Бұйрық № 40 от 2019-01-21г./Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
«Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы № 468 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Уважаемые пользователи, процесс скачивания данного документа займет несколько минут.
Внимание! Документ утратил силу с 13.06.2025 г.
Документ на казахском языке
«Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы № 468 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 21 қаңтардағы № 40 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 25 қаңтарда № 18238 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2025 жылғы 13 маусымнан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 28.05.2025 жылғы № 261 Бұйрығына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы № 468 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 15594 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылдың 8 қыркүйекте жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген Қағидаларға 1, 2, 3, 4, 5 және 6-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5 және 6-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларында:
«19. Республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің өз иелігінде бюджет қаражатынан басқа тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша, Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексіне сәйкес мемлекеттік мекемелер алатын, олар үшін филантропиялық қызметтен және (немесе) демеушілік қызметтен және (немесе) меценаттық қызметтен және (немесе) кіші отанына қолдау көрсету жөніндегі қызметтен алынатын ақша (бұдан әрі – қайырымдылық көмек), мемлекеттік мекемеге жеке және (немесе) заңды тұлғалар олардың қайтарымдылығы шартымен беретін ақшалар не белгілі бір талаптар басталған кезде тиісті бюджетке немесе үшінші тұлғаларға аударымдар (бұдан әрі – ақшаны уақытша орналастыру), жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыру үшін ақшалардың түсімдері, сыртқы қарыздар мен гранттар бойынша арнайы шоттарда шетел валютасындағы қаражат болуы мүмкін.»;
«21. Ағымдағы есепке алу шоттарын жабу мынадай тәртіппен жүргізіледі: есепті жылдың аяғында:
«6090 «Бюджет қаражатының қалдықтарын қайтару» шотының дебетіне 1081 «Жеке қаржыландыру жоспары бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар», 1082 «Күрделі салымдар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар», 1083 «Өзге де бюджеттердің есебінен міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар», 1084 «Трансферттер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар», 1085 «Субсидиялар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар», 1088 «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар», 1091 «Жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары», 1092 «Күрделі салымдар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар», 1093 «Трансферттер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар», 1094 «Субсидиялар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар» қосалқы шоттарының кредитінен бұдан бұрын ағымдағы қызметті қаржыландырудан түсетін кірістер, трансферттер бойынша кірістер, күрделі салымдар, субсидиялар бойынша кірістер ретінде танылған қаржыландыру жоспары бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар шоттары, 1096 «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар» бойынша қалдықтар есептен шығарылады;
5012 «Күрделі салымдарды сыртқы қарыздар мен байланысты гранттар есебінен қаржыландыру» есепті жылы бөлінген қосалқы шотының дебетіне 1087 «Сыртқы қарыздар мен байланысты гранттар есебінен міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар» қосалқы шотының кредитінен бюджеттік бағдарламалар әкімшілері сыртқы қарыздар мен байланысты гранттар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған пайдаланылмаған жоспарлы тағайындаулар есептен шығарылады;
5210 «Есепті жылдың қаржылық нәтижесі» шотының дебетіне 6090 «Бюджет қаражатының қалдықтарын қайтару» шотының кредитінен қаржыландыруды қайтару шотын жабу жүргізіледі;
есепті кезеңнің аяғында:
1320 «Аяқталмаған өндіріс» шотының дебетіне аз көлемде өнім шығаратын қосалқы ауыл шаруашылық және өндірістік (оқу) шеберханалары бойынша бұрын 8010 «Өндіріске және өзге мақсаттарға арналған шығындар» шотында есепке алынған өнімнің аяқталмаған бірліктеріне жатқызылатын шығындар сомасы көшіріледі. Келесі есепті кезеңнің басында бұл шығындар кері тізбекпен: 8010 «Өндіріске және өзге мақсаттарға арналған шығындар» шотының дебетіне 1320 «Аяқталмаған өндіріс» шотының кредитінен қалпына келтіріледі;
1330 «Дайын өнім» шотының дебетіне аз көлемде өнім шығаратын қосалқы ауыл шаруашылық және өндірістік (оқу) шеберханалары бойынша бұдан бұрын 8010 «Өндіріске және өзге мақсаттарға арналған шығындар» шотында есепке алынған аяқталған өнімдерге қатысты шығындар сомасы көшіріледі;
Аяқталмаған және аяқталған, бірақ пайдалануға берілмеген құрылыс және реконструкциялау объектілері бойынша шығындар 2411 «Аяқталмаған құрылыс» шотында бухгалтерлік баланста қалады;
5210 «Есепті жылдың қаржылық нәтижесі», 5230 «Бюджетке түсімдер бойынша есепті кезеңнің қаржылық нәтижесі» шоттарының дебетіне:
7010 «Еңбекақы төлеуге арналған шығыстар», 7020 «Стипендиялар төлеу бойынша шығыстар», 7030 «Қосымша белгіленген зейнетақы жарналарына арналған шығыстар», 7040 «Әлеуметтік салыққа арналған шығыстар», 7050 «Міндетті сақтандыруға арналған шығыстар», 7060 «Қорлар бойынша шығыстар», 7070 «Іссапарларға арналған шығыстар», 7080 «Коммуналдық төлемдер мен өзге қызметтер бойынша шығыстар», 7090 «Ағымдағы жөндеуге арналған шығыстар», 7110 «Ұзақ мерзімді активтердің амортизациясы бойынша шығыстар», 7120 «Бюджетке төленетін төлем бойынша шығыстар», 7130 «Жал бойынша шығыстар», 7140 «Өзге операциялық шығыстар», 7150 «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған шығыстар», 7210 «Трансферттер бойынша шығыстар», 7220 «Зейнетақы мен жәрдемақы төлеу бойынша шығыстар», 7230 «Субсидиялар бойынша шығыстар», 7240 «Жалпы сипаттағы трансферттер бойынша шығыстар», 7250 «Жергілікті өзін-өзі басқару органдарына берілетін трансферттері бойынша шығыстар», 7260 «Бюджетке түсетін түсімдерді азайту жөніндегі шығыстар», 7270 «Басқа да трансферттер бойынша шығыстар», 7310 «Сыйақылар бойынша шығыстар», 7320 «Активтерді басқару бойынша өзге шығыстар», 7330 «Мемлекеттік-женкешелік әріптестік бойынша шығыстар», 7410 «Әділ құнының өзгеруі бойынша шығыстар», 7420 «Ұзақ мерзімді активтерді қатардан шығару жөніндегі шығыстар», 7430 «Бағамдық айырма бойынша шығыстар», 7440 «Активтердің құнсыздануынан түсетін шығыстар», 7450 «Резервтерді құру бойынша шығыстар», 7460 «Өзге шығыстар», 7470 «Республикалық және жергілікті бюджеттердің ҚБШ-лары бойынша шығыстар», 7480 «Бағалы қағаздарды орналастырудан шығыстар» шоттарының кредитінен есептен шығарылады;
5210 «Есепті жылдың қаржылық нәтижесі», 5230 «Бюджетке түсетін түсімдер бойынша есепті кезеңнің қаржылық нәтижесі» шотының кредитіне:
6010 «Ағымдағы қызметті қаржыландырудан алынатын кірістер», 6020 «Күрделі салымдарды қаржыландырудан алынатын кірістер», 6030 «Трансферттер бойынша кірістер», 6040 «Субсидиялар төлемдері бойынша қаржыландырудан түсетін кірістер», 6050 «Қайырымдылық көмектен алынатын кірістер», 6060 «Гранттар бойынша кірістер», 6070 «Қарыздардың түсімдерінен түсетін кірістер», 6080 «Айырбас емес операциялардан алынатын өзге кірістер», 6110 «Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуден алынатын кірістер», 6210 «Сыйақылар бойынша кірістер», 6220 «Активтерді басқарудан алынатын өзге де кірістер», 6310 «Әділ құнның өзгеруінен түсетін кірістер», 6320 «Ұзақ мерзімді активтердің шығуынан алынатын кірістер», 6330 «Өтеусіз түрде алынған активтерден алынатын кірістер», 6340 «Бағамдық айырмадан түсетін кірістер», 6350 «Залалдарды өтеуден алынатын кірістер», 6360 «Өзге кірістер», 6370 «Жәбірленушілерге өтемақы қорына түсетін түсімдерден алынатын кірістер», 6380 «Бағалы қағаздарды орналастырудан түсетін кірістер»;
есепті жылдың аяғында 5220 «Өткен жылдардың қаржылық нәтижесі», 5240 «Бюджетке түсетін түсімдер бойынша алдыңғы жылдардың қаржылық нәтижесі» шоттарының кредитіне 5210 «Есепті жылдың қаржылық нәтижесі», 5230 «Бюджетке түсетін түсімдер бойынша есепті кезеңнің қаржылық нәтижесі» шоттарының дебеттерінен мемлекеттік мекеменің қаржылық қызметінің оң нәтижесі жазылады;
есепті жылдың аяғында 5220 «Өткен жылдардың қаржылық нәтижесі», 5240 «Бюджетке түсетін түсімдер бойынша өткен жылдардың қаржылық нәтижесі» шоттарының дебетіне 5210 «Есепті жылдың қаржылық нәтижесі», 5230 «Бюджетке түсетін түсімдер бойынша есепті кезеңнің қаржылық нәтижесі» шоттарының кредитінен мемлекеттік мекеменің қаржылық қызметінің теріс нәтижесі жазылады.»;
«Бухгалтерлік баланс активінің 010 «Ақша қаражаты және олардың баламалары» жолы (1010, 1020, 1030, 1040, 1050, 1060, 1070, 1080 және 1090 шоттары) бойынша түсімдерді есепке алу мен есеп айырысу үшін ҚБШ-дағы, шетел валютасындағы шоттарында және сыртқы қарыздар мен байланысты гранттардың арнайы шоттарындағы, кассадағы, мемлекеттік мекеменің ағымдағы және есеп айырысу шоттарындағы, міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар, өзге ақша қаражаты көрсетіледі.»;
тоғызыншы бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
«017 «Қызметкерлердің және өзге де есеп беретін тұлғалардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» (1260 шоты) жолы бойынша қызметкерлердің және өзге де есеп беретін тұлғалардың есеп беретін сомалары және басқа да есеп айырысу түрлері бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек сомасы көрсетіледі.»;
«210 «Қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелері» (3010, 3020, 3030 және 3040 шоттары) жолы бойынша алынған қысқа мерзімді сыртқы және ішкі қарыздар, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша қаржылық міндеттемелер және өзге де қаржылық міндеттемелер сомасы көрсетіледі.»;
оныншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«218 «Қызметкерлер мен өзге де есеп беретін тұғаларға қысқа мерзімді кредиторлық берешек» (3240 шоты) жолы бойынша еңбекақы төлеу және басқа да ақшалай төлемдер бойынша (атқару құжаттары, депоненттелген сома, уақытша еңбекке жарамсыздығы үшін жәрдемақы, мүшелік кәсіподақтар жарнасы сомаларының қолма-қол аударымдары бойынша және шоттарға банктерге салымдар, пайдаланылмаған демалыстар, Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт туралы заңнамасына сәйкес өзге тұлғаларға берілетін іссапар шығыстары бойынша) қысқа мерзімді кредиторлық берешек және қызметкерлері мен өзге де есеп беретін тұлғалар алдындағы өзге де берешектер сомасы көрсетіледі.»;
«310 «Ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер» (4010, 4020, 4030 және 4040) жолы бойынша алынған сыртқы және ішкі қарыздардың, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша қаржылық міндеттемелер мен өзге де қаржылық міндеттемелер сомасы көрсетіледі.»;
«35. «Таза активтер/капитал» бөлімінде сыртқы қарыздар мен байланысты гранттар, қаржыландырулар сомасы, ағымдағы қызмет нәтижесінде пайда болған резервтер, мемлекеттік мекеменің жинақталған қаржылық нәтижесі есебінен қаржыландыру сомасы көрсетіледі.
410 «Күрделі салымдарды сыртқы қарыздар мен байланысты гранттар есебінен қаржыландыру» (5012 шоты) жолы бойынша сыртқы қарыздар мен байланысты гранттар есебінен қаржыландыру сомасы көрсетіледі.
411 «Резервтер» (5110 шоты) жолы бойынша резервтер бойынша: негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді, қаржы инвестицияларын қайта бағалауға, шетелдік қызмет бойынша шетел валютасын қайта есептеуге арналған қалдықтар және де өзге резервтер көрсетіледі.
412 «Жинақталған қаржылық нәтиже» (5220 және 5240 шоты) жолы бойынша есепті жылды қоса алғанда, мемлекеттік мекеменің қаржылық нәтижесі өсу қорытындысымен көрсетіледі.
36. 500 «Таза активтердің/капиталдың жиыны» жолы бойынша 410, 411 және 412-жолдарының қорытынды сомасы көрсетіледі.»;
«38. Баланстан тыс шоттарда мемлекеттік мекемелерге тиесілі емес, бірақ уақытша оның пайдалануындағы немесе билігіндегі құндылықтар, сондай-ақ қатаң есептегі бланктері, қорлар, жауапты сақтауға қабылданған немесе орталықтандырылған жабдықтау бойынша төленген демалыс үйлеріне жолдамалар, Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасында көзделген өзге негіздер бойынша мемлекеттік мүліктің құрамына кірген мүліктер және басқалар көрініс табады.
610, 620, 630, 640, 650, 660, 670, 680, 690-жолдары бойынша жолдардың нөмірлеріне сәйкес материалдық құндылықтар, жалға алынған активтер мен басқа де баланстан тыс активтер есепке алынған баланстан тыс активтер санамаланған.»;
«40. 100 «Кірістер, барлығы» жолы 010, 021, 030 және 040-жолдарының сомасын көрсетеді.
010 «Айырбас емес операциялардан алынатын кірістер» жолы бойынша 011, 012, 013, 014, 016, 017, 018, 019, 020, 020-1, 020-2 және 020-3-жолдарының сомасы көрсетіледі.
011 «Ағымдағы қызметті қаржыландыру» (6010 шоты) жолы бойынша мемлекеттік мекемені және ағымдағы қызметін ұстауға басқа бюджеттер есебінен жеке қаржыландыру жоспары бойынша, республикалық бюджетке тауарлардың құны түріндегі түсімдермен байланысты операциялар бойынша бөлінген бюджеттік қаржыландыру сомасы көрсетіледі. Ағымдағы қызметті қаржыландырудан түсетін кірістер, мемлекеттік мекеме есепті жылдың аяғында бюджетке қайтарған 6090 «Бюджет қаражатының қалдықтарын қайтару» шотында көрсетілген пайдаланылмаған қаражат қалдығын шегере отырып көрсетіледі.
012 «Күрделі салымдарды қаржыландыру» (6020 шоты) жолы бойынша күрделі салымдар бойынша бюджеттік қаржыландыру сомасы мемлекеттік мекеме бюджетке қайтарған 6090 «Бюджет қаражатының қалдықтарын қайтару» шотында көрсетілген есепті жылдың аяғында пайдаланылмаған қаражат қалдығы шегеріле отырып көрсетіледі.
Комментарий успешно добавлен