• Мое избранное
Трансферттік баға белгілеу бойынша жергілікті, негізгі және еларалық есептілік нысандарын және оларды толтыру Қағидаларын бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Трансферттік баға белгілеу бойынша жергілікті, негізгі және еларалық есептілік нысандарын және оларды толтыру Қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 1104 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 26 желтоқсанда № 18034 болып тіркелді

Редакция 01.01.2026 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
«Трансферттік баға белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 18.05.2022 жылғы № 514 Бұйрығына сәйкес (24.12.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.06.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 18.05.2022 жылғы № 514 Бұйрығына сәйкес (24.12.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.06.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес трансферттік баға белгілеу бойынша жергілікті есептілік нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Трансферттік баға белгілеу бойынша жергілікті есептілік нысанын толтыру қағидалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес трансферттік баға белгілеу бойынша негізгі есептілік нысаны;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Трансферттік баға белгілеу бойынша негізгі есептілік нысанын толтыру қағидалары;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес трансферттік баға белгілеу бойынша еларалық есептілік нысаны;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес Трансферттік баға белгілеу бойынша еларалық есептілік нысанын толтыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:
  • 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
  • 1
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
  • 1
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Ә. Смайылов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитеті
 2018 жылғы «__» __________
  • 1
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 24 желтоқсандағы
№1104 бұйрығына
1-қосымша
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 18.05.2022 жылғы № 514 Бұйрығына сәйкес (24.12.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.06.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 19.09.2024 жылғы № 633 Бұйрығына сәйкес (18.05.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.10.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысан
 Трансферттік баға белгілеу бойынша жергілікті есептілік
 Есепті кезең 20__ жыл
Әкімшілік деректердің нысаны интернет-ресурста орналастырылған:
https://kgd.gov.kz/ru/content/transfertnoe-cenoobrazovanie-1-1.
Индекс: 013 ЖЕ
Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне
Ұсынады: мәмілеге қатысушылар
Кезеңділігі: жыл сайын
Ұсыну мерзімі: есепті қаржы жылынан кейінгі 12 айдан кешіктірмей.
1-бөлім. Жергілікті субъект
1.1. Жергілікті субъектінің басқару құрылымын және Жергілікті субъектінің ұйымдық құрылымын сипаттау
 ______________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________.
1.2. Жергілікті субъектінің кәсіпкерлік іс-қимылын егжей-тегжейлі сипаттау және Жергілікті субъекті пайдаланатын бизнесті жүргізу стратегиясы
 ______________________________________________________________________________
 ______________________________________________________________________________
 ______________________________________________________________________________.
1.3. Жергілікті субъектінің негізгі бәсекелестерінің тізбесі
 _______________________________________________________________________________
 _______________________________________________________________________________
 _______________________________________________________________________________.
2 бөлім. Бақыланатын мәмілелер
2.1. Бақыланатын мәмілелер санаттарының сипаттамасы (мысалы, өндірістік қызметтерді сатып алу, тауарларды сатып алу, қызметтерді ұсыну, қарыздар, міндеттемелерді қаржыландыру және орындау кепілдіктері, материалдық емес активтерді лицензиялау және т.б.) және бақыланатын мәмілелер жүзеге асырылған міндеттемелер
 _______________________________________________________________________________
 _______________________________________________________________________________
 ____________________________________________________.
2.2. Шетелдік алушылар мен төлеушілер тіркелетін салық юрисдикциясы бөлігінде Жергілікті субъектінің қатысуымен бақыланатын мәмілелердің әрбір санаты бойынша төлемдер мен ақша құралдары түсімінің сомалары (мысалы, тауарлар, қызметтер, жұмыстар, роялти, лицензиялық төлем, сыйақы төлеу және т.б. бойынша төлемдер және түсімдер)
 _______________________________________________________________________________
 _______________________________________________________________________________
 ____________________________________________________.
2.3. Бақыланатын мәмілелердің әр санатына тараптар болып табылатын, олардың арасындағы өзара байланысты көрсете отырып, өзара байланысты тараптардың тізбесі
 _______________________________________________________________________________