бұл мерзімге лауазымдардағы нақты қызмет уақыты, сондай-ақ қызметкердің ІІО бөлінісінің қарамағында болу кезеңі кіреді.
6. Осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша кадр қызметіне ұсынымхат жолданады.
7. Ұсынымхатта көрсетілген мәліметтердің шынайылығын бақылау ІІО бөліністерінің басшыларына жүктеледі.
8. Алынбаған тәртiптiк жазасы болған жағдайда, қайта аттестаттау кезінде атқарып отырған лауазымына сәйкес келуі туралы мәселені шешуге дейін, қызметтік тергеу аяқталғанға дейін, ақтайтын негіздері бойынша қылмыстық іс тоқтатылғанға дейін, ақтау үкімінің заңды күшіне енгенге дейін қызметкерді кезектен тыс арнаулы атақ беруге ұсынуға рұқсат етілмейді.
Қазақстан Республикасы ішкі
 істер органдарының
​ қызметкерлеріне
 кезектен тыс арнаулы
 атақтарды беру қағидаларына
қосымша
 Кімге ___________________________________________________________________ (ІІО бөлінісі, лауазымы, атағы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), жеке нөмірі)
 ________________________________ кезектен тыс арнаулы атақ беруге ұсынылады (қандай) туған күні, айы, жылы ____________________________________________________
 Білімі (орта, орта арнайы, жоғары, жоғары оқу орнынан кейін) __________________ ________________________________________________________________________ (қашан және қандай оқу орнын бітірген) бар атағы _______________________________________________________________ (қандай) ____ жылғы «___» ____________ № _____________________ бұйрығымен берілген. (кімнің бұйрығы)
 ________________________________________________________________________ (қызметкердің еңбегі, қызметке қатынасы, қоғамдық резонансқа ие ________________________________________________________________________ нақты аса ауыр қылмыстарды ашу және тергеу (қылмыстық істердің ________________________________________________________________________ нөмірлері, үкімдер шығару күндері), қызметкердің өміріне қауіппен ________________________________________________________________________ ұштасқан құқық бұзушыларды ұстау, төтенше жағдайда адам өмірін ________________________________________________________________________ құтқару бойынша ақпарат, бұрын кезектен тыс арнаулы атақ бергені ________________________________________________________________________ туралы мәліметтер)
 ІІО бөлінісінің басшысы ________________________________________________________________________ (лауазымы, арнаулы атағы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы)