Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 8 мамырдағы № 11-1-2/177 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2018 жылғы 7 қарашадағы № 11-1-4/515 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 27 желтоқсанда № 18066 болып тіркелді
Toggle Dropdown
2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабының 1) тармақшасына және 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
1. 2015 жылғы 8 мамырдағы «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының № 11-1-2/177 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11646 болып тіркелген, 2015 жылғы 17 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Toggle Dropdown
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Құжаттарды қабылдау және оларды Қазақстан Республикасының шет елдерде жүрген азаматтарына паспорттар жасауға жіберу және олардың паспорттарына қажетті жазбалар енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
Toggle Dropdown
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
Toggle Dropdown
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап:
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы азаматының паспортын (бұдан әрі – паспорт) ресімдеу – күнтізбелік 80 (сексен) күн, ал қосымша зерделеу немесе тексеру қажет болған жағдайда, қызмет көрсету мерзімі күнтізбелік 10 (он) күннен аспайтын мерзімге ұзартылады;
Toggle Dropdown
ата-анасының паспортына ата-аналарымен бірге шетелге шыққан жағдайларда, олардың фотосуреттерін жапсыра отырып, 16 (он алты) жасқа дейінгі балалар туралы жазбаны енгізу (бұдан әрі – паспортқа жазба енгізу) – 3 (үш) жұмыс күні;
Toggle Dropdown
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 60 минут;
Toggle Dropdown
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 10 минут.»;
Toggle Dropdown
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.
Toggle Dropdown
Құжаттарды қабылдау сағат 09.30-дан 12.30-ға дейін, ал мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру сағат 16.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады. Сәрсенбі қабылдамайтын күн.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсы арқылы кезекті брондауға болады.»;
Toggle Dropdown
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«9. Көрсетілетін қызметті алушы жеке өзі көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
Toggle Dropdown
1) паспортты ресімдеу үшін мынадай:
Toggle Dropdown
еркін нысанда жазылған өтініш;
Toggle Dropdown
туу туралы куәлік (16 жасқа толмаған балаға паспорт алған кезде);
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы азаматының паспорты (паспортты ауыстырған кезде);
Toggle Dropdown
мөлшері 3,5х4,5 сантиметр (бұдан әрі – см) төрт түрлі түсті фотосурет (фотосурет көрсетілген қызметті алушының құжатын ресімдеу кезіндегі жасына сәйкес болуға және қатаң түрде жарық жерде алдынан түсірілген болуы тиіс, бейтарап бет көрінісі мен ауызы жабық болуы қажет, әр адамның беті фотосуреттің жалпы ауданының 75% – ға жуығын алуы тиіс. Фотосурет фотобаспа әдісімен қалың фотоқағазға бір негативтен бастырылады. Компьютерлік сканерлеу, модельдеу немесе ксерокөшірмеден өткізу әдісімен дайындалған суреттерді пайдалануға рұқсат етілмейді);
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының азаматы паспортын алғаш рет алған кезде (Қазақстан Республикасының азаматтығын дәлелдеген кезде) – 1974 жылғы үлгідегі паспорт (бұрынғы КСРО);
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы азаматының паспортын алғаш рет алған кезде (Қазақстан Республикасының паспорты азаматтығын дәлелдеген кезде) – жалпы шетелдік (бұрынғы КСРО) паспорт;
Toggle Dropdown
тұрғылықты тұру, оқу, шетелде жұмыс істеу фактісін, отбасы жағдайын растайтын құжат (түпнұсқасы мен көшірмесі);
Toggle Dropdown
егер мұндай анықтаманы алу мүмкіндігі болу елінің заңнамасында көзделсе, болу еліндегі құзыретті органнан алған азаматтығының жоқ екені туралы анықтама.
Toggle Dropdown
консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы;
Toggle Dropdown
2) паспортқа жазба енгізу үшін:
Toggle Dropdown
еркін нысанда жазылған өтініш;
Toggle Dropdown
баланың туу туралы куәлігі;
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы азаматының паспорты;
Toggle Dropdown
мөлшері 3,5х4,5 см екі түрлі түсті фотосурет;
Toggle Dropdown
консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы.
Toggle Dropdown
Өз құзыреті шегінде және белгіленген нысан бойынша шет мемлекеттің елтаңбалы мөрімен бекітілген шет мемлекеттің құзіретті мекемесі не арнайы соған уәкілетті тұлғамен куәландырылған немесе берілген құжаттар тек арнайы куәландыру рәсімінен өткеннен кейін ғана қабылданады (заңдастыру немесе апостиль қою).
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде, қағаз түріндегі өтініштің көшірмесіндегі қабылдау күні, қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және құжаттар топтамасын қабылдаған уақыты көрсетілген белгі оның қабылданғанын растау болып табылады.»;
Toggle Dropdown
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелерінің Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу жөніндегі құжаттарды ресiмдеуі» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
Toggle Dropdown
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.
Toggle Dropdown
Құжаттарды қабылдау сағат 09.30-дан 12.30-ға дейін, ал мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру сағат 16.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады. Сәрсенбі қабылдамайтын күн.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсы арқылы кезекті брондауға болады.»;
Toggle Dropdown
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«9. Көрсетілетін қызметті алушы жеке өзі көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
Toggle Dropdown
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауалнама-өтініш;
Toggle Dropdown
2) өмірбаян (өз қолымен жазылған);
Toggle Dropdown
3) 3,5х4,5 сантиметр көлемінде фотосурет;
Toggle Dropdown
4) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
Toggle Dropdown
5) Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарымен ресімделген шетелге тұрақты тұру үшін шығуға рұқсат;
Toggle Dropdown
6) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерінің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 27 шілдедегі № 95 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша адамның соттылығының болуы немесе болмауы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12055 тіркелген);
Toggle Dropdown
7) балаларының туу туралы және неке қию туралы куәлiктерінің көшiрмелерi (бар болған жағдайда);
Toggle Dropdown
8) шетелдік азаматтықты алу мүмкіндігін растайтын құжат;
Toggle Dropdown
9) консулдық алымның төленгенi туралы құжат;
Toggle Dropdown
10) өтiнiш берушiнiң Қазақстан Республикасында тұратын жұбайының немесе оның асырауындағы адамдардың нотариалдық түрде куәландырылған Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуға өтініш-келісімі және материалдық және өзге де наразылықтардың жоқ екендiгi туралы өтiнiш-келісімі немесе олардың қайтыс болғаны туралы, азаматтың қайтыс болуы не хабарсыз кеткені туралы сот шешімінің көшірмелері.
Toggle Dropdown
18 жасқа толмаған, сондай-ақ іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдарға қатысты азаматтықтан шығу мәселелері жөніндегі көрсетілетін қызметті беруші куәландырған қолдаухатты, баланың туу туралы куәлігінің көшірмесін (асырап алушылар, қорғаншылар және қамқоршылар жергілікті атқарушы орган шешімінің көшірмесін ұсынады) не іс-әрекетке қабілетсіз адамның жеке басын куәландыратын құжатпен бірге олардың заңды өкілдері береді.
Toggle Dropdown
14 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған балалар ата-анасының өтінішіне көрсетілетін қызметті беруші растаған жазбаша келісімін қоса береді.
Toggle Dropdown
Өз құзыреті шегінде және белгіленген нысан бойынша шет мемлекеттің елтаңбалы мөрімен бекітілген шет мемлекеттің құзіретті мекемесі не арнайы соған уәкілетті тұлғамен куәландырылған не берілген құжаттар тек арнайы куәландыру рәсімінен өткеннен кейін ғана қабылданады (заңдастыру немесе апостиль қою).
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде, қағаз жеткізгіштегі өтініштің көшірмесіндегі қабылдау күні, қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және құжаттар топтамасын қабылдаған уақыты көрсетілген белгі оның қабылданғанын растау болып табылады.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті алушылар құжаттарды ұсыну тәртібін сақтамаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтініш берушіге хабарлай отырып, кемшіліктерді жойғанға дейін материалдарды ресімдеуді тоқтата тұрады.»;
Toggle Dropdown
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Құжаттарды заңдастыру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
Toggle Dropdown
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.
Toggle Dropdown
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-дан 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде мемлекеттік қызметті берушінің құжаттарды қабылдау сағаты 09.30-дан 12.30-ға дейін, ал мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру сағаты 16.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады. Сәрсенбі қабылдамайтын күн.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсы арқылы кезекті брондауға болады.».
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті:
Toggle Dropdown
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Toggle Dropdown
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Toggle Dropdown
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын;
Toggle Dropdown
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Құқықтық сараптама басқармасына ұсынуды қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Toggle Dropdown
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қ. Әбдірахманов
Toggle Dropdown
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар
министрлігі
Toggle Dropdown
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрлігі
Toggle Dropdown
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Toggle Dropdown
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі