• Мое избранное

Отправить по почте

38

Табиғи монополиялар туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 204-VІ

ҚР Премьер-Министрінің 31.01.2019 жылғы № 10-ө Өкімін қараңыз
Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырылады - ҚР 08.07.2024 жылғы № 121-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 01.07.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) тұтынушылар мен табиғи монополиялар субъектілері мүдделерінің теңгеріміне қол жеткізу;
2) табиғи монополиялар салаларындағы қызметті мемлекеттік реттеудің құқықтық негіздерін айқындау;
3) реттеліп көрсетілетін қызметтердің тұтынушылар үшін қолжетімділігін қамтамасыз ету;
4) тұтынушылар мен табиғи монополиялар субъектiлерiнің мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету;
5) табиғи монополиялар салаларындағы қызметті мемлекеттік реттеу рәсімдерінің жариялылығы мен ашықтығын қамтамасыз ету;
6) реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруды және оларға сұранысты қанағаттандыруды ынталандыру.
2-бап. Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
1. Осы Заң табиғи монополиялар субъектiлерi ұсынатын Қазақстан Республикасының көрсетілетін қызметтер нарығында туындайтын қатынастарға қолданылады.
2. Осы Заңда қамтылмаған қатынастар Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамасымен және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамасымен реттеледі.
3. Осы Заңмен табиғи монополиялар салаларына жатқызылған реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын табиғи монополия субъектісіне қызметті мемлекеттік реттеу және мемлекеттік бақылау реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынуға қатысты ғана қолданылады.
2
4. Осы Заңның күші табиғи монополиялар салаларына жатқызылған қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға мынадай:
1) қызметі өз мұқтаждарына ғана арналған объектiлердi салу мен пайдалануға байланысты болатын;
2) осы Заңның 5-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген қызметі жиынтығында мынадай:
осындай қызметтен түсетін кірістер күнтізбелік бір жылда барлық қызметтен түсетін кірістердің 1 пайызынан аспауға тиіс;
2012 жылғы 1 қаңтарға қолданыста болған тарифтің деңгейін ұстап-тұру шарттары сақтала отырып, жүзеге асырылатын жағдайлардың бірінде қолданылмайды.
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 23.12.2023 жылғы № 50-VIII Заңына сәйкес (29.06.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 24.02.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) амортизациялық аударымдар қаражатын мақсатқа сай пайдаланбау – бекітілген тарифте және (немесе) бекітілген тарифтік сметада амортизациялық аударымдар есебінен көзделген қаражатты реттеліп көрсетілетін қызметті ұсынуда пайдаланылатын тіркелген активтердегі күрделі қаржы салымдарымен және тартылған кредиттік ресурстар бойынша негізгі борышты қайтарумен байланысы жоқ мақсаттарға жіберу;
3) бақыланатын шығындар – табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметті ұсынумен байланысты, шамасы табиғи монополия субъектісінің қызметіне қатысты болатын шығындары;
4) бақыланбайтын шығындар – табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметті ұсынумен байланысты, шамасы табиғи монополия субъектісінің қызметіне қатысты емес шығындары;
5) есепке алу аспабы – реттеліп көрсетілетін қызметтерді жеке және (немесе) үй бойынша ортақ тұтынуды коммерциялық есепке алуға арналған, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен қолдануға рұқсат етілген техникалық құрылғы;
6) жария тыңдаулар – тариф жобасын, есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін табиғи монополиялар салаларындағы коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормаларын талқылау және тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында есептер беруді өткізу рәсімі;
7) инвестициялық бағдарлама – инвестициялық бағдарламаның нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізуден немесе табиғи монополия субъектісі қызметінің көрсеткіштерін қолда бар деңгейде сақтаудан көрінетін техникалық-экономикалық және (немесе) экологиялық нәтиже алу мақсатында табиғи монополия субъектісінің қолда бар активтерін кеңейтуге, жаңғыртуға, реконструкциялауға, жаңартуға, ұстап-тұруға және жаңа активтерін жасауға бағытталатын қаражатты салу және қайтару жөніндегі іс-шаралар жоспары;
8) индекстеу әдісі – қуаты аз табиғи монополия субъектісінің бекітілген тарифті жыл сайын индекстеуі арқылы тарифті қалыптастыру;
9) қоғамдық мониторинг – қоғамдық ұйымдар мен өзге де мүдделі тұлғалардың бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалу, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа мен сенімділік көрсеткіштерінің сақталу және табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу барысын байқау тетігі;
жалпы белгіленген қуаты жиырма Гкал/сағатты қоса алғанға дейінгі жылыту қазандықтарынан жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және (немесе) онымен жабдықтау жөніндегі;
көлемi жылына бес жүз мың текше метрге дейiн сумен жабдықтау және (немесе) су бұру;
көлемі жылына отыз миллион текше метрге дейiн суғару үшін су беру жөніндегі;
бәсекелес кірме жол болмаған кезде көлемі жылына елу мың вагон/км-ге, вагон/сағатқа дейін болатын кірме жолдар;
көлемі жылына жиырма бес миллион кВт сағатқа дейін электр энергиясын беру жөніндегі;
әуежайда қызмет көрсетілген жолаушылардың саны жылына үш жүз мың адамнан аз болатын әуежайлар бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын табиғи монополия субъектiсi.
Қуаты аз табиғи монополия субъектісіне кірісі күнтізбелік бір жылда табиғи монополия субъектісінің барлық реттеліп көрсетілетін қызметінен түсетін кірістің 5 пайызынан аспайтын ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызмет бойынша табиғи монополия субъектісі де жатады. Бұл ретте қалған реттеліп көрсетілетін қызметтер бойынша табиғи монополия субъектісі қуаты аз табиғи монополия субъектісіне жатпайды;
11) магистральдық теміржол желілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне баға шектері – магистральдық теміржол желілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерге индекстер түрінде тарифтердің ең жоғары және ең төмен деңгейлері;
11-1) негізделмеген кіріс – уәкілетті органның ведомствосы бекіткен тарифті асырып көрсету, оның ішінде көрсетілетін қызметтерді есепке алу аспабының көрсеткіштері, тұтыну көлемі, шамасы және нормалары бойынша құқыққа сыйымсыз есепке жазу және (немесе) тарифтік сметада көзделген амортизациялық аударымдар қаражатын мақсатсыз пайдалану, уәкілетті органның ведомствосы бекіткен мөлшердің бес пайызынан астамға тарифтік смета шығындарының баптарын орындамау, инвестициялық бағдарламаларды орындауға тарифтік сметада көзделген қаражатты игермеу немесе мақсатсыз пайдалану нәтижесінде субъект алған қосымша кіріс;
4-бап 11-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 08.07.2024 жылғы № 121-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 09.09.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
12) өтінім – табиғи монополия субъектісінің уәкілетті органға тарифті бекіту туралы өтініші;
13) реттеліп көрсетілетін қызметтер – табиғи монополиялар салаларындағы табиғи монополиялар субъектілері ұсынатын және уәкілетті органның мемлекеттік реттеуіне жататын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер;
14) тарифтің болжамды индексі – тарифтің жол берілетін деңгейін оның болжамын есептеу жолымен айқындайтын көрсеткіш;
15) реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа мен сенімділік көрсеткіштері – тұтынушыларға реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну процесінің технологиялық және өзге де объективтік өлшемдерін қамтитын реттеліп көрсетілетін қызметтерді бағалау, оның ішінде тәуелсіз сыртқы бағалауға жататын өлшемшарттарының жиынтығы;
1
16) стратегиялық тауарлар:
16-тармақша өзгертілді ҚР 06.04.2024 жылғы № 71-VIII Заңымен (23.12.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.06.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
16-тармақша өзгертілді ҚР 08.07.2024 жылғы № 121-VIII Заңымен (01.07.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.09.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
табиғи монополиялар субъектілері жылу энергиясын өндіру үшін отын ретінде пайдаланатын көмір, газ, мазут және дизель отыны;