• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті және оның аумақтық органдары көрсететін мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 01.06.2020 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті және оның аумақтық органдары көрсететін мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2019 жылғы 22 қаңтардағы № 7 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 24 қаңтарда № 18232 болып тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 1 маусымнан бастап ҚР Бас Прокурорының 18.05.2020 жылғы № 64 Бұйрығына сәйкес
Редакция 08.06.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңы 10-бабының 2)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Бекітілсін:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес «Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтаманы беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мен оның аумақтық басқармалары шегінде архив анықтамаларын және/немесе архив құжаттарының көшірмелерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Бас Прокурорының 24.05.2019 жылғы № 44 Бұйрығына сәйкес (22.01.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 08.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы мәлімет беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті.
4) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес «Прокуратура органдарынан, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті.
2. Қазақстан Республикасы Бас Прокурордың келесі бұйрықтары күші жойылған деп танылатын:
1) ««Прокуратура органдарынан, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 13 тамыздағы № 102 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12080 болып тіркелген, 2015 жылғы 28 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жарияланған);
2) «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетімен және оның аумақтық басқармаларымен көрсетілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2017 жылғы 18 мамырдағы № 49 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15254 болып тіркелген, 2017 жылы 10 шілдеде нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкінде жарияланған).
3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет) заңнамамен бекітілген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсына орналастыруды;
4) осы бұйрықты Комитеттің аумақтық органдарына орындау үшін жіберуді қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Қ. Қожамжаров
  • 1
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2019 жылғы 22 қаңтардағы
№ 7 бұйрығына 1-қосымша
«Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама беру» мемлекеттік қызмет регламенті
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет көрсету) «Мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 27 шілдедегі № 95 бұйрығымен бекітілген, (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімдемесінде № 12055 тіркелген) (бұдан әрі – Стандарт) мемлекеттік қызмет стандарттарына сәйкес Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті және оның аумақтық органдары көрсетеді (бұдан әрі – қызмет көрсетуші).
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет өтініштерді қабылдау және оның нәтижесін беру жүзеге асырылады:
1) «азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам арқылы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
2) «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы және жылжымалы желінің абоненттік құрылғысы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетіледі.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: электронды (толықтай автоматтандырылған) және (немесе) қағаз.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және (немесе) заңды тұлғаларға ақысыз көрсетіледі (бұдан әрі – қызмет алушы).
Басқа жеке тұлғаға қатысты мәлімет алу үшін мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – үшінші тұлға) тек электронды нысанда портал арқылы, мәлімет сұратылған тұлғаның келісімі болған жағдайда көрсетіледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі – Стандарттың 1, 2-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама беру (бұдан әрі – анықтама),
Анықтамада Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 79 және 89-баптарына сәйкес, қызмет көрсетушіде бар тұлғаның өтелмеген, алынып тасталмаған соттылығы туралы мәліметтер, жүгінген өңірге қарамастан, тексеру жүргізген күндегі жағдайға байланысты көрсетіледі.
Қызмет көрсетушінің қызметкерлері соттылықтың өтелуін есептеу жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету барысында қызмет көрсетушінің құрылымдық бөлімшелерінің іс-әрекеттер тәртібінің сиппатамасы
4. Қызмет алушының Стандарттың 9-тармағымен көзделген құжаттарының (бұдан әрі – құжат) болуы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (әрекет) бастаудың негізі болып табылады.
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (әрекет) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – ҚР БП ҚСжАЕАК ААЖ) электрондық құжатты тіркеу және сұрауды өңдеу – 30 (отыз) секунд;
ҚР БП ҚСжАЕАК ААЖ деректерді тексеру (өңдеу) – 30 (отыз) секунд;
ҚР БП ҚСжАЕАК ААЖ мәліметтерді сәйкестендіру бойынша сәйкестік болмаған жағдайда, қызмет көрсетуші жауап қалыптастыру және қызмет нәтижесін қағаз тасымалдағышта дайындау – 3 (үш) сағат;
ҚР БП ҚСжАЕАК ААЖ тексеруді сәйкестендіру бойынша ҚР БП ҚСжАЕАК ААЖ жүйесімен қызмет алушының сауалнамалық деректерінде сәйкестік орнатылса, қызмет алушыға қолмен өңдеуге жолдау – 1 (бір) минут.
ҚР БП ҚСжАЕАК ААЖ декректерді қосымша тексеру (өңдеу), оның ішінде соттылықтың өтелуін есептеу – 3 (үш) жұмыс күні;
қызмет нәтижесін қағаз тасымалдағышта дайындау – 3 (үш) сағат;
қызмет көрсетушінің уәкілетті тұлғасы қызмет және (немесе) композиттік қызметтің қағаз тасымалдағыштағы нәтижесіне қол қоюы – 1 (бір) сағат;
Қызметтің нәтижесін қағаз тасымалдағышта Мемлекеттік корпорацияның филиалына курьер арқылы тізілім бойынша беру болмаса пошта байланысымен жолдау мемлекеттік көрсетілетін қызметтердік стандартымен орнатылған, мемлекеттік қызмет көрсетіу мерзімінен тәулік өткеннен кешіктірілмейді.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету барысында қызмет көрсетушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын қызмет көрсетушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізімдері:
1) қызмет көрсетушінің анықтама дайындайтын жауапты орындаушысы;
2) қызмет көрсетушінің сұратылған мәліметтерге қосымша тексеру (анықтау) жүргізетін аумақтық органының жауапты орындаушысы;
3) қызмет көрсетушінің анықтамаға қол қоятын уәкілетті тұлғасы;
4) қызмет көрсетушінің қағаз нысанындағы қызмет нәтижесін курьер болмаса пошта байланысы арқылы Мемлекеттік корпорацияға жолдайтын кеңсе қызметкері.
7. Әрбір рәсімнің (әрекет) ұзақтығын көрсете отырып, қызмет көрсетушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлер) арасындағы процедуралардың (әрекет) кезектілігінің сипаттамасы: