• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 19 желтоқсандағы № 516 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 14 қаңтарда № 18177 болып тіркелді

Редакция 23.11.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретін ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, жүріп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды кепілге қоюды мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-3/268 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11708 болып тіркелген, 2015 жылғы 10 тамызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретін шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, жүріп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды кепілге қоюды мемлекеттік тіркеу қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша күшін жойды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 04.11.2020 жылғы № 337 Бұйрығына сәйкес (19.12.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 23.11.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Ө. Шөкеев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және
коммуникациялар министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2018 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 516 бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 30 наурыздағы
№ 4-3/268 бұйрығымен
бекітілген
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, жүріп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды кепілге қоюды мемлекеттік тіркеу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, жүріп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды кепілге қоюды мемлекеттік тіркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына және «Жылжымалы мүлік кепiлiн тiркеу туралы» 1998 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және тракторлардың және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердiң, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiнің, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiнің, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналардың (бұдан әрі – машиналар) кепілін мемлекеттік тіркеу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру бойынша қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру бойынша қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге арналған өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметтерді алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, жылжымайтын мүлікке құқықтарды оның орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
2) жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі (бұдан әрі – бірыңғай тізілім) – жылжымалы мүлік кепілі бойынша ақпаратқа қол жеткізудің, машиналар кепілін тіркеуге электрондық нысанда өтініш жіберудің және тіркеуші органдардың және (немесе) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен жасалатын өзге де әрекеттерінің бірыңғай терезесін білдіретін ақпараттық жүйе;
3) жылжымалы мүлiк кепiлiнiң тiзiлiмi (кепiл тiзiлiмi) – тiркеушi органдар және (немесе) Мемлекеттік корпорация Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асыратын ақпаратты есепке алу және сақтау жүйесі;
4) жылжымалы мүлiк кепілін тіркеу (бұдан әрі – машиналардың кепілін тіркеу) – жылжымалы мүлiк кепiлiнiң тiзiлiмiне кепіл туралы шарттағы немесе кепiл талаптары бар өзге де шарттағы мәлiметтердi енгiзу жөнiндегі жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу кезiнде туындайтын қатынастарға қатысушылардың iс-қимылдары жиынтығын, жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiк берудi және тiркеушi органдардың және (немесе) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерінде белгiленген тәртiппен жасалатын өзге де iс-қимылдарын бiлдiретiн, тiркеушi органның және (немесе) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының жылжымалы мүлiк кепiлiн есепке алу рәсiмi;
5) жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу органдары (тiркеушi органдар) – мемлекеттік тіркеуге жататын жылжымалы мүліктің жекелеген түрлерін және осы мүліктің кепілдерін тіркеуге Қазақстан Республикасының заңнамалық актілермен уәкілеттік берілген мемлекеттік органдар мен заңды тұлғалар;
6) жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы куәлік – тiркеушi орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация өтiнiш иесіне беретін, жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу фактiсiн растайтын құжат;
7) кепілді электрондық тіркеу – жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі арқылы электрондық нысандағы өтініш негізінде жүзеге асырылатын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу;
8) өтiнiш беруші – тiркеушi органға және (немесе) Мемлекеттік корпорацияға кепiлдi тiркеу туралы өтiнiш беретін адам; кепiл мiндеттемесi тараптарының келісімі бойынша кепiл берушi де, кепiл ұстаушы да өтiнiш берушi бола алады.
9) тіркеуші орган – машиналардың кепілін тіркеуді, сондай-ақ осы Қағидаларда көзделген іс-қимылдарды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі.
2-тарау. Машиналардың кепілін тіркеу, тіркелген кепілдің өзгерістерін, толықтыруларын және оның қолданысын тоқтатуды тіркеу тәртібі
3. Машиналардың кепілін тіркеу, кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе куәліктің телнұсқасын алу үшін өтініш беруші тіркеуші органға және (немесе) Мемлекеттік корпорацияға және (немесе) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз тасығыштағы немесе портал арқылы немесе бірыңғай тізілім арқылы берілетін электрондық түрдегі өтініш;
2) өтінішті қағаз тасығышта берген кезде:
жеке басын куәландыратын құжат, ал тұлғаның өкілі – оның өкілеттігін растайтын құжат, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
«электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төлеуді қоспағанда, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес кепілді тіркегені үшін бюджетке алымның төленгенін растайтын құжат;
3) өтінішті портал және (немеме) бірыңғай тізілім арқылы электрондық түрде берген кезде, мәміле тараптарының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған өтініш кепіл шарты туралы мәліметтерді, сондай-ақ осы Қағидалардың талаптарына сәйкес мәліметтерді көрсете отырып, кепіл туралы шарт немесе кепіл талаптарын қамтитын өзге де құжатты ұсынбай беріледі.
Машиналардың кепілін екінші деңгейдегі банктер арқылы электронды тіркеген кезде тіркеуші орган өтінішті (кепіл беруші мен кепіл ұстаушының электрондық цифрлық қолтаңбаларымен куәландырылған) алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде кепіл ұстаушының және (немесе) бірыңғай тізілімнің ақпараттық жүйесіне электрондық құжат нысанында машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті не тіркеуші органның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы тіркеуден бас тарту туралы уәжді жауапты жолдайды.
Тiркелген кепiлдiң өзгерiстер мен толықтыруларын (оның iшiнде, меншiк құқығының басқа адамға ауысуын, талап ету құқығын басқаға беруді) және қолданысын тоқтатуды тiркеу өтiнiш берушiнің тіркеуші органға және (немесе) Мемлекеттік корпорацияға өтініш беруі немесе өтінішті бірыңғай тізілім арқылы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық түрде жолдауы жолымен жүзеге асырылады. Бұл ретте машиналар кепілінің тізіліміне, оның ішінде бірыңғай тізілімге тиісті мәліметтерді енгізу жүргізіледі.
Өтініш беруші барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
қағаз тасығыштағы өтініштің қабылданғанын құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақыты көрсетіле отырып, оның көшірмесінде қойылған белгі растайды (өтініш берушіге қолма-қол не электрондық почта арқылы беріледі);
портал арқылы тапсырған кезде – өтініш берушінің «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
4. Машиналардың кепілін тіркеуге ұсынылатын құжаттар тиісінше ресімделген түрде қабылданады. Өшірілген, қосып жазылған, сызылған сөздері және басқа да келісілмеген түзетулері бар құжаттар қабылданбайды.
5. Машиналардың кепілін тіркеу оларды мемлекеттік тіркеу орны бойынша жүзеге асырылады.
6. Өтінішті қағаз тасығышта немесе электрондық түрде берген күннен бастап машиналардың кепілін тіркеу, кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқаны беру бір жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
7. Өтінішті қағаз түрінде берген кезде тіркеуші орган қажетті құжаттарды алған сәттен бастап:
1) өтініштің көшірмесіне құжаттар топтамасының қабылданғаны туралы белгі қойып оның қабылданғанын растайды;
2) өтініштегі деректерді осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша машиналар кепілінің тізіліміне енгізеді;
3) өтініш берушіге осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік не уәжді бас тарту береді.
8. Өтінішті электрондық түрде берген кезде тіркеуші орган өтінішті алған сәттен бастап:
1) өтініште көрсетілген ақпаратты тексереді;
2) өтініштегі деректерді осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша машиналар кепілінің тізіліміне енгізеді;
3) кепіл ұстаушының және бірыңғай тізілімнің ақпараттық жүйесіне электрондық құжат нысанында машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті не тіркеуші органның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы тіркеуден бас тарту туралы уәжді жауапты жолдайды.
9. Машиналардың кепілін тіркеуден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:
1) кепілді тіркеу туралы өтініштің толық толтырылмауы;
2) кепiлдi тiркеу туралы өтiнiштің осы Қағидалардың 4-тармағының талаптарына сәйкес келмеуі;
3) кепiлдi тiркеу туралы өтiнiшпен тиiстi емес адамның жүгінуі;
4) жылжымалы мүлiк кепiлiн және кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын мемлекеттiк тiркегенi үшiн бюджетке алымның төленгенiн растайтын құжаттың болмауы.
Тiркеуден бас тартылған жағдайда тiркеушi орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация осы Қағидалардың 7 және 8-тармақтарында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, өтініш қабылданған сәттен бастап екі жұмыс күнi iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының бұзылғанына сiлтеме жасай отырып, өтiнiш берушіге жазбаша уәжді бас тартуды жолдайды.
10. Өтініш беруші машиналардың кепілін тіркеу бойынша жасалған іс-қимыл немесе одан уәжді бас тарту негізсіз деп санаған жағдайда, сондай-ақ белгіленген мерзімдер бұзылған кезде, жоғары тұрған органға (лауазымды адамға) және/немесе Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
11. Машиналардың кепілін тіркеу туралы куәлік жойылған (жоғалған, бүлінген және өзге де) жағдайда орнына телнұсқа беріледі.
12. Тіркеуші орган телнұсқаны берген кезде машиналар кепілінің тізіліміне, оның ішінде бірыңғай тізілімге тиісті мәліметтерді енгізуді жүргізеді.
13. Кепіл шартының қолданысын тоқтатуды тіркеуді тіркеуші орган машиналар кепілінің тізіліміндегі, оның ішінде бірыңғай тізілімдегі кепіл туралы жазбаның күшін жою арқылы жүргізеді.
Тракторларды және олардың базасында
жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер
мен механизмдердi, монтаждалған
арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса
алғанда, олардың тiркемелерiн,
өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы,
мелиорациялық және жол-құрылыс
машиналары мен механизмдерiн,
жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы
машиналарды кепілге қоюды
мемлекеттік тіркеу қағидаларына
1-қосымша
Нысан
 ______________________________________________ тіркеуші органның атауы
____ өтініш
 Кепіл беруші ____________________________________________________________ (жеке тұлғаның ЖСН-сы, қолы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, тұрғылықты жерi
 _______________________________________________________________________ (заңды тұлғаның БСН-сы, атауы, орналасқан жерi)
 Кепіл ұстаушы __________________________________________________________ (жеке тұлғаның ЖСН-сы, қолы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, тұрғылықты жерi)
 _______________________________________________________________________ (заңды тұлғаның БСН-сы, атауы, орналасқан жерi)
 Мынаны: _______________________________________________________________ (жылжымалы мүлік кепілі туралы шартты тiркеуді, кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе куәліктің телнұсқасын беруді) _______________________________________________________________________ (шарттың нөмірі, кепiл туралы шарттың немесе кепiл туралы талаптар қамтылған өзге шарттың жасалған күнi мен орны) _______________________________________________________________________ (кепiл нысанасы болып табылатын мүлiктiң тiзбесi және сипаттамасы немесе кепіл туралы шартта тараптардың келісімімен көзделген кепілмен қамтамасыз етудің нақты сипаттамасы талап етілместен, кепіл нысанасының жалпы сипаттамасы)
 _______________________________________________________________________ (кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң ақшалай баламасы)
 _______________________________________________________________________ (кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң қолданылу мерзiмi)
 _______________________________________________________________________ (кепiлге салынған мүлiк қай тарапта екенi туралы нұсқау, оны пайдалануға болатыны және қайта кепiлге салу туралы мәліметтер)
 _______________________________________________________________________
 _______________________________________________________________ өтінемін. (өтініш берушінің электрондық почтасының (бар болса) мекенжайы)
 Осы өтінішке қоса берілетін құжаттардың атауы: ________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________
 Өтiнiш берушiнiң немесе оның өкiлiнiң қолы және заңды тұлға үшiн мөрi (бар болса)______________________________________________________________
 Өтініш берілген күн: 20 жылғы ________________________
 Өтініш қабылданған күн: 20 жылғы ____________________
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын. Заңмен қорғаланатын құпияны құрайтын, ақпараттық жүйелерде қамтылған мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
  Өтініш берушінің немесе оның өкілінің қолы____________Уақыты______ сағат______ минут
 Тіркеушінің қолы _________________________________________________ (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы)
Өтінішті жылжымалы мүлiк кепiлiнің бірыңғай тізілімі арқылы электрондық түрде жіберген жағдайда «электронды үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төлеуді қоспағанда, өтiнiшке жылжымалы мүлiк кепiлiн мемлекеттiк тiркегені үшiн бюджетке алымның төленгенiн растайтын құжат қоса берiлуі тиiс.
Өтініш тiркеушi органға және (немесе) Мемлекеттік корпорацияға берілген кезде өтініш беруші – жеке басын куәландыратын құжатты, ал тұлғаның өкілі – өзінің өкілеттіліктерін растайтын құжатты, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуға міндетті.
Тракторларды және олардың базасында
жасалған өздiгiнен жүретiн
шассилер мен механизмдердi,
монтаждалған арнаулы жабдығы
бар тiркемелердi қоса алғанда,
олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн
ауыл шаруашылығы, мелиорациялық
және жол-құрылыс машиналары
мен механизмдерiн, жүрiп өту
мүмкiндiгi жоғары арнайы
машиналарды кепілге қоюды
мемлекеттік тіркеу қағидаларына
2-қосымша
Нысан
 ________________________________________________ органның атауы
____ өтініш
 Кепіл беруші ____________________________________________________________ (жеке тұлғаның ЖСН-сы, қолы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, тұрғылықты жерi
 ________________________________________________________________________ (заңды тұлғаның БСН-сы, атауы, орналасқан жерi)
 Кепіл ұстаушы ___________________________________________________________ (жеке тұлғаның ЖСН-сы, қолы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, тұрғылықты жерi)
 ________________________________________________________________________ (заңды тұлғаның БСН-сы, атауы, орналасқан жерi)
 Мынаны: _______________________________________________________________ (тiркелген кепiлдiң өзгерiстер мен толықтыруларын (оның iшiнде, меншiк құқығының басқа адамға ауысуын, талап ету құқығын басқаға беруді) және қолданысын тоқтатуды тiркеуді)
 _______________________________________________________________________ (бастапқы тiркелген кепiлге нұсқама, кепіл туралы шартқа өзгерiстер мен толықтырулардың сипаттамасы (меншiк құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру және тағыда басқа), тiркелген кепiлдiң қолданысын тоқтатудың негiздерi)
 _______________________________________________________________________ (кепіл талаптарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шартқа не кепіл бойынша құқықтарды (талаптарды) басқаға беру туралы шартқа (оның ішінде активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шартқа) қол қойылған күн)
 _______________________________________________________________________ (активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шарттың негізінде өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу жағдайларын қоспағанда, тіркеуші орган немесе Мемлекеттік корпорация берген жылжымалы мүлік кепілінің тіркеу нөмірі)
 _______________________________________________________________________ (енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың сипаттамасы және мәліметтері)
 ________________________________________________________________өтінемін.
 Кепіл берушiнiң немесе оның өкiлiнiң қолы__________________________________
 Кепіл ұстаушының немесе оның өкiлiнiң қолы________________________________
*Кепіл шарттары бойынша құқықтар (талаптар) басқаға берілген кезде – жаңа кепіл ұстаушының ғана қолы, сондай-ақ құқықтарын (талаптарын) басқаға берген кепіл ұстаушының қолы қойылған келісім.
 Өтініш берілген күн: 20 жылғы ________________________
 Өтініш қабылданған күн: 20 жылғы ____________________
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын. Заңмен қорғаланатын құпияны құрайтын, ақпараттық жүйелерде қамтылған мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
  Өтініш берушінің немесе оның өкілінің қолы____________ уақыты______ сағат______ минут
 Тіркеушінің қолы _________________________________________________ (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы)
Өтінішті жылжымалы мүлiк кепiлiнің бірыңғай тізілімі арқылы электрондық түрде жіберген жағдайда «электронды үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төлеуді қоспағанда, өтiнiшке жылжымалы мүлiк кепiлiн мемлекеттiк тiркегені үшiн бюджетке алымның төленгенiн растайтын құжат қоса берiлуі тиiс.
Өтініш тiркеушi органға және (немесе) Мемлекеттік корпорацияға берілген кезде өтініш беруші – жеке басын куәландыратын құжатты, ал тұлғаның өкілі – өзінің өкілеттіліктерін растайтын құжатты, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуға міндетті.
Тракторларды және олардың базасында
жасалған өздiгiнен жүретiн
шассилер мен механизмдердi,
монтаждалған арнаулы
жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда,
олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн
ауыл шаруашылығы, мелиорациялық
және жол-құрылыс машиналары
мен механизмдерiн, жүрiп өту
мүмкiндiгi жоғары арнайы
машиналарды кепілге қоюды
мемлекеттік тіркеу қағидаларына
3-қосымша
Нысан
 №_________ парақ
 №_________ тіркеу ісі
Машиналар кепілінің тізілімі

Жазба №

Тізілім №

Кепіл нысанасы

Кепіл ұстаушы

Жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, тұрғылықты жері, туған күні мен жылы, заңды тұлғаның орналасқан жері және атауы

Кепіл беруші

Жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, тұрғылықты жері, туған күні мен, жылы заңды тұлғаның орналасқан жері және атауы

Кепіл сомасы

1

2

3

4

5

6

кестенің жалғасы:

Шарттың қолданылуы

Ауыртпалықтың пайда болуы

Ауыртпалықтың тоқтатылуы

Тіркеушінің ерекше белгілері

Құжаттың атауы мен нөмірі, тіркеу нөмірі, тіркеушінің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, және қолы

Күні және уақыты (сағаты мен минуты)

Құжаттың атауы мен нөмірі, тіркеу нөмірі, тіркеушінің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі және қолы

Күні және уақыты (сағаты мен минуты)

7

8

9

10

11

12

  Тіркеу парағын жабу/жалғастыру туралы жазба _______________________________

Жазбаларды жалғастыруды (жалғастыру кезінде) тоқтату үшін негіз

Көшірілген (жабу кезінде) немесе соңғы жазбалар (жалғастыру кезінде) тізбесі

Парақ нөмірі

Күні, уақыты (сағаты, минуты)

Тіркеушінің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі және қолы

13

14

15

16

17


 


 


 


 


 

Тракторларды және олардың
базасында жасалған өздiгiнен
жүретiн шассилер мен механизмдердi,
монтаждалған арнаулы жабдығы
бар тiркемелердi қоса алғанда,
олардың тiркемелерiн, өздiгiнен
жүретiн ауыл шаруашылығы,
мелиорациялық және
жол-құрылыс машиналары мен
механизмдерiн, жүрiп өту
мүмкiндiгi жоғары арнайы
машиналарды кепілге қоюды
мемлекеттік тіркеу қағидаларына
4-қосымша
Нысан
 _________________________________________________________________ тіркеуші органның атауы
 Машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік 20 ____ жылғы «___» _____________ №_________
  _________________________________________________________________
кепіл ұстаушының немесе оның уәкілетті өкілінің деректемелері
  ___________________________________________________________ берілді
Жылжымалы мүлікке қатысты растау:

Мүлік түрі

Тізілімдік нөмірі

Кепіл нысанасының сипаты

Саны құрайды

Құны

Ескертпе

1

2

3

4

5

6


 


 


 


 


 


 

 _______________________________________________________________________
 _________________________________________________________кепілі тіркелген
 Кепіл ұстаушы __________________________________________________________ (жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, тұрғылықты жері, ЖСН-сы)
 _______________________________________________________________________
 ________________________________________________________________ құқығы (заңды тұлғаның орналасқан жері, атауы және БСН-сы)
 _______________________________________________________________________ (кепіл нысанасының сипаттамасы)
 _______________________________ тіркелген ___________________________және
 мынадай негізгі шарттарды қамтитын ______________________________________ (шарт жасалған күн)
кепіл туралы шарт негізінде туындаған:
 _______________________________________________________________________ ( негізгі міндеттерді орындау көлемі, мерзімі және кепілдің басқа да шарттары)
 Кепіл беруші ____________________________________________________________ құқығы_________________________________________________________________ құқық түрі______________________________________________________________
 _______________________________________________________________________ _______________________________________________________________________ (жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, тұрғылықты жері, ЖСН-сы)
 _______________________________________________________________________ _______________________________________________________________________ (заңды тұлғаның орналасқан жері, атауы және БСН-сы расталды)
 _______________________________________________________________________ _______________________________________________________________________ (атауы, қабылданған күні, тіркеу нөмірі мен күні)
 _______________________________________________________________________ _______________________________________________________________________ (кепіл нысанасына құқық белгілеу құжаты)
 Тіркеуші _______________________________________________________________ _______________________________________________________________________ (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы)
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2018 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 516 бұйрығына
2-қосымша
2-қосымша күшін жойды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 04.11.2020 жылғы № 337 Бұйрығына сәйкес (19.12.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 23.11.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)