Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 246 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 20 желтоқсанда № 17972 болып тіркелді
Редакция 21.04.2026 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне валюталық реттеу және валюталық бақылау, қаржы ұйымдарының қызметін тәуекелге бағдарланған қадағалау, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Өзгерістер мен толықтыру енгізілетін Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.
2. Банктерді қадағалау департаменті (Қизатов О.Т.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;
3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.
5. Осы қаулы, Тізбенің 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 2, 4, 5, 6, 7 және 8-тармақтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк Төрағасы Д. Ақышев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитеті
_______________________
2018 жылғы «___» _________
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 29 қазандағы
№ 246 қаулысына
қосымша
Өзгерістер мен толықтыру енгізілетін Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
1. «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің вексельдер есебін жүргізу ережесін бекіту жөнінде» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 15 қарашадағы № 396 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1015 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
«Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің вексельдерді есепке алуы қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
«1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің вексельдерді есепке алуы қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің вексельдер есебін жүргізу ережесінде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
«Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің вексельдерді есепке алуы қағидалары»;
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
«Осы Қағидалар «Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің (бұдан әрі – банктер) аударым және жай коммерциялық вексельдерін (бұдан әрі – вексельдер) есепке алу тәртібін реттейді.»;
1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
«1. Осы Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар:»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Форфейтинг – банктiң вексельдi индоссамент бойынша клиентке (өзiнiң индоссантына) регресс құқығынсыз вексель сомасын төлеп қабылдауы (сатып алуы). Банк форфейтинг операцияларын жүргiзуге тек қаржы нарығы мен қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрi – уәкілетті орган) форфейтинг операцияларын жүргiзуге лицензиясы болса ғана құқылы. Форфейтинг операциясын жүргiзген кезде банк сондай-ақ вексель сомасынан дисконт ұстап қалуға құқылы.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
«8. Вексель егер оның деректемелерi «Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 1-9, 32, 74, 75-баптарына сай болса жарамды болып саналады. Вексель мәтiнiн тексеру тәртiбi осы Қағидалардың 4-тарауында белгiленген.»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
«11. Операциялар жүргiзудiң жалпы талаптары туралы ережеге банк вексельдердi есепке алуға қабылдаудың мынадай талаптарын кiргiзуге құқылы:
1) вексель бойынша мiндеттi адамдардың санына талаптар, яғни вексельде өткiзiп беру жазуларының (индоссаменттердiң) белгiленген ең жоғары мөлшерiнiң болуы;
2) төлеушiге немесе вексель бойынша мiндеттi басқа адамға авальдiң болуы (авалистiң төлем қабiлетi);
3) аударма вексельдерi үшiн өтеудiң болуы;
4) осы Қағидаларға және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн басқа талаптар.»;
15-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
«2) осындай тәсiлмен есепке алынған барлық вексельдердi осы Қағидалардың нормаларына сәйкес қатаң жiктеу болып табылады.»;
21 және 22-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
«21. Вексель мәтiнiн және осы Қағидаларда көзделген басқа iс-жосықтың сақталуын тексергеннен кейiн банк вексельдердi есепке алуға қабылдау туралы шешiм қабылдайды. Аталған шешiмдi вексельде көрсетiлген сомаға банктiң кредит беруге өкiлеттi тиiстi органы қабылдайды.
22. Вексельдi есепке алуға қабылдау немесе одан бас тарту туралы банк шешiм қабылдауға мiндеттi мерзiмдi банк операциялар жүргiзудiң жалпы талаптары туралы ережеде белгiлейдi. Аталған мерзiм осы Қағидалардың 16-тармағында көрсетiлген құжаттардың толық пакетiн берген күннен бастап он банктiк күннен аспауы керек.»;
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
«26. Банк деректемелерi заң талабына сай вексельдердi есепке алуға қабылдайды. Егер вексельде осы Қағидалардың 27, 31-тармақтарында көрсетілген деректемелер болмаса, банк оны есепке алуға қабылдаудан бас тартуға мiндеттi.»;
27-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
«27. Есепке алуға ұсынылған аударма вексельдiң мәтiнiнде осы Қағидалардың 28-30-тармақтарында көзделгеннен басқа жағдайларда мына деректемелер:»;
31-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
«31. Есепке алуға ұсынылатын жай вексельдiң мәтiнiнде осы Қағидалардың 32-34-тармақтарында көрсетiлгеннен басқа жағдайларда мына деректемелер:»;
47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: