• Мое избранное

Отправить по почте

Қалаларда және моноқалаларда кредит беру/микрокредит беру қағидаларын және Қалаларда микроқаржы ұйымдары /екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер/микрокредиттер бойынша кепілдік беру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 27 қарашадағы № 84 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 28 қарашада № 17810 болып тіркелді

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысымен бекітілген "Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қалаларда және моноқалаларда кредит беру/микрокредит беру қағидалары;
2) Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қалаларда микроқаржы ұйымдары/екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер/микрокредиттер бойынша кепілдік беру қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау департаменті:
1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
1
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
1
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов
"Келісілді"
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
1
Қазақстан Республикасы
 Ұлттық экономика министрінің
 2018 жылғы 27 қарашадағы
 № 84 бұйрығына
 1-қосымша 
Қалаларда және моноқалаларда кредит беру/микрокредит беру қағидалары
1. Осы Қалаларда кредит беру/микрокредит беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысымен бекітілген "Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) шеңберінде әзірленді және шағын қалалардан басқа, Қазақстан Республикасының қалаларында және моноқалаларында кредиттер/микрокредиттер беру тәртібін айқындайды.
Қағидалар шеңберінде кредит беру/микрокредит беру жұмыссыздарға, кәсіпкерлік әлеуеті бар өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша шаралар ретінде пайдаланылады.
2. Қағидаларда мынандай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 29.10.2019 жылғы № 87 Бұйрығына сәйкес (11.06.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 17.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - «АШҚҚҚ» АҚ) – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын, банк болып табылмайтын заңды тұлға;
2) ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы органы;
3) Бағдарламаға қатысушылар – «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа толмаған жұмыссыз адамдар, «Жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттарын айқындау туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2019 жылғы 11 сәуірдегі №178 қаулысымен айқындалатын жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттары, жастар, оның ішінде NEET санатындағы жастар, жас және табысы аз көпбалалы отбасылардың мүшелері, табысы аз еңбекке қабілетті мүгедектер, ауыл шаруашылығы кооперативтері және олардың мүшелері, зәкірлі кооперацияларға қатысушыларды қоса алғанда, шаруа және фермер қожалықтары;
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.09.2021 жылғы № 87 Бұйрығына сәйкес (09.04.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.10.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) бастапқы бизнес (стартап жобалар) – заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелу/дара кәсіпкер мәртебесін ресімдеу мерзімі кредиторға кредит/микрокредит алу үшін жүгінген кезде бір жылдан аз уақытты құрайтын Бағдарламаға қатысушылардың бизнес-жобалары;
5) бюджеттік кредит шарты – жергілікті атқарушы орган мен микрокредит беру ұйымы/»АШҚҚҚ» АҚ арасында азаматтық заңнамаға сәйкес жасалатын бюджеттік кредит беру туралы жазбаша келісім;
6) жергілікті атқарушы орган (бұдан әрі – ЖАО) – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;
7) жұмыс істеп тұрған кәсіпкер – екінші деңгейдегі банкке (бұдан әрі – ЕДБ)/микроқаржы ұйымына (бұдан әрі – МҚҰ)/»АШҚҚҚ» АҚ/кредиттік серіктестік (бұдан әрі - КС) кредит/микрокредит алуға жүгінген кезде жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелу мерзімі үш жылдан асқан кәсіпкер;
8) инвестициялар – негізгі құралдарды сатып алу/салу/ жаңғырту/реконструкциялау/күрделі жөндеу, биологиялық/материалдық емес активтерді сатып алу;
9) кәсіпкер – шағын қалаларды қоспағанда, салалық шектеулерсіз және кәсіпкердің тіркелген орнын есепке алусыз барлық қалаларда және моноқалаларда өзінің жобаларын іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлайтын ісін жаңа бастаған кәсіпкер, ісін жаңа бастаған жас кәсіпкер және жұмыс істеп тұрған кәсіпкер.
10) кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – кәсіпкерлік саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;
11) кредит/микрокредит – ЕДБ/МҚҰ/»АШҚҚҚ» АҚ Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында ақылылық, мерзімділік, қайтарымдылық, қамтамасыз етілу және мақсатқа сай пайдалану шарттарымен кредит/микрокредит беру туралы шарт бойынша Бағдарламаға қатысушыға беретін қарыз қаражаты;
12) кредит/микрокредит беру туралы шарт – кредитор мен Бағдарламаға қатысушының арасында соңғысына осы Қағидаларда айқындалған мақсаттарға берілетін қарыз қаражаты есебінен кредит/микрокредит беру үшін жасалатын жазбаша келісім;
13) кредитор – микроқаржы ұйымы/екінші деңгейдегі банктер/КС/»АШҚҚҚ» АҚ;
14) кредиттік келісім – микрокредит беру ұйымы мен кредитор арасында азаматтық заңнамаға сәйкес жасалатын қарыз беру туралы жазбаша келісім. Кредиттік келісімнің нысанын микрокредит беру ұйымы бекітеді;
15) қарыз – Бағдарламаға қатысушылардың жобаларын одан әрі қаржыландыру үшін кредиттік келісім негізінде МҚҰ/ЕДБ микрокредит беру ұйымы беретін ақша сомасы;
16) микрокредит беру ұйымы – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы;
17) МҚҰ – коммерциялық ұйым болып табылатын, ресми мәртебесі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында мемлекеттік тіркеумен және есептік тіркеуден өтумен айқындалатын, микрокредиттер беру жөнiндегi қызметтi, сондай-ақ «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында рұқсат етілген қосымша қызмет түрлерін жүзеге асыратын заңды тұлға;
17-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.09.2021 жылғы № 87 Бұйрығына сәйкес (09.04.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.10.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
18) ісін жаңа бастаған кәсіпкер – дара кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелу мерзімі ЕДБ/»АШҚҚҚ» АҚ/МҚҰ/КС кредит/микрокредит алу үшін жүгінген сәтте кемінде үш жылды құрайтын кәсіпкер;
19) NEET санатындағы жастар – әлеуметтік және экономикалық сипаттағы белгілі бір жағдайларға байланысты оқымайтын, жұмыс істемейтін және біліктілігін арттырмайтын жастар;
2-тарау. Кредиторларға қаражатты шартты түрде орналастырудың шарттары мен тетіктері
3. Республикалық бюджет және/немесе жергілікті бюджеттер қаражатынан кредиттер/микрокредиттер шағын қалалардан басқа, моноқалаларда және қалаларда бизнес-жобаларды іске асыратын немесе іске асыруды жоспарлайтын Бағдарламаға қатысушыларға ұсынылады.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 29.10.2019 жылғы № 87 Бұйрығына сәйкес (11.06.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 17.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Уәкілетті орган және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі уәкілетті орган ЖАО-ларға Бағдарламаға қатысушылардың жобаларына кредит беру/микрокредит беру үшін қаражат бөледі. ЖАО-лар бірлесіп қаржыландыру шарттарында жергілікті бюджеттен қосымша қаражат бөледі. ЖАО мен микрокредит беру ұйымы/»АШҚҚҚ» АҚ арасында бюджеттік кредит шарты жасалады, оған сәйкес бюджет қаражатының жалпы сомасы бюджеттік кредит түрінде микрокредит беру ұйымына/»АШҚҚҚ» АҚ мынадай шарттармен:
1) жылдық сыйақы мөлшерлемесі 0,01 %-бен қайтарымдылық, мерзімділік, ақылылық, қамтамасыз етілу және мақсатқа сай пайдалану қағидаттарымен 7 жылдан аспайтын мерзімге бөлінеді;
2) бюджеттік кредиттің микрокредит беру ұйымы үшін нысаналы мақсаты – Қазақстан Республикасының қалаларында, моноқалаларында жобаларды іске асыратын немесе іске асыруды жоспарлайтын Бағдарламаға қатысушыларды одан әрі қаржыландыруға арналған қаражатты ЕДБ және МҚҰ қорландыру;
3) бюджеттік кредиттің «АШҚҚҚ» АҚ үшін нысаналы мақсаты – Қазақстан Республикасының қалаларында, моноқалаларында жобаларды іске асыратын немесе іске асыруды жоспарлайтын Бағдарлама шеңберіндегі бизнес-жобаларға микрокредит беру;
4) бюджеттік кредитті игеру кезеңі микрокредит беру ұйымы мен «АШҚҚҚ» АҚ үшін 12 айды құрайды және бюджеттік кредитті ЖАО беру сәтінен бастап есептеледі;
Уәкілетті орган және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі уәкілетті орган ЖАО-ларға Бағдарламаға қатысушылардың жобаларына кредит беру/микрокредит беру үшін қаражат бөледі. ЖАО-лар бірлесіп қаржыландыру шарттарында жергілікті бюджеттен қосымша қаражат бөледі. ЖАО мен микрокредит беру ұйымы/»АШҚҚҚ» АҚ арасында бюджеттік кредит шарты жасалады, оған сәйкес бюджет қаражатының жалпы сомасы бюджеттік кредит түрінде микрокредит беру ұйымына/»АШҚҚҚ» АҚ мынадай шарттармен:
5) негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдік кезеңі – кредит беру мерзімі ұзақтығының үштен бірінен аспайды.