Bestprofi Logo

Бұйрық № 38 от 2019-01-28г./Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі

«Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 4-2/419 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Отправить на почту


Языки документа

Внимание! Документ утратил силу с 09.06.2020 г.

Документ на казахском языке

«Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 4-2/419 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 28 қаңтардағы № 38 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 5 ақпанда № 18262 болып тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 9 маусымнан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.05.2020 жылғы № 181 Бұйрығына сәйкес 

1. «Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 4-2/419 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 11455 болып тіркелген, 2015 жылғы 23 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Ө. Шөкеев

«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 28 қаңтардағы № 38 бұйрығына қосымша

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 4-2/419 бұйрығымен бекітілген

«Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты»

1. «Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – 3 (үш) жұмыс күні.

Бұл ретте, өтпелі өтінім берген кезде мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі күнтізбелік 15 (он бес) күнге ұлғаяды.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған).

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – субсидияны аудару туралы хабарлама не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруден уәжді бас тарту.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны – электрондық.

Көрсетілетін қызметті алушыға осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі туралы хабарлама жолданады. Хабарлама субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркелген кезде көрсетілетін қызметті алушы көрсеткен электрондық почта мекенжайына жолданады.

7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

8. Порталдың жұмыс кестесі – жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін.

9. Көрсетілетін қызметті алушы порталға электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландыратын электрондық құжат нысанында:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша норма бойынша нақты босатылған элиталық тұқымдар және (немесе) бірінші репродукция тұқымдары үшін субсидия алуға арналған өтінімді;

2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша элиталық тұқым өсіру шаруашылығынан (тұқым өсіру шаруашылығынан, тұқым өткізушіден) толық құны бойынша нақты сатып алынған бірінші ұрпақ будандарының тұқымдары (мақтаның бірінші немесе екінші репродукция тұқымдары, жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің элиталық көшеттері) үшін субсидиялар алуға арналған өтінімді;

3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша элиталық тұқым өсіру шаруашылығынан (тұқым өсіру шаруашылығынан, тұқым өткізушіден) бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын (мақтаның бірінші, екінші репродукция тұқымдарын, жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің элиталық көшеттерін) арзандатылған құны бойынша сатып алу кезінде тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтпелі өтiнiмді ұсынады.

Өтінімнің (өтпелі өтінімнің) қабылданғанын субсидиялаудың ақпараттық жүйесіндегі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұранымның қабылданғаны туралы тиісті мәртебе растайды.

10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 19-1-бабында көзделген негіздер бойынша жүзеге асырылады.

3-тарау. Орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

11. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым тиісті көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

Шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша почта арқылы жазбаша нысанда не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

1) жеке тұлғаның шағымында оның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, почталық мекенжайы көрсетіледі;

2) заңды тұлғаның шағымында оның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Арызға көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

Көрсетілетін қызметті берушінің шағымды қабылдағанын шағымды қабылдаған адамның аты-жөні мен тегі, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, оның тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) растайды.

Сондай-ақ, көрсетілетін қызметті беруші жұмыскерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8-800-080-7777 телефондары арқылы алуға болады.

Портал арқылы электрондық арыз жолдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға порталдағы «жеке кабинетінен» арыз туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші арызды өңдеуі барысында (шағымның жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау туралы немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.

Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс. Шағымды қараудың нәтижелері туралы уәжді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта арқылы жолданады не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.

12. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Заңының 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді.

4-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:

1) тиісті көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында;

2) Министрліктің www.mоа.gov.kz интернет-ресурсындағы «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінің «Мемлекеттік қызметтерді көрсету орындарының мекенжайлары» кіші бөлімінде орналастырылған.

14. Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.

15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.

16. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары порталда көрсетілген. Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777.

«Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша

___________________________________________________________ (көрсетілетін қызметті алушы)

Сіздің 20___ жылғы «__» _________ №__________ өтініміңіз бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден ______________________ себепті бас тартылды.

«Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымша

___________________________________________________________ (көрсетілетін қызметті алушы)

Сіздің 20___ жылғы «__» _________ №__________ өтініміңіз бойынша Сіздің №____________ шотыңызға 20___ жылғы «__» _________ төлем тапсырмасымен ____________ теңге көлемде субсидия аударылды.

«Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымша

Норма бойынша нақты босатылған элиталық тұқымдарға және (немесе) бірінші репродукция тұқымдарына субсидиялар алуға арналған өтiнiм

Кімге: _____________ облысының ___________________________________, (ауданның (республикалық және ______________________________________________________________________ облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органының толық атауы) Кімнен: _______________________________________________________________ (БСН немесе ЖСН, мекенжайы, телефон (факс) нөмірі) ____________________________________ тонна көлемінде босатылған элиталық тұқымдарға (бірінші репродукция тұқымдарына), __________________________________________ теңге (осы өтінімге қосымшада (сомасы цифрлармен және жазбаша) толық жазу) мөлшерінде субсидия төлеуді сұраймын.

Екінші деңгейдегі банктегі немесе ұлттық почта операторындағы ағымдағы шот мәліметтері*:

Банктің немесе почта операторының деректемелері ___________________

Банктің немесе почта операторының атауы __________________________

БСН – бизнес-сәйкестендiру нөмiрі (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның), заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендiру нөмiрі жоқ болған жағдайда, шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендiру нөмiрі;

Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпиядан тұратын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді және өзге де ақпаратты жинауға, өңдеуге, сақтауға, шығарып алуға және пайдалануға келісім беремін.

Өтініш беруші 20__ жылғы «__» ________ сағат 00:00-де қол қойып, жіберді:

Басқарма 20__ жылғы «__» _____сағат 00:00-де қабылдады:

Р/с №

Облыстың атауы

Ауданның атауы

Тұқым босатылған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің (ауыл шаруашылығы кооперативінің) атауы

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің (ауыл шаруашылығы кооперативінің) орналасқан жері (заңды мекенжайы)

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің (ауыл шаруашылығы кооперативінің) ЖСН-сы/БСН-сы*

Дақылдың атауы

1

2

3

4

5

6

7


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 

Сорттың атауы

Репродукциясы

Элиталық тұқым өсіру шаруашылығы (тұқым өсіру шаруашылығы, тұқым өткізуші) мен ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші (ауыл шаруашылығы кооперативі) арасындағы сатып алу-сату шартының мәліметтері

Босатылған тұқымдарға жұмсалған шығындарды (өтінім беру сәтіне) растайтын тұқымдарды босату туралы жүкқұжат (акт) мәліметтері

Тұқымдардың сорттық және егіс сапаларын растайтын құжат туралы мәліметтер

шарттың нөмірі

шарттың жасалған күні

тауарлық-көліктік жүкқұжаттың нөмірі (шетелдік өндіріс тұқымдары үшін)

қабылдау-тапсыру актісінің нөмірі (отандық өндіріс тұқымдары үшін)

нөмірі

берілген күні

кім берді

8

9

10

11

12

13

14

15

16


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 

Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі

Танаптың кадастрлық нөмірі

Танаптың алаңы, гектар

Элиталық тұқымдардың және бірінші репродукция тұқымдарының нормасы, тонна

Тұқымдардың нақты көлемі, тонна (19-баған х 20-баған)

1 тонна тұқымның нақты бағасы, теңге

Бірінші репродукция тұқымдарының шекті бағасы, теңге/тонна

Тиесілі субсидияның сомасы, теңге (21-баған х 23-баған)

17

18

19

20

21

22

23

24


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 

БСН – бизнес-сәйкестендiру нөмiрі (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның), заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендiру нөмiрі жоқ болған жағдайда, шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендiру нөмiрі.

«Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымша

Элиталық тұқым өсіру шаруашылығынан (тұқым өсіру шаруашылығынан, тұқым өткізушіден) толық құны бойынша нақты сатып алынған бірінші ұрпақ будандарының тұқымдары (мақтаның бірінші немесе екінші репродукция тұқымдары, жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің элиталық көшеттері) үшін субсидиялар алуға арналған өтінім

Кімге: ______________ облысының ________________________________ (ауданның (республикалық және ____________________________________________________________________ облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органының толық атауы) Кімнен: _____________________________________________________________ (БСН немесе ЖСН, мекенжайы, телефон (факс) нөмірі) Сатып алынған, егіс жұмыстарын жүргізуге (бақ (жүзімдік) отырғызуға) пайдаланылған мынадай бірінші ұрпақ будандарының тұқымдары (мақтаның бірінші, екінші репродукция тұқымдары, жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің элиталық көшеттері) (керегінің астын сызу керек) үшін: _______ тонна (дана) көлеміндегі __________________________________ үшін (дақыл, будан/сорт) ___________________________________________________теңге мөлшерінде; (сомасы цифрлармен және жазбаша) _______ тонна (дана) көлеміндегі __________________________________ үшін (дақыл, будан/сорт) ___________________________________________________теңге мөлшерінде; (сомасы цифрлармен және жазбаша) ______ тонна (дана) көлеміндегі ___________________________________ үшін (дақыл, будан/сорт) _____________________________________ теңге мөлшерінде субсидия төлеуді (сомасы цифрлармен және жазбаша) сұраймын.

1. Екінші деңгейдегі банктегі немесе ұлттық почта операторындағы ағымдағы шот мәліметтері:

Банктің және почта операторының деректемелері_____________________

Банктің және почта операторының атауы ____________________________

2. Ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші (ауыл шаруашылығы кооперативі) мен элиталық тұқым өсіру шаруашылығы (тұқым өсіру шаруашылығы, тұқым өткізуші) арасындағы сатып алу-сату шартының мәліметтері:

БСН немесе ЖСН ________________________________________________

шарт нөмірі _____________________________________________________

шарттың жасалған күні ___________________________________________

бағасы, теңге ___________________________________________________

элиталық тұқым өсіру шаруашылығының (тұқым өсіру шаруашылығының, тұқым өткізушінің) атауы және БСН-сы ________________

элиталық тұқым өсіру шаруашылығы (тұқым өсіру шаруашылығы, тұқым өткізуші) орналасқан жердің мекенжайы __________________________________________________________

дақыл атауы ____________________________________________________

тұқым көлемі, тонна (дана) ________________________________________

төлеу мерзімі____________________________________________________

межелі (босату) пункті ___________________________________________

3. Бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын (мақтаның бірінші, екінші репродукция тұқымдарын, жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің элиталық көшеттерін) сатып алуға жұмсалған шығындарды (өтінім берген сәтте) растайтын төлем құжаттарының, шот-фактуралардың және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын (мақтаның бірінші, екінші репродукция тұқымдарын, жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің элиталық көшеттерін) жеткізу туралы жүкқұжаттың (актінің) мәліметтері:

төлем құжатының нөмірі _________________________________________

төлем құжатының берілген күні ___________________________________

шот-фактура нөмірі ______________________________________________

берілген күні ___________________________________________________

тауарлық-көліктік жүкқұжаттың нөмірі (шетелдік өндіріс тұқымдары (көшеттері) үшін)_______________________________________________________________

қабылдау-тапсыру актісінің нөмірі (отандық өндіріс тұқымдары (көшеттері) үшін) ___________________________________________________________________

4. Тауарларға арналған кедендік декларацияның (бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын (мақтаның бірінші, екінші репродукция тұқымдарын немесе жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің элиталық көшеттерін) Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден сатып алған жағдайда) мәліметтері:

декларацияның нөмірі ________________________________________

берілген күні ________________________________________________

дақылдың атауы _____________________________________________

көлемі, тонна (дана) __________________________________________

бағасы, теңге ________________________________________________

өткізу құны, барлығы _________________________________________

шетелдік тұқымдарды (көшеттерді) өндірушінің атауы _____________

шетелдік тұқымдарды (көшеттерді) өндірушінің орналасқан жерінің мекенжайы _________________________________________________________________

5. Мемлекеттік кірістер органы берген, бірінші ұрпақ будандары тұқымдарының (мақтаның бірінші, екінші репродукция тұқымдарының немесе жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің элиталық көшеттерінің) Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен әкелінгенін растайтын, құжаттың мәліметтері:

құжат нөмірі _________________________________________________

берілген күні _________________________________________________

шетелдік тұқымдарды (көшеттерді) өндірушінің атауы ______________

шетелдік тұқымдарды (көшеттерді) өндірушінің орналасқан жерінің мекенжайы __________________________________________________________________

6. Бірінші ұрпақ будандары тұқымдарының (мақтаның бірінші, екінші репродукция тұқымдарының) сорттық және егіс сапаларын, жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің элиталық көшеттерінің сорттық сапаларын растайтын құжат туралы мәліметтер:

құжат нөмірі _________________________________________________

берілген күні _________________________________________________

кім берді ____________________________________________________

7. Тауардың шығу тегі туралы сертификаттың немесе тауардың шығу тегі туралы декларацияның мәліметтері (бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын (мақтаның бірінші, екінші репродукция тұқымдарын, жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің элиталық көшеттерін) Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден сатып алған жағдайда):

нөмірі мен берілген күні _________________________________________

тауардың атауы _________________________________________________

экспорттаушы/жүк жөнелтуші _____________________________________

импорттаушы/жүк алушы_________________________________________

Дақыл атауы

Жер учаскенің кадастрлық нөмірі

Танаптың кадастрлық нөмірі

Танаптың алаңы, гектар

1

2

3

4

5

1


 


 


 


 

2


 


 


 


 

Себу нормасы (мөлшері), тонна (дана)/гектар

Тұқымдардың (көшеттердің) нақты көлемі, тонна (5-баған х 6-баған)

1 тонна (дана) тұқымның (көшеттің) нақты бағасы, теңге

Тұқымдардың (көшеттердің) шекті бағасы, теңге/тонна (дана)

Тиесілі субсидия сомасы, теңге (7-баған х 9-баған х 0,5)

6

7

8

9

10


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 

БСН – бизнес-сәйкестендiру нөмiрі (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның), заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендiру нөмiрі жоқ болған жағдайда, шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендiру нөмiрі;

Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпиядан тұратын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді және өзге де ақпаратты жинауға, өңдеуге, сақтауға, шығарып алуға және пайдалануға келісім беремін.

Өтініш беруші 20__ жылғы «__» ________ сағат 00:00-де қол қойып, жіберді:

Басқарма 20__ жылғы «__» _____сағат 00:00-де қабылдады:

«Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымша

Элиталық тұқым өсіру шаруашылығынан (тұқым өсіру шаруашылығынан, тұқым өткізушіден) бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын (мақтаның бірінші, екінші репродукция тұқымдарын, жеміс- жидек дақылдары мен жүзімнің элиталық көшеттерін) арзандатылған құны бойынша сатып алу кезінде тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтпелі өтiнiм

Кімге: ________________ облысының ________________________________ (ауданның (республикалық және ______________________________________________________________________ облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органының толық атауы) Кімнен: _______________________________________________________________ (БСН немесе ЖСН, мекенжайы, телефон (факс) нөмірі) Осымен, мен, _____________________________________________________ (элиталық тұқым өсіру шаруашылығының (тұқым өсіру шаруашылығының, ______________________________________________________________________ тұқым өткізушінің) атауы) арзандатылған құны бойынша _______ тонна (дана) көлемінде __________________________________________, (дақыл, будан/сорт) _______ тонна, дана көлемінде ___________________________________________, (дақыл, будан/сорт) _______ тонна, дана көлемінде ___________________________________________, (дақыл, будан/сорт) бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын (мақтаның бірінші, екінші репродукция тұқымдарын, жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің элиталық көшеттерін) (керегінің астын сызу керек) сатып алу-сату шартын жасасқанымды мәлімдеймін және ______________________________________________________________________ (элиталық тұқым өсіру шаруашылығының (тұқым өсіру шаруашылығының, ______________________________________________________________________ тұқым өткізушінің) атауы) нақты өткізілген бірінші ұрпақ будандарының тұқымдары (мақтаның бірінші, екінші репродукция тұқымдары, жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің элиталық көшеттері) бойынша мәліметтерді субсидиялауға арналған өтінімдердің электрондық тізіліміне енгізгеннен кейін маған тиесілі _____________________________ теңге мөлшеріндегі (осы өтінімге қосымшада (сома цифрлармен және жазбаша) толық жазу) субсидияны ________________________________________________ (элиталық тұқым өсіру шаруашылығының _____________________________________________________________________ (тұқым өсіру шаруашылығының, тұқым өткізушінің) атауы)

элиталық тұқым өсіру шаруашылығына (тұқым өсіру шаруашылығына, тұқым өткізушіге) аударуды сұраймын.

Екінші деңгейдегі банктегі элиталық тұқым өсіру шаруашылығының (тұқым өсіру шаруашылығының, тұқым өткізушінің) ағымдағы шоты туралы мәліметтер:

Банктің атауы* __________________________________________________

БСН – бизнес-сәйкестендiру нөмiрі (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның), заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендiру нөмiрі жоқ болған жағдайда, шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендiру нөмiрі;

Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпиядан тұратын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді және өзге де ақпаратты жинауға, өңдеуге, сақтауға, шығарып алуға және пайдалануға келісім беремін.

Өтініш беруші 20__ жылғы «__» ________ сағат 00:00-де қол қойып, жіберді:

Басқарма 20__ жылғы «__» _____сағат 00:00-де қабылдады:

Р/с №

Элиталық тұқым өсіру шаруашылығының (тұқым өсіру шаруашылығының, тұқым өткізушінің) атауы

Элиталық тұқым өсіру шаруашылығының (тұқым өсіру шаруашылығының, тұқым өткізушінің) орналасқан жері (заңды мекенжайы)

Элиталық тұқым өсіру шаруашылығының (тұқым өсіру шаруашылығының, тұқым өткізушінің) ЖСН-сы/БСН-сы*

Дақылдың атауы

Сорттың атауы

Репродукциясы

Элиталық тұқым өсіру шаруашылығы (тұқым өсіру шаруашылығы, тұқым өткізуші) мен ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші (ауыл шаруашылығы кооперативі) арасындағы сатып алу-сату шартының мәліметтері

шарттың нөмірі

шарттың жасалған күні

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1


 


 


 


 


 


 


 


 

2


 


 


 


 


 


 


 


 

Жұмсалған шығындарды (өтінім беру сәтіне) растайтын төлем құжаттарының, шот-фактуралардың, бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын (мақтаның бірінші, екінші репродукция тұқымдарын, жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің элиталық көшеттерін) жеткізу туралы жүкқұжаттың (актінің) мәліметтері

Бірінші ұрпақ будандары тұқымдарының (мақтаның бірінші, екінші репродукция тұқымдарының) сорттық және егіс сапаларын, жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің элиталық көшеттерінің сорттық сапаларын растайтын құжат туралы мәліметтер

төлем құжатының нөмірі

төлем құжатының берілген күні

берілген күні

шот-фактура нөмірі

тауарлық-көліктік жүкқұжаттың нөмірі (шетелдік өндіріс тұқымдары үшін)

қабылдау-тапсыру актісінің нөмірі (отандық өндіріс тұқымдары үшін)

нөмірі

берілген күні

кім берді

10

11

12

13

14

15

16

17

18


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 

Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі**

Танаптың кадастрлық нөмірі

Танаптың алаңы, гектар

Себу нормасы (мөлшері), тонна (дана)/гектар

Тұқымдардың (көшеттердің) нақты көлемі, тонна (дана) (21-баған х 22-баған)

1 тонна (дана) тұқымның (көшеттің) нақты бағасы, теңге

Тұқымдардың (көшеттердің) шекті бағасы, теңге/тонна (дана)

Тиесілі субсидия сомасы, теңге (23-баған х 25-баған х 0,5)

19

20

21

22

23

24

25

26


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 

БСН – бизнес-сәйкестендiру нөмiрі (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның), заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендiру нөмiрі жоқ болған жағдайда, шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендiру нөмiрі;

** жер учаскелері жоқ ауыл шаруашылығы кооперативі өтінім берген жағдайда, тұқым сатып алынатын ауыл шаруашылығы кооперативінің әр мүшесіне толтырылады.

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание