Осы Заң кинематография саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және оның құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды.
Отправить по почте
Кинематография туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2019 жылғы 3 қаңтардағы № 212-VІ
Редакция 20.08.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Осы Заң кинематография саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және оның құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңның мақсаттары үшін мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) әлеуметтік маңызы бар фильмдер – қоғамның патриоттық, рухани-адамгершілік, зияткерлік және мәдени әлеуетін арттыруға, өскелең ұрпақты тәрбиелеуге бағытталған өзекті, оның ішінде тарихи фильмдер;
2) бірлесіп шығарылған фильм – шығарылуы шетелдік жеке және (немесе) заңды тұлғалар мен Қазақстан Республикасы азаматтарының және (немесе) Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының қатысуымен жүзеге асырылатын фильм;
3) дебюттік фильм – қоюшы режиссердің алғашқы фильмі;
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 29.09.2022 жылғы № 143-VII Заңына сәйкес (29.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.10.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) кадр сыртындағы аударма – аударылған сөздер туындының түпнұсқа дыбыс жолына салынатын фильмді аудару түрі;
5) кинематография – фильмдерді шығаруға, пайдалануға және сақтауға бағытталған шығармашылық, ұйымдастырушылық-өндірістік, экономикалық, ғылыми, білім беру қызметінің түрлерін біріктіретін мәдениет саласы;
5-1) кинематографиялық қызмет субъектісі – қызметінің негізгі түрлері: фильм жəне (немесе) киножылнама шығару, фильмді прокаттау, фильмді көрсету, фильмді қалпына келтіру, кинозалға техникалық қызмет көрсету, киноматериалдарды дайындау, фильмді шығару жөніндегі жұмыстарды орындау жəне қызметтерді көрсету, кинематография саласындағы білім беру, ғылыми, зерттеу, баспа, жарнамалық-насихаттау қызметі, фильмді сақтау болатын кəсіпкерлік субъектісі болып табылатын жеке тұлға; кинематографиялық ұйым;
1-бап 5-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 29.09.2022 жылғы № 143-VII Заңына сәйкес (өзгерту 11.10.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6) кинематографиялық ұйым – қызметінің негізгі түрлері: фильм және (немесе) киножылнама шығару, фильмді прокаттау, фильмді көрсету, фильмді қалпына келтіру, кинозалға техникалық қызмет көрсету, киноматериалдарды дайындау, фильмді шығару жөніндегі жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету, кинематография саласындағы білім беру, ғылыми, зерттеу, баспа, жарнамалық-насихаттау қызметі, фильмді сақтау болып табылатын заңды тұлға;
7) киножоба – фильмді шығаруды және прокаттауды жүзеге асыруға негіз болатын құжаттар мен материалдардың (сценарий, режиссерлік экспликация, фильм шығаруға арналған смета, күнтізбелік-қойылымдық жоспар, маркетинг жоспары, көзбен шолу материалдары) жиынтығы (топтамасы);
8) киножылнама – уақыттың, орынның, мән-жайлардың өзіне тән ерекшеліктерін көрсететін және келешекте фильм шығаруға есептелген деректі сюжеттер;
8-1) киносериал – көп сериялы кинотуынды;
1-бап 8-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 29.09.2022 жылғы № 143-VII Заңына сәйкес (өзгерту 11.10.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8-2) киноспектакль – кинематография жəне (немесе) телевизия құралдарымен жүзеге асырылған театрлық спектакльдің экрандалуы;
1-бап 8-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 29.09.2022 жылғы № 143-VII Заңына сәйкес (өзгерту 11.10.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8-3) кинофестиваль – арнайы іріктелген фильмдерді көрсететін іс-шара;
1-бап 8-3-тармақшамен толықтырылды ҚР 29.09.2022 жылғы № 143-VII Заңына сәйкес (өзгерту 11.10.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
9) Қазақстан Республикасында шығарылған фильмдер – Қазақстан Республикасының азаматтары және (немесе) Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары шығарған және құқық иеленушілері де Қазақстан Республикасының азаматтары және (немесе) Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары болып табылатын фильмдер;
10) Мемлекеттiк фильмдер қоры – ұлттық фильмдердің, Қазақстан Республикасында шығарылған фильмдердің, бірлесіп шығарылған фильмдердің жəне киножылнаманың, оның ішінде ұлттық мəдени игіліктің ажырамас бөлігі ретінде ұлттық фильмдер мен киножылнаманың бастапқы материалдарының киноколлекциясы;
10-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 29.09.2022 жылғы № 143-VII Заңына сәйкес (29.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.10.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
11) Мемлекеттiк фильмдер тiзiлiмi – прокатталуы және көрсетiлуi Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын фильмдердiң тiзбесi;
12) оқиғалы фильмдер – мерейтойлық және атаулы күндерге, аса көрнекті тұлғаларға, қоғамдық маңызы бар және маңызды оқиғаларға арналған фильмдер;
12-1) продюсер – фильмді қаржыландыруды, шығаруды жəне прокаттауды ұйымдастыру жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жеке жəне (немесе) заңды тұлға;
1-бап 12-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 29.09.2022 жылғы № 143-VII Заңына сәйкес (өзгерту 11.10.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
13) субтитрлеу – фильмді түпнұсқа тілінде мәтінмен сүйемелдеуді немесе аударма, дубляж жасау және (немесе) қосымша диалогтар мен сахнадағы іс-қимыл көріністерін толықтыру процесі;
14) уәкiлеттi орган – кинематография саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
15) ұлттық фильм куәлігі – жеке немесе заңды тұлғаның осы Заңда көзделген мемлекеттік қолдау шараларына құқығын куәландыратын, белгіленген үлгідегі құжат;
16) фильм – шығармашылық ниеттің негізінде жасалған, жеткізгіште жазылған жəне біртұтас тақырыпқа біріктірілген бейнеден жəне дыбыстық сүйемелдеуден тұратын дыбыстау-бейнелеу туындысы, оның ішінде киносериал, киноспектакль;
16-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 29.09.2022 жылғы № 143-VII Заңына сәйкес (29.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.10.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
17) фильмге дубляж жасау (дубляж) – қатысушы адамдардың буын артикуляциясына сай келетін аударма арқылы басқа тілдегі фильмнің дыбыстық қатарының тілдік бөлігін ілеспе түрде қайта жасаудан тұратын шығармашылық және өндірістік қызмет;
18) фильмге прокаттау куәлігі (бұдан әрі – прокаттау куәлігі) – фильм туралы техникалық мәліметтер, фильмнің жасаушылары, жас санаты мен жанры туралы ақпарат көрсетілетін, жеке немесе заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының аумағында фильмді тарату құқығын куәландыратын, белгіленген үлгідегі құжат;
19) фильмдерді сақтау – фильмдер мен киножылнаманы және олардың бастапқы материалдарын сенімді, ұзақ мерзімге сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған қызмет, фильмдердің бастапқы материалдары мен көшірмелерін профилактикалық өңдеу, реставрациялау және қалпына келтіру;
20) фильмдер мен киножылнаманың бастапқы материалдары – негатив, контратип, бейне негативі, фонограмма негативі, эталондық көшірме, қондырғы роликтер, паспорттар және олардың жазбалары, фильмнің бақылау көшірмесі, қайта жазбаның, музыканың, шулардың магнитті фонограммаларының түпнұсқасы, бейнефонограмма-мастер, компакт-диск және фильмнің кез келген материалдық нысанда таралымын көбейту үшін қажетті өзге де материалдар;
21) фильмді көрсету – кинозалда, телекоммуникация желілері арқылы таралатын теле-, радиоарналарда және басқа да техникалық тәсілдермен жүзеге асырылатын, фильмді көпшілікке демонстрациялау;
22) фильмді прокаттау – фильмді көрсету мақсатында оны Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған тәсiлдермен тарату;
23) фильмді тіркеу – Қазақстан Республикасының аумағында таратылуға арналған фильм туралы мәліметтерді Мемлекеттік фильмдер тізіліміне енгізу;
24) фильмнiң таралымын көбейту – фильмнiң бiр немесе одан да көп көшiрмесiн (таралымын) кез келген материалдық нысанда дайындау;
25) фильм шығару – нәтижесінде фильм жасалатын, автордың шығармашылық ниетін іске асыру процесі;
25-1) ұлттық фильмдердің сахналық-қойылымдық құралдары – ұлттық фильмдерді шығару кезінде қалыптастырылатын жəне пайдаланылатын материалдық безендіру заттарының жиынтығы;
1-бап 25-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 29.09.2022 жылғы № 143-VII Заңына сәйкес (өзгерту 11.10.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
26) шектеулі прокат – саны Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін кинозалдардың жалпы санының он пайызынан аспайтын кинозалдарда фильмдерді бір рет көрсету.
2-бап. Қазақстан Республикасының кинематография туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының кинематография туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
3. Қазақстан Республикасының кинематография туралы заңнамасымен реттелген құқықтық қатынастарға ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобалар мен ұлттық фильмдерді қаржыландыру түрінде мемлекеттік қолдау ұсыну бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңна масының күші қолданылмайды.
2-бап 3-тармақпен толықтырылды ҚР 29.09.2022 жылғы № 143-VII Заңына сәйкес (өзгерту 11.10.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-бап. Кинематография саласындағы мемлекеттік саясаттың қағидаттары
Кинематография саласындағы мемлекеттік саясат мынадай қағидаттар негізінде іске асырылады:
1) ұлттық фильмдерді шығару, пайдалану, олардың таралымын көбейту, прокаттау, көрсету және сақтау үшін жағдайлар жасау;
2) ұлттық фильмдерді, оның ішінде шет елдерде таратуды және ілгерілетуді ынталандыру және қолдап отыру;
3) кинематографияның шығармашылық, өндірістік, техникалық, білім беру және ғылыми базасын дамытуды мемлекеттік қолдау;
4) Қазақстан Республикасының аумағындағы халық үшін кинематография туындыларының қолжетімділігі;
5) кинематография саласында қазақ тілін дамыту үшін жағдайлар жасау.
4-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша алынып тасталды ҚР 19.04.2023 жылғы № 223-VII Заңымен (29.09.2022 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.05.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығын құрады;
3) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
3-тармақша алынып тасталды ҚР 19.04.2023 жылғы № 223-VII Заңымен (29.09.2022 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.05.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті орган өз құзыреті шегінде:
1) кинематография саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 19.04.2023 жылғы № 223-VII Заңына сәйкес (29.09.2022 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.05.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) кинематографияны мемлекеттік реттеуді және қолдауды жүзеге асырады;
3) мемлекеттік ұйымдардың кинематографияны дамыту жөніндегі қызметін қолдап отырады және үйлестіреді;
4) Мемлекеттік фильмдер тізілімін жүргізеді;
5) ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобаларды шығару бойынша мемлекеттік қаржылық қолдау көрсету үшін оларды іріктеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
5-1) Қазақстан Республикасының аумағына əкелінетін балалар анимациялық фильмдері мен отбасымен көруге арналған фильмдерді қазақ тілінде дубляждау үшін іріктеу қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
5-бап 5-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 29.09.2022 жылғы № 143-VII Заңына сәйкес (өзгерту 11.10.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6) прокаттау куәлігін беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
7) фильмді ұлттық деп тану және ұлттық фильм куәлігін беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
8) прокаттау куәлігін және ұлттық фильм куәлігін береді;
9) ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобалар шығаруды қаржыландыру қағидаларын және қаржыландыру көлемдерінің нормативтерін әзірлейді және бекітеді;
10-тармақша осы Заңның 18-бабына сәйкес, 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады
10) кинематография саласындағы субсидияларды төлеу қағидалары мен шарттарын әзірлейді және бекітеді;
11) прокаттау куәлігін беру кезінде Қазақстан Республикасының аумағында прокаттауға арналған фильмдердің жас сыныптамасын жүзеге асырады;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен фильмді ұлттық деп таниды;
13) кинематография саласындағы ғылым мен білімді дамытуға, шығармашылық және техникалық кадрларды даярлауға, қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға жәрдемдеседі;
14) кинематография саласындағы халықаралық байланыстарды дамытады, кинематографиялық қызмет субъектілерінің халықаралық комиссияларға, кино фестивальдарға, конференцияларға және басқа да іс-шараларға қатысуын ұйымдастырады;
14-тармақша өзгертілді ҚР 29.09.2022 жылғы № 143-VII Заңымен (29.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.10.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
15) Қазақстан Республикасының аумағындағы фильмдер мониторингінің бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйесін орнату және жүргізу арқылы Қазақстан Республикасының аумағында фильмдер прокатын жүйеге келтіруді және есепке алуды қамтамасыз етеді;
16) Қазақстан Республикасының аумағында фильмдер прокатының мониторингін жүзеге асырады;
17) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
6-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының құзыреті
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары:
1) кинематография саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктегі халық үшін кинематография туындыларының қолжетімділігіне жағдайлар жасау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
3) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
7-бап. Фильмді прокаттау және көрсету
1. Фильмді фестивальдарда, семинарларда, ретроспективада көрсету жағдайларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында фильмді прокаттау және көрсету ол Мемлекеттік фильмдер тізілімінде тіркелген кезде ғана және берілген прокаттау куәлігіне сәйкес жүзеге асырылады.
Осы талап бұрынғы КСРО-ның кинематографиялық ұйымдары шығарған фильмдерге қолданылмайды.
2. Мемлекеттік фильмдер тізілімінде тіркелген фильмге прокаттау куәлігі беріледі.
3. Прокаттау куәлігін беру уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша жүзеге асырылады.
4. Прокаттау куәлігін алу үшін жеке немесе заңды тұлға:
1) уәкілетті орган басшысының атына өтінішті;
2) жеке немесе заңды тұлғаның фильмге немесе оны пайдалануға құқығын растайтын құжаттарды (шет тіліндегі құжаттарға қазақ және (немесе) орыс тілдерінде нотариат куәландырған көшірмелер қоса беріледі);
3) фильмнің аннотациясын;
4) Қазақстан Республикасында шығарылған фильмдерде пайдаланылатын туындылар туралы мәліметтерді ұсынуы қажет.
5. Прокаттау куәлігін алуға арналған өтініш келіп түскен күнінен бастап жеті жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Өтінішті қарау қорытындылары бойынша уәкілетті орган жеке немесе заңды тұлғаға прокаттау куәлігін береді.
6. Уәкілетті орган жеке немесе заңды тұлғаға прокаттау куәлігін беруден мынадай негіздер бойынша:
1) жеке немесе заңды тұлға анық емес және (немесе) бұрмаланған ақпарат берсе;
2) жеке немесе заңды тұлға осы баптың 4-тармағында көрсетілген құжаттар мен материалдарды ұсынбаса;
4) егер фильмнің мазмұны Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, тұтастығын бұзуды, мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыруды, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа табынуды, сондай-ақ порнографияны насихаттауға немесе үгіттеуге бағытталған жағдайда, бас тартады.
7. Прокаттау куәлігін беруге бұрын негіз болған фильм туралы ақпараттың анық еместігі және (немесе) бұрмаланғандығы анықталған жағдайда, уәкілетті орган прокаттау куәлігінің қолданысын тоқтата тұрады.
Прокаттау куәлігінің қолданысы прокаттау куәлігінің қолданысын тоқтата тұруға алып келген себептерді жою үшін қажетті мерзімге тоқтатыла тұрады, бірақ ол күнтізбелік алпыс күннен аспайды.
Прокаттау куәлігінің қолданысын тоқтата тұру туралы шешім оны берген адамның не оны алмастыратын адамның бұйрығымен, уәкілетті орган мән-жайларды анықтаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ресімделеді және прокаттау куәлігін алған жеке немесе заңды тұлға қабылданған шешім туралы хабардар етілген күннен бастап күшіне енеді.
Прокаттау куәлігінің қолданысы прокаттау куәлігінің қолданысын тоқтата тұрған адамның не оны алмастыратын адамның бұйрығымен, прокаттау куәлігін алған жеке немесе заңды тұлғаның прокаттау куәлігінің қолданысын бұрын тоқтата тұруға алып келген мән-жайларды жою туралы жазбаша өтініші тіркелген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қайта басталады.
Прокаттау куәлігінің қолданысын тоқтата тұруға бұрын негіз болған мән-жайлар жойылмаған жағдайда, уәкілетті орган прокаттау куәлігін сот тәртібімен кері қайтарып алады.
8-бап. Фильмдердің жас сыныптамасы
1. Қазақстан Республикасында шығарылған барлық фильмдерге және Қазақстан Республикасының аумағына прокаттау мақсатында әкелінетін (жеткізілген) фильмдерге мынадай жас санаттары беріле отырып, жас сыныптамасы жүзеге асырылады:
1) «6 жасқа дейін» – алты жасқа толмаған балаларға арналған фильмдер;
2) «6 жастан бастап» – алты жасқа толған балаларға арналған фильмдер;
3) «12 жастан бастап» – он екі жасқа толған балаларға арналған фильмдер;
4) «14 жастан бастап» – он төрт жасқа толған балаларға арналған фильмдер;
5) «16 жастан бастап» – он алты жасқа толған балаларға арналған фильмдер;
6) «18 жастан бастап» – он сегіз жасқа толған көрермендерге арналған фильмдер;
7) «21 жастан бастап» – жиырма бір жасқа толған көрермендерге арналған фильмдер.
2. Фильмдерді «6 жасқа дейін», «6 жастан бастап», «12 жастан бастап», «14 жастан бастап» және «16 жастан бастап» жас санаттарына жатқызу өлшемшарттары «Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген өлшемшарттарға сәйкес келеді.
2-тармақ өзгертілді ҚР 19.06.2024 жылғы № 94-VIII Заңымен (19.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.08.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
«18 жастан бастап» жас санатына:
Қазақстан Республикасының Конституциясында және Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынған ақпаратты қоспағанда, балалардың денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпаратты;
кинотуындының сюжеті мен көркемдік міндеті тұрғысынан ақталуы шартымен, өзін-өзі өлтірудің, адам өлтірудің, отбасылық өмір проблемалары мен ажырасудың, есірткіге және алкогольге тәуелділіктің, аурулардың, бейәлеуметтік жүріс-тұрыстың, жалаңаштанудың, жыныстық қатынас немесе басқа да эротикалық әрекеттер көріністерінің сипатталуын және (немесе) бейнеленуін;
дөрекі жаргон, былапыт сөздердің, нормативтік емес лексиканың эпизодтық қолданылуын қамтитын фильмдер жатады.
«21 жастан бастап» жас санатына:
Қазақстан Республикасының Конституциясында және Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынған ақпаратты қоспағанда, кез келген көріністердің сипатталуын және (немесе) бейнеленуін қамтитын;
дөрекі жаргон, былапыт сөздерді, нормативтік емес лексиканы қолданудағы шектеулерді қамтымайтын фильмдер жатады.
3. Кодын ашатын техникалық құрылғылар қолданыла отырып, ақылы негізде таратылатын фильмдерді қоспағанда, телеарналарда «18 жастан бастап» жас санаты бар фильмді – жергiлiктi уақытпен сағат 22-ден кейін таңғы сағат 06-ға дейiн, «21 жастан бастап» жас санаты бар фильмді жергiлiктi уақытпен сағат нөлден кейін таңғы сағат 06-ға дейiн прокаттауға жол берiледi.
3-тармақ өзгертілді ҚР 29.09.2022 жылғы № 143-VII Заңымен (29.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.10.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасының аумағында "21 жастан бастап" жас санаты бар фильмді кинозалдар мен осы мақсаттарға арналған өзге де орындарда жергілікті уақытпен сағат 22-ден кейін таңғы сағат 06-ға дейін прокаттауға жол беріледі.
4. Қазақстан Республикасының аумағында прокаттау куәлiгiн алған және (немесе) фильмдер прокаттауды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар көрерменге фильмнiң жас санаты туралы ақпарат беруге мiндеттi.
5. Фильмдердің «6 жасқа дейін», «6 жастан бастап», «12 жастан бастап», «14 жастан бастап», «16 жастан бастап» және «18 жастан бастап» жас санаты белгісі Қазақстан Республикасының балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы заңнамасында көзделген талаптарға сәйкес келуге тиіс.
Фильмдердің «21 жастан бастап» жас санаты белгісі ромбтағы «21+» белгісімен және (немесе) «жиырма бір жасқа толған көрермендерге арналған» деген сөз тіркесі түріндегі мәтіндік ескертумен белгіленеді.
6. Фильмнің жас санаты туралы ақпарат Қазақстан Республикасының балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы заңнамасының талаптарына сәйкес көрсетілуге және көрермендер үшін қолжетімді болуға тиіс.
9-бап. Фильмдерді прокаттау тілі
1. Қазақстан Республикасының аумағында фильмдерді прокаттау қазақ тілінде және басқа да тілдерде жүзеге асырылады.
2. Ұлттық фильмдерді прокаттау қазақ тілінде жүзеге асырылуға тиіс жəне басқа тілдерде жүзеге асырылуы мүмкін.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 29.09.2022 жылғы № 143-VII Заңына сәйкес (29.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.10.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Прокатталуы шектеулі фильмдерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында кинозалдар мен осы мақсаттарға арналған өзге де орындарда прокатталуы жəне көрсетілуі қазақ тілінде жүзеге асырылмайтын фильмдер қазақ тілінде дубляж жасалуға не субтитрленуге, не кадр сыртындағы аудармамен қамтамасыз етілуге тиіс.
3-тармақ өзгертілді ҚР 29.12.2021 № 94-VII Заңымен (03.01.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 3-тармақ өзгертілді ҚР 29.09.2022 жылғы № 143-VII Заңымен (29.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.10.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 3-тармақ өзгертілді ҚР 19.06.2024 жылғы № 94-VIII Заңымен (19.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.08.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақ тілінде фильмдерге дубляж жасау, оларды субтитрлеу не кадр сыртындағы аудармамен қамтамасыз ету кезінде сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі, олардың дұрыс құрастырылуы және дыбысталуы сақталуға тиіс. Субтитрлеу орфография нормаларына сәйкес жазылады.
Фильмдерге дубляж жасаудың, оларды субтитрлеудің мазмұнын аудару не оларды кадр сыртындағы аудармамен қамтамасыз ету олардың негізгі мағынасын бұрмаламауға тиіс.
Телеарналарда фильмдерді прокаттау және көрсету Қазақстан Республикасының масс-медиа туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
3-1. Қазақ тілінде дубляждауды қаржыландыру түрінде мемлекеттік қолдау алған балалар анимациялық фильмдері мен отбасымен көруге арналған фильмдердің прокатталуы жəне олардың Қазақстан Республикасының аумағындағы кинозалдар мен осы мақсаттарға арналған өзге де орындарда көрсетілуі қазақ тілінде жүзеге асырылуға тиіс. Мұндай фильмдерді Қазақстан Республикасының аумағында кинозалдар мен осы мақсаттарға арналған өзге де орындарда прокаттау жəне көрсету басқа тілдерде де жүзеге асырылуы мүмкін.
9-бап 3-1-тармақпен толықтырылды ҚР 29.09.2022 жылғы № 143-VII Заңына сәйкес (өзгерту 11.10.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. Фильмде қолданылатын нормативтік емес лексика тиісті техникалық құралдармен (дыбыс сигналымен) жойылуға тиіс.
5. Егер Қазақстан Республикасында шығарылған фильмде қазақ тілімен қатар басқа да тілдер қолданылған жағдайда, оны прокаттауды және көрсетуді жүзеге асыру кезінде басқа тілдердегі мәтін қазақ тілінде субтитрленуге не кадр сыртындағы аудармамен қамтамасыз етілуге тиіс.
5-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгеріссіз қалды ҚР 29.12.2021 жылғы № 94-VII Заңына сәйкес
10-бап. Фильмдердің түрлері
1. Фильмдер түрлері бойынша мыналарға бөлінеді:
1) анимациялық фильм – графикалық әдістерді және бейнелеу өнері тәсілдерін, сондай-ақ компьютерлік графика мүмкіндіктерін пайдалану жолымен қимылдар мен көріністер жандандырыла отырып жасалатын фильм;
2) деректі фильм – режиссер операторлық өнер, монтаждық құрау құралдарымен және басқа да құралдармен түсіндіретін өзекті оқиғалар, шындық фактілері жинақталып көрсетілген сценарий желісінің негізінде жасалатын фильм;
3) ойын фильмі – сценарийдің негізінде жасалатын және актерлік ойын, режиссура, операторлық өнер, қоюшы-суретшінің, композитордың және кинематография саласындағы басқа да қатынас субъектілерінің шығармашылығы құралдарымен іске асырылатын фильм;
4) хроникалы фильм – өзекті оқиғалар мен шындық фактілері көрсетілген фильм.
2. Ұзақтығы елу екі минуттан кем емес фильм – толық метражды, ұзақтығы елу екі минутқа жетпейтін фильм қысқа метражды фильм болып табылады.
11-бап. Қазақстан Республикасының аумағындағы Фильмдер мониторингінің бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйесі
1. Қазақстан Республикасының аумағында фильмдерді жүйеге келтіру және есепке алу мақсатында уәкілетті орган Фильмдер мониторингінің бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйесін жүргізеді.
2. Фильмдерді көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйым фильмдерді есепке алуды жүргізеді және Фильмдер мониторингінің бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне олар бойынша ақпарат береді.
3. Фильмдер мониторингінің бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйесін жүргізу уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.
12-бап. Кинематография саласындағы мемлекеттік қолдау
1. Кинематография саласындағы мемлекеттік қолдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
1) ұлттық фильмдерді қаржыландыру;
2) ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобаларды қаржыландыру;
2-1) Қазақстан Республикасының аумағына əкелінетін балалар анимациялық фильмдері мен отбасымен көруге арналған фильмдерді қазақ тілінде дубляждауды қаржыландыру;
1-тармақ 2-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 29.09.2022 жылғы № 143-VII Заңына сәйкес (өзгерту 11.10.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-2) кинематографиялық қызмет субъектілерінің халықаралық кинофестивальдарға қатысуына, елде жəне шетелде қазақстандық кино күндерінің ұйымдастырылуына бағытталған қызметті қаржыландыру;
1-тармақ 2-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 29.09.2022 жылғы № 143-VII Заңына сәйкес (өзгерту 11.10.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) ұлттық фильмдер мен олардың бастапқы материалдарын ұлттық мәдени игіліктің ажырамас бөлігі ретінде сақтау;
4) Қазақстан Республикасының ғылым туралы заңнамасына сәйкес кинематография саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу;
5-тармақша осы Заңның 18-бабына сәйкес, 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады
5) кинематография саласындағы субсидияларды төлеу.
6) кинематография саласындағы кадрлардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру.
1-тармақ 6-тармақшамен толықтырылды ҚР 29.09.2022 жылғы № 143-VII Заңына сәйкес (өзгерту 11.10.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Мемлекеттік қаржылық қолдау ұлттық фильмдерді шығаруды, прокаттау мен көрсетуді және осыған байланысты іс-шараларды ұйымдастыру, сондай-ақ шетелде ұлттық фильмдерді ілгерілету үшін ұсынылады.
2-тармақ өзгертілді ҚР 29.09.2022 жылғы № 143-VII Заңымен (29.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.10.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Ұлттық фильмдерді шығаруға жылсайын бөлінетін қаражат мынадай көлемдерде бағытталады:
1) тарихи, патриоттық жəне имидждік фильмдерге – жетпіс пайыз;
2) жеке киножобаларды, оның ішінде дебюттік фильмдерді қоса қаржыландыруға – отыз пайыз.
3. Осы Заңға сәйкес қаржыландыру туралы шешім қабылданған, ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобаларды қаржыландыру мынадай көлемдерде:
1) әлеуметтік маңызы бар фильмдер, дебюттік фильмдер, оқиғалы фильмдер үшін – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шығарудың сметалық құнының жүз пайызына дейін;
2) бірлесіп шығарылатын фильмдер үшін – осындай фильмдерді шығару туралы тиісті келісімдер шеңберінде көзделген шекте жүзеге асырылады;
3) кең ауқымды көрермендер аудиториясына арналған ойын фильмдері үшін:
2019 жылғы 1 қаңтардан бастап – оларды шығарудың сметалық құнының тоқсан пайызынан;
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап – оларды шығарудың сметалық құнының сексен пайызынан;
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап оларды шығарудың сметалық құнының жетпіс пайызынан аспайды.
4. Фильмдерді осы баптың 3-тармағында көрсетілген санаттарға жатқызу өлшемшарттарын уәкілетті орган айқындайды.
5. Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы арқылы ұлттық фильмді қаржыландыру түрінде мемлекеттік қолдау алған жеке жəне (немесе) заңды тұлғалар ұлттық фильмдерді прокаттау мен көрсетуден түсетін кірістерден Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығына уəкілетті орган айқындаған тəртіппен, алынған мемлекеттік қолдаудың пайыздық арақатынасына мөлшерлес көлемде аударымдарды жүзеге асырады.
5-тармақ өзгертілді ҚР 29.09.2022 жылғы № 143-VII Заңымен (29.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.10.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы баптың 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген фильмдерді шығаруға мемлекеттік қолдау алған жеке және (немесе) заңды тұлғалар Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығына ұлттық фильмдерді прокаттау мен көрсетуден түсетін кірістердің жиырма пайызы көлемінде аударымдарды жүзеге асырады.
6. Ұлттық фильмдерді, Қазақстан Республикасының аумағына əкелінетін балалар анимациялық фильмдері мен отбасымен көруге арналған фильмдерді қазақ тілінде дубляждауды қаржыландыру түрінде мемлекеттік қолдау мəселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдарды тұжырымдау мақсатында уәкілетті орган жанынан консультативтік-кеңесші орган – Кинематография саласындағы мемлекеттік қолдау мəселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылады.
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 29.09.2022 жылғы № 143-VII Заңына сәйкес (29.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.10.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 19.04.2023 жылғы № 223-VII Заңына сәйкес (29.09.2022 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.05.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
13-бап. Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы
1. Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз құрылтайшысы және акционері болып табылатын, акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын коммерциялық емес ұйым болып табылады.
2. Мыналар:
1) жоғары орган – жалғыз акционер;
2) басқару органы – директорлар кеңесі;
3) атқарушы орган – басқарма;
4) Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының жарғысына сәйкес өзге де органдар Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының органдары болып табылады.
3. Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы ішкі аудит қызметін құрады.
4. Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының активтері мыналар:
1) мемлекеттік мүлік;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 19.04.2023 жылғы № 223-VII Заңына сәйкес (29.09.2022 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.05.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) осы Заңның 12-бабының 5-тармағында көрсетілген тұлғалардың аударымдары;
3) ерікті мүліктік жарналар мен өзге де тұлғалардың қайырмалдықтары;
4) Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған, Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығына түсетін өзге де түсімдер есебінен қалыптастырылады.
5. Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы:
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 29.09.2022 жылғы № 143-VII Заңына сәйкес (29.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.10.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобалар мен ұлттық фильмдерді қаржыландыру түрінде мемлекеттік қолдауды ұсыну, оның ішінде қызметінің негізгі нысанасы фильмдер шығару болып табылатын, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаға мемлекеттік қаржылық қолдаудың жыл сайынғы сомасының жалпы көлемінің кемінде отыз бес пайызы мөлшерінде ұсыну;
2-тармақша осы Заңның 18-бабына сәйкес, 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады
2) Қазақстан Республикасының аумағына əкелінетін балалар анимациялық фильмдері мен отбасымен көруге арналған фильмдерді қазақ тілінде дубляждауды қаржыландыру;
3) кинематография саласындағы субсидияларды төлеу жөніндегі бірыңғай операторы болып табылады.
4) кинематография саласында кадрлардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
5-тармақша осы Заңның 18-бабына сәйкес, 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады
5) кинематография саласындағы субсидияларды төлеу.
6. Фильмді ұлттық деп тану жəне Қазақстан Республикасының аумағына əкелінетін балалар анимациялық фильмдері мен отбасымен көруге арналған фильмдерді қазақ тілінде дубляждауды қаржыландыру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау мақсатында Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының жанынан шығармашыл қызметкерлер, мəдениет қызметкерлері мен кинематография саласындағы сарапшылар қатарынан Сараптама кеңесі – консультативтіккеңес ші орган құрылады.
6-тармақ өзгертілді ҚР 29.09.2022 жылғы № 143-VII Заңымен (29.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.10.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 6-тармақ өзгертілді ҚР 19.04.2023 жылғы № 223-VII Заңымен (29.09.2022 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.05.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6-1. Кинематография саласындағы ұсы ныстарды тұжырымдау мақсатында Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының жанынан мемлекеттік органдар, кинематография қызметінің субъектілері өкілдерінің жəне кинематография саласындағы сарапшылардың қатарынан Ұлттық кинокомиссия – консультативтіккеңесші орган құрылады. Ұлттық кинокомиссия туралы ережені жəне оның құрамын уəкілетті орган бекітеді.
13-бап 6-1-тармақпен толықтырылды ҚР 29.09.2022 жылғы № 143-VII Заңына сәйкес (өзгерту 11.10.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7. Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығына келтірілген залалдар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында айқындалған тәртіппен өтеледі.
8. Мемлекеттік ақпараттық тапсырыс шеңберінде фильмдерді шығару «Масс-медиа туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
8-тармақ өзгертілді ҚР 19.06.2024 жылғы № 94-VIII Заңымен (19.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.08.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
13-1-бап. Ұлттық фильмдердің сахналық-қойылымдық құралдары
Осы Заң 13-1-баппен толықтырылды ҚР 29.09.2022 жылғы № 143-VII Заңына сәйкес (өзгерту 11.10.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Бюджет қаражаты есебінен ішінара немесе толық қаржыландырылатын ұлттық фильмдердің сахналық-қойылымдық құралдарын сақтауды, сақталып қалуын қамтамасыз етуді, пайдалануды жəне пайдалануға беруді қызметінің негізгі нысанасы фильмдер шығару болып табылатын, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлға жүзеге асырады.
14-бап. Ұлттық фильм
1. Фильм мынадай негіздердің жиынтығы кезінде:
1) егер фильм Қазақстан Республикасының ұлттық тарихының, қазіргі заманғы өмірінің оқиғаларын көрсетсе, Қазақстан Республикасы үшін əлеуметтік-мəдени маңызы бар жалпыадамзаттық гуманитарлық, əлеуметтік жəне имандылық проблемаларына, əлемдік тарих оқиғаларына арналса жəне (немесе) халықаралық деңгейде Қазақстан Республикасының имиджі мен беделін нығайтуға ықпал ете алатын болса;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 29.09.2022 жылғы № 143-VII Заңына сәйкес (29.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.10.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) фильмдерді шығару, тарату жəне көрсету кезінде смета бойынша жалпы жұмыс көлемінің кемінде жетпіс пайызын Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген кинематографиялық қызмет субъектілері жүзеге асырса;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 29.09.2022 жылғы № 143-VII Заңына сәйкес (29.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.10.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) Қазақстан Республикасының азаматы және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген заңды тұлға фильмнің продюсерлері болса;
4) фильм авторларының құрамына (сценарий авторы, қоюшы-режиссер, қоюшы-оператор, қоюшы-суретші, музыкалық туындының авторы) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын тұлғалар елу пайызынан аспайтындай кірсе, ұлттық деп танылады.
2. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттың талаптарына сəйкес шетелдік кинематографиялық қызмет субъектілермен бірлесіп түсірілген фильм ұлттық деп танылуы мүмкін.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 29.09.2022 жылғы № 143-VII Заңына сәйкес (29.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.10.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Ұлттық деп танылған фильмге ұлттық фильм куәлігі беріледі.
14-1-бап. Балалар анимациялық фильмдері мен отбасымен көруге арналған фильмдер
Осы Заң 14-1-баппен толықтырылды ҚР 29.09.2022 жылғы № 143-VII Заңына сәйкес (өзгерту 11.10.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Фильмдердің "6 жасқа дейін", "6 жас тан бас тап" жəне "12 жастан бас тап" жас санаты белгісі бар балаларға арналған фильм балалар анимациялық фильмі болып табылады.
2. Фильмдердің "6 жасқа дейін", "6 жас тан бастап" жəне "12 жастан бастап" жас санаты белгісі бар ойын фильмі отбасымен көруге арналған фильм болып табылады.
3. Қазақстан Республикасының аумағына əкелінетін балалар анимациялық фильмдерін қазақ тілінде дубляждауды қаржыландыру түрінде мемлекеттік қолдау алу үшін іріктеу мынадай негіздердің жиынтығы кезінде, егер фильм:
1) жеке адамның зияткерлік білім тұрғысынан үйлесімді дамуына, балалардың рухани-имандылық тəлім-тəрбиесіне бағытталған болса;
2) фильмдердің жас сыныптамасына сəйкес келсе;
3) "Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ақпараттық өнімді таратуға қойылатын талаптарға сəйкес келсе;
4) "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделеріне қайшы келмесе;
5) халықаралық стандарттар бойынша жоғары рейтингпен күтілетін кеңінен дистрибуциялауға арналған болса;
6) Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының интернет-ресурсында алдын ала онлайн дауыс беру қорытындысы бойынша қажетті дауыс санын жинаған болса, жүзеге асырылады.
4. Қазақстан Республикасының аумағына əкелінетін отбасымен көруге арналған фильмдерді қазақ тілінде дубляждауды қаржыландыру түрінде мемлекеттік қолдау алу үшін іріктеу мынадай негіздердің жиынтығы кезінде, егер фильм:
1) отбасылық қатынастарды, рухани-имандылық құндылықтарын нығайтуға жəне дамытуға бағытталған болса, жалпыға бірдей қабылданған моральдық жəне имандылық нормаларына қайшы келмесе;
2) фильмдердің жас сыныптамасына сəйкес келсе;
3) "Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ақпараттық өнімді таратуға қойылатын талаптарға сəйкес келсе;
4) "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Рес публикасының Заңында көзделген Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделеріне қайшы келмесе;
5) халықаралық стандарттар бойынша жоғары рейтингпен күтілетін кеңінен дистрибуциялауға арналған болса;
6) Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының интернет-ресурсында алдын ала онлайн дауыс беру қорытындысы бойынша қажетті дауыс санын жинаған болса, жүзеге асырылады.
5. Онлайн дауыс беру тəртібі Қазақстан Республикасының аумағына əкелінетін балалар анимациялық фильмдері мен отбасымен көруге арналған фильмдерді қазақ тілінде дубляждау үшін іріктеу қағи даларына сəйкес айқындалады.
15-бап осы Заңның 18-бабына сәйкес, 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады
15-бап. Кинематография саласындағы субсидия
15-бап жаңа редакцияда жазылды ҚР 29.09.2022 жылғы № 143-VII Заңына сәйкес (29.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.10.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кинематография саласында субсидиялар беруге арналған келісім (бұдан əрі – келісім) жасасқан шетелдік заңды тұлғаға, оның филиалына немесе өкілдігіне өтеусіз жəне қайтарымсыз негізде берілетін бюджеттік субсидия түрі кинематография саласындағы субсидия болып табылады. Кинематография саласындағы субсидия Қазақстан Республикасында фильм (немесе оның бір бөлігін) шығаруға байланысты тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің құнын отыз пайызға дейін өтеу жолымен беріледі. Қазақстан тарапы субсидия төлеуге, ал шетелдік заңды тұлға, оның филиалы немесе өкілдігі Қазақстан Республикасында фильм (немесе оның бір бөлігін) шығаруға міндеттенетін шарт келісім болып табылады. Қазақстан тарапынан келісім жасасу құқығы уəкілетті органмен келісу бойынша Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығына беріледі.
16-бап. Фильмдерді сақтау
1. Мемлекеттік фильмдер қорының сақталып қалуына бағытталған іс-шараларды мемлекет жүзеге асырады.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 29.09.2022 жылғы № 143-VII Заңына сәйкес (29.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.10.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Мемлекеттік фильмдер қоры уәкілетті орган айқындайтын, шетелдіктер қатыспайтын Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына (бұдан әрі осы бапта – заңды тұлға) тұрақты сақтауға беріледі.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 29.09.2022 жылғы № 143-VII Заңына сәйкес (29.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.10.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 2-тармақ өзгертілді ҚР 19.04.2023 жылғы № 223-VII Заңымен (29.12.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.05.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Заңды тұлға Мемлекеттік фильмдер қоры киноколлекциясының сақталып қалуын қамтамасыз етуге, сақтауға, көшірмесін түсіруге, көбейтіп таратуға, прокаттауға жəне көрсетуге бағытталған іс-шараларды жүзеге асырады.
Толық мемлекеттік қаржыландыру алған ұлттық фильмдер Мемлекеттік фильмдер қорының құрамына енгізіледі.
Ішінара мемлекеттік қаржыландыру алған ұлттық фильмдер осы Заңның 13-бабының 5-тармағында аталған бірыңғай оператор мен кинематографиялық қызмет субъектілері арасында жасалған шарттар негізінде Мемлекеттік фильмдер қорының құрамына енгізіледі.
3. Заңды тұлға фильмдер, киножылнама материалдарын аналогтік жеткізгіштерден электрондық жеткізгіштерге көшіруді жүзеге асырады.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 29.09.2022 жылғы № 143-VII Заңына сәйкес (29.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.10.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. Заңды тұлға Мемлекеттік фильмдер қорын сақтау кезінде фильмдердің бастапқы материалдарына олардың құқық иеленушілерінің еркін жəне өтеусіз қол жеткізуін, сондай-ақ авторлық жəне сабақтас құқықтардың сақталуын қамтамасыз етеді.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 29.09.2022 жылғы № 143-VII Заңына сәйкес (29.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.10.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
17-бап. Қазақстан Республикасының кинематография туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының кинематография туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.
18-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
18-бап өзгертілді ҚР 29.09.2022 жылғы № 143-VII Заңымен (29.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.10.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Осы Заңның 5-бабының 10) тармақшасы, 12-бабы 1-тармағының 5) тармақшасы, 13-бабының 5-тармағы 3) тармақшасы және 15-бабы 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады деп белгіленсін.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. НАЗАРБАЕВ
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |