Bestprofi Logo

Бұйрық № 12 от 2019-01-09г./Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Отправить на почту


Языки документа

Документ на казахском языке

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2019 жылғы 9 қаңтардағы № 12 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 10 қаңтарда № 18164 болып тіркелді

«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағын сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1) «Нормативтік құқықтық актіге анықтама-негіздеме нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 21 қазандағы № 912 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14355 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 қазанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

2) «Нормативтік құқықтық актіге анықтама-негіздеме нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 21 қазандағы № 912 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 25 қыркүйектегі № 1446 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17431 болып тіркелген, 2018 жылғы 8 қазанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

2. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаменті:

1) осы бұйрықтың мемлекеттiк тіркелуін;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде онықазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтықактілерінің эталондық бақылау банкінересми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң жетекшiлiк ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Министрдің міндетін атқарушы Э. Әзімова

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание