Лотерея қызметі және ойын бизнесі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 14 мамырдағы № 181 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 26 маусымда № 11446 тіркелді
Осы редакция 26.02.2016 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Лотереяларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Казино қызметімен айналысу үшін лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;