• Мое избранное

Отправить по почте

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 10 желтоқсандағы № 818 қаулысы

Редакция 01.08.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2018 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 818 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. «Сарыарқа» әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлiк қоғамы қызметiнiң негiзгi қағидаттары туралы меморандумды бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 наурыздағы № 192 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 8, 91-құжат):
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Сарыарқа» әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациясы» акционерлiк қоғамы қызметiнiң негiзгi қағидаттары туралы меморандумды бекiту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса берiлiп отырған «Сарыарқа» әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациясы» акционерлiк қоғамы қызметiнiң негiзгi қағидаттары туралы меморандум бекiтiлсiн.»;
«Сарыарқа» әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациясы» акционерлiк қоғамы қызметiнiң негiзгi қағидаттары туралы меморандум осы өзгерістерге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы», «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы», «Оңтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамдары қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумдарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 мамырдағы № 392 қаулысында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Ертіс» әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациясы», «Жетісу» әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациясы» акционерлiк қоғамдары қызметiнiң негiзгi қағидаттары туралы меморандумдарды бекiту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған:
1) «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандум;
2) «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандум бекітілсін.»;
«Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандум осы өзгерістерге 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
«Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандум осы өзгерістерге 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
«Оңтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандум алып тасталсын.
3. «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы», «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы», «Батыс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамдары қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумдарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 қазандағы № 970 қаулысында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы», «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамдары қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумдарды бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған:
1) «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандум;
2) «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандум бекітілсін.»;
«Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандум осы өзгерістерге 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
«Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандум осы өзгерістерге 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
«Батыс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандум алып тасталсын.
4. «Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын өтеуді босату туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 маусымдағы № 636 қаулысында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын өтеуден босату туралы»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялық жобаларды іске асыру үшін оларға жер учаскелерін беру кезінде оларды ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарға пайдаланғаны үшін ауыл шаруашылығы жерлерін алып қоюдан болған ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын бюджетке өтеуден босатылған әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың тізімі осы өзгерістерге 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
5. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
5-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 20.11.2019 жылғы № 861 Қаулысына сәйкес (10.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6. «Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 сәуірдегі № 376 қаулысында:
ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесінде 19, 20, 21, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 37, 38-тармақтар алып тасталсын.
7. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
7-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 17.07.2023 жылғы № 597 Қаулысымен (21.11.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.08.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8. «Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды дамыту тұжырымдамасын мақұлдау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 қазандағы № 1382 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды дамыту тұжырымдамасында:
«1. Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды дамыту пайымы» деген бөлімде:
«Ағымдағы жағдайды талдау» деген кіші бөлімде:
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануына байланысты бұл ӘКК-лер қайта ұйымдастырылып, Қазақстан Республикасында 16 ӘКК құрылды.»;
төртінші бөлік алып тасталсын;