Toggle Dropdown
Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне), жеке меморандумға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының күшін жою қағидаларын, Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне), жеке меморандумға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу үшін құжаттарға қойылатын талаптарды, Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының күшін жоюға арналған құжаттардың тізбесін және оларға қойылатын талаптарды, Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының проспектісін (облигациялық бағдарлама проспектісін), мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды жасау және ресімдеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 248 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 7 желтоқсанда № 17884 болып тіркелді
Редакция 19.02.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне), жеке меморандумға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының күшін жою қағидалары;
2) осы қаулыға 2 -қосымшаға сәйкес Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне), жеке меморандумға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу үшін құжаттарға қойылатын талаптар;
3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының күшін жоюға арналған құжаттардың тізбесі және оларға қойылатын талаптар;
4) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының проспектісін (облигациялық бағдарлама проспектісін), мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды жасау және ресімдеу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Банктік емес қаржы ұйымдарын реттеу департаменті (Көшербаева А.М.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;
3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ж.Б. Құрмановқа жүктелсін.
6. Осы қаулы 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Ұлттық Банк Төрағасы Д. Ақышев
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 29 қазандағы
№ 248 қаулысына
1-қосымша
Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне), жеке меморандумға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының күшін жою қағидалары
1. Осы Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне), жеке меморандумға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының күшін жою қағидалары (бұдан әрі − Қағидалар) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне, «Бағалы қағаздар рыногы туралы» (бұдан әрі - Бағалы қағаздар рыногы туралы заң), «Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (бұдан әрі - облигациялар) (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу, облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне), жеке меморандумға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды мемлекеттік тіркеу (бұдан әрі – өзгерістерді және толықтыруларды тіркеу), облигациялар шығарылымының күшін жою шарттары мен тәртібін айқындайды.
1-1. Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпарат тиісті нормативтік құқықтық актіні әділет органдарында мемлекеттік тіркегеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылады, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторына және Бірыңғай байланыс орталығына жіберіледі.
2. Қағидалар инфрақұрылымдық облигацияларды, жеке орналастыруға жататын облигацияларды, айналыс мерзімі 12 (он екі) айдан аспайтын облигацияларды, Қазақстан Республикасының бейрезиденттері- эмитенттердің облигацияларын (облигациялық бағдарламасын), халықаралық қаржы ұйымдарының облигацияларын (облигациялық бағдарламасын) және облигациялық бағдарлама шегіндегі облигацияларды қоса алғанда, облигациялар (облигациялық бағдарлама) шығарылымын мемлекеттік тіркеу ерекшеліктерін белгілейді.
2-1. Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде, Бағалы қағаздар рыногы туралы заңда, «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңда көрсетілген мағыналарда қолданылады.
2-тарау. Облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу тәртібі
3. Заңды тұлға-эмитент (бұдан әрі – эмитент) мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу, бағалы қағаздар шығарылымының шарттарына өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды мемлекеттік тіркеу үшін қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) бағалы қағаздардың орталық депозитарийінің веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы электрондық түрде еркін нысанда жасалған өтініш жібереді.
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздердің, көрсету процесінің сипаттамалары, нысаны, мазмұны және нәтижесі қамтылған мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де мәліметтер және мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес «Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын талаптардың тізбесі) келтірілген.
Эмитент өтінішті портал арқылы жіберген кезде «жеке кабинетте» мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе нәтижені алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, автоматты түрде көрсетіледі.
3-1. Уәкілетті орган эмитентті заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді және мемлекеттік қызмет көрсету үшін басқа да мәліметтерді орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының дерекқорларынан алады.
3-2. Уәкілетті органның хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкері эмитенттің өтінішін қабылдауды, оны тіркеуді және мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты уәкілетті органның бөлімшесіне (бұдан әрі - жауапты бөлімше) оның келіп түскен күні орындауға жіберуді жүзеге асырады. Эмитент жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес өтініштерді қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Жауапты бөлімшенің қызметкері ұсынылған құжаттар топтамасының толықтығын және құжаттардың қолданыс мерзімін тексеруді:
мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу кезінде өтініш тіркелген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
облигациялық бағдарламаны мемлекеттік тіркеу кезінде өтініш тіркелген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
эмитент бір мезгілде ұсынған облигациялық бағдарламаны және облигациялық бағдарлама шегінде облигациялардың бірінші шығарылымын мемлекеттік тіркеу кезінде өтініш тіркелген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
уәкілетті орган тіркеген облигациялық бағдарлама шегінде облигациялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу кезінде өтініш тіркелген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
айналыс мерзімі 12 (он екі) айдан аспайтын облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу кезінде өтініш тіркелген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
жеке орналастыруға жататын облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу кезінде өтініш тіркелген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
облигациялар шығарылымы проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу кезінде өтініш тіркелген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
жеке меморандумға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу кезінде өтініш тіркелген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
Ұсынылған құжаттардың толық болмауы және (немесе) қолданыс мерзімінің аяқталуы фактісі анықталған жағдайда, жауапты бөлімшенің қызметкері осы тармақта белгіленген мерзімдерде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және эмитентке жібереді.
Уәкілетті органның уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тарту эмитентке электрондық нысанда портал арқылы жіберіледі.
3-3. Ұсынылған құжаттардың толық болу фактісі және (немесе) қолданыс мерзімінің аяқталмағаны анықталған жағдайда, жауапты бөлімшенің қызметкері құжаттарды Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды, хат (куәлік) не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту жобасын дайындайды, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне:
облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу кезінде 12 (он екі) жұмыс күнінің;
облигациялық бағдарламаны мемлекеттік тіркеу кезінде 7 (жеті) жұмыс күнінің;
эмитент облигациялық бағдарлама шеңберінде бірмезгілде ұсынған облигациялық бағдарламаны және облигациялардың бірінші шығарылымын мемлекеттік тіркеу кезінде 7 (жеті) жұмыс күнінің ішінде;
уәкілетті орган тіркеген облигациялық бағдарлама шегінде облигациялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу кезінде 3 (үш) жұмыс күнінің ішінде;
айналыс мерзімі 12 (он екі) айдан аспайтын облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу кезінде 1 (бір) жұмыс күнінің ішінде;
жеке орналастырылуға тиіс облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу кезінде 1 (бір) жұмыс күнінің ішінде;
облигациялар шығарылымы проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу кезінде 7 (жеті) жұмыс күнінің ішінде;