Toggle Dropdown
«Мемлекеттік қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
«Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын қабылдау және келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 961 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 8 қаңтарда № 18156 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 1 тамыздан бастап ҚР Ішкі істер министрінің 14.07.2020 жылғы № 514 Бұйрығына сәйкес
«Мемлекеттік қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген «Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын қабылдау және келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрлiгiнiң Көшi-қон қызметі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі полиция генерал-полковнигі Қ. Қасымов
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоммуникациялар министрлігі
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 961 бұйрығына 1-қосымша
«Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын қабылдау және келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын қабылдау және келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің аумақтық бөліністері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Жеке және заңды тұлғалардан (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті беруші;
2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап – 5 жұмыс күн.
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталардан бір жұмыс күн бұрын ұсынады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – Қазақстан Республикасы ҰҚК) 3 жұмыс күніне дейінгі мерзімде қолдаухатты келісуді қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасы ҰҚК органдарының жазбаша сұрау салуы бойынша көрсетілген 5 жұмыс күн мерзімі күнтізбелік 30 күнге дейін ұзартылады.
Көрсетілетін қызметті беруші осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуді ұзартудың себептері мен мерзімін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушыға жазбаша хабарлайды, ал көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін ұзарту туралы хабарлама 3 жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияға әрі қарай көрсетілетін қызметті алушыны ақпараттандыру үшін жолданады.
2) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут, Мемлекеттік корпорацияда – 15 минут;
3) көрсетілетін қызметті берушінің және Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетуінің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны - қағаз түрінде.
6. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке істері бойынша Қазақстан Республикасына кіруіне шақыру.
2) заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің қолдаухатының бірінші данасына осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкілетті қызметкердің қолымен куәландырылған және көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен бекітілген келісу нөмірін қою арқылы Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын келісу не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
7. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушыларға ақылы түрде көрсетіледі. Мемлекеттiк қызмет көрсетiлгенi үшiн мемлекеттiк баж алынады, ол 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексiнiң (Салық кодексi) 613-бабы 3-тармақшасына сәйкес әрбір шақырылушы үшін мемлекеттiк баж төлеу күніне белгiленген 0,5 айлық есептiк көрсеткiшті құрайды.
Мемлекеттік баж төлеуден мыналарға:
Қазақстан Республикасына баратын шетелдік ресми делегациялардың мүшелеріне және оларға еріп жүретін адамдарға;
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің, мемлекеттік органдардың, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдіктерінің шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына баратын шетелдіктерге;
Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен келісілген гуманитарлық көмекпен Қазақстан Республикасына баратын шетелдіктерге;
шетелдік инвесторларға;
этникалық қазақтарға;
өзара түсіністік қағидаты негізінде 16 жасқа дейінгі балаларға Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша шақыруларды келісу туралы өтінішхат беруші қабылдаушы адамдар босатылады.
Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініш берілген жағдайда төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) немесе екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті беруші – сағат 13-00-ден 14-30-ға дейiнгi түскi үзiлiспен, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбiден жұманы қоса алғанда сағат 9-00-ден 18-30-ға дейiн.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті алушыны тіркеу орны бойынша сағат 13-00-ден 14-30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9-00-ден 17-30-ға дейін жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті беруші қабылдауды кезек тәртiбiмен, алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусiз жүзеге асырады.
2) Мемлекеттік корпорация – белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден сенбіні қоса алғанда түскі үзіліссіз сағат 9-00-ден 20-00-ге дейін;
Қабылдау жеделдетіп қызмет көрсетусіз, көрсетілетін қызметті алушының тіркелу орны бойынша «электронды кезек» тәртібінде жүзеге асырылады, портал арқылы электронды кезекті брондауға болады.
9. Көрсетілетін қызметті алушы (қызметті алушының уәкілетті өкілі) тіркелген орны бойынша көрсетілетін қызметті берушіге не Мемлекеттік корпорацияға жеке өзі жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшiн қажетті құжаттар тізбесі: