Toggle Dropdown
2
Өлшемдерді орындау әдістемелерін және өлшемдерді орындаудың референттік әдістемелерін әзірлеу, метрологиялық аттестаттау, бекіту және өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркеу және «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өлшемдер жүйесі тізілімінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының елдерінде әзірленген және аттестатталған өлшемдерді орындау әдістемесін тіркеу» мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 932 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 29 желтоқсанда № 18108 болып тіркелді
Toggle Dropdown
Редакция 22.10.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
«Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-2-бабының 13) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған Өлшемдерді орындау әдістемелерін және өлшемдерді орындаудың референттік әдістемелерін әзірлеу, метрологиялық аттестаттау, бекіту және өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркеу және «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өлшемдер жүйесі тізілімінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының елдерінде әзірленген және аттестатталған өлшемдерді орындау әдістемесін тіркеу» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада бекітілген тәртіппен:
Toggle Dropdown
1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Toggle Dropdown
1
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Toggle Dropdown
1
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Toggle Dropdown
3-1) мемлекеттік тіркелген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Бірыңғай байланыс орталығына, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты жіберу;
Toggle Dropdown
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2), және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
Toggle Dropdown
4. Осы бұйрық 2019 жылғы 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек
Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2018 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 932 бұйрығымен
бекітілген
Toggle Dropdown
Өлшемдерді орындау әдістемелерін және өлшемдерді орындаудың референттік әдістемелерін әзірлеу, метрологиялық аттестаттау, бекіту жәнеөлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркеу қағидалары
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Өлшемдерді орындау әдістемелерін (бұдан әрі – ӨОӘ) және референттік ӨОӘ әзірлеу, метрологиялық аттестаттау, бекіту және өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде (бұдан әрі – МӨЖ тізілімі) тіркеу және «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өлшемдер жүйесі тізілімінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының елдерінде әзірленген және аттестатталған өлшемдерді орындау әдістемесін тіркеу» мемлекеттік қызметті көрсетудің қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-2-бабының 13) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және ӨОӘ және референтті ӨОӘ әзірлеу, метрологиялық аттестаттау, бекіту және тіркеу және «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өлшемдер жүйесі тізілімінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының елдерінде әзірленген және аттестатталған өлшемдерді орындау әдістемесін тіркеу» мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін айқындайды.
Toggle Dropdown
Осы Қағидаларда мынадай анықтамалар қолданылады:
Toggle Dropdown
1) өлшемдердi орындау әдiстемесi – орындалуы өлшем жүргiзудiң осы әдiстемесiмен белгiленген дәлдiкпен өлшем нәтижелерiнiң алынуын қамтамасыз ететiн операциялар мен ережелер жиынтығы;
Toggle Dropdown
2) өлшемдерді орындаудың референттік әдістемесі – сол біртекті шама өлшемдерін орындаудың басқа әдістемелерінің көмегімен алынған өлшенген шама мәндерінің дұрыстығын бағалау үшін қолданылуы мүмкін өлшем нәтижелерін алу үшін, сондай-ақ өлшем құралдарын калибрлеу үшін немесе стандартты үлгілердің сипаттамаларын айқындау үшін пайдаланылатын өлшемдерді орындау әдістемесі.
Toggle Dropdown
2. ӨОӘ Заңның 8-бабына сәйкес әзірленеді және зерттеу обьектілерін сынау кезінде олардың параметрлерін белгіленген дәлдікпен бағалау мақсатында, сондай-ақ есептік операцияларды жүргізу үшін қолданылады.
Toggle Dropdown
3. Мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшем тізбесінде және нормативтік құқықтық актілерде метрологиялық талаптар белгіленген өлшеулер кезінде қолданылатын ӨОӘ ҚР МӨЖ тізілімінде тіркелуге жатады.
Toggle Dropdown
3-1. Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттеріне стандарттар тізбесіне енгізілген ӨОӘ метрологиялық аттестаттауға және ҚР МӨЖ тізілімінде тіркеуге жатпайды.
Toggle Dropdown
2-тарау. ӨОӘ әзірлеу және бекіту тәртібі
Toggle Dropdown
4. ӨОӘ өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы қызметті жүзеге асыратын Мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталық (бұдан әрі - МҒМО), жеке және заңды тұлғалар әзірлейді.
Toggle Dropdown
5. Ұлттық стандарт түріндегі ӨОӘ осы ӨОӘ-сінің жалпы талаптарын, әзірлеуді және бекітуді реттейтін стандарттау жөніндегі құжаттарға сәйкес әзірленеді және бекітіледі.
Toggle Dropdown
6. Ұлттық және мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу кезінде халықаралық, мемлекетаралық, ұлттық стандарттар, ӨОӘ айқындайтын ұйымдардың стандарттары немесе осы Қағидалардың 7-тармағына сәйкес стандарттарды әзірлеу процесінде әзірленетін ӨОӘ-нің құжаты пайдаланыла алады.
Toggle Dropdown
7. ӨОӘ-ге құжаттар әзірлеу мынадай:
Toggle Dropdown
1) МЕМСТ 8.010 «Мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесі. Өлшемдерді орындау әдістемелері. Негізгі ережелер» (бұдан әрі – МЕМСТ 8.010) стандартына сәйкес бастапқы деректерді қалыптастыру;
Toggle Dropdown
2) өлшеу есебін тұжырымдау және өлшенетін шаманың сипаттау;
Toggle Dropdown
3) өлшеу есебін шешудің ықтимал әдістерін алдын ала іріктеу;
Toggle Dropdown
4) өлшем әдістерін және құралдарын (оның ішінде стандартты үлгілерді, аттестатталған қоспаларды) қосалқы жабдықтарды, реактивтерді және материалдарды таңдау;
Toggle Dropdown
5) еңбек қауіпсіздігі мен экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды, операторлардың біліктілігіне қойылатын талаптарды қоса алғанда, өлшеулерді дайындау және орындау кезінде операциялардың дәйектілігі мен мазмұнын белгілеу;
Toggle Dropdown
6) әзірленген ӨОӘ-нің дәлдік көрсеткіштерін бағалау бойынша теориялық және эксперименттік зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу, ӨОӘ-ні экспериментальды сынап байқау, дәлдік көрсеткіштерінің бастапқы талаптарға сәйкестігін талдау;
Toggle Dropdown
7) осы ӨОӘ көмегімен алынған өлшемдердің аралық нәтижелерін өңдеу және түпкілікті нәтижелерді есептеу;
Toggle Dropdown
8) өлшемдердің алынатын нәтижелерінің дәлдігін бақылау нормативтерін белгілеу және процедураларын әзірлеу;
Toggle Dropdown
9) ӨОӘ құжатының жобасын әзірлеу;
Toggle Dropdown
10) ӨОӘ аттестаттау;
Toggle Dropdown
11) ӨОӘ бекіту;
Toggle Dropdown
12) ӨОӘ-лерін ҚР МӨЖ тізілімінде тіркеу кезеңдерін көздейді.
Toggle Dropdown
8. Өлшем құралдарының әдістері мен құралдарын таңдау, ӨОӘ өлшеу қателігінің сипаттамаларын анықтау бойынша теориялық және экспериментальдық метрологиялық зерттеулер жүргізу бағдарламасын қалыптастыру және құрылымы, жедел бақылаудың, өлшем қателігінің сипаттамасын ұсыну және бағалау нысаны ГОСТ 8.010 және ҚР СТ 2.18 «Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі. Өлшемдерді орындау әдістемесі. Әзірлеу, метрологиялық аттестаттау, тіркеу және қолдану тәртібі» стандартына сәйкес жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
3-тарау. ӨОӘ метрологиялық аттестаттауды жүргізу тәртібі
Toggle Dropdown
9. ӨОӘ метрологиялық аттестаттау ӨОӘ-нің оларға қойылатын метрологиялық талаптарға сәйкестігін анықтау (растау) мақсатында жүргізіледі.
Toggle Dropdown
10. ӨОӘ метрологиялық аттестаттауды «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен белгіленген тәртіпте аккредиттелген қызметін өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында жүзеге асыратын МҒМО, заңды тұлғалар жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
11. ӨОӘ метрологиялық аттестаттау жүргізу үшін мыналарды:
Toggle Dropdown
1) ӨОӘ қолданылу саласының көрсете отырып ӨОӘ метрологиялық аттестаттау жүргізуге ерікті нысандағы өтінім;
Toggle Dropdown
2) осы Қағидалардың 7-тармағына сәйкес ӨОӘ әзірлеуге бастапқы деректер, бағдарлама және теориялық және эксперименталдық зерттеулердің нәтижелері бойынша есеп;
Toggle Dropdown
3) әзірлеуші-кәсіпорынның басшысы бекіткен ӨОӘ (екі данада);
Toggle Dropdown
4) егер ӨОӘ қауіпсіздік көрсеткіштерін анықтауға арналған болса, қолданылу саласына байланысты, мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарымен берілген ӨОӘ келісу (қолдануға рұқсат ету);
Toggle Dropdown
5) егер ӨОӘ коммерциялық есептер үшін пайдаланылатын болса, мүдделі жеке және заңды тұлғалармен келісу;
Toggle Dropdown
6) егер ӨОӘ құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларындағы зиянды қоспалар мен бағалы металдардың, сондай-ақ құрамында бағалы металдар бар зергерлік және басқа да бұйымдардың құрамының мәнін белгілейтін болса, бағалы металдарды өндіруді және бағалы металдар мен асыл тастардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының, зергерлік және басқа да бұйымдардың айналымын реттеу саласындағы сондай-ақ басшылықты салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын уәкілетті органмен (бұдан әрі – бағалы металдарды реттеу саоасындағы уәкілетті орган) келісуді қамтитын құжаттар жиынтығы ұсынылады.
Toggle Dropdown
12. ӨОӘ метрологиялық аттестаттау ұсынылған құжаттар жиынтығына сараптама жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
13. Құжаттар жиынтығына сараптама кезінде ӨОӘ-нің белгіленген талаптарға сәйкестігін дұрыстығын (негізділігін) мыналарды:
Toggle Dropdown
1) өлшем үлгілерін;
Toggle Dropdown
2) ӨОӘ-сін әзірлеу кезінде алынған өлшемдер нәтижесі белгісіздігінің бюджетін сипаттау кезінде немесе туындаған қателігінің құрылымында келтірілген мәліметтерді;
Toggle Dropdown
3) сынамаларды іріктеу мен дайындау әдістерін қоса алғанда, экспериментталдық зерттеулердің жоспары мен көлемін;
Toggle Dropdown
4) ӨОӘ-не эксперименталдық зерттеулер жүргізу кезінде пайдаланылатын өлшем құралдарын, шама бірліктерінің эталондарын, стандартты үлгілерді, техникалық құралдарды және материалдарды таңдауды;
Toggle Dropdown
5) ӨОӘ-не эксперименталдық зерттеулер жүргізу талаптарын таңдауды;
Toggle Dropdown
6) ӨОӘ-сін эксперименталдық зерттеу тәсілдерін, оның ішінде бағдарламалық қамтамасыз етуді қоса алғанда, нәтижелерін өңдеу құралдарын таңдауды;
Toggle Dropdown
7) қателік сипаттамаларын ұсыну тәсілдерін немесе белгісіздікті ұсыну тәсілдерін таңдауды;
Toggle Dropdown
8) өлшем нәтижелерінің дәлдігі көрсеткіштерін бақылаудың ұсынылған рәсімдерін таңдауды бағалау арқылы расталады.
Toggle Dropdown
Егер әдіс пен өлшем құралдарының дұрыс таңдалуын, сондай-ақ ӨОӘ-де қамтылған талаптардың толықтығын растау қажет болса, ӨОӘ-ге қосымша эксперименталдық метрологиялық зерттеулер жүргізіледі.
Toggle Dropdown
14. Сараптаманың нәтижелері бойынша тиісті қорытынды жіберіледі.
Toggle Dropdown
15. Метрологиялық сараптаманың оң нәтижелері кезінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ӨОӘ метрологиялық аттестаттау туралы куәлік ресімделеді.
Toggle Dropdown
16. ӨОӘ Еуразиялық экономикалық одақтың мүше мемлекеттері мойындаған жағдайда, ӨОӘ метрологиялық аттестаттау Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2016 жылғы 17 наурыздағы № 21 шешімімен бекітілген «Өлшемдер әдістемесін (әдісін) метрологиялық аттестаттау тәртібіне» сәйкес жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
Егер ӨОӘ ТМД елдерінде танылған болса, онда аттестаттау Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекетаралық кеңесі қабылдаған Өлшемдерді орындау әдістемелерін тану тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
17. ӨОӘ қайта метрологиялық аттестаттау мына:
Toggle Dropdown
1) ӨОӘ-нің бастапқы деректерінің немесе метрологиялық сипаттамаларын өзгерту;
Toggle Dropdown
2) өлшемдерді жүргізу рәсімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
Toggle Dropdown
3) ӨОӘ метрологиялық аттестаттау туралы куәлігінің қолданылу мерзімі өткен жағдайларда жүргізіледі.
Toggle Dropdown
Қайтадан метрологиялық аттестаттау жүргізу тәртібі осы Қағидалардың 12-18-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
18. Сараптаманың теріс нәтижелері кезінде ӨОӘ тиісті қорытындымен пысықтауға кері қайтарылады.
Toggle Dropdown
Пысықтауға қайтарылған себептері жойылғаннан кейін өтініш беруші ӨОӘ метрологиялық аттестаттауға құжаттарды қайта жібере алады.
Toggle Dropdown
4-тарау. ӨОӘ тіркеу тәртібі
Toggle Dropdown
19. ӨОӘ белгілейтін өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекетаралық, ұлттық стандарттарды тіркеу ҚР СТ 1.2 «Қазақстан Республикасының техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесі. Ұлттық және алдын ала стандарттарды әзірлеу тәртібі» стандартына сәйкес жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
20. Қазақстан Республикасында әзірленген метрологиялық аттестатталған ӨӘЖ ҚР МӨЖ тізілімінде тіркеу - Заңның 6-2-бабының 17) тармақшасына сәйкес бекітілетін өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізілімін жүргізу ережелеріне сәйкес МҒМО шешімі негізінде жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
21. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 29 мамырдағы қаулысымен бекітілген «Өлшем құралдарының типін бекіту, метрологиялық аттестаттау, салыстырып тексеру және калибрлеу мақсатында сынау нәтижелерін өзара тану туралы келісімге» (бұдан әрі – Келісім) қатысушы мемлекетте әзірленген метрологиялық аттестатталған ӨОӘ ҚР МӨЖ тізілімінде тіркеу уәкілетті органның шешімі негізінде жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
22. Қазақстан Республикасынад әзірленген ӨОӘ тіркеуді жүргізу үшін ӨОӘ метрологиялық аттестаттау жүргізген заңды тұлға немесе ӨОӘ пайдаланушы МҒМО-ға мыналарды:
Toggle Dropdown
1) қолданылу саласын қамтитын ӨОӘ тіркеуді жүргізуге ерікті өтінімді (өлшем объектісінің атауы, оның ішінде өнімнің және бақыланатын параметрлердің атауы, сондай-ақ ӨОӘ құжатының тарату саласы – бір кәсіпорын шегінде, республика, экономика салалары шегінде); осы ӨОӘ тіркеуді жүргізу қажеттілігінің негіздемесін;
Toggle Dropdown
2) ӨОӘ көшірмесін (екі данада);
Toggle Dropdown
3) ӨОӘ метрологиялық аттестаттау туралы куәліктің көшірмесін;
Toggle Dropdown
4) егер ӨОӘ қауіпсіздік көрсеткіштерін айқындауға арналған жағдайда қолданылу саласына байланысты республиканың мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарымен берілген осы ӨОӘ келісуді (қолдануға рұқсат ету);
Toggle Dropdown
5) егер ӨОӘ коммерциялық есептер үшін пайдаланылатын болса, мүдделі жеке және заңды тұлғалармен келісуді;
Toggle Dropdown
6) бағалы металдарды реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісуді қамтитын құжаттар жиынтығын жібереді.
Toggle Dropdown
23.Келісімге қатысушы мемлекетте әзірленген ҚР МӨЖ тізілімінде тіркеуді жүзеге асыру үшін, Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттеріне стандарттар тізбесіне енгізілген ӨОӘ-ны қоспағанда, өтініш беруші уәкілетті органға мыналарды қамтитын құжаттар жиынтығын ұсынады:
Toggle Dropdown
1) ӨОӘ к тіркеуді жүргізу қажеттілігінің негіздемесімен қолданылу саласын (өлшем объектісінің атауы, оның ішінде өнімнің және бақыланатын параметрлердің атауы, сондай-ақ ӨОӘ құжатының тарату саласы – бір кәсіпорын шегінде, республика, экономика салалары шегінде) қамтитын ӨОӘ тіркеуді жүргізуге өтінімді;
Toggle Dropdown
2) ӨОӘ ескерілген данасын (екі данада);
Toggle Dropdown
3) ӨОӘ аттестаттау туралы куәліктің көшірмесін;
Toggle Dropdown
4) ӨОӘ әзірлеушісінің импорттаушы елдің ұлттық органына танылған ӨОӘ ескерілген данасынан көшірме жасау құқығын беруге келісімді;
Toggle Dropdown
5) ӨОӘ әзірлеушіден алынған пайдаланушының ҚР МӨЖ тізілімінде осы ӨОӘ пайдалану және тіркеу құқығын алғанын растайтын құжатты (түпнұсқа немесе нотариалды куәландырылған көшірме);
Toggle Dropdown
6) егер ӨОӘ қауіпсіздік көрсеткіштерін айқындауға арналған болса, қолданылу саласына байланысты, республиканың мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарымен берілген ӨОӘ келісуді (қолдануға рұқсат ету);
Toggle Dropdown
7) егер ӨОӘ коммерциялық есептер үшін пайдаланылатын болса, мүдделі жеке және заңды тұлғалармен келісуді;
Toggle Dropdown
8) бағалы металдарды реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісуді қамтитын құжаттар жиынтығын жібереді.
Toggle Dropdown
Ұсынылған құжаттар жиынтығы МҒМО-ға сараптама үшін жіберіледі. Оң қорытынды кезінде ӨОӘ ҚР МӨЖ тізілімінде ӨОӘ метрологиялық аттестаттау туралы куәліктің қолданылу мерзіміне тіркеледі.
Toggle Dropdown
24. «Тіркелген» деген мөртаңба қойылған ӨОӘ бір данасы тіркеу нөмірі, күні және тіркеудің қолданылу мерзімі көрсетіле отырып, ҚР МӨЖ тізіліміндегі істе сақталады және әзірлеушінің ресми рұқсатынсыз жаңартылуға және таратылуға жатпайды, екінші данасы өтініш беруішіге қайтарылады.
Toggle Dropdown
25. ӨОӘ тіркеу мерзімін ұзарту үшін (ӨОӘ метрологиялық аттестаттаудың қолданылу мерзімі өткен жоқ немесе шектелмеген, қайта метрологиялық аттестаттау жүргізілді) мыналар:
Toggle Dropdown
1) ӨОӘ тіркеуінің қолданылу мерзімін ұзартуға өтінімді тіркеу мерзімін ұзарту қажеттілігі туралы тиісті негіздемесі бар (егер ӨОӘ-ге өлшем құралдары және т.б. ұзақ уақыт кезеңінде өзгеріссіз қалатын жағдайда) өтінім;
Toggle Dropdown
2) ӨОӘ ескерілген данасы;
Toggle Dropdown
3) ӨОӘ аттестаттау туралы куәліктің көшірмесі ұсынылады.
Toggle Dropdown
26. Егер ӨОӘ бір кәсіпорынның шегінде пайдалану үшін тіркелген болса, онда басқа кәсіпорындардың ӨОӘ пайдаланушыларының қатарына қосу үшін уәкілетті органға немесе МҒМО-ға мыналар:
Toggle Dropdown
1) ерікті нысандағы өтінім;
Toggle Dropdown
2) ӨОӘ ескерілген данасы;
Toggle Dropdown
3) ӨОӘ аттестаттау туралы куәліктің көшірмесі;
Toggle Dropdown
4) ӨОӘ түпнұсқасын ұстаушысының оны қолдану үшін рұқсаты (түпнұсқа немесе нотариалды куәландырылған көшірме) ұсынылады.
Toggle Dropdown
5-тарау. Референттік ӨОӘ әзірлеу, метрологиялық аттестаттау жүргізу, бекіту және тіркеу тәртібі
Toggle Dropdown
27. Бір текті шамалардың ӨОӘ көмегімен алынған шаманың өлшенген мәндерінің дұрыстығын бағалау үшін қолданылатын, сондай-ақ өлшем құралдарын калибрлеу үшін немесе стандарттық үлгілердің сипаттамаларын айқындау үшін өлшем нәтижелерін ең жоғары дәлдікпен алу үшін пайдаланылатын ӨОӘ аттестаттау арқылы референттік қатарына ауыстырылуы мүмкін.
Toggle Dropdown
28. Референттік ӨОӘ әзірлеу осы Қағидалардың 2-бөлімінде белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
29. Референттік ретінде қабылданатын ӨОӘ метрологиялық аттестаттауды МҒМО және шама бірліктерін жаңарту, сақтау және беруді ең жоғары дәлдікпен жүзеге асыратын «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес аккредиттелген заңды тұлғалармен (бұдан әрі – орындаушы) жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
30. Референттік ӨОӘ метрологиялық аттестаттау ӨОӘ әзірлеушісінің өтініші немесе оның тапсырмасы бойынша ӨОӘ әзірленген адамның (бұдан әрі – өтініш беруші) өтініші бойынша жүргізіледі.
Toggle Dropdown
31. Референттік ретінде ӨОӘ метрологиялық аттестаттауға әзірлеушіден өзге басқа ұйымдар да тартыла алады.
Toggle Dropdown
32. Референттік ӨОӘ метрологиялық аттестаттау барысында теориялық және (немесе) эксперименталдық зерттеулер жүргізіледі және референттік ӨОӘ-ның өлшемге қойылатын метрологиялық талаптарға және бір текті шамалардың басқа ӨОӘ көмегімен алынған өлшенген шама мәндерінің дұрыстығын бағалауға, сондай-ақ өлшем құралдарын калибрлеу үшін немесе стандартты үлгілердің сипаттамаларын айқындау үшін оны пайдалану мүмкіндіктеріне сәйкестігін растау жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
33. Жазылған сипаттамалары өзгермейтін кезде метрологиялық аттестатталған ӨОӘ қатарынан алынған ӨОӘ референттік ретінде метрологиялық аттестатталған жағдайда бұрын жүргізілген зерттеулерге қосымша теориялық және эксперименталдық зерттеулер және сәйкестікті растау жүргізіледі, онда:
Toggle Dropdown
1) бір текті шамалардың басқа ӨОӘ қолданумен алынған өлшем нәтижелерінің дұрыстығын бағалау үшін, сондай-ақ өлшем құралдарын калибрлеу үшін немесе стандартты үлгілердің сипаттамаларын айқындау үшін оны пайдалану мақсатында референттік ӨОӘ дәлдік көрсеткіштерінің сәйкестігін бағалау;
Toggle Dropdown
2) бір текті шамалардың басқа ӨОӘ қолданумен алынған өлшем нәтижелерінің дұрыстығын бағалау үшін референттік ӨОӘ қолдану рәсімін эксперименталдық сынап байқау;
Toggle Dropdown
3) алынған өлшем нәтижелерінің, оның ішінде бір текті шамалардың бастапқы референттік ӨОӘ қолданумен алынған (болған жағдайда) өлшем нәтижелерінің дұрыстығын бағалауды пайдалана отырып метрологиялық бақылап тексеруді құжаттамалық растау;
Toggle Dropdown
4) зертханааралық салғастырулар немесе бір текті шамалардың басқа референттік ӨОӘ қолданумен салғастырулар жүргізу;
Toggle Dropdown
5) алынған өлшем нәтижелерінің белгісіздік бюджетін немесе қателік құрылымын ұсыну;
Toggle Dropdown
6) алынған өлшем нәтижелерінің дәлдік көрсеткіштерін бақылаудың құжатталған рәсімін эксперименталдық сынап байқау жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
34. Референттік қайта әзірленген ӨОӘ ретінде ӨОӘ метрологиялық аттестатталған жағдайда осы Қағидалардың 9-тармағына сәйкес дәлдік көрсеткіштерін анықтау және осы Қағидалардың 15 және 35-тармақтарында келтірілген метрологиялық талаптарға референттік ӨОӘ сәйкестігін растау үшін теориялық және эксперименталдық зерттеулер жүргізіледі.
Toggle Dropdown
35. Өтініш беруші аттестаттауға мынадай құжаттарды:
Toggle Dropdown
1) өтінім (референттік ӨОӘ атауын, өтініш беруші туралы мәліметтерді, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2016 жылғы 18 қазандағы № 145 шешімімен бекітілген «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету бойынша жұмыс нәтижелерін өзара тану қағидаларына» сәйкес аттестаттау бойынша жұмыстарды тану қажеттілігін көрсете отырып);
Toggle Dropdown
2) техникалық тапсырманы;
Toggle Dropdown
3) ӨОӘ метрологиялық аттестаттау туралы куәліктің көшірмесін (референттік ӨОӘ аттестатталған ӨОӘ қатарынан аттестаттау кезінде);
Toggle Dropdown
4) референттік ӨОӘ жазылған құжаттың (құжат) жобасын;
Toggle Dropdown
5) осы Қағидалардың 36-37-тармақтары талаптарының орындалуын растайтын бағдарлама және теориялық және эксперименталдық зерттеулер нәтижелерін ұсынады.
Toggle Dropdown
36. Егер аттестаттауға қайта әзірленген ӨОӘ жататын болса, онда 36-тармақ бойынша жұмыстардың оң нәтижелері кезінде орындаушы осы Қағидаларға 2-қосымшағасәйкес нысан бойынша референттік ӨОӘ-ні метрологиялық аттестаттау туралы куәлікті ресімдейді және референттік ӨОӘ бекіткеннен кейін оны өтініш берушіге береді.
Toggle Dropdown
37. Орындаушы референттік ӨОӘ метрологиялық аттестаттау жүргізуді аяқтаған соң оны бекіту үшін уәкілетті органға мына құжаттарды:
Toggle Dropdown
1) референттік ӨОӘ қамтитын құжатты (референттік ӨОӘ сипаттамасы);
Toggle Dropdown
2) референттік ӨОӘ өлшемдерге қойылған метрологиялық талаптарға сәйкестігі туралы қорытындыны;
Toggle Dropdown
3) орындаушының басшысымен бекітілген және теориялық және (немесе) эксперименталдық зерттеулердің нәтижелерін қамтитын есепті;
Toggle Dropdown
4) ӨОӘ метрологиялық аттестаттау туралы куәліктің көшірмесін жібереді.
Toggle Dropdown
38. Уәкілетті орган ұсынылған құжаттардың толықтығын және дұрыстығын тексереді, референттік ӨОӘ бекіту немесе бекітуден бас тарту туралы шешім қабылдайды және орындаушыны және өтініш берушіні референттік ӨОӘ бекіту немесе бекітуден негізделген бас тарту туралы хабардар етеді.
Toggle Dropdown
39. Бас тарту себептері жойылғаннан кейін өтініш беруші референттік ӨОӘ бекітуге арналған құжаттарды қайта жібере алады.
Toggle Dropdown
40. Бекітілген референттік ӨОӘ ҚР МӨЖ тізілімінде тіркеледі.
Toggle Dropdown
Референттік ӨОӘ метрологиялық аттестаттау туралы куәлікке: тіркеу нөмірі мен тіркеу күні көрсетіле отырып: «ҚР МӨЖ тізілімінде өлшемдерді орындаудың референттік әдістемесі ретінде тіркелді» деген мөртаңба қойылады.
Toggle Dropdown
41. Референттік ӨОӘ-ға өзгерістерді әзірлеуші енгізеді. Референттік ӨОӘ оған енгізілген өзгерістермен бірге осы Қағидаларға сәйкес аттестаттауға және бекітуге ұсынылады.
Toggle Dropdown
42. Референттік ӨОӘ-ні метрологиялық аттестаттауды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер таныған жағдайда, референттік ӨОӘ-ні метрологиялық аттестаттау Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2006 жылғы 7 маусымдағы № 68 шешімімен бекітілген «Өлшемдердің референттік әдістемесі (әдісі) ретінде қабылданатын өлшемдердің әдістемесін (әдісін) метрологиялық аттестаттау тәртібіне» сәйкес жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
6-тарау. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өлшемдер жүйесі тізілімінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының елдерінде әзірленген және аттестатталған өлшемдерді орындау әдістемесін тіркеу» мемлекеттік қызметті көрсету және мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі.
Toggle Dropdown
43. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өлшемдер жүйесі тізілімінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының елдерінде әзірленген және аттестатталған өлшемдерді орындау әдістемесін тіркеу» (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Toggle Dropdown
44. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінде әзірленген және аттестатталған ӨОӘ ҚР МӨЖ тізілімінде тіркеу үшін жеке немесе заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүгінеді және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінде әзірленген және аттестатталған өлшемдерді орындау әдістемесін Қазақстан Республикасының мемлекеттік өлшем жүйесінің тізілімінде тіркеу туралы мәліметтерді толтырады.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес келтірілген.
Toggle Dropdown
Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы мәліметтер көрсетілетін қызметті берушіге тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы беріледі.
Toggle Dropdown
44-1. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісім береді.
Toggle Dropdown
45. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін мәліметтердің қабылданғаны туралы мәртебе көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып көрсетіледі.
Toggle Dropdown
46. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар түскен күні оны қабылдайды және тіркеуді жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес жұмыс уақыты аяқталған соң, демалыс және мереке күндері жүгінген кезінде, электрондық сұрау салуды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
47. Көрсетілетін қызметті беруші «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өлшемдер жүйесі тізілімінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының елдерінде әзірленген және аттестатталған өлшемдерді орындау әдістемесін тіркеу» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.
Toggle Dropdown
48. Көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» электрондық құжат түрінде жіберілетін және сақталатын ӨОӘ ҚР МӨЖ тізіліміне тіркеу нөмірін беру мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижесі болып табылады.
Toggle Dropdown
49. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Toggle Dropdown
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде оны көрсету сатысы туралы деректер автоматты режимде мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне түседі.
Toggle Dropdown
50. Ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайында, көрсетілетін қызметті беруші техникалық ақаулардың туындауын анықтаған сәттен бастап sd@nitec.kz электрондық поштасы бойынша бірыңғай қолдау қызметіне сұрау салу жолдау арқылы авторизациялау сәтінен бастап қателік туындаған сәтке дейін қателік болған нақты уақытты көрсете отырып, қадамдық скриншоттарды қоса бере отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы, әкімшілік құжаттың нөмірі және коды немесе өтініштің бірегей сәйкестендіру нөмірі, әкімшілік құжаттың нөмірі және коды немесе рұқсат беру құжатының бірегей сәйкестендіру нөмірі, көрсетілетін қызметті алушының жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі бойынша міндетті түрде ақпарат ұсына отырып, «электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның операторын хабардар етеді.
Toggle Dropdown
51. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына және (немесе) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Toggle Dropdown
52. Көрсетілетін қызметті беруші шешімінің нәтижелерімен келіспеген жағдайда өтініш беруші Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңының 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес шешім нәтижелеріне сот тәртібімен шағымдана алады;
Toggle Dropdown
1
Өлшемдерді орындау әдістемелерін және
өлшемдерді орындаудың референттік
әдістемелерін әзірлеу, метрологиялық аттестаттау,
бекіту және өлшем бірлігін қамтамасыз ету
мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркеу
қағидаларына 1-қосымша
Toggle Dropdown
___________________________________________________________ ӨОӘ метрологиялық аттестаттауды жүргізген заңды тұлғаның атауы
Өлшемдерді орындау әдістемесін метрологиялық аттестаттау туралы КУӘЛІК № _____
Toggle Dropdown
________________________________________________________________________ өлшемдерді орындау әдістемесінің атауы, нөмірі және оның белгіленуі ________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________, әзірленген ______________________________________________________________ өлшемдерді орындау әдістемесі әзірлеушісінің атауы ________________________________________________________________________, Өлшемдерді орындау әдістемелерін және өлшемдерді орындаудың референттік әдістемелерін әзірлеу, метрологиялық аттестаттау, бекіту және өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркеу қағидаларының талаптарына сәйкес аттестталған_____ жылғы «____» №_____
Toggle Dropdown
Метрологиялық аттестаттау нәтижесінде өлшемдерді орындау әдістемесі оларға қойылатын метрологиялық талаптарға сәйкестігі және мынадай негізгі метрологиялық сипаттамаларға ие екендігі анықталды: ________________________________________________________________________ өлшемдердің диапазоны, өлшем қателігі сипаттамаларының ________________________________________________________________________ (оның құрауыштары) мәні,өлшем белгісіздігі ________________________________________________________________________
Toggle Dropdown
Куәліктің берілген күні ________________________________________________ Қолданылу мерзімі _____________________________________________ дейін.
Toggle Dropdown
|
__________________________________ Заңды тұлғаның басшысының лауазымы
|
___________ қолы
|
____________ аты-жөні, тегі
|
Toggle Dropdown
М.О. (болған жағдайда)
Toggle Dropdown
1
Өлшемдерді орындау әдістемелерін және
өлшемдерді орындаудың референттік әдістемелерін
әзірлеу, метрологиялық аттестаттау,
бекіту және өлшем бірлігін қамтамасыз ету
мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркеу қағидаларына
2-қосымша
Toggle Dropdown
Өлшемдерді орындаудың референттік әдістемесін метрологиялық аттестаттау туралы КУӘЛІК _____ жылғы «____» №_____
Toggle Dropdown
________________________________________________________________________ (өлшемдерді орындау әдістемесіне метрологиялық аттестаттауды жүргізуге уәкілетті ұйымның толық атауы) ________________________________________________________________________ (өлшемдерді орындау әдістемесіне метрологиялық аттестаттауды жүргізуге өкілеттілігін растайтын құжат)
Toggle Dropdown
Өлшемдерді орындау әдістемесі ___________________________________________, ______________________________________________________________ әзірленген _____________________________________________________________ белгіленген, ___________________________________________ талаптарға сәйкес аттестатталды және өлшемдерді орындаудың референттік әдістемесі ретінде бекітілген.
Toggle Dropdown
Метрологиялық аттестаттау нәтижесінде өлшемдерді орындаудың референттік әдістемесі оларға қойылатын метрологиялық талаптарға сәйкестігі және мынадай негізгі метрологиялық сипаттамаларға ие екендігі анықталды: ________________________________________________________________________ өлшемдердің диапазоны, өлшем қателігі сипаттамаларының ________________________________________________________________________ (оның құрауыштары) мәні,өлшеу белгісіздігі ________________________________________________________________________
Toggle Dropdown
Куәліктің берілген күні ____________________________________________________ Қолданылу мерзімі _________________________________________________ дейін.
Toggle Dropdown
|
___________________________________ Заңды тұлғаның басшысының лауазымы
|
___________ қолы
|
____________ аты-жөні, тегі
|
Toggle Dropdown
М.О. (болған жағдайда)
Toggle Dropdown
Өлшемдерді орындау әдістемелерін және
өлшемдерді орындаудың референттік
әдістемелерін әзірлеу, метрологиялық
аттестаттау, бекіту және өлшем бірлігін
қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің
тізілімінде тіркеу және «Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік өлшемдер
жүйесі тізілімінде Тәуелсіз Мемлекеттер
Достастығының елдерінде әзірленген
және аттестатталған өлшемдерді орындау
әдістемесін тіркеу» мемлекеттік
қызметті көрсету қағидаларына
3-қосымша
Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өлшемдер жүйесі тізілімінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының елдерінде әзірленген және аттестатталған өлшемдерді орындау әдістемесін тіркеу» мемлекеттік қызметін алу үшін мәліметтер
Toggle Dropdown
Өлшемдерді орындау әдістемесінің атауы (орыс тілінде)*:_________________________________
Toggle Dropdown
Өлшемдерді орындау әдістемесінің атауы (қазақ тілінде)*:_________________________________
Toggle Dropdown
Сәйкестендіру нөмірі (ID)*:____________________________________________________________
Toggle Dropdown
Ескертпе: * – міндетті толтыруға арналған жол
Toggle Dropdown
Өлшемдерді орындау әдістемелерін және
өлшемдерді орындаудың референттік
әдістемелерін әзірлеу, метрологиялық
аттестаттау, бекіту және өлшем бірлігін
қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің
тізілімінде тіркеу және «Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік өлшемдер
жүйесі тізілімінде Тәуелсіз Мемлекеттер
Достастығының елдерінде әзірленген
және аттестатталған өлшемдерді орындау
әдістемесін тіркеу» мемлекеттік
қызметті көрсету қағидаларына
4-қосымша
Toggle Dropdown
|
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өлшемдер жүйесі тізілімінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының елдерінде әзірленген және аттестатталған өлшемдерді орындау әдістемесін тіркеу» мемлекеттік қызметті көрсетуге негізгі талаптар тізбесі
|
|
1
|
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
|
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).
|
|
2
|
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)
|
«электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
|
|
3
|
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі
|
1 (бір) жұмыс күні.
|
|
4
|
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны
|
Электрондық (толықтай автоматтандырылған).
|
|
5
|
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі
|
Қазақстан Республикасының мемлекеттік өлшем жүйесі тізілімінде (бұдан әрі – ҚР МӨЖ тізілімі) өлшемді орындау әдістемесіне (бұдан әрі – ӨОӘ) тіркеу нөмірін беру, немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
|
|
6
|
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін көрсетіледі
|
|
7
|
Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі
|
1) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі–Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мәліметтерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
2) көрсетілетін қызметті беруші – «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына және Кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 08:30-ден 16:00-ға дейін, түскі үзіліс сағат 12:30-дан 13:30-ға дейін.
Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайлары Министрліктің интернет-ресурсында: www.beta.egov.kz, «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
|
|
8
|
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі
|
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өлшемдер жүйесі тізілімінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының елдерінде әзірленген және аттестатталған өлшемдерді орындау әдістемесін тіркеу» мемлекеттік қызметті алу үшін порталда осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысанын толтырады.
|
|
9
|
Қазақстан Республикасының заңнамада белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер
|
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе нақты бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартуы;
5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнайы құқығынан айырылуы.
|
|
10
|
Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар
|
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе нақты бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартуы;
5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнайы құқығынан айырылуы.
|