Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
«Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 941 қаулысы
Осы Қаулы 2024 жылғы 14 мамырдан бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 26.04.2024 жылғы № 336 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
«Өңдеу өнеркәсібіндегі және көрсетілетін қызметтер жобаларына
10 миллиард теңгеден астам сомаға, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешендегі өндіру мен өңдеу бойынша 500 миллион теңгеден астам сомаға кредит берген жағдайда, тиісті салалық орталық уәкілетті органның оң қорытындысы қажет.»;
екінші, үшінші және төртінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«Өңдеу өнеркәсібіндегі, көрсетілетін қызметтер бойынша және агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңдеудегі ЖКС жобаларын субсидиялау шарттары:
Субсидиялау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 25 тамыздағы № 522 қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде көзделген қаражат есебінен жүзеге асырылады.
ЕДБ-ның ЖКС-ге беретін кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды қаржыландыру республикалық бюджет қаражатынан жүзеге асырылады. Қаржы агенттігіне қаражат аударуды кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган қаржы агенттігінің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған арнайы шотына субсидиялар аудару шартына сәйкес жүзеге асырады. Бұл ретте, алғашқы төлем қаржы агенттігіне тиісті қаржы жылында көзделген қаражат сомасының 50 %-ы мөлшерінде аударылады. Одан кейінгі төлемдер қажеттілігіне қарай қаржы агенттігінің өтінімдері бойынша жүзеге асырылады.»;
сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы тетік шеңберінде іске асырылатын жобаларды субсидиялау шарттары, тәртібі мен тетігі, сондай-ақ мониторингі Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2016 жылғы 19 сәуірдегі № 234 қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларымен регламенттеледі.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |