• Мое избранное
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 721 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 4 қаңтарда № 18152 болып тіркелді

БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14235 болып тіркелді, 2016 жылғы 28 қыркүйектегі «Әділет» Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес ерекше білім беруге қажеттілігі бар (сөйлеу тілі жалпы дамымаған) балаларға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес ерекше білім беруге қажеттілігі бар (көру қабілеті бұзылған) балаларға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес ерекше білім беруге қажеттілігі бар (есту қабілеті бұзылған) балаларға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес ерекше білім беруге қажеттілігі (зерде бұзылыстары) бар балаларға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес ерекше білім беруге қажеттілігі бар (тірек-қимыл аппараты бұзылған) балаларға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес ерекше білім беруге қажеттілігі (дамуында күрделі бұзылыстары) бар балаларға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасында:
оң жақтағы жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының
2016 жылғы 12 тамыздағы
№ 499 бұйрығына 1-қосымша»;
осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5 және 6 - қосымшаларға сәйкес 2, 3, 4, 5, 6 және 7 - қосымшалармен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмелерін ресми жариялау үшін мерзімді баспасөз басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Э.А. Суханбердиеваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Е. Сағадиев
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2018 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 721 бұйрығына 1-қосымша
  • 1
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
міндетін атқарушының
2016 жылғы 12 тамыздағы
№ 499 бұйрығына 2-қосымша
Сөйлеу тілі жалпы дамымаған балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы  
1-тарау. Түсіндірме жазба
1. Сөйлеу тілі жалпы дамымаған балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5 және 14 - баптарына сәйкес әзірленді.
2. Бағдарламаның мақсаты сөйлеу тілі жалпы дамымаған (бұдан әрі - СТЖД) балаларда бастауыш мектеп бағдарламасы бойынша әрі қарай ана тілін меңгеруге сапалы дайындыққа және қоршаған ортада әлеуметтік бейімделуге, жалпы дамуына ықпал ететін, қарым-қатынас мәдениетін және сөйлеу белсенділігінің базалық үрдістері мен қызметін қалыптастыру.
3. Бағдарлама міндеттері:
1) қарым-қатынасты қажетсіну деңгейін жоғарылату және қоршаған ортадағы адамдарға қызығушылығын тәрбиелеу;
2) импрессивті және экспрессивті сөйлеуді дамыту (енжар және белсенді сөздікті жүйелендіру және байыту);
3) ауызша байланыстырып сөйлеуді дамыту (диалогтық және монологтық);
4) ауызша коммуникацияның лексико-грамматикалық құралдарын белсендендіру және қалыптастыру;
5) қызығушылықтарын үйлестіруге бағытталған ересектер және құрбыластарымен түрлі өмірлік жағдайлардағы вербалды және вербалды емес құралдарды дамыту;
6) байланыстырып сөйлеудің түрлі бейнелерін және оның белгілерін тани алу икемділігін, әңгімені құрастыру және қайталап айту дағдысын қалыптастыру;
7) артикуляциялық моторика қозғалыстарының кинестетикалық және кинетикалық негіздерін қалыптастыру;
8) толыққанды дыбыс айту дағдыларын (сақталған дыбыстарды нақтылау, жоқ дыбыстарды шығару, бұрмаланып айтылатын дыбыстарды түзету, автаматтандыру және сөйлемдегі басқа дыбыстардан ажырату);
9) шартты түрде есту және көру арқылы қабылдау мен назарды қалыптастыру;
10) фонематикалық есту мен фонематикалық қабылдауды дамыту;
11) сөйлеу кезінде интонациялық құралдарды меңгеру дағдыларын жетілдіру;
12) коммуникативті, ойындық және түрлі әрекеттер процесінде ұйымдастырушылық әрекеттерді, дербестікті, белсенділікті дамыту;
13) мектепке деген ынтаны қалыптастыру және мектепке дайындық.
4. Бағдарлама сөйлеу бұзылыстары бар балаларда ауызша байланыстырып сөйлеудің дамуына, қарым-қатынастың лексико-грамматикалық және фонетико-фонематикалық құралдарының қалыптасуына, сөйлеу кемістіктерін дұрыстауға, эмоционалды-еріктік және танымдық аймақтарының жетілмеуін түзетіп, ЖСТД бар мектепке дейінгі балаларды мектепке оқуға дайындауға және мектепте туындаған мәселелердің алдын алуға ықпал етеді.