Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 394 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 835 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 21 желтоқсанда № 17993 болып тіркелді
Toggle Dropdown
БҰЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 394 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11308 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 25 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Toggle Dropdown
1) көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді ұйымдардағы, елді мекендердегі және объектілердегі өрттердің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Toggle Dropdown
2) көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит бойынша сараптама ұйымдарын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Toggle Dropdown
3) 1-тармақтың 2) және 3) тармақшалары алып тасталсын.
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Toggle Dropdown
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Toggle Dropdown
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
Toggle Dropdown
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
Toggle Dropdown
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Toggle Dropdown
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі полиция генерал-полковнигі Қ. Қасымов
Toggle Dropdown
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникациялар министрлігі
2018 жылғы «___» _________
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2018 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 835 бұйрығына
1-қосымша
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 24 сәуірдегі
№ 394 бұйрығына
1-қосымша
Toggle Dropdown
«Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді ұйымдардағы, елді мекендердегі және объектілердегі өрттердің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. «Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді ұйымдардағы, елді мекендердегі және объектілердегі өрттердің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Toggle Dropdown
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
Toggle Dropdown
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Төтенше жағдайлар комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Toggle Dropdown
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру «электрондық үкіметтің» www.egov.kz. веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
Toggle Dropdown
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі порталға құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап – 7 (жеті) жұмыс күні.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап береді.
Toggle Dropdown
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны электрондық (толығымен автоматтандырылған).
Toggle Dropdown
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес өрттердің алдын алу және оларды сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ұйымдарда, елді мекендерде және объектілерде авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша жұмыстарды жүргізу құқығына аттестат немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында қарастырылған негіздер бойынша мемлекеттік көрстетілетін қызмет көрсетуге бас тарту туралы дәлелді жауап.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны электрондық.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетке» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат түрінде жолданады.
Toggle Dropdown
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
Toggle Dropdown
8. Жұмыс кестесі:
Toggle Dropdown
1) көрсетілетін қызметті берушіде - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Toggle Dropdown
2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы, сонымен қатар көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталған соң, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
9. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
Toggle Dropdown
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында мемлекеттік емес өртке қарсы қызметті аттестаттау туралы өтініш;
Toggle Dropdown
2) «Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерге қойылатын рұқсат беру талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 7 қарашадағы № 783 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 9942 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 783 бұйрық) бекітілген Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерге қойылатын рұқсат беру талаптарына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша негізгі өрт сөндіру автомобильдерінің өртті сөндіруге әзірлігін техникалық байқау актісінің электрондық көшірмесі;
Toggle Dropdown
3) «Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің мамандарын арнайы даярлау бойынша оқыту курстарының бағдарламасын, сондай-ақ оларды біргені туралы куәліктің үлгісін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 24 қаңтардағы № 48 бұйрығының 2-қосымшаға (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 10382 болып тіркелген) сәйкес нысан бойынша мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет мамандарын арнайы даярлау бойынша оқыту курстарын аяқтағаны туралы куәліктердің электрондық көшірмесі.
Toggle Dropdown
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу, көлік құралдарының бар-жоғы (көрсетілетін қызметті алушы көлік құралының тіркеу нөмірін және көлік құралы куәлігінің тіркеу нөмірін көрсеткен кезде), жұмыскерлерді, өрт сөндіру құтқару техникасын, жабдық пен құрал-жабдықты орналастыруға арналған объектінің бар-жоғы (көрсетілетін қызметті алушы жылжымайтын мүліктің кадастрлық нөмірін көрсеткен кезде), жұмыскерлерде жүргізуші куәліктерінің бар-жоғы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыскерлердің жеке сәйкестендіру нөмірлерін көрсеткен кезде), көлік құралдарының міндетті техникалық байқау (көрсетілетін қызметті алушы көлік құралының тіркеу нөмірін көрсеткен кезде), жұмыскерлердің білімі және еңбек қызметі (көрсетілетін қызметті алушы жұмыскерлердің жеке сәйкестендіру нөмірлерін көрсеткен кезде) туралы, сонымен қатар психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы тапсырған кезде – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.
Toggle Dropdown
10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер:
Toggle Dropdown
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) шынайы еместігінің анықталуы;
Toggle Dropdown
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдар мен объектілердің № 783 бұйрықпен бекітілген мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерге қойылатын рұқсат беру талаптарына сәйкес келмеуі;
Toggle Dropdown
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы болып табылады.
Toggle Dropdown
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызмет берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Toggle Dropdown
11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына не 010000, Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 1 мекенжайы бойынша Министрлік басшысының атына беріледі.
Toggle Dropdown
Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы, «электрондық үкіметтің» веб-порталы не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол тапсырылады.
Toggle Dropdown
Жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), пошталық мекенжайы, байланыс телефоны көрсетіледі.
Toggle Dropdown
Шағымды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркелу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Toggle Dropdown
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 8000 080 7777 телефондары арқылы алуға болады.
Toggle Dropdown
Шағым портал арқылы жіберілген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, бұл ақпарат көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына немесе портал арқылы келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижесі туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға поштамен, «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Toggle Dropdown
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Toggle Dropdown
12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте сотқа жүгінуге құқығы бар.
Toggle Dropdown
4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзгеде талаптар
Toggle Dropdown
13. Мемлекеттік қызмет көрсету орнының мекенжайлары мынадай интернет-ресурстарда орналастырылған:
Toggle Dropdown
1) көрсетілетін қызметті берушінің - www.emer.gov.kz, «Байланыстар» бөлімі;
Toggle Dropdown
2) Министрліктің - www.mvd.gov.kz, «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі құрылымдық бөліністері» баннері, «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті» бөлімі, «Байланыстар» кіші бөлімі.
Toggle Dropdown
3) «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz, www.elicense.kz.
Toggle Dropdown
14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда портал арқылы алу мүмкіндігі бар.
Toggle Dropdown
15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті», көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
Toggle Dropdown
16. Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің байланыс телефоны 8 (7172) 60-21-33, Бірыңғай байланыс орталығының байланыс телефондары 1414, 8 8000 080 7777.
Toggle Dropdown
«Мемлекеттік емес өртке қарсы
қызметтерді ұйымдардағы, елді
мекендердегі және объектілердегі
өрттердің алдын алу және сөндіру,
өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету
және авариялық-құтқару
жұмыстарын жүргізу жөніндегі
жұмыстарды жүргізу құқығына
аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы
Аттестат №__________________ аттестат нөмірі
Toggle Dropdown
Осы аттестат ____________________________________________________________ заңды мекенжайы
Toggle Dropdown
_______________________________________________________________________ мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің атауы
Toggle Dropdown
ұйымдарда, елді мекендер мен объектілерде өрттің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына _________________________________________________________________ берілді мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің түрі
Toggle Dropdown
Төраға ___________________________________________ тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Toggle Dropdown
Астана қаласы 20___жылғы «___»__________________
Toggle Dropdown
«Мемлекеттік емес өртке қарсы
қызметтерді ұйымдардағы, елді
мекендердегі және объектілердегі
өрттердің алдын алу және сөндіру,
өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету
және авариялық-құтқару жұмыстарын
жүргізу жөніндегі жұмыстарды
жүргізу құқығына аттестаттау»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Toggle Dropdown
Ішкі істер министрлігі
Toggle Dropdown
Төтенше жағдайлар
Toggle Dropdown
комитетінің төрағасына
Toggle Dropdown
______________________
Toggle Dropdown
Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметті аттестаттау туралы өтініш
Toggle Dropdown
Сізден қоса беріліп отырған құжаттар тізбесін қарауды және ___________________ _______________________________________________________________________ мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің атауы ________________________________________________________________________ мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің түрі
Toggle Dropdown
ұйымдарда, елді мекендер мен объектілерде өрттің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына аттестат беруіңізді сұраймын.
Toggle Dropdown
Бизнес сәйкестендіру нөмірі: ______________________________________________
Toggle Dropdown
Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің орналасқан жері: ____________________ ________________________________________________________________________
Toggle Dropdown
Меншік құқығында не өзгеде заңды құқықта көлік құралының бар-жоғы туралы мәліметтер:
Toggle Dropdown
Мемлекеттік нөмірлік белгінің (тіркеу нөмірі) ________________________________
Toggle Dropdown
Техникалық паспорттың сериясы және нөмірі ________________________________
Toggle Dropdown
Меншік құқықта не өзгеде заңды құқықта қызметкерлерді, өрт сөндіру-құтқару техникасын, жабдық пен жарақты орналастыруға арналған объектінің бар-жоғы туралы мәлімет:
Toggle Dropdown
Жылжымайтын мүліктің кадастрлық нөмірі___________________________________
Toggle Dropdown
Қызметкерлердің жеке сәйкестендіру нөмірлері:
Toggle Dropdown
________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________
Toggle Dropdown
Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Toggle Dropdown
Басшы _________________________________________ тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) __________ күні
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2018 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 835 бұйрығына
2-қосымша
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 24 сәуірдегі
№ 394 бұйрығына
4-қосымша
Toggle Dropdown
«Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит бойынша сараптама ұйымдарын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. «Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит бойынша сараптама ұйымдарын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Toggle Dropdown
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
Toggle Dropdown
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Төтенше жағдайлар комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Toggle Dropdown
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру «электрондық үкіметтің» www.egov.kz. веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
Toggle Dropdown
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі порталға құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап – 7 (жеті) жұмыс күні.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Көрсетілетін қызметті алушы осы Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап береді.
Toggle Dropdown
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны электрондық (толығымен автоматтандырылған).
Toggle Dropdown
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит бойынша аккредиттеу аттестаты немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында қарастырылған негіздер бойынша мемлекеттік көрстетілетін қызмет көрсетуге бас тарту туралы дәлелді жауап.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны электрондық.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетке» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жолданады.
Toggle Dropdown
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
Toggle Dropdown
8. Жұмыс кестесі:
Toggle Dropdown
1) көрсетілетін қызметті берушіде - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Toggle Dropdown
2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы, сонымен қатар көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталған соң, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
9. Мемлекеттік көрсетілетін қызметі көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш береді.
Toggle Dropdown
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу, ғимараттың немесе үй-жайдың бар-жоғы, көрсетілетін қызмет алушы жұмыскерлерінің білімі және еңбек қызметі (көрсетілетін қызметті алушы жұмыскерлердің жеке сәйкестендіру нөмірлерін көрсеткен кезде) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде - көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алатын күн көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.
Toggle Dropdown
10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер:
Toggle Dropdown
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) шынайы еместігінің анықталуы;
Toggle Dropdown
2) «Сараптама ұйымдарына қойылатын рұқсат беру талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 13 ақпандағы № 110 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 10496 болып тіркелген) бекітілген өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит жөніндегі қызметті жүзеге асыруға сараптама ұйымдарына қойылатын рұқсат беру талаптарына сәйкес келмеуі;
Toggle Dropdown
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы болып табылады.
Toggle Dropdown
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Toggle Dropdown
11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына не 010000, Астана қаласы Тәуелсіздік даңғылы, 1 мекенжайы бойынша Министрліктің басшысының атына беріледі.
Toggle Dropdown
Шағым жазбаша нысанда пошта бойынша «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол тапсырылады.
Toggle Dropdown
Жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), пошталық мекенжайы, байланыс телефоны көрсетіледі.
Toggle Dropdown
Шағымды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Toggle Dropdown
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 8000 080 7777 телефондары арқылы алуға болады.
Toggle Dropdown
Шағым портал арқылы жіберілген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, бұл ақпарат көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына немесе портал арқылы келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижесі туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға поштамен, «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Toggle Dropdown
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Toggle Dropdown
12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте сотқа жүгінуге құқығы бар.
Toggle Dropdown
4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар
Toggle Dropdown
13. Мемлекеттік қызмет көрсету орнының мекенжайлары мынадай интернет-ресурстарда орналасқан:
Toggle Dropdown
1) көрсетілетін қызметті берушінің - www.emer.gov.kz, «Байланыстар» бөлімі;
Toggle Dropdown
2) Министрліктің - www.mvd.gov.kz, «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі құрылымдық бөліністері» баннері, «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті» бөлімі, «Байланыстар» кіші бөлімі.
Toggle Dropdown
3) «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz, www.elicense.kz.
Toggle Dropdown
14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда портал арқылы алу мүмкіндігі бар.
Toggle Dropdown
15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті», көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
Toggle Dropdown
16. Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің байланыс телефоны 8 (7172) 60-21-33, Бірыңғай байланыс орталығының байланыс телефондары 1414, 8 8000 080 7777.
Toggle Dropdown
«Өрт қауіпсіздігі
саласындағы аудит бойынша
сараптама ұйымдарын аккредиттеу»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы
АККРЕДИТТЕУ АТТЕСТАТЫ
Toggle Dropdown
№____________________________ аккредиттеу аттестатының нөмірі
Toggle Dropdown
ОСЫ АККРЕДИТТЕУ АТТЕСТАТЫ
_________________________________________________ ұйымның заңды мекенжайы __________________________________________ БЕРІЛДІ ұйымның атауы
және «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 19-2) тармақшасына сәйкес осы сараптама ұйымы өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит бойынша жұмысты орындауға аккредиттелгенін куәландырады. Сараптама ұйымдарының мемлекеттік тізілімінде аккредиттеу аттестатын тіркеу күні
_________________________________ Аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі __________ бастап ______________ дейін
Төраға _______________________________ тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Toggle Dropdown
«Өрт қауіпсіздігі
саласындағы аудит бойынша
сараптама ұйымдарын аккредиттеу»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Toggle Dropdown
Ішкі істер министрлігі
Toggle Dropdown
Төтенше жағдайлар
Toggle Dropdown
комитетінің төрағасы
Toggle Dropdown
_________________________
Toggle Dropdown
Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит жөніндегі қызметті жүзеге асыруға аккредиттеу туралы өтініш
Toggle Dropdown
Сізден қоса беріліп отырған құжаттар тізбесін қарауды және ________________________________________________________________________ (ұйымның атауы)
Toggle Dropdown
өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит жөніндегі қызметті жүзеге асыруға аттестат беруіңізді сұраймын.
Toggle Dropdown
Ұйымның орналасқан жері: _______________________________________________
Toggle Dropdown
Заңды тұлғаны немесе жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің № және күні ____________________________________________________
Toggle Dropdown
Жеке сәйкестендіру нөмірі/Бизнес сәйкестендіру нөмірі _______________________
Toggle Dropdown
Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Toggle Dropdown
Басшы _____________________________________________ тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) _____________ (күні)