• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 11 қаңтардағы № 9 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 16 қаңтарда № 18202 болып тіркелді

Редакция 03.08.2021 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық, фитосанитариялық және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Ө. Шөкеев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникациялар министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2018 жылғы 11 қаңтардағы
№ 9 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. «Сараптама актісін (сынақ хаттамасын) беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 7-1/19 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10410 болып тіркелген, 2015 жылғы 18 наурызда «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сараптама актісін (сынақ хаттамасын) беру қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Сараптама актісін (сынақ хаттамасын) беру тәртібі»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Ветеринариялық зертханалар сараптама актісін (сынақ хаттамасын) сынамаларды диагностикалық зерттеулер немесе ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу үшін берген мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторға немесе мемлекеттік ветеринариялық дәрігерге жолдайды (береді).
Сараптама актісін (сынақ хаттамасын) өндіріс объектісінің атауы, өнім түрі, сараптама актісінің (сынақ хаттамасының) жарамдылық кезеңінде сынамаларды алуды жүргізу мерзімі, сынамаларды алу көлемі, зертхананың атауы көрсетілетін, өндіріс объектісі бекіткен және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің ветеринария саласындағы уәкілетті органы ведомствосының аумақтық бөлімшесі (бұдан әрі – аумақтық бөлімше) келіскен Өнімді мониторингтік зерттеу жоспары (бұдан әрі – Мониторинг жоспары) бар болған жағдайда, жануарларды өсіруді, дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектісінен (бұдан әрі – өндіріс объектісі) салқындатылған етті, тағамдық жұмыртқаларды (бұдан әрі – өнім) әкету (экспорт) үшін берілген сәттен бастап 1 (бір) ай ішінде пайдалануға жол беріледі. Сараптама актісін (сынақ хаттамасын) берілген сәттен бастап 1 (бір) ай ішінде пайдаланған кезде өндіріс объектісінің өніміне Мониторинг жоспарына сәйкес зертханалық зерттеу жүргізіледі.
Мониторинг жоспары шеңберінде жүргізілген зертханалық зерттеулер нәтижесінде өнімнің зерттелетін қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша сәйкессіздігі анықталған жағдайда, одан әрі сараптама актісін (сынақ хаттамасын) берілген сәттен бастап 1 (бір) ай ішінде пайдалануға жол берілмейді. Мұндай жағдайда, аумақтық бөлімшелер «Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің және биологиялық материалдың сынамаларын алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 7-1/393 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11618 болып тіркелген) бекітілген Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің және биологиялық материалдың сынамаларын алу қағидаларына сәйкес сынамаларды алуды ұйымдастырады.».
2. «Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің және биологиялық материалдың сынамаларын алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 7-1/393 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11618 болып тіркелген, 2015 жылғы 23 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің және биологиялық материалдың сынамаларын алу қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
2-тармақтың 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«13) партия – бірдей жағдайларда бір өндіруші бір нормативтік құжат бойынша өндірген (дайындаған), бір көлік құралымен бір межелі пунктке бір алушыға жөнелтуге арналған және бір ветеринариялық ілеспе құжатпен ресімделген біртекті тасымалданатын (орны ауыстырылатын) объектінің саны;»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің және биологиялық материалдың сынамаларын алу тәртібі»;
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
«6-1. Жануарларды өсіруді, дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты өткізуді жузеге асыратын өндіріс объектісі (бұдан әрі – өндіріс объектісі) бекіткен және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің ветеринария саласындағы уәкілетті органы ведомствосының аумақтық бөлімшесі келіскен Өнімді мониторингтік зерттеу жоспарының шеңберінде жүргізілген зертханалық зерттеулер нәтижесінде өнімнің зерттелетін қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша сәйкессіздігі анықталған жағдайда, зертханалық бақылау режимінде өндіріс объектісінен әр келесі өндірілетін өнім партиясынан сынамалар алу жүргізіледі. Сынамаларды алу өндірілетін өнімнің 10 партиясынан 3 ай ішінде жүзеге асырылады. Сынамаларды алу тек бұзушылық анықталған сол типтегі өнімнен ғана жүзеге асырылуы тиіс.
Зерттелетін қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша өнімнің 10 партиясының сәйкестігі расталған кезде не 3 ай өткен соң зертханалық бақылау режимінде сынамалар алу тоқтатылады.».
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Қорытынды ережелер»;
Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің және биологиялық материалдың сынамаларын алу қағидаларына 1-қосымшада:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жануарлардан алынатын өнімдердің сынамаларын алу ерекшеліктері»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Жұмыртқаның ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға және қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін айқындау үшін әр түрлі нүктелерден: 50 жұмыртқаға дейін – 4 дана, 100-ге дейін – 6 дана, 1000-ға дейін – 10 дана, 2000-ға дейін – 15 дана, 3000-ға дейін – 20 дана, 3000-нан астам – 24 дана мөлшерінде сынама алынады.
Құрғақ жұмыртқа өнімдерін алу кезінде партиядан 200 граммнан асырмай сынама алынады.»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Жануарлардан алынатын шикізаттың сынамаларын алу ерекшеліктері»;
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Жемшөп пен жемшөп қоспаларының сынамаларын алу ерекшеліктері»;
4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-тарау. Биологиялық материалдың сынамаларын алу ерекшеліктері»;
5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«5-тарау. Судың, топырақтың, ауаның сынамаларын алу ерекшеліктері»;
Сынамаларды алу ерекшеліктеріне 4, 5 және 6-қосымшалар алып тасталсын;
Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің және биологиялық материалдың сынамаларын алу қағидаларына 5-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.».
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ күшін жойды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.05.2021 жылғы № 171 Бұйрығына сәйкес (11.01.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.08.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. «Ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларын және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 7-1/453 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11898 болып тіркелген, 2015 жылғы 16 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ветеринариялық құжаттарды беру қағидалары және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарда:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Ветеринариялық сертификатты беру тәртібі»;
10-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) жануарлардан алынатын өнімді, шикізатты, жемшөпті тасымалдау кезінде («Кедендік одақта ветеринариялық-санитариялық шаралар қолдану туралы» Кедендік одақ Комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 317 шешімімен бекітілген ветеринариялық бақылауға (қағадалауға) жататын тауарлардың бірыңғай тізбесінде «*» символымен белгіленген, ол бойынша тек эпизоотиялық саламаттылық расталатын өнімді қоспағанда) – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 7-1/19 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10410 болып тіркелген) бекітілген Сараптама актісін (сынақ хаттамасын) беру қағидаларына сәйкес мемлекеттік ветеринариялық зертхана немесе ұлттық аккредиттеу жүйелерінде аккредиттелген және 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарының бірыңғай тізіліміне енгізілген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің зертханалары берген сараптама актісі (сынақ хаттамасы).
Сараптама актісін (сынақ хаттамасын):
өндіріс объектісі бекіткен және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің ветеринария саласындағы уәкілетті органы ведомствосының аумақтық бөлімшесі келіскен Өнімді мониторингтік зерттеу жоспары (бұдан әрі – Мониторинг жоспары) бар болған кезде;
зерттелетін қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша мониторинг Жоспары шеңберінде зерттелетін өнім сараптама актісін (сынақ хаттамасын) берген сәттен бастап 1 (бір ай) ішінде оны пайдалану кезеңіне сәйкес болған кезде жануарларды өсіруді, дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінен салқындатылған етті, тағамдық жұмыртқаларды әкету (экспорт) үшін берілген сәттен бастап 1 (бір) ай ішінде пайдалануға жол беріледі;».
5. «Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 7-1/587 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11940 болып тіркелген, 2015 жылғы 30 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларында:
1389-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1389. Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) тамақ өнiмдерiн әкелу (импорттау) және әкету (экспорттау) кезiнде тамақ өнiмдерін ветеринариялық-санитариялық сараптауды ветеринариялық зертханалар немесе ұлттық аккредиттеу жүйелерінде аккредиттелген және 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарының бірыңғай тізіліміне енгізілген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің зертханалары жүзеге асырады. Сараптама актiсiн (сынақ хаттамасын) беру мерзiмi ветеринариялық-санитариялық сараптау аяқталған соң 1 (бір) жұмыс күнiнен аспайды. Тамақ өнімдеріне ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу мерзімі зерттелетін өнімнің түріне, физиологиялық жай-күйіне және жүргізілетін зерттеу әдісіне байланысты.
Сараптама актісін (сынақ хаттамасын) өндіріс объектісінің атауы, өнім түрі, сараптама актісінің (сынақ хаттамасының) жарамдылық кезеңінде сынамаларды алуды жүргізу мерзімі, сынамаларды алу көлемі, зертхананың атауы көрсетілетін, өндіріс объектісі бекіткен және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің ветеринария саласындағы уәкілетті органы ведомствосының аумақтық бөлімшесі (бұдан әрі – аумақтық бөлімше) келіскен Өнімді мониторингтік зерттеу жоспары (бұдан әрі – Мониторинг жоспары) бар болған жағдайда, жануарларды өсіруді, дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектісінен (бұдан әрі – өндіріс объектісі) салқындатылған етті, тағамдық жұмыртқаларды (бұдан әрі – өнім) әкету (экспорт) үшін берілген сәттен бастап 1 (бір) ай ішінде пайдалануға жол беріледі. Сараптама актісін (сынақ хаттамасын) берілген сәттен бастап 1 (бір) ай ішінде пайдаланған кезде өндіріс объектісінің өніміне Мониторинг жоспарына сәйкес зертханалық зерттеу жүргізіледі.
Мониторинг жоспары шеңберінде жүргізілген зертханалық зерттеулер нәтижесінде өнімнің зерттелетін қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша сәйкессіздігі анықталған жағдайда, одан әрі сараптама актісін (сынақ хаттамасын) берілген сәттен бастап 1 (бір) ай ішінде пайдалануға жол берілмейді. Мұндай жағдайда, аумақтық бөлімшелер «Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің және биологиялық материалдың сынамаларын алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 7-1/393 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11618 болып тіркелген) бекітілген Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің және биологиялық материалдың сынамаларын алу қағидаларына сәйкес сынамаларды алуды ұйымдастырады.».
Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрінің
өзгерістер мен толықтыру
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
қосымша
Орны ауыстырылатын
 (тасымалданатын) объектілердің
және биологиялық материалдың
сынамаларын алу қағидаларына
5-қосымша
Нысан
Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің сынамаларын алу актісі
 20__ жылғы «___» __________ №_____
  Мен (біз) _______________________________________________________
  (сынамаларды іріктеуді жүргізген ветеринария саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің, ветеринария саласында қызметін жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган бөлімшесінің лауазымды адамының лауазымы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
  _______________________________________________________________________________
  _______________________________________________________________________________
мал иесінің немесе оның өкілдері
  ________________________________________________________ қатысуымен
  (жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, заңды тұлғаның атауы)
  _____________________________________________________________________
орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің атауы және көлемі
  ________________________________________________________________
  ________________________________________________________________
 сынамаларды алу орны ________________________________________________ (объектінің атауы және мекенжайы)
 ____________________________________________________________________
 келіп түскен күні мен уақыты___________________________________________ (көлік құралдарының атауы, бірлік саны және нөмірін көрсету)
 ____________________________________________________________________
 Ілеспе құжаттар ______________________________________________________ (құжат түрлерін, № және берілген күнін тізбелеу)
 Құжаттардың болмауы ________________________________________________ (жоқ құжаттарды көрсету)
Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің шығарылған елі
 ________________________________________________________________
 Жарамдылық мерзім ______________________________________________ (дайындаушы, дайындалған күні)
  Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге қарап-тексеру жүргіздім(дік) және қарап-тексеру нәтижелері _________________________________________________________________
  ___________________________________________________________________
  _________________________________________________________________
  (орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің сыртқы түрі, иісі, ораманың бүтіндігі, таңбалау сәйкестігі, температурасы)
  ___________________________________________________________________
  ____________________________________________________________________
  Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер сынамаларын алу үшін негіздеме:________________________________________________________
  (ветеринариялық-санитариялық тұрғыдан қауіптілігіне күдіктену, сапасыздығы туралы ақпарат алу, сақтау шарттарының бұзылуы, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің иесі жүгінген кезде және басқалары)
  Сынамалар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 20___ жылғы «___» _____________ № ______ бұйрығымен бекітілген Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің және биологиялық материалдың сынамаларын алу қағидаларына сәйкес _____________________, мөлшерінде алынады, нөмірленді және пломбаланды (мөр басылды)
  __________________________________________________________ үшін
  (зертханалық зерттеулер түрін көрсету)
  ______________________________________________________жіберіледі.
  (ветеринариялық зертхананың атауын көрсету)
  ____________________________________________________________________
  (сынамаларды іріктеуді жүргізген ветеринария саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің, ветеринария саласында қызметін жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган бөлімшесінің лауазымды адамының лауазымы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, (қолы), әкімшілік-аумақтық бірліктің атауы)
  ____________________________________________________________________
  (жеке тұлғаның немесе заңды тұлға өкілінің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, (қолы)