• Мое избранное
Еуразиялық экономикалық одақтың кеден кодексі туралы шарт

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 3

Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы ШАРТ (Мәскеу қ., 2017 жылғы 11 сәуірде)

ҚР 13.12.2017 ж. 115-VI Заңымен ратификацияланды
Бұдан әрі мүше мемлекеттер деп аталатын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер
2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты негізге ала отырып,
Еуразиялық экономикалық одақта бірыңғай кедендік реттеуді қамтамасыз ету мақсатында төмендегілер туралы уағдаласты.
1-бап
Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі
Мүше мемлекеттер осы Шартқа № 1 қосымшадағы Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексін қабылдайды.
2-бап
Шарттың күшіне енуі
Осы Шарт оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді мүше мемлекеттердің орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны депозитарий дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап, бірақ 2017 жылғы 1 шілдеден кейін күшіне енеді.
Осы Шарттың күшіне енуіне байланысты осы Шартқа № 2 қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Еуразиялық экономикалық одақ құқығына кіретін халықаралық шарттардың қолданысы (уақытша қолданылуы) тоқтатылады және осы Шартқа № 3 қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Еуразиялық экономикалық одақ құқығына кіретін халықаралық шарттар ережелерінің күші жойылды деп танылады.
3-бап
Шартқа өзгерістер енгізу
Осы Шартқа мүше мемлекеттердің өзара келісуі бойынша жекелеген хаттамалармен ресімделетін және осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
4-бап
Ескертпелер
Осы Шартқа ескертпелер жасауға жол берілмейді.
5-бап
Дауларды шешу
Осы Шартты түсіндіруге және (немесе) қолдануға байланысты даулар 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта айқындалған тәртіппен шешіледі.
6-бап
Қорытынды ережелер
Осы Шарт Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде жасалған халықаралық шарт болып табылады және Еуразиялық экономикалық одақ құқығына кіреді.
Осы Шарт 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты қоспағанда, Еуразиялық экономикалық одақ құқығына кіретін, кедендік құқықтық қатынастарды реттейтін өзге халықаралық шарттардан басым күшке ие.
2017 жылғы 11 сәуірде Мәскеу қаласында орыс тілінде бір данада жасалды.
Осы Шарттың төлнұсқа данасы осы Шарттың депозитарийі бола отырып, әрбір мүше мемлекетке оның куәландырылған көшірмесін жіберетін Еуразиялық экономикалық комиссияда сақталады.

Армения

Республикасы

атынан

Беларусь

Республикасы

атынан

Қазақстан

Республикасы

атынан

Қырғыз

Республикасы

атынан

Ресей

Федерациясы

атынан

  • 1
Еуразиялық экономикалық Одақтың
Кеден кодексі туралы шартқа
2-ҚОСЫМША
Еуразиялық экономикалық одақтың құқығына кіретін, Еуразиялық экономикалық
 Одақтың Кеден кодексі туралы шарттың күшіне енуіне байланысты қолданысын тоқтатын халықаралық шарттардың
ТІЗБЕСІ
 I. Еуразиялық экономикалық Одақтың Кеден кодексі туралы шарт күшіне  
 енген күннен бастап қолданысын тоқтататын халықаралық шарттар
1. 2008 жылғы 25 қаңтардағы Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың кедендік құнын айқындау туралы келісім.
2. 2009 жылғы 27 қарашадағы Кеден одағының кеден кодексі туралы шарт.
3. 2009 жылғы 27 қарашадағы Кеден одағының кеден кодексі туралы шартқа өзгерістер мен толықтыр енгізу туралы 2010 жылғы 16 сәуірдегі шарт.
4. 2010 жылғы 21 мамырдағы Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден органдарының өзара әкімшілік көмегі туралы келісім.
5. 2010 жылғы 21 мамырдағы Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден органдары мен өзге мемлекеттік органдары арасында ақпарат алмасуға қойылатын талаптар туралы келісім.
6. 2010 жылғы 21 мамырдағы Кеден одағының кедендік аумағы бойынша теміржол көлігімен өткізілетін тауарлардың кедендік транзиттің ерекшеліктері туралы келісім.
7. 2010 жылғы 21 мамырдағы Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдары туралы алдын ала ақпаратты ұсыну туралы және алмасу туралы келісім.
8. 2010 жылғы 21 мамырдағы Кеден одағына мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізілімі туралы келісім.
9. 2010 жылғы 18 маусымдағы Халықаралық пошта жөнелтілімдерінде жіберілетін тауарларға қатысты кедендік операциялардың ерекшеліктері туралы келісім.
10. 2010 жылғы 18 маусымдағы Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден органдарының кедендік бақылаудың белгілі бір нысандарын қолдануынан босату туралы келісім.
11. 2010 жылғы 18 маусымдағы Еркін қоймалар және еркін қойманың кедендік рәсімі туралы келісім.
12. 2010 жылғы 18 маусымдағы Жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын, сондай-ақ жүктерді және (немесе) багажды тасымалдауды жүзеге асыратын тіркемелерді, жартылай тіркемелерді, контейнерлер мен теміржол жылжымалы құрамын кеден одағының кедендік аумағы арқылы ішкі тасымалдау үшін пайдалану ерекшеліктері туралы келісім.
13. 2010 жылғы 5 шілдедегі Жеке тұлғалардың кеден одағының кеден шекарасы арқылы қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізу тәртібі туралы шарт.
14. 2011 жылғы 19 қазандағы Кеден одағына мүше мемлекеттер кеден органдарының талдау және бақылау функцияларын іске асыру үшін ақпарат алмасуды ұйымдастыру туралы келісім.
15. 2008 жылғы 25 қаңтардағы Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың кедендік құнын айқындау туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2012 жылғы 23 сәуірдегі хаттама.
II. Еуразиялық экономикалық Одақтың Кедендік кодексінің 444-бабына және 448-бабының 2-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссиясының тиісті шешімі күшіне енген күннен бастап қолданысы тоқтатылатын халықаралық шарттар
1. 2010 жылғы 21 мамырдағы Кедендік баждарды төлеу мерзімдерін өзгерту негіздері, шарттары мен тәртібі туралы келісім.
2. 2010 жылғы 21 мамырдағы Кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді ұсынудың кейбір мәселелері, кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алудың ерекшеліктері және осындай тауарларға қатысты өндіріп алынған сомаларды аудару тәртібі туралы келісім.
3. 2010 жылдың 18 маусымдағы Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларды өткізу және оларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі туралы келісім.
4. 2010 жылдың 18 маусымдағы Кеден одағының Кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларды өткізу және оларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2011 жылғы 19 қазандағы хаттама.
5. 2010 жылғы 21 мамырдағы Кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді ұсынудың кейбір мәселелері, кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алу ерекшеліктері және осындай тауарларға қатысты өндіріп алынған сомаларды аудару тәртібі туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2011 жылғы 19 желтоқсандағы хаттама.
  • 1
Еуразиялық экономикалық Одақтың
Кеден кодексі туралы шартқа
№ 3-қосымша
Еуразиялық экономикалық одақтың құқығына кіретін, Еуразиялық экономикалық Одақтың Кеден кодексі туралы шарттың күшіне енуіне байланысты күші жойылды деп танылатын халықаралық шарттардың ережелер
ТІЗБЕСІ
 І. Еуразиялық экономикалық Одақтың Кеден кодексі туралы шарт күшіне енген күннен бастап күші жойылды деп танылатын халықаралық шарттардың ережелері
1. 2010 жылғы 21 мамырдағы Кедендік баждарды төлеу мерзімдерін өзгерту негіздері, шарттары мен тәртібі туралы келісімнің 1 - 5-баптары, 6-бабының 1-тармағының бірінші бөлігінің 1 - 6-тармақшалары, 2 және 3-тармақтары, 7 - 10 баптары.
2. 2010 жылғы 18 маусымдағы Кеден одағының кедендік аумағындағы еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтар және еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі мәселелері жөніндегі келісімнің 9-бабының 1, 5 және 7-тармақтары, 10-бабының 2-тармағының бірінші - төртінші абзацтары, 5 және 6-тармақтары, 11 - 21, 23 және 24-баптары.
3. 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа және Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістіктің шарттық-құқықтық базасын қалыптастыру шеңберінде жасалған халықаралық шарттарға Армения Республикасының қосылуына байланысты өзгерістер енгізу туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шартқа Армения Республикасының қосылу туралы 2014 жылғы 10 қазандағы Шартқа № 2 қосымша) 7 - 10, 12 - 14-тармақтары, 15-тармағының төртінші - жетінші абзацтары, 16, 18 және 22-тармақтары.
4. 2014 жылғы 10 қазандағы 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Армения Республикасының қосылуы туралы шартқа 3-қосымшаның 27-тармағы.
5. 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шартқа және Еуразиялық экономикалық одақтың құқығына кіретін халықаралық шарттарға (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы 2015 жылғы 8 мамырдағы хаттамаға қосымша және Еуразиялық экономикалық Одақтың құқығына кіретін, 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуына байланысты жекелеген халықаралық шарттар) енгізілетін өзгерістер 7 - 10, 12 - 14-тармақтар, 15-тармақтың төртінші - он төртінші абзацтары, 17, 18 және 20-тармақтар.
II. Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 444-бабына сәйкес, Еуразиялық экономикалық комиссияның тиісті шешімі күшіне енген күннен бастап күші жойылған деп танылған халықаралық шарттардың ережелері
1. 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы Хаттаманың 11 және 17-тармақтарына өзгерістер енгізу туралы және халықаралық шарттар қалыптастыру шеңберінде жасалған шарттық-құқықтық базаны Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістігіне Армения Республикасының қосылуына байланысты (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шартқа Армения Республикасының қосылуы туралы 2014 жылғы 10 қазандағы Шартқа 2-қосымша).
2. 2014 жылғы 29 мамырдағы халықаралық шарттар және Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шарттың 11 және 16-тармақтарына енгізілетін өзгерістер (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шартқа Қырғыз Республикасының қосылуына байланысты Еуразиялық экономикалық одақ құқығына кіретін 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шартқа және жекелеген халықаралық шарттарына өзгерістер енгізу туралы 2015 жылғы 8 мамырдағы Хаттамаға қосымша).