Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
«Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидаларын және күдікті операцияны айқындау белгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 1484 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 929 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2020 жылғы 15 қарашадан бастап ҚР Үкіметінің 07.10.2020 жылғы № 643 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидаларын және күдікті операцияны айқындау белгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 1484 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 80, 1191-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидаларында:
«3. Заңның 3-бабы 1-тармағының 1) – 6), 8) – 16) тармақшаларында көрсетілген қаржы мониторингінің субъектілері беретін ақпарат уәкілетті органға «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қазақстандық банкаралық есептеулер орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының телекоммуникациялар желілері немесе уәкілетті органның веб-порталы арқылы ХМL форматында электрондық тәсілмен жолданады.
Заңның 3-бабы 1-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген қаржы мониторингінің субъектісі беретін ақпарат уәкілетті органға «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қазақстандық банкаралық есептеулер орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының телекоммуникациялар желілері, уәкілетті органның веб-порталы арқылы ХМL форматында электрондық тәсілмен немесе қағаз жеткізгіште жолданады.
Қаржы мониторингінің субъектісі ақпаратты осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде көзделмеген тәсілмен берген жағдайда уәкілетті орган бұл ақпаратты қарамай қайтарады. Бағдарламалық қамтамасыз етуде уәкілетті орган растаған техникалық қателердің туындау себебі бойынша Заңның 10-бабының 2-тармағында және 13-бабының 2-тармағында көрсетілген мерзімдер бұзылған жағдайда, егер қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы ақпарат техникалық қателер жойылғаннан кейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей жолданса, бұл мәліметтер мен ақпарат белгіленген мерзімде жолданды деп есептеледі.
Электрондық тәсілмен ұсынылатын ақпараттың XML форматын уәкілетті орган бекітеді.»;
«8. Ақпараттың қабылданбағаны туралы хабарлама алған жағдайда қаржы мониторингінің субъектісі жиырма төрт сағат ішінде (демалыс және мереке күндерін қоспағанда) хабарламада көрсетілген ақпаратты қабылдаудан бас тартудың себептерін жою жөнінде шаралар қабылдайды және түзетілген ақпаратты уәкілетті органға жолдайды.»;
«9. Бұрын ұсынылған және уәкілетті орган қабылдаған ақпаратқа өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажет болған жағдайда қаржы мониторингінің субъектісі ауыстыруға жататын ақпарат анықталған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға бұрын ұсынылған ақпараттың орнына ақпарат жібереді.
Жаңа ақпаратты уәкілетті органның қабылдағаны (қабылдамағаны) туралы хабарлама қаржы мониторингінің субъектілеріне осы Қағидалардың 7-тармағында белгіленген тәртіпке сәйкес жіберіледі.»;
қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат нысанында (бұдан әрі – ҚМ-1 нысаны):
реттік нөмірі 1.4-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жасалған (операцияның аяқталған уақыты)
2. Жасалмаған – өткізуден бас тарту
3. Жасалмаған – шешім қабылдау үшін».;
реттік нөмірі 1.5-жолда:
3-бағанда:
мынадай мазмұндағы 8, 9 және 10-тармақтармен толықтырылсын:
«8. Осындай зерделеу нәтижелерін тіркей отырып, қаржы мониторингінің субъектілері күдікті деп таныған, міндетті зерделеуге арналған операциялар.
9. Сипаттамалары терроризмді қаржыландырудың типологияларына, схемаларына және тәсілдеріне сәйкес келетін операциялар.
10. Сипаттамалары қылмыстық кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) типологияларына, схемаларына және тәсілдеріне сәйкес келетін операциялар»;
реттік нөмірі 2.5-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
2.5 |
Орналасқан мекенжайы |
1. Облыс (оның ішінде республикалық маңызы бар қалалар мен астана): 2. Аудан: 3. Республикалық маңызы бар қалалар мен астананы қоспағанда, елді мекен (қала/кент/ауыл): 4. Көшенің/даңғылдың/шағын ауданның атауы: 5. Үй нөмірі: 6. Пәтердің/офистің нөмірі (болған жағдайда): 7. Пошталық индекс: |
»;
реттік нөмірі 2.7-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
2.7 |
Жауапты жұмыскер |
1. Тегі: 2. Аты: 3. Әкесінің аты (болған жағдайда): |
»;
реттік нөмірі 2.7.1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
2.7.1 |
Жауапты жұмыскердің лауазымы |
»;
реттік нөмірі 4.21-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
4.21 |
Заңды мекенжайы (заңды тұлғалар үшін – заңды мекенжай, жеке тұлғалар үшін – тіркелген жерінің мекенжайы) |
1. Облыс (оның ішінде республикалық маңызы бар қалалар мен астана): 2. Аудан: 3. Республикалық маңызы бар қалалар мен астананы қоспағанда, елді мекен (қала/кент/ауыл): 4. Көшенің/даңғылдың/шағын ауданның атауы: 5. Үй нөмірі: 6. Пәтердің/офистің нөмірі (болған жағдайда): 7. Пошталық индекс: |
»;
реттік нөмірі 4.24-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
4.24 |
Нақты мекенжай (заңды тұлғалар үшін – орналасқан жерінің мекенжайы, жеке тұлғалар үшін – тұратын жерінің мекенжайы) |
1. Облыс (оның ішінде республикалық маңызы бар қалалар мен астана): 2. Аудан: 3. Республикалық маңызы бар қалалар мен астананы қоспағанда, елді мекен (қала/кент/ауыл): 4. Көшенің/даңғылдың/шағын ауданның атауы: 5. Үй нөмірі: 6. Пәтердің/офистің нөмірі (болған жағдайда): 7. Пошталық индекс: |
»;
он үшінші және он төртінші абзацтар алып тасталсын;
он бесінші және он алтыншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
««2. Жасалмаған – өткізуден бас тарту» – қаржы мониторингінің субъектісі операцияны өткізуден бас тарту туралы шешім қабылдаған жағдайда көрсетіледі. Бұл ретте 4.25-деректемеде операцияны өткізуден бас тартудың себебі көрсетіледі.
«3. Жасалмаған – шешім қабылдау үшін» – қаржы мониторингінің субъектісі операцияны күдікті деп тану туралы хабарламаны уәкілетті органға ол жүргізілгенге дейін жіберген жағдайда көрсетіледі.
Уақыт цифрлық форматта көрсетіледі: сағаты (екі белгі)/минуты (екі белгі), күні (екі белгі)/айы (екі белгі)/жылы (төрт белгі).»;
он тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
««2. Күдікті операция» – клиенттің операциялары күдікті операцияны анықтау белгілеріне сәйкес күдікті деп танылған жағдайда көрсетіледі.»;
жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші және жиырма төртінші абзацтар алып тасталсын;
жиырма бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«№ 8002-8011 күдікті операцияларды айқындау белгілерінің кодтары көрсетілген жағдайда ҚМ-1 нысанының 3 және 4-бөлімдерінде мынадай деректемелерді толтыру міндетті болып табылады: 3.4, 4.2, 4.4, 4.5, 4.7 (1.1, 1.2, 1.3-жолдар), заңды тұлғалар үшін: 4.8, жеке тұлғалар үшін: 4.14. Бұл ретте 4.2-деректемеде «2. Болып табылады» деген мән көрсетілген кезде мынадай деректемелерді толтыру міндетті болып табылады: 4.7 (1.4-жол), 4.13; жеке тұлғалар үшін: 4.15, 4.16 (1-жол), 4.17, 4.18.»;
жиырма сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
««4.2. Банктік есепшотты пайдаланбай төлемдер мен аударымдар бойынша нұсқауларды орындауды тоқтата тұру» – мұндай жеке тұлғаның банктік есепшотын пайдаланбай, төлем немесе ақша аударымы бойынша нұсқаулар, сондай-ақ бенефициарлық меншік иесі осындай жеке тұлға болып табылатын клиенттің нұсқауларын орындау тоқтатыла тұрған жағдайда көрсетіледі. ҚМ-1 нысанының 3 және 4-бөлімдерінде толтыру міндетті аталған тармақты таңдаған кезде мына деректемелер: 3.4, 3,6, 3,7, 4.2, 4.4, 4.5, 4.7 (1.1, 1.2, 1.3-жолдар), 4.13; заңды тұлғалар үшін: 4.8; жеке тұлғалар үшін: 4.14, 4.15, 4.16 (1-жол), 4.17, 4.18.»;
отыз бірінші абзац алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы отыз екінші, отыз үшінші және отыз төртінші абзацтармен толықтырылсын:
««8. Осындай зерделеу нәтижелерін тіркей отырып, қаржы мониторингі субъектілері күдікті деп таныған, міндетті зерделеуге арналған операциялар» – егер Заңның 4-бабының 4-тармағына сәйкес клиенттің операциялары зерделеу нәтижелері бойынша күдікті деп танылған жағдайда көрсетіледі.
«9. Сипаттамалары терроризмді қаржыландырудың типологияларына, схемаларына және тәсілдеріне сәйкес келетін операциялар» – егер клиент операцияларының сипаттамалары терроризмді қаржыландыру типологияларына, схемаларына және тәсілдеріне сәйкес болған жағдайда көрсетіледі.
«10. Сипаттамалары қылмыстық кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) типологияларына, схемаларына және тәсілдеріне сәйкес келетін операциялар» – егер клиент операцияларының сипаттамалары қылмыстық жолмен алынған кірістерді (жылыстату) типологияларына, схемаларына және тәсілдеріне сәйкес болған жағдайда көрсетіледі.»;
алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Орналасқан жерінің мекенжайы» деген 2.5-деректемеде қаржы мониторингі субъектісінің заңды мекенжайы облыс (оның ішінде республикалық маңызы бар қалалар мен астана), аудан, республикалық маңызы бар қалалар мен астананы қоспағанда, елді мекен (қала/кент/ауыл), көшенің/даңғылдың/шағын ауданның атауы, үй нөмірі, пәтердің/офистің нөмірі (болған жағдайда), пошталық индексі көрсетіледі.»;
он бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Жауапты жұмыскер» деген 2.7-деректемеде ішкі бақылау қағидаларын сақтауға жауапты, байланыс жасайтын адамның деректері көрсетіледі:»;
он бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Жауапты жұмыскердің лауазымы» деген 2.7.1-деректемеде ішкі бақылау қағидаларын сақтауға жауапты лауазымды адамның атқаратын лауазымы көрсетіледі.»;
жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Төлемді тағайындау коды» деген 3.3-деректемеде «Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 203 қаулысына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 25 қазанда № 14365 болып тіркелді) сәйкес қаржы мониторингіне жататын операциялар төлемдерін тағайындау коды көрсетіледі. 2.1-деректемеде қаржы мониторингі субъектісі түрінің 011, 012 немесе 101 кодтары көрсетілген жағдайда деректемені толтыру міндетті, «Белгілеу мүмкін емес» төлемді тағайындау кодын белгілеу мүмкін болмаған жағдайда көрсетіледі.»;
тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Операция валютасының коды» деген 3.5-деректемеде «Кедендік декларацияларды толтыру үшін пайдаланылатын валюта сыныптауышы туралы» Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешімімен бекітілген «Валюта сыныптауышы» 23-қосымшасына сәйкес операцияны жасау валютасының коды көрсетіледі.»;
елу жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Заңды мекенжайы» деген 4.21-деректемеде заңды тұлғалар үшін – заңды мекенжайы немесе жеке тұлғалар үшін операцияға қатысушының тіркелген жерінің мекенжайы облыс (оның ішінде республикалық маңызы бар қалалар мен астана), аудан, елді мекен (қала/кент/ауыл) (республикалық маңызы бар қалалар мен астананы қоспағанда), көшенің/даңғылдың/шағын ауданның атауы, үйдің нөмірі, пәтердің/офистің нөмірі (бар болған жағдайда) форматында көрсетіледі.»;
алпысыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Нақты мекенжайы» деген 4.24-деректемеде заңды тұлғалар үшін – заңды мекенжайы немесе жеке тұлғалар үшін операцияға қатысушының тіркелген жерінің мекенжайы облыс (оның ішінде республикалық маңызы бар қалалар мен астана), аудан, елді мекен (қала/кент/ауыл) (республикалық маңызы бар қалалар мен астананы қоспағанда), көшенің/даңғылдың/шағын ауданның атауы, үйдің нөмірі, пәтердің/офистің нөмірі (бар болған жағдайда) форматында көрсетіледі.»;
қаржы мониторингі субъектілерінің түрлері кодтарының анықтамалығында:
мына:
«
120 |
Банктер болып табылмайтын электронды ақша жүйелерінің операторлары |
»
деген жол алып тасталсын;
мына
«
170 |
Төлемдерді қабылдау бойынша операторлар |
»
деген жол алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
«
171 |
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры |
172 |
Төлем ұйымдары |
»;
қаржы мониторингіне жататын операциялардың түрлері кодтарының анықтамалығы:
мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
«
6050 |
әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдар және (немесе) жарналарды салу, аудару. |
6055 |
терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген тұлға бенефициарлық меншік иесі болып табылатын ұйымның банктік шотына ақша аудару. |
6060 |
сот шешімі негізінде терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген ұйымдар мен жеке тұлғалардың ақшасымен және (немесе) өзге мүлкімен жасалатын операциялар. |
»;
көрсетілген қаулымен бекітілген күдікті операцияларды айқындау белгілері осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 929 қаулысына 1-қосымша
Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидаларына 4-қосымша
Жеке басты куәландыратын құжаттардың түрлері кодтарының анықтамалығы
Коды |
Атауы |
Жеке басты куәландыратын құжаттар |
|
1 |
2 |
01 |
Жеке куәлік |
02 |
Қазақстан Республикасы азаматының паспорты |
03 |
Шет мемлекет азаматының паспорты |
04 |
Шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат |
05 |
Азаматтығы жоқ адамның куәлігі |
06 |
Қазақстан Республикасының дипломатиялық паспорты |
07 |
Қазақстан Республикасының қызметтік паспорты |
08 |
Босқын куәлігі |
09 |
Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігі |
010 |
Туу туралы куәлік |
011 |
Қайтып оралуға арналған куәлік |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 929 қаулысына 2-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 1484 қаулысымен бекітілген
Күдікті операцияны айқындау белгілері
Р/с № |
Код № |
Күдікті операцияны айқындау белгілері |
1 |
2 |
3 |
|
1. Жалпы |
|
1. |
1012 |
Клиенттің (клиент өкілінің) қызметтер көрсетілуінің анағұрлым тиімді шарттарын (комиссиялар, сыйақы және т.б.) елемеуі, сондай-ақ клиенттің (клиент өкілінің) қаржы мониторингі субъектісінің көрсеткен қызметі үшін ерекше жоғары комиссия (сыйақы) ұсынуы. |
2. |
1046 |
Коммерциялық емес ұйымның қатысуымен жасалған операция (салық, бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдерді, айыппұлдар мен өсімпұлдарды, зейнетақыны және әлеуметтік аударымдарды, мүшелік жарналарды, коммуналдық төлемдерді, міндетті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларын төлеумен байланысты операцияларды, сондай-ақ күдікті операциялар белгілерінің 1040, 3002, 3003 және 1041 кодтарында көрсетілген операцияларды қоспағанда). |
3. |
1040 |
Коммерциялық емес ұйымдардың қатысуымен ақшамен және/немесе өзге мүлікпен, қайырымдылық қызметімен және/немесе өзге де қайырмалдықпен байланысты операциялар жасау (3003 кодта көрсетілген операцияларды қоспағанда). |
4. |
1041 |
Коммерциялық емес ұйымдардың шоттарына шет елдерден ақша қаражатының түсуі. |
5. |
1042 |
Оффшорлық аймақта ашылған банк шотына өз қаражатын аудару. |
6. |
1043 |
Тіркелген, тұрғылықты жері немесе орналасқан жері оффшорлық аймақтағы клиенттің операциялары (0623, 0633, 0640 кодтарында көрсетілген операцияларды қоспағанда (5-қосымша, қаржы мониторингіне жататын операциялар түрлері кодтарының анықтамалығы). |
7. |
1035 |
Клиент Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлейтін топтың (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын мемлекетте (аумақта) тіркелген (тұрады) не осы мемлекетте тіркелген (тұратын) тұлғалардың қатысуымен, сол сияқты осы мемлекетте (аумақта) тіркелген банктегі шотты пайдалана отырып, жүйелі түрде операциялар жасайды. |
8. |
2003 |
Клиенттің (клиент өкілінің) дұрыстығы күмән туғызатын және тексеру мүмкін емес мәліметтерді, оның ішінде бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтерді ұсынуы, сол сияқты клиент көрсеткен мекенжай мен телефондар бойынша хабарласудың мүмкін болмауы. |
9. |
2005 |
Клиенттің (клиент өкілінің) операциялар жасауда негізсіз асығуы және (немесе) өткізілетін операцияларға қатысты құпиялылық мәселелеріне шамадан тыс алаңдаушылық танытуы. |
10. |
2007 |
Клиенттің үшінші тұлғаның және/немесе операция кезінде қатысатын тұлғалардың басшылығымен операция жүргізуі. |
11. |
2014 |
Бұл қызмет оның кәсіптік қызметінің шеңберіне кірмейтін жағдайларды қоспағанда, бағалы металдар мен асыл тастарды, зергерлік бұйымдарды, бағалы металдар сынығын сатып алу-сату. |
12. |
2015 |
Операцияны жүзеге асыру кезінде анық жалған ақпарат ұсынуының салдарынан клиенттің толқып тұрғаны байқалады. |
13. |
2017 |
Клиент мемлекеттік тіркеу орны бойынша да, клиентті тиісті тексеру шеңберінде тіркелген нақты мекенжай бойынша да табылмады. |
14. |
3001 |
Терроризмді қаржыландыру тәуекелі жоғары елге (елден) ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен операциялар жасау. |
15. |
3002 |
Коммерциялық емес ұйымдардың қатысуын қоспағанда, қайырымдылық қызметімен және (немесе) өзге де қайырмалдықпен байланысты ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар жасау. |
16. |
3003 |
Діни бағыттағы коммерциялық емес ұйымдардың қатысуымен ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен операциялар жасау (салық, бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдерді, айыппұлдар мен өсімпұлдарды, зейнетақыны және әлеуметтік аударымдарды, мүшелік жарналарды, коммуналдық төлемдерді, міндетті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларын төлеумен байланысты операцияларды қоспағанда). |
17. |
3004 |
Клиенттің осы операция (операциялар) терроризмді және (немесе) экстремизмді қаржыландыруға бағытталған деп пайымдауға негіз туындаған операцияны (операцияларды) жасауы. |
18. |
7002 |
Егер бұл клиенттің қызметіне жатпаса, химиялық, биологиялық және ядролық қаруға және олардың құрауыштарына жататын заттарды сатып алуға-сатуға, тасымалдауға, дайындауға, сақтауға және өткізуге байланысты ақшамен және өзге де мүлікпен жасалатын операциялар. |
19. |
7003 |
Егер бұл клиенттің қызметіне жатпаса, әскери мақсаттағы заттарды, дәрі-дәрмекті сатып алуға-сатуға байланысты ақшамен және өзге де мүлікпен жасалатын операциялар. |
20. |
7004 |
Егер бұл клиенттің қызметіне жатпаса, дәрілік препараттарды ғана емес, сонымен қатар улы және күшті әсер ететін басқа да синтетикалық және табиғи заттарды да қамтитын заттарды сатып алуға-сатуға байланысты ақшамен және өзге де мүлікпен жасалатын операциялар. |
21. |
7006 |
Қаржы мониторингі субъектісінің ішкі рәсімдеріне сәйкес қызметі, операциялары не оларды жасауға әрекеттенуі күдікті деп танылған клиенттер. |
22. |
8002 |
Қаржы мониторингінің субъектісінде операцияның терроризмді қаржыландыруға бағытталғаны туралы күдік туындатқан күдікті операцияны жасауға әрекеттену. |
23. |
8003 |
Заңның 5-бабы 3-тармағының 1), 2), 2-1), 4) және 6) тармақшаларында көзделген шараларды қолдану мүмкiн болмаған жағдайда іскерлік қатынастар орнатудан бас тарту. |
24. |
8004 |
Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) бағытталуы мүмкін іскерлік қатынастарды орнатудан бас тарту. |
25. |
8005 |
Терроризмді не өзге қылмыстық қызметті қаржыландыруға бағытталуы мүмкін іскерлік қатынастарды орнатудан бас тарту. |
26. |
8006 |
Заңның 5-бабы 3-тармағының 1), 2), 2-1), 4) және 6) тармақшаларында көзделген шараларды қабылдау мүмкiн болмаған жағдайда операция жүргізуден бас тарту. |
27. |
8007 |
Қаржы мониторингінің субъектісінде операцияның қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) бағытталғаны туралы күдік туындатқан операцияны жүргізуден бас тарту. |
28. |
8008 |
Қаржы мониторингінің субъектісінде операция терроризмді не өзге қылмыстық қызметті қаржыландыруға бағытталғаны туралы күдік туындатқан операцияны жүргізуден бас тарту. |
29. |
8010 |
Клиент жасайтын операцияларды зерделеу процесінде клиент іскерлік қатынастарды қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) мақсатында пайдаланады деген күдік туындаған жағдайда іскерлік қатынастарды тоқтату. |
30. |
8011 |
Клиент жасайтын операцияларды зерделеу процесінде клиент іскерлік қатынастарды терроризмді қаржыландыру мақсатында пайдаланады деген күдік туындаған жағдайда іскерлік қатынастарды тоқтату. |
31. |
8014 |
Сот шешімі бойынша терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген тұлғаның операциялар жасауы. |
32. |
1028 |
Сыртқы экономикалық қызмет жөніндегі шарттар шеңберінде тұрақсыздық айыбын төлеуге байланысты аударымдар. |
|
2. Ақша төлемдері мен аударымдары бойынша қызметтер көрсету кезінде |
|
33. |
1011 |
Экспорт немесе импорт келісімшарттары бойынша резиденттің 360 күннен асатын репатриация мерзімін көрсетуі (Қазақстан Республикасының аумағында құрылыс-монтаж жұмыстарын орындауды және/немесе қызметтер көрсетуді көздейтін келісімшарттарды қоспағанда). |
34. |
1017 |
Есеп айырысуды жүргізу тәртібі бойынша қалыптасқан іскерлік практикадан өзгеше, стандартты емес немесе әдеттегіден күрделі нұсқаулықтардың болуы. |
35. |
1023 |
Мәні жағынан бірдей және/немесе ұқсас сомадағы ақшаны кейіннен кері аудара отырып, клиенттің ағымдағы шотынан оның басқа банктегі (басқа банктердегі) шотына (шоттарына) ақша қаражатын тұрақты түрде аудару. |
36. |
1029 |
Маркетингтік, консультациялық немесе зерттеу қызметтерін көрсету жөніндегі мәмілелер шеңберінде клиенттің тұрақты ақша аударуы (алуы). |
37. |
5002 |
Шарт (шарттар) бойынша тарап болып табылмайтын резидент еместің пайдасына тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) импортына шарт (шарттар) бойынша ақша төлемдері мен аударымдары. |
38. |
7001 |
Клиентте қаржы саласындағы қызметті және (немесе) қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия болмаған кезде жеке тұлғалардан ақша және (немесе) өзге де мүлік тартумен байланысты төлемдер мен аударымдар. |
39. |
7007 |
Кеден одағының кедендік аумағына тауардың нақты келіп түсуін көздемейтін не тауарды Кеден одағының аумағы арқылы алып өтуді көздемейтін тауарлар импортының шарты бойынша Кеден одағына кірмейтін мемлекеттер резиденттерінің пайдасына ақша төлемдері мен аударымдары. |
40. |
7008 |
Банктік шот ашпай-ақ, шетелге оларға қатысты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мақсатында жасалды деп ұйғаруға негіз туындайтын жүйелі ақша аударымдары. |
41. |
7009 |
Валюталық шарт ұсынбай жүзеге асырылатын валюталық операциялар бойынша жүйелі ақша төлемдері мен аударымдары. |
42. |
7011 |
Интернет-сауда саласында клиенттің қызметі туралы мәліметтер болмаған жағдайда, клиенттің пайдасына ірі мөлшерде электрондық ақша пайдаланылған төлемдердің түсуі не бірнеше рет электрондық ақша пайдаланылған төлемдердің түсуі. |
43. |
7012 |
Клиенттің пайдасына электрондық ақшаның сәйкестендірілмеген иелерінен электрондық ақша пайдаланылған төлемдердің жиі түсуі (салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу, коммуналдық қызметтерге, байланыс қызметтеріне, телерадиохабарларын тарату қызметтеріне ақы төлеу бойынша төлемдерді қоспағанда). |
|
3. Банктік қызмет көрсету кезінде |
|
44. |
1019 |
Егер клиенттің негізгі қызметі әдетте қолма-қол ақшасыз нысанда есеп айырысу болып табылса, заңды тұлға-клиенттің шотына түсетін қолма-қол ақша үлесінің айтарлықтай ұлғаюы. |
45. |
1025 |
Егер қолда бар ақпарат кредиттік берешекті қаржыландыру көзін анықтауға мүмкіндік бермесе, клиенттің кредитті мерзімінен бұрын өтеуі. |
46. |
1044 |
Қызметтердің кең спектрін көрсеткені және (немесе) тауарлардың әрқилы түрі үшін алынған ақша есепке алынғаннан кейін қысқа уақыт ішінде ақшаның бәрін не қомақты бөлігін банктік шоттан аудару. |
47. |
4006 |
Клиенттің дәл сол атына немесе отбасы мүшелерінің атына (заңды тұлғалар жасаған дәл сондай әрекет) кейіннен жаңа шоттар аша отырып, шоттарды жабу. |
48. |
4008 |
Жұмыстар мен қызметтер көрсеткені үшін алынған ақшаны және/немесе ақшаның қомақты бөлігін банктік шоттан (шоттардан) дәл сол адамның не адамдар тобының қысқа уақыт ішінде жүйелі түрде алуы. |
49. |
4009 |
Банктік шоттан ақшаны жүйелі түрде алуды жүзеге асыратын адамның ұсқынсыз сырт келбеті (белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамның белгілері, нашақорлық және (немесе) маскүнемдік белгілері). |
50. |
4013 |
Клиенттің банктік шотына үшінші тұлғалардан тұрақты түрде қолма-қол ақшаның түсуі, кейінен сол ақшаны клиенттің алуы не операциялық бір күн ішінде немесе одан кейінгі күні клиенттің немесе үшінші тұлғалардың банктік шоттарына ақшаның барлық немесе қомақты сомасын аудару. |
51. |
7013 |
Клиент пен мұндай тұлғалардың қызметі арасында анық байланыс болмаған жағдайда үшінші тұлғалардың пайдасына ашылатын (ашылған) депозиттерге клиенттің тұрақты түрде қолма-қол ақша есептеуі. |
52. |
7020 |
Сақтандыру қызметін жүзеге асыратын сақтандыру агентінің банктік шотына жүйелі түрде қолма-қол ақша салу. |
53. |
7023 |
Клиенттің өз қызметінің сипатымен байланысты емес алдын ала төленіп қойылған төлем карточкаларының қомақты көлемін сатып алуы. |
54. |
7018 |
Клиенттің шотына қолма-қол ақша қабылдауға арналған жабдықтың (құрылғының) көмегімен ақшаның жүйелі түрде түсуі. |
55. |
3006 |
Жынысына қарамастан, діншілдіктің сыртқы белгілері бар ақша қаражатын жіберушінің кіріс көздерін анықтау рәсімін өтуден бас тартуы. |
56. |
8012 |
Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген жеке тұлғаның Заңның 12-бабы 8-тармағының 1) тармақшасына сәйкес жалақы алу операциясын жүзеге асыру үшін өтініші. |
57. |
8013 |
Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген тұлғаның банктік шотына Заңның 13-бабы 1-1-тармағының бесінші бөлігіне сәйкес ақша салу. |
|
4. Бағалы қағаздар нарығында қызметтер көрсету, зейнетақы қорларының қызметтер көрсетуі кезінде. |
|
58. |
1003 |
Клиенттің не оның нұсқауы бойынша бағалы қағаздармен (қаржы құралдарымен) нәтижесінде осы бағалы қағаздардың (қаржы құралдарының) иеленушісі өзгермейтін мәмілелер жасауы. |
59. |
1004 |
Осыған ұқсас мәмілелер бойынша ағымдағы нарықтық бағадан едәуір ауытқитын бағалар бойынша (төмен бағамен, арзанға және/немесе жоғары бағамен) жасалатын бағалы қағаздарды сатып алу және сату жөніндегі мәмілелер. |
60. |
1005 |
Ұқсас мәмілелер бойынша ағымдағы нарықтық бағадан едәуір ауытқитын бағалар бойынша бағалы қағаздардың ұйымдасқан және/немесе ұйымдаспаған нарығында бағалы қағаздарды сатып алу (сату) туралы сауда-саттыққа екі немесе бірнеше қатысушының немесе олардың өкілдерінің келісімі. |
61. |
1007 |
Клиенттің бағалы қағаздар нарығына кәсiби қатысушысы болып табылмауы және (немесе) бағалы қағаздардың клиентке оның алдындағы контрагенттің қарызын өтеуге берілмеуі шартымен бағалы қағаздар және қаржылық көрсетілетін қызметтер ұйымдасқан нарығында айналыста жоқ бағалы қағаздардың көп мөлшерін клиенттің біржолғы сатуы (сатып алуы). |
62. |
7035 |
Клиенттің не оның нұсқауы бойынша бағалы қағаздармен (қаржы құралдарымен) нәтижесінде осы бағалы қағаздардың (қаржы құралдарының) бенефициарлық меншік иесі өзгермейтін мәмілелер жасауы. |
63. |
7037 |
Шетелдіктің, не азаматтығы жоқ адамның, не шарт жасаған кезде шекті жасқа жеткен немесе соған жақындаған адамның атына жеке зейнетақы шотын аша отырып, оған кейіннен ерікті зейнетақы жарналары түрінде қомақты сома аудару. |
|
|
5. Сақтандыру саласында қызметтер көрсету кезінде |
64. |
1020 |
Өмірді жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша сақтандырушыны, сақтанушыны не пайда алушыны ауыстыру жөнінде операциялар жасау. |
65. |
7026 |
Клиенттің ірі сомаға жасаған ерікті сақтандыру шартын ол жасалғаннан кейін шамалы уақыт аралығы өткен соң мерзімінен бұрын бұзып, сақтандыру сыйлықақысын, оның ішінде үшінші тұлғаның пайдасына қайтаруы. |
66. |
7028 |
Клиенттің жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысын төлеуге қолма-қол ақша беруге әрекеттенуі не беруі. |
67. |
7029 |
Жасалған жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының мөлшерін тиісінше ұлғайта отырып, сақтандыру сомасының мөлшерін өзгерту. |
68. |
7038 |
Сақтандыру делдалының (сақтандыру брокерінің, сақтандыру агентінің) қызметі үшін үшінші тұлғаға сақтандыру делдалының нұсқауы бойынша сыйақының барлығын не бір бөлігін төлеу. |
|
6. Нотариаттық, аудиторлық қызметтер көрсету кезінде |
|
69. |
1015 |
Қаржылық жалға беру шарты (лизинг) бойынша шарттың тиімсіз, экономикалық орынсыз талаптары бойынша мүлікті алу және (немесе) беру (нотариустар). |
70. |
1024 |
Нақ сол бір мәміле заты сатылатын және кейіннен сатып алынатын қаржы операцияларын жүзеге асыру. |
71. |
1032 |
Мәміле мәнінің шарты мен шын мәніндегі құнының анық сәйкес келмеуі. |
|
7. Ойын бизнесі саласында қызметтер көрсету кезінде |
|
72. |
1031 |
Құмар ойындар және/немесе құмар ойындардың ставкалары бойынша ұтыс ретінде ойын мекемесінен бірнеше мәрте ірі мөлшерде қаражат алу (төлеу). |
|
8. Лизинг қызметтерін көрсету кезінде |
|
73. |
1038 |
Егер қолда бар ақпарат борышты қаржыландыру көзін айқындауға мүмкіндік бермесе, бұрын міндеттемелерді орындау мерзімін өткізіп алуға жол берген клиенттің лизинг шарты бойынша негізгі борышты мерзімінен бұрын өтеуі. |
74. |
9002 |
Лизинг нысанасын сатушы және лизинг алушы (сублизинг алушы) сол бір тұлға болып табылса, мүлікті лизинг (сублизинг) шарты бойынша алу немесе беру. |
|
|
9. Ломбард қызметін жүзеге асыру кезінде |
75. |
9005 |
Сынамалау таңбаларының бедерлері жоқ бағалы металдардан және асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды кепілге тапсыру немесе сатуға қою. |
76. |
9006 |
Көлік құралын сенімхат бойынша ломбардқа кепілге қою. |
|
10. Бағалы металдарды және асыл тастарды, олардан жасалған зергерлік бұйымдарды сатып алуды, сатып алу-сатуды жүзеге асыру кезінде. |
|
77. |
9007 |
Жеке тұлғаның бағалы металдардан және (немесе) асыл тастардан (бір типті бұйымдар) және/немесе сертификатталған асыл тастардан жасалған бірнеше зергерлік немесе басқа тұрмыстық бұйымды жүйелі түрде сатып алуы. |
78. |
1045 |
Клиенттің тапсырмасы бойынша өткізілген бағалы металдар, асыл тастар және осындай бұйымдардың сынықтары, сондай-ақ зергерлік бұйымдар үшін ақша қаражатын үшінші тұлғалардың шоттарына аударуы. |
79. |
9011 |
Заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмейтін бедерленген асыл тастарды (гауһарды қоспағанда) сатып алуы. |
80. |
9012 |
Бағалы металдарды, асыл тастарды және олардан жасалған зергерлік бұйымдарды ағымдағы нарықтық бағалардан едәуір айырмасы бар бағалар бойынша сату. |
|
11. Жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату мәмілелерін жүзеге асыру кезінде |
|
81. |
9013 |
Клиенттің ауыртпалық салынған (ипотеканы қоспағанда) жылжымайтын мүлікпен мәміле жасауды ұсынуы немесе әрекеттенуі. |
82. |
9014 |
Жылжымайтын мүлікпен нарықтық құнынан едәуір айырмасы бар баға бойынша мәміле жасау. |
83. |
9015 |
Жеке тұлғаның жылжымайтын мүлік объектілерін қайта-қайта (үш немесе одан да көп рет) сатып алуы және (немесе) сатуы. |
84. |
9016 |
Сатып алушы ретінде жеке кәсіпкерлік субъектісі әрекет ететін мемлекеттік меншікке тиесілі жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату мәмілесін жүзеге асыру. |
|
12. Төлем ұйымдарының қызметін жүзеге асыру кезінде. |
|
85. |
9022 |
Қаржы мониторингінің субъектісінде осы операция және/немесе операциялар есірткі құралдарының заңсыз айналымымен байланысы бар деп пайымдауға негіз туындайтын ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар жүргізу. |
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |