• Мое избранное

Отправить по почте

1

Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында, қосымша білім беретін мектептен тыс ұйымдарда білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 598 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 14 желтоқсанда № 17948 болып тіркелді

Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Білім және ғылым министрінің 24.05.2021 жылғы № 231 Бұйрығына сәйкес (08.06.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.06.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Оқу-ағарту министрінің 31.03.2025 жылғы № 54 Бұйрығына сәйкес (19.02.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.04.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 90) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Оқуағарту министрінің 31.07.2023 жылғы № 236 Бұйрығына сәйкес (07.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.08.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Оқу-ағарту министрінің 31.03.2025 жылғы № 54 Бұйрығына сәйкес (19.02.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.04.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында, қосымша білім беретін мектептен тыс ұйымдарда білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Білім және ғылым министрінің 24.05.2021 жылғы № 231 Бұйрығына сәйкес (08.06.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.06.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Оқу-ағарту министрінің 31.03.2025 жылғы № 54 Бұйрығына сәйкес (19.02.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.04.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) «Орта білім беру ұйымдарында оқитындарды тамақтандыруды ұйымдастыру және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбие алатын және оқитын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарлар сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 717 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12788 болып тіркелген, 2016 жылғы 25 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
2) «Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға білім беру ұйымдарында тәрбиеленуші және білім алушы балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарлар сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 717 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 22 ақпандағы № 76 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14956 болып тіркелген, 2017 жылғы 21 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
1
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электронды түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
1
3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Б.А. Асыловаға жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Е. Сағадиев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
 ____________________
 2018 жылғы «____» __________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
 ____________________
 2018 жылғы «____» __________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
 __________________
 2018 жылғы «____» __________
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2018 жылғы 31 қазандағы
№ 598 бұйрығымен
бекітілген
1
Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында, қосымша білім беретін мектептен тыс ұйымдарда білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидалары
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Білім және ғылым министрінің 08.06.2020 жылғы № 235 Бұйрығына сәйкес (31.10.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Білім және ғылым министрінің 24.05.2021 жылғы № 231 Бұйрығына сәйкес (08.06.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.06.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қағидалар өзгертілді ҚР Оқуағарту министрінің 10.08.2022 жылғы № 359 Бұйрығымен (24.05.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.08.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қағидалар өзгертілді ҚР Оқуағарту министрінің 07.12.2022 жылғы № 490 Бұйрығымен (10.08.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.12.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Оқуағарту министрінің 25.12.2023 жылғы № 390 Бұйрығына сәйкес (31.07.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалардың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Оқу-ағарту министрінің 31.03.2025 жылғы № 54 Бұйрығына сәйкес (19.02.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.04.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында, қосымша білім беретін мектептен тыс ұйымдарда білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 5-бабының 90) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу тәртібін белгілейді.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Оқу-ағарту министрінің 31.03.2025 жылғы № 54 Бұйрығына сәйкес (19.02.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.04.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 05.05.2026 жылғы № 117-НҚ Бұйрығына сәйкес (31.07.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 23.05.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
2-тармақ өзгертілді ҚР Оқу-ағарту министрінің 30.04.2025 жылғы № 93 Бұйрығымен (31.03.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.05.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ өзгертілді ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 31.07.2025 жылғы № 173 Бұйрығымен (30.04.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.08.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 05.05.2026 жылғы № 117-НҚ Бұйрығына сәйкес (31.07.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 23.05.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) әлеуетті өнім беруші – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке кәсіпкер, заңды тұлға (мемлекеттік мекемелерді қоспағанда);
2) бірыңғай сатып алу платформасы (бұдан әрі – веб-портал) – мемлекеттiк сатып алудың және «Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылатын сатып алудың электрондық көрсетілетін қызметтеріне қол жеткiзудiң бірыңғай нүктесiн ұсынатын мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесі;
мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарында – орта білім беру ұйымы, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымы бухгалтерлік есепті дербес жүргізбеген жағдайда, орта білім беру ұйымы, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымы не білім беруді басқару органы не орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы заң) сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу арқылы жүзеге асырылған жағдайда, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы не облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша орган;
мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында – мектепке дейінгі ұйым, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы бухгалтерлік есепті дербес жүргізбеген жағдайда, мектепке дейінгі ұйым, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы немесе білім беруді басқару органы не облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша орган;
4) конкурстық құжаттама – конкурсқа қатысуға өтінімді дайындау үшін конкурсты ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушіге ұсынатын және конкурсты өткізу шарттары мен тәртібін қамтитын құжаттар;
5) көрсетілетін қызмет көрсетушіні таңдау өлшемшарттары – әлеуетті өнім берушінің қызмет көрсетуі бойынша мүмкіндіктері мен жағдайларын бағалау негізінде жүргізілетін белгілер;
6) көрсетілетін қызметтерді, тауарларды сатып алу туралы шарт (бұдан әрі – Шарт) – тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында веб-портал арқылы жасалған, электрондық цифрлық қолтаңбалармен куәландырылған азаматтық-құқықтық шарт;
7) Қазақстан Республикасының резиденттері – шет мемлекетте тұрақты тұру құқығына сол мемлекеттің заңнамасына сәйкес берілген құжаты бар азаматтарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде шетелде уақытша жүрген немесе оның шегінен тыс жерлерде мемлекеттік қызметте жүрген азаматтары;
Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығына құжаты бар шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, оның аумағында орналасқан заңды тұлғалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасында және оның шегінен тыс жерлерде орналасқан олардың филиалдары мен өкілдіктері;
Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде орналасқан дипломатиялық, сауда және өзге де ресми өкілдіктері;
8) Қазақстандық тауар өндірушілерді, қызмет көрсетушілерді қолдау –Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексінің 17-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстанда шығарылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің өндірісін дамытуды ынталандыру үшін қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі шаралар;
9) қаржы жылы – ағымдағы жылғы 1 қаңтарда басталып, 31 желтоқсанда аяқталатын уақыт аралығы;
10) құжаттың электронды көшірмесі – түпнұсқа құжаттың түрін және ақпаратты (деректерді) электрондық-цифрлық нысанда толығымен көрсететін құжат;
11) мемлекеттік-жекешелік әріптестік – мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптес арасындағы «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» заңда (бұдан әрі – Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы заң) айқындалған белгілерге сәйкес келетін ынтымақтастық нысаны;
12) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты – мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты тараптарының құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі белгіленетін, мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін құру және пайдалану арқылы бір немесе бірнеше әлеуметтік-экономикалық міндетті шешу мақсатында жасалатын жазбаша келісім;
13) мемлекеттiк сатып алу саласындағы бірыңғай оператор – мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті орган айқындаған, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жалғыз меншiк иесi мемлекет болып табылатын заңды тұлға;
14) орта білім беру ұйымы – бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы;
15) өнім беруші – қызмет көрсету немесе тауарларды жеткізу туралы шарт жасасқан кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке кәсіпкер, заңды тұлға (мемлекеттік мекемелерді қоспағанда);
16) сатып алудың сәйкестендіру коды – сатып алудың барлық кезеңдері туралы ақпарат қамтылған, әрбір сатып алуға (лотқа) берілетін сәйкестендіру нөмірі;
17) электрондық әмиян – конкурсқа қатысуға өтінімдерді қамтамасыз етуге байланысты есептік операцияларды жүзеге асыруға арналған, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың банктік шотында орналастырылатын, әлеуетті өнім берушінің жеке шоты.
2-1. Қағидалар шеңберінде мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдалану (қолжетімділік) жөніндегі қызметті мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор көздеген тарифтерге сәйкес ақылы негізде мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор көрсетеді.
2-тарау 2-тармақпен толықтырылсды ҚР Оқу-ағарту министрінің 30.04.2025 жылғы № 93 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 16.05.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тарау. Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру тәртібі
1) білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді, тауарларды конкурстық негізде сатып алу арқылы жүзеге асырылады;