Toggle Dropdown
1
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің автокөлік құралдарын жымқыруға қарсы күрестегі және оларды қайтаруды қамтамасыз етудегі ынтымақтастығы туралы
КЕЛІСІМ
(Мәскеу қ., 2005 жылғы 25 қарашада)
Toggle Dropdown
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын, үкіметтерінің атынан осы Келісімге қатысушы мемлекеттер, автокөлік құралдарын жымқырудың меншік иелеріне және мемлекеттерге айтарлықтай нұқсан келтіретінін атап көрсете отырып, жымқырылған автокөлік құралдарының террористік, криминалдық және басқа да құқыққа қарсы әрекеттер үшін пайдаланылуы мүмкін екенін назарға ала отырып, автокөлік құралдарын жымқырудың трансұлттық сипат алғанына алаңдаушылық білдіре отырып, автокөлік құралдарын жымқыруға қарсы тиімді күрестің барлық мүдделі тараптардың өзара іс-қимылы негізінде ғана мүмкін болатынын мойындай отырып, автокөлік құралдарын жымқыруды болғызбау және оларды қайтаруды қамтамасыз ету үшін келісілген шараларды жүзеге асыру қажеттігін сезіне отырып,жалпыға танылған қағидаттарды және халықаралық құқық нормаларын басшылыққа ала отырып, төмендегілер туралы келісті:
Toggle Dropdown
Осы Келісімнің мақсаттары үшін мынадай терминдер пайдаланылады:
Toggle Dropdown
автокөлік құралы - адамдарды, жүктерді немесе оған орнатылған жабдықтар мен тетіктерді тасымалдауға арналған механикалық құрылғы, оның ішінде тіркемелер, жартылай тіркемелер және мотоциклдер;
Toggle Dropdown
автокөлік құралын жымқыру - Тараптардың ұлттық заңнамасына сәйкес кез келген құқыққа сыйымсыз, қылмыстық жазаланатын автокөлік құралын өтеусіз алып қою немесе иеленіп алу;
Toggle Dropdown
автокөлік құралының сақталуы - автокөлік құралы табылған, ұсталған, алып қойылған немесе оған тыйым салынған кезде жасалған автокөлік құралын қарап-тексеру хаттамасында көрсетілген сипаттамаға сәйкес келетін жиынтықта оның сұрау салынатын Тараптың орталық құзыретті органының осы автокөлік құралын қайтару туралы шешімі күшіне енген кезге дейін сақталуы;
Toggle Dropdown
тіркеу құжаты - уәкілетті органдар берген, автокөлік құралын мемлекеттік, оның ішінде уақытша тіркеу туралы құжат;
Toggle Dropdown
автокөлік құралының меншік иесі - автокөлік құралын иелену, пайдалану және оған билік ету құқықтарына ие жеке немесе заңды тұлға;
Toggle Dropdown
Тараптың орталық құзыретті органы - жымқырылған автокөлік құралын қайтару туралы сұрау салуларды осы Келісімге сәйкес жіберуге және оларды қайтару туралы шешімдер қабылдауға уәкілеттік берілген мемлекеттік құқық қорғау органы;
Toggle Dropdown
Тараптың құзыретті органы - құқық бұзушылық жасалған жағдайда ұлттық заңнамаға сәйкес автокөлік құралын іздестіруді, ұстауды, алып қоюды немесе оған тыйым салуды жүзеге асыруға уәкілеттік берілген мемлекеттік құқық қорғау органы;
Toggle Dropdown
жымқырылған автокөлік құралын қайтару - сұрау салынатын Тараптың орталық құзыретті органының немесе сот органының шешімі бойынша автокөлік құралын сұрау салушы Тараптың құзыретті органына беру.
Toggle Dropdown
Тараптар халықаралық міндеттемелерді және ұлттық заңнаманы сақтаған кезде осы Келісімнің негізінде автокөлік құралдарын жымқырумен байланысты қылмыстардың алдын алуда, анықтауда, жолын кесуде, ашуда және тергеп-тексеруде, іздестіруде және оларды қайтаруды қамтамасыз етуде ынтымақтасады.
Toggle Dropdown
1. Тараптар ынтымақтастықты өздерінің құзыретті органдары арқылы жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
1
2. Әрбір Тарап орталық құзыретті органын көрсете отырып, құзыретті органдарының тізбесін айқындайды және депозитарийге береді.
Toggle Dropdown
3. Тараптардың әрқайсысы құзыретті органдары тізбесінің өзгеруі туралы депозитарийді жазбаша түрде хабардар етеді.
Toggle Dropdown
1. Автокөлік құралдарын жымқыруды болғызбау, оларды іздестіруді және қайтаруды қамтамасыз ету мақсатында әрбір Тарап автокөлік құралдары туралы ақпараттық дерекқорды қолдауды қамтамасыз етеді, онда мынадай:
Toggle Dropdown
а) тіркелген автокөлік құралдары, оның ішінде Тараптардың біреуінің аумағында пайдаланылатын немесе қолданылатын басқа мемлекеттің уақытша тіркелген автокөлік құралдары туралы;
Toggle Dropdown
б) іздестірудегі автокөлік құралдары мен оларды ұстауға және оларға тыйым салуға берілген құжаттар туралы;
Toggle Dropdown
в) ұсталған және табылған автокөлік құралдары туралы;
Toggle Dropdown
г) жымқырылған және/немесе жоғалған тіркеу құжаттары, тіркеу белгілері, сондай-ақ автокөлік құралдарына меншік құқығын растайтын өзге де құжаттар туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.
Toggle Dropdown
2. Тараптар басқа Тараптардың құзыретті органдарының сұрау салуы бойынша жоғарыда көрсетілген ақпараттық дерекқорларда қамтылған мәліметтерді жедел беруді қамтамасыз етеді.
Toggle Dropdown
1. Жымқырылған автокөлік құралы Тараптардың бірінің аумағында табылған, ұсталған, алып қойылған немесе оған тыйым салынған жағдайда, осы Тараптың құзыретті органы осындай автокөлік құралы ұсталған немесе табылған күннен бастап жиырма күн ішінде бұл туралы қылмыстық іс өзінің іс жүргізуінде болатын басқа Тараптың құзыретті органын жазбаша түрде хабардар етеді. Тараптардың құзыретті органдары бұл туралы өздерінің орталық құзыретті органдарына хабарлайды.
Toggle Dropdown
2. Хабарламада, егер олар белгілі болса, атап айтқанда, осындай автокөлік құралы туралы мынадай мәліметтер:
Toggle Dropdown
а) автокөлік құралының маркасы, моделі, түсі, шығарылған жылы және типі;
Toggle Dropdown
б) сәйкестендіру нөмірі, шанақтың, шассидің және қозғалтқыштың нөмірі;
Toggle Dropdown
в) автокөлік құралының агрегаттары нөмірлерінің немесе түсінің өзгергені туралы ақпарат;
Toggle Dropdown
г) тіркеу белгісі, тіркеу құжатының сериясы мен нөмірі, оның берілген орны және күні;
Toggle Dropdown
д) автокөлік құралының тұрған жері, оның техникалық жай-күйі және жиынтығы туралы ақпарат;
Toggle Dropdown
е) автокөлік құралын ұстаған немесе тапқан органның атауы;
Toggle Dropdown
ж) автокөлік құралының сақталуын қамтамасыз ететін органның атауы, сондай-ақ автокөлік құралын қайтару мүмкіндігі туралы ақпаратты алу үшін жүгінуге болатын байланыс телефоны;
Toggle Dropdown
з) автокөлік құралының қылмыс жасауға байланысты пайдаланылғаны-пайдаланылмағаны туралы ақпарат;
Toggle Dropdown
и) автокөлік құралын қылмыс жасау үшін пайдаланған адамдар туралы ақпарат қамтылады.
Toggle Dropdown
Тараптың жымқырылған автокөлік құралын ұстаған немесе тапқан құзыретті органдары осы автокөлік құралының сақталуын қамтамасыз ету үшін тиісті шаралар қабылдайды және оны пайдалана алмайды немесе оған билік ете алмайды.
Toggle Dropdown
1. Тараптың осы Келісімнің 5-бабына сәйкес хабарлама алған орталық құзыретті органы сұрау салынатын Тараптың орталық құзыретті органына автокөлік құралын қайтару туралы сұрау салуды жібере алады.
Toggle Dropdown
2. Сұрау салу жазбаша нысанда жіберіледі және онда, атап айтқанда, мынадай мәліметтер:
Toggle Dropdown
а) автокөлік құралының маркасы, моделі, түсі, шығарылған жылы және типі;
Toggle Dropdown
б) автокөлік құралының сәйкестендіру нөмірі, шанағының, шассиінің және қозғалтқышының нөмірі;
Toggle Dropdown
в) тіркеу белгісі, тіркеу құжатының сериясы мен нөмірі, оның берілген орны және күні;
Toggle Dropdown
г) автокөлік құралының тіркелген меншік иесі;
Toggle Dropdown
д) қылмыстық істің нөмірі, ол өзінің іс жүргізуінде болатын орган туралы мәліметтер, қылмыстық істе талап қоюдың бар-жоғы қамтылады.
Toggle Dropdown
3. Сұрау салуға сұрау салушы Тараптың заңнамасына сәйкес куәландырылған автокөлік құралы оның атына ресімделген жеке немесе заңды тұлға көрсетіле отырып, оған меншік құқығын растайтын құжаттардың көшірмелері қоса беріледі.
Toggle Dropdown
4. Сұрау салушы Тараптың орталық құзыретті органының ресми бланкінде жазбаша нысанда жіберілген немесе расталған сұрау салуға осы органның басшысы немесе оның орынбасары қол қойып, елтаңбалы мөрімен куәландырылуға тиіс.
Toggle Dropdown
1. Сұрау салынатын Тараптың орталық құзыретті органы жымқырылған автокөлік құралын қайтару туралы сұрау салуды оны алғаннан кейін отыз күн ішінде қарайды және қарау нәтижесі туралы сұрау салушы Тараптың орталық құзыретті органына хабарлайды.
Toggle Dropdown
2. Сұрау салынатын Тараптың орталық құзыретті органы оны ұсыну үшін белгілі бір мерзімді, бірақ ол сұрау салу келіп түскен кезден бастап жиырма күннен аспайтындай етіп белгілеп, қосымша ақпаратты талап ете алады.
Toggle Dropdown
3. Сұрау салынатын Тараптың орталық құзыретті органы автокөлік құралын қайтару туралы шешім қабылдап, бұл туралы он бес күн ішінде сұрау салушы Тараптың орталық құзыретті органына хабарлайды.
Toggle Dropdown
4. Тараптардың жеке немесе заңды тұлғалары арасында жымқырылғандар қатарындағы автокөлік құралына меншік құқығы туралы дау туындаған кезде оның заңды иеленушісі туралы мәселені аумағында автокөлік құралы табылған немесе ұсталған Тараптың ұлттық заңнамасына сәйкес сот органдары шешеді.
Toggle Dropdown
1. Ұсталған немесе табылған автокөлік құралы сұрау салушы Тараптың өкіліне сұрау салушы Тараптың орталық құзыретті органы берген оның өкілеттіктерін растайтын құжатты көрсеткен кезде беріледі.
Toggle Dropdown
2. Талап етілмеген автокөлік құралы өзі аумағында тұрған мемлекеттің заңнамасына сәйкес осы мемлекеттің кірісіне алынуы мүмкін.
Toggle Dropdown
1. Егер сұрау салушы Тарап басқа Тараптан алынған мәліметтердің, мазмұнын жария етуді қолайсыз деп есептесе, Тараптардың әрқайсысы олардың құпиялылығын қамтамасыз етеді. Құпиялылық дәрежесін сұрау салушы Тарап айқындайды.
Toggle Dropdown
2. Осы Келісімнің шеңберінде алынған құпиялы мәліметтерді үшінші тарапқа беру қажет болған жағдайда, осы мәліметтерді берген Тараптың жазбаша келісімі талап етіледі.
Toggle Dropdown
а) сұрау салынатын Тараптың сот шешімінің негізінде автокөлік құралы қайтару туралы сұрау салуда осы автокөлік құралының меншік иесі ретінде көрсетілмеген адамға немесе оның өкіліне берілсе;
Toggle Dropdown
б) қосымша ақпарат туралы сұрау салуға жауап осы Келісімнің 8-бабының 2-тармағында көзделген мерзімде берілмесе;
Toggle Dropdown
в) қайтару туралы сұрау салу сұрау салушы Тараптың орталық құзыретті органы автокөлік құралының ұсталғаны немесе табылғаны туралы хабарламаны алған күннен бастап отыз күн өткеннен кейін жіберілсе;
Toggle Dropdown
г) жымқырылған автокөлік құралын қайтаруға кедергі келтіретін өзге де заңды негіздер болса, автокөлік құралын қайтару туралы сұрау салуды орындаудан бас тартылуы мүмкін.
Toggle Dropdown
2. Сұрау салуды орындаудан бас тарту туралы сұрау салушы Тараптың орталық құзыретті органы бас тартудың себептері көрсетіле отырып, жазбаша түрде дереу хабардар етіледі.
Toggle Dropdown
1
1. Егер:
Toggle Dropdown
а) өзіне қатысты сұрау салу келіп түскен автокөлік құралы әкімшілік іс жүргізуге, қылмыстық тергеп-тексеруге немесе сот талқылауына байланысты ұсталса;
Toggle Dropdown
б) өзіне қатысты қайтару туралы сұрау салу келіп түскен автокөлік құралына меншік құқығы, оны ұстау немесе оған тыйым салу туралы мәселе осы іс бойынша сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін сұрау салынатын Тарапта берілген сот талап қоюының нысанасы болып табылса, автокөлік құралын қайтару туралы сұрау салуды орындау кейінге қалдырылуы мүмкін.
Toggle Dropdown
2. Сұрау салынатын Тараптың орталық құзыретті органы сұрау салушы Тараптың орталық құзыретті органына осы баптың 1-тармағының негізінде автокөлік құралын қайтару туралы мәселені шешудің кейінге қалдырылғаны туралы дереу хабарлайды.
Toggle Dropdown
1
1. Осы Келісімге сәйкес қайтарылатын автокөлік құралдарына Тараптың орталық құзыретті органы берген және автокөлік құралының осы Келісімнің шеңберінде қайтарылып отырған растайтын құжат ұсынылған кезде автокөлік құралын Тараптардың шекарасы арқылы алып өтуге байланысты кедендік баждар, салықтар, акциздер, алымдар және өзге де төлемдер салынбайды.
Toggle Dropdown
2. Автокөлік құралын ұстауға және сұрау салушы Тараптың құзыретті органына берген кезге дейін оны сақтауға байланысты шығыстарды сұрау салынатын Тарап көтереді.
Toggle Dropdown
3. Автокөлік құралын сұрау салушы Тараптың аумағына қайтару жөніндегі шығыстарды сұрау салушы Тараптың құзыретті органы көтереді.
Toggle Dropdown
4. Автокөлік құралын қайтаруға байланысты келтірілген шығыстар Тараптардың ұлттық заңнамасына сәйкес өтелуге жатады.
Toggle Dropdown
Іздестіруге бастамашы болған Тараптың құзыретті органының шешімі бойынша Тараптар жымқырылған автокөлік құралын іздестіруді тоқтатады.
Toggle Dropdown
Осы Келісімнің ережелерін түсіндіру және қолдану кезінде туындайтын даулы мәселелер Тараптар арасындағы консультациялар және келіссөздер арқылы шешіледі.
Toggle Dropdown
Тараптардың құзыретті органдары осы Келісімнің 13-бабында көрсетілгендерден басқа, осы Келісімді орындау барысында туындайтын шығыстарды дербес көтереді. Әрбір нақты жағдайда Тараптардың құзыретті органдары осы шығыстарды қаржыландырудың өзге де тәртібін келісе алады.
Toggle Dropdown
Тараптар ынтымақтастықты жүзеге асыру кезінде жұмыс тілі ретінде орыс тілін пайдаланады.
Toggle Dropdown
Осы Келісімнің ережелері Тараптардың өздері қатысушылары болып табылатын басқа халықаралық шарттардан туындайтын құқықтары мен міндеттемелерін қозғамайды.
Toggle Dropdown
Осы Келісім Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы үшінші хабарламаны депозитарий алған күннен бастап күшіне енеді. Осындай рәсімдерді кешірек орындаған Тараптар үшін ол тиісті хабарламаларды депозитарий алған күннен бастап күшіне енеді.
Toggle Dropdown
Осы Келісімге оның ажырамас бөлігі болып табылатын және осы Келісімнің 19-бабында көзделген тәртіппен күшіне енетін жекелеген хаттамамен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
Toggle Dropdown
Осы Келісім оның ережелерін қуаттайтын басқа мемлекеттердің қосылуы туралы құжаттарды депозитарийге беруі арқылы осындай қосылу үшін ашық болады. Қосылатын мемлекет үшін осы Келісім қосылу туралы құжатты депозитарийге сақтауға тапсырған күннен бастап күшіне енеді.
Toggle Dropdown
Тараптардың әрқайсысы шығу күніне дейін кемінде алты ай бұрын депозитарийге бұл туралы жазбаша хабарлама жіберіп, осы Келісімнен шыға алады.
Toggle Dropdown
Осы Келісім күшіне енген күнінен бастап бес жыл бойы қолданыста болады. Бұл мерзім өткеннен кейін осы Келісімнің қолданылуы, егер Тараптар өзге шешім қабылдамаса, әр жолы бесжылдық кезеңге автоматты түрде ұзартылып отырады.
Toggle Dropdown
2005 жылғы 25 қарашада Мәскеу қаласында орыс тілінде бір төлнұсқа данада жасалды. Төлнұсқа дана Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетінде сақталады, ол оның куәландырылған көшірмесін осы Келісімге қол қойған әрбір мемлекетке жіберіледі.
Toggle Dropdown
Әзербайжан Республикасының Үкіметі үшін
Армения Республикасының Үкіметі үшін
Беларусь Республикасының Үкіметі үшін
Грузия Үкіметі үшін
Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін
Қырғыз Республикасының Үкіметі үшін
Молдова Республикасының Үкіметі үшін
Ресей Федерациясының Үкіметі үшін
Тәжікстан Республикасының Үкіметі үшін
Түрікменстан Үкіметі үшін
Өзбекстан Республикасының Үкіметі үшін
Украина Үкіметі үшін
Toggle Dropdown
Үкімет басшылары кеңесінің «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің автокөлік құралдарын жымқыруға қарсы күрестегі және оларды қайтаруды қамтамасыз етудегі ынтымақтастығы туралы» 2005 жылғы 25 қарашадағы шешіміне Әзербайжан Республикасының
ЕСКЕРТПЕСІ
Toggle Dropdown
Осы Келісімнің ережелері Әзербайжан Республикасы мен Армения Республикасының арасында Армения Республикасы Әзербайжан Республикасының басып алған аумақтарын босатқанға дейін қолданылмайды.
Toggle Dropdown
Әзербайжан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары А. Аббасов
Toggle Dropdown
ТМД Үкімет басшылары кеңесі отырысы күн тәртібінің 8.14-тармағы бойынша Молдова Республикасының
ЕСКЕРТПЕСІ
2005 жылғы 25 қараша Мәскеу қаласы
Toggle Dropdown
«Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің автокөлік құралдарын жымқыруға қарсы күрестегі және оларды қайтаруды қамтамасыз етудегі ынтымақтастығы туралы»
Toggle Dropdown
«Ынтымақтастық Молдова Республикасының осы саладағы ұлттық заңнамасына және халықаралық міндеттемелеріне сәйкес жүзеге асырылатын болады».
Toggle Dropdown
Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Зинаида Гречаный
Toggle Dropdown
Осы хатпен, қоса беріліп отырған мәтін 2005 жылғы 25 қарашада Мәскеу қаласында өткен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Үкімет басшылары кеңесінің отырысында қабылданған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің автокөлік құралдарын жымқыруға қарсы күрестегі және оларды қайтаруды қамтамасыз етудегі ынтымақтастығы туралы келісімнің теңтүпнұсқалы көшірмесі болып табылатынын куәландырамын. Жоғарыда аталған Келісімнің төлнұсқа данасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетінде сақталады.
Toggle Dropdown
Атқарушы комитеттің Төрағасы ТМД-ның Атқарушы хатшысы В. Рушайло