• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Документ вводится в действие с 22.02.2019

Отправить по почте

«Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 7 ақпандағы № 39 қаулысы

1. «Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 2, 24-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
««Бакалавр» немесе «магистр» дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережелерін бекіту туралы»;
«1. Қоса беріліп отырған «бакалавр» немесе «магистр» дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережелері бекітілсін»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 7 ақпандағы
№ 39 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 23 қаңтардағы
№ 58 қаулысымен
бекітілген
«Бакалавр» немесе «магистр» дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру қағидалары
1. Осы «бакалавр» немесе «магистр» дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалары) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленген және «бакалавр» немесе «магистр» дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын берудің тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) білім беру гранты – «бакалавр» немесе «магистр» дәрежелері берілетін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шарттармен білім алушыға берілетін ақшаның нысаналы сомасы;
2) білім беру бағдарламаларының топтары – даярлау бағыттары бейінінің ортақтығымен біріктірілген және белгілі білім беру саласы шеңберінде кадрлар даярлауды қамтамасыз ететін білім беру бағдарламаларының жиынтығы;
3) білім беру саласындағы уәкілетті орган – білім беру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;
4) республикалық конкурстық комиссия – білім беру гранттарын беру жөніндегі конкурсты өткізу үшін білім беру саласындағы уәкілетті орган құратын комиссия (бұдан әрі – республикалық комиссия);
5) жергілікті атқарушы органдардың (бұдан әрі – ЖАО) конкурстық комиссиясы – жергілікті бюджет қаражат есебінен білім беру гранттарын беру жөніндегі конкурсты өткізу үшін ЖАО құратын комиссия (бұдан әрі – ЖАО комиссиясы).
3. Республикалық бюджеттен білім беру гранттарын беру жөніндегі конкурсты білім беру саласындағы уәкілетті орган құратын республикалық комиссия, ал жергілікті бюджеттен білім беру гранттарын беру жөніндегі конкурсты ЖАО комиссиясы өткізеді.
4. Республикалық комиссия білім беру саласындағы уәкілетті органның, басқа мүдделі мемлекеттік органдар мен ведомстволардың қызметкерлері, азаматтық қоғам институттарының, «Атамекен» Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасының, Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары қауымдастығының өкілдері және Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары ректорларының кеңесі қатарынан қалыптастырылады.
Республикалық комиссияның төрағасы білім беру саласындағы уәкілетті органның басшысы немесе оның міндетін атқаратын тұлға болып табылады. Республикалық комиссияның құрамы білім беру саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі.
Республикалық комиссия мүшелерінің саны тақ саннан тұруға тиіс. Республикалық комиссияның отырысы оның құрамының кемінде үштен екісі болған кезде заңды деп есептеледі және жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру үшін 1 тамызға дейін, жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру үшін 24 тамызға дейін өткізіледі.
5. ЖАО комиссиясы жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері, «Атамекен» Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлік (республикалық маңызы бар қалалар, астана) палаталарының, азаматтық қоғам институттарының өкілдері қатарынан қалыптастырылады.
ЖАО комиссиясы туралы ереже тиісті облыс немесе республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігінің қаулысымен бекітіледі.
ЖАО комиссиясының құрамы тиісті облыс немесе республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің шешімімен бекітіледі.
ЖАО комиссиясының төрағасы тиісті облыстың немесе республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі немесе оның міндетін атқарушы тұлға болып табылады.
ЖАО комиссиясы мүшелерінің саны тақ саннан тұруға тиіс. ЖАО комиссиясының отырыстары оның құрамының кемінде үштен екісі болған кезде заңды деп есептеледі және жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру үшін 15 тамызға дейін, жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру 27 тамызға дейін республикалық бюджеттен білім беру гранттарын берудің қорытындысы жарияланғаннан кейін өткізіледі.
2-тарау. «Бакалавр» дәрежесі берілетін жоғары білім алуға ақы төлеу үшін республикалық бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру тәртібі
6. «Бакалавр» дәрежесі берілетін жоғары білім алуға ақы төлеу үшін республикалық бюджет қаражаты есебінен білім беру гранттары (бұдан әрі – жоғары білімнің білім беру гранттары) оқуға түсушілер мәлімдеген білім беру бағдарламалары топтарының кезектілігіне сәйкес білім беру грантын беру туралы куәлік беріліп, ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі – ҰБТ) сертификатының балдарына сәйкес білім беру бағдарламаларының нақты топтары, тіл бөлімі және оқу нысаны бойынша конкурстық негізде беріледі.
Жоғары білімнің білім беру гранттарын беру конкурсында Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы (оқыту тілі), екі бейіндік пән бойынша балдар ескеріледі.
Шығармашылық даярлықты талап ететін жоғары білімнің білім беру бағдарламалары топтарына түсушілерге жоғары білімнің білім беру грантын беру конкурсында Қазақстан тарихы, оқу сауаттылығы (оқыту тілі) және екі шығармашылық емтиханның нәтижелері ескеріледі.
Шығармашылық даярлықты талап ететін білім беру бағдарламалары топтарына түсушілерді қоспағанда, жоғары білімнің білім беру гранттарын беру конкурсында оқытудың қысқартылған мерзімін көздейтін атын жоғары білімнің ұқсас білім беру бағдарламаларының тобы бойынша білім беру бағдарламалары топтарына оқуға түсушілер үшін жалпы бейіндік пән және бейіндеуші пән бойынша балдары ескеріледі.
Жоғары білімнің білім беру гранттарын беру конкурсында оқытудың қысқартылған мерзімін көздейтін және шығармашылық даярлықты талап ететін жоғары білімнің білім беру бағдарламаларының ұқсас топтары бойынша білім беру бағдарламалары топтарына оқуға түсушілер үшін бейіндеуші пән бойынша балдар және шығармашылық емтихан нәтижесі ескеріледі.
7. Жоғары білімнің білім беру грантын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін оқуға түсуші жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) қабылдау комиссиясына немесе ақпараттық жүйе арқылы:
2) білімі туралы құжатты (құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырған кезде төлнұсқа);
3) ҰБТ сертификатын (құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырған кезде);
4) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелді) 086-У нысаны бойынша медициналық анықтаманы;
5) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін тапсырады.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде ЖЖОКБҰ-ның тілдік даярлықты күшейтуге арналған даярлық бөлімдерін бітірген тұлғалар ЖЖОКБҰ-ның ректоры қол қойған бітіргені туралы транскрипт ұсынады.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттары бар, біліктілігін растаған және тиісінше мамандық бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар тұлғалар қосымша мына құжаттардың біреуін тапсырады:
2) ұйымның мөрімен (егер бар болса) куәландырылған жұмыс берушінің қолы қойылған қызметтік тізім (қызметкердің жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі);
3) қызметкердің еңбек қызметі туралы ақпарат көрсетілген архивтік анықтама;
4) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы үзінді және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан алынған әлеуметтік аударымдар туралы мәліметтер;
5) жұмыс беруші тоқтатылу күні мен негіздемесі туралы белгі қойған еңбек шарты;
6) жұмыс берушінің актілерінен еңбек шартын жасасу және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауы мен тоқтатылуын растайтын үзінділер;