• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 04.10.2023 г

Отправить по почте

15

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 936 қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 04.10.2023 жылғы № 862 Қаулысына сәйкес 
1
Мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі туралы ереже (бұдан әрі – Ереже);
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
1) «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестиция комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі болып;
3) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес республикалық заңды тұлғалар қайта аталсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлiк және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес ұйымдардың мемлекеттік акциялар пакеттері мен қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне және оның ведомстволарына берсін;
2) «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының акцияларын иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне берсін;.
4. Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. Осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
6. Осы қаулы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болатын Ереженің 15-тармағының 250) тармақшасын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
6-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 19.03.2019 жылғы № 131 Қаулысымен (10.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 12.07.2019 жылғы № 501 Қаулысына сәйкес (10.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 31.07.2019 жылғы № 561 Қаулысына сәйкес (29.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 29.04.2020 жылғы № 255 Қаулысына сәйкес (07.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 24.09.2020 жылғы № 611 Қаулысына сәйкес (10.07.2020 ж. редакцияны қараңыз)
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 27.06.2022 жылғы № 440 Қаулысына сәйкес (27.01.2022 ж. редакцияны қараңыз)
1) 2017 жылғы 27 желтоқсандағы "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылатын Ереженің 16-тармағындағы орталық аппарат функцияларының 282-2) тармақшасын;
2) "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес-ахуалды жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылатын Ереженің 16-тармағындағы орталық аппарат функцияларының 692) тармақшасын және 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылатын ведомстволар функцияларының 505) тармақшасын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 936 қаулысымен
бекітілген
36
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі туралы ереже
Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.05.2019 жылғы № 251 Қаулысына сәйкес
Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 19.03.2019 жылғы № 131 Қаулысына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 11.04.2019 жылдан бастап осы Қаулының 6-тармағының 2-1-тармақшасына сәйкес)
Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 24.10.2019 жылғы № 797 Қаулысына сәйкес
Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 10.07.2019 жылғы № 497 Қаулысына сәйкес (05.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 05.07.2019 жылғы № 479 Қаулысына сәйкес (04.05.2019 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 12.07.2019 жылғы № 501 Қаулысына сәйкес (10.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.07.2019 жылғы № 561 Қаулысына сәйкес (29.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 17.10.2019 жылғы № 773 Қаулысына сәйкес (31.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.04.2020 жылғы № 255 Қаулысына сәйкес
Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 17.02.2020 жылғы № 64 Қаулысына сәйкес (27.11.2019ж. редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 24.09.2020 жылғы № 611 Қаулысына сәйкес (10.07.2020 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 23.10.2020 жылғы № 701 Қаулысына сәйкес (24.09.2020 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 07.04.2020 жылғы № 180 Қаулысына сәйкес (17.02.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.04.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 07.04.2020 жылғы № 180 Қаулысына сәйкес (өзгерту 19.04.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 01.07.2020 жылғы № 418 Қаулысына сәйкес (14.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 06.10.2021 жылғы № 715 Қаулысымен (30.09.2021 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді  ҚР Үкіметінің 18.03.2021 жылғы № 145 Қаулысына сәйкес (23.10.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 24.04.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 14.08.2021 жылғы № 559 Қаулысына сәйкес
Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.09.2021 жылғы № 694 Қаулысына сәйкес
Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 27.01.2022 жылғы № 31 Қаулысына сәйкес
Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 24.04.2021 жылғы № 266 Қаулысына сәйкес
Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 15.04.2021 жылғы № 245 Қаулысына сәйкес (30.03.2021 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 24.08.2021 жылғы № 580 Қаулысына сәйкес (14.08.2021 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 07.12.2021 жылғы № 868 Қаулысына сәйкес (06.10.2021 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 27.06.2022 жылғы № 440 Қаулысына сәйкес (27.01.2022 ж. редакцияны қараңыз)
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) индустрия және индустриялық даму; өнеркәсіп; тау-кен металлургия кешені; елішілік құндылықты дамыту; машина жасау; көмір, химия, жеңіл (ауыл шаруашылығы жануарларының терісі мен жүнін өңдеуден басқа), ағаш өңдеу және жиһаз өнеркәсібі; құрылыс индустриясы және құрылыс материалдарын өндіру; машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі; салалық бағытқа сәйкес химиялық өнімнің қауіпсіздігі; өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау; энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру; бағалы металдар өндірісін және бағалы металдар мен асыл тастардың айналымын реттеу; құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарлары; зергерлік және басқа да бұйымдар; арнайы экономикалық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі және таратылуы; уран өндіруді қоспағанда, пайдалы қатты қазбалар бөлігінде жер қойнауын пайдалануды мемлекеттік басқару; жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу, минералдық-шикізат базасын молайту салаларында; теміржол, автомобиль, ішкі су көлігі; сауда мақсатында теңізде жүзу салаларында; Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану мен азаматтық және эксперименттік авиация қызметі; аэронавигация мен әуежайлардың көрсетілетін қызметтері саласындағы табиғи монополиялар; әуежайлардың көрсетілетін қызметтері саласындағы қоғамдық маңызы бар нарықтар; автомобиль жолдары; сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі; тұрғын үй қатынастары; коммуналдық шаруашылық; елді мекендер шегінде сумен жабдықтау және су бұру, жылумен жабдықтау (орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағында жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын жылу электр орталықтары мен қазандықтардан басқа) саласындағы мемлекеттік реттеу; тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу; қорғаныс өнеркәсібі; бірыңғай әскери-техникалық саясатты жүргізуге қатысу; әскери-техникалық ынтымақтастықты жүзеге асыру; мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 14.10.2022 жылғы № 825 Қаулысына сәйкес (05.10.2022 ж. редакцияны қараңыз)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 20.01.2023 жылғы № 28 Қаулысына сәйкес (30.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 11.05.2023 жылғы № 361 Қаулысына сәйкес (20.01.2023 ж. редакцияны қараңыз)
1) Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті;
2) Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті;
3) Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті;
4) Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті;
5) Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті;
6) Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс комитеті.
7) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Геология комитеті.
2-тармақ 7-тармақшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 20.01.2023 жылғы № 28 Қаулысына сәйкес
3. Министрлік өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Министрлік мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және мемлекеттік тілде атауы жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Министрліктің, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бұған уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Министрлік өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Министрлік басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Министрліктің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Министрліктің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты.
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 19.10.2022 жылғы № 834 Қаулысына сәйкес (14.10.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.11.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 30.12.2022 жылғы № 1111 Қаулысына сәйкес (26.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
10. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Министрліктің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Министрлікке кәсіпкерлік субъектілерімен Министрліктің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Министрлікке заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, онда алынған кірістер мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
1) өнеркәсіп; елішілік құндылықты дамыту; тау-кен металлургия кешені; машина жасау; көмір, химия, жеңіл (ауыл шаруашылығы жануарларының терісі мен жүнін өңдеуден басқа), ағаш өңдеу және жиһаз өнеркәсібі; құрылыс индустриясы және құрылыс материалдарын өндіру; машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі; салалық бағытқа сәйкес химиялық өнімнің қауіпсіздігі; өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау; энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру; бағалы металдар өндірісі және бағалы металдар мен асыл тастардың айналымы; құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарлары; зергерлік және басқа да бұйымдар; арнайы экономикалық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі және таратылуы; уран өндіруді қоспағанда, қатты пайдалы қазбалар бөлігінде жер қойнауын пайдалануды мемлекеттік басқару; жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу, минералдық-шикізат базасын молайту салаларында; теміржол, автомобиль, ішкі су көлігі, сауда мақсатында теңізде жүзу салаларында; Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану мен азаматтық және эксперименттік авиация қызметі; автомобиль жолдары; сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі; тұрғын үй қатынастары; коммуналдық шаруашылық; елді мекендер шегінде сумен жабдықтау және су бұру, жылумен жабдықтау (орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағында жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын жылу электр орталықтары мен қазандықтардан басқа); тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу; қорғаныс өнеркәсібі салаларында мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 14.10.2022 жылғы № 825 Қаулысына сәйкес (05.10.2022 ж. редакцияны қараңыз)
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 20.01.2023 жылғы № 28 Қаулысына сәйкес (30.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 11.05.2023 жылғы № 361 Қаулысына сәйкес (20.01.2023 ж. редакцияны қараңыз)
2) Министрліктің құзыретiне кіретін қызмет саласында мемлекеттiк органдарды салааралық үйлестiрудi жүзеге асыру;
3) көліктің және оның өміршеңдік циклі процестерінің адамның өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
4) көлік саласында инвестициялық, ғылыми-техникалық және әлеуметтік саясатты қалыптастыру және жүргізу;
5) мемлекеттің және халықтың тасымалдауға мұқтаждығының болжамдарын әзірлеу;
6) көлік саласында Қазақстан Республикасының мүддесін қорғау;