• Менің таңдаулыларым
Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң кейбiр бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Назар аударыңыз! Құжаттың 13.05.2025 күші жойылды

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Түсініктемелер жазу, айту
  • Белгі бауына қою
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца(beta)

Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң кейбiр бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 желтоқсандағы № 1093 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 20 желтоқсанда № 17970 болып тіркелді

Осы Бұйрық 2025 жылғы 13 мамырдан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 18.04.2025 жылғы № 180 Бұйрығына сәйкес 
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 17 қазанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:
бюджет түсiмдерiнiң сыныптамасында:
1 «Салықтық түсімдер» санатында:
04 «Меншiкке салынатын салықтар» сыныбында:
3 «Жер салығы» кіші сыныбында:
02 «Елдi мекендер жерлерiне алынатын жер салығы» ерекшелігі мынадай редакцияда жазылсын:
«02 Жер салығы»;
«09 Елдi мекендердің жерлерiне алынатын жер салығын қоспағанда, жер салығы» ерекшелігі алынып тасталсын;
05 «Тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын iшкi салықтар» сыныбында:
1 «Қосылған құн салығы» кіші сыныбында:
«13 Kеден одағының бірыңғай кеден аумағы құрылғанға дейін Ресей Федерациясының және Беларусь Республикасының аумағынан шығарылатын және импортталатын тауарларға салынатын қосылған құн салығы» ерекшелігі алынып тасталсын;
2 «Акциздер» кіші сыныбында:
81 «Ресей Федерациясының және Беларусь Республикасының аумағынан әкелінетін кеден одағы тауарларынан басқа, Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын темекі өнімдері» ерекшелігі мынадай редакцияда жазылсын:
«81 Кеден одағына мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағынан әкелінетін, Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын темекі өнімдері»;
82 «Ресей Федерациясының және Беларусь Республикасының аумағынан әкелінетін кеден одағы тауарларынан басқа, Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын басқа да акцизделетін өнімдердің түрлері» ерекшелігі мынадай редакцияда жазылсын:
«82 Кеден одағына мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағынан әкелінетін, Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын акцизделетін өнімдердің өзге түрлері».
2. «Бюджет түсімдерін бюджеттердің деңгейлері, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шоты мен Жәбірленушілерге өтемақы қорының қолма-қол ақшасының бақылау шоты арасында бөлу кестесі» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 404 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9760 болып тіркелген, 2014 жылғы 15 қазанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджет түсімдерін бюджеттердің деңгейлері, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шоты мен Жәбірленушілерге өтемақы қорының қолма-қол ақшасының бақылау шоты арасында бөлу кестесінде:
1 «Салықтық түсімдер» санатында:
04 «Меншiкке салынатын салықтар» сыныбында:
3 «Жер салығы» кіші сыныбында:
02 «Елдi мекендер жерлерiне алынатын жер салығы» ерекшелігі мынадай редакцияда жазылсын:
«

Жер салығы

1

04

3

02


 


 

100

100

100


 


 

»;
09-ерекшелігі
«

Елдi мекендердің жерлерiне алынатын жер салығын қоспағанда, жер салығы

1

04

3

09


 


 

100

100


 


 


 

»
алынып тасталсын;
05 «Тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын iшкi салықтар» сыныбында:
1 «Қосылған құн салығы» кіші сыныбында:
13-ерекшелігі
«

Kеден одағының бірыңғай кеден аумағы құрылғанға дейін Ресей Федерациясының және Беларусь Республикасының аумағынан шығарылатын және импортталатын тауарларға салынатын қосылған құн салығы

1

05

1

13

100


 


 


 


 


 


 

»
алынып тасталсын;
2 «Акциздер» кіші сыныбында:
81 «Ресей Федерациясының және Беларусь Республикасының аумағынан әкелінетін кеден одағы тауарларынан басқа, Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын темекі өнімдері» ерекшелігі мынадай редакцияда жазылсын:
«

Кеден одағына мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағынан әкелінетін, Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын темекі өнімдері

1

05

2

81

100


 


 


 


 


 


 

»;
82 «Ресей Федерациясының және Беларусь Республикасының аумағынан әкелінетін кеден одағы тауарларынан басқа, Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын басқа да акцизделетін өнімдердің түрлері» ерекшелігі мынадай редакцияда жазылсын:
«

Кеден одағына мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағынан әкелінетін, Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын акцизделетін өнімдердің өзге түрлері

1

05

2

82

100


 


 


 


 


 


 

»;
3 «Табиғи және басқа да ресурстарды пайдаланғаны үшiн түсетiн түсiмдер» кіші сыныбында:
30 «Жер қойнауын пайдаланушылардың басқа түсімдері» ерекшелігі мынадай редакцияда жазылсын:
«

Жер қойнауын пайдаланушылардың басқа түсімдері

1

05

3

30

100


 


 


 


 


 


 

».
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Ә. Смайылов