Bestprofi Logo

Қаулы № 49 от 2019-02-11г./Қазақстан Республикасының Үкіметі

Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерінің шығындарын өтеудің кейбір мәселелері туралы

Отправить на почту


Языки документа

Документ на казахском языке

Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерінің шығындарын өтеудің кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 11 ақпандағы № 49 қаулысы

«Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 36-1-бабының 2-тармағына, 73-бабының 5 және 7-тармақтарына, 77-бабының 4-тармағына және 78-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 05.08.2022 жылғы № 532 Қаулысына сәйкес (28.02.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.08.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 29.02.2024 жылғы № 138 Қаулысына сәйкес (05.08.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 18.03.2024 жылдан бастап)

1) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша көлікте жүргені үшін арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің (курсанттардан, тыңдаушылардан басқа) шығындарын өтеу қағидалары;

2) Қызмет бабымен ауысқан және қызметтен шығарылған кезде арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің (курсанттардан, тыңдаушылардан басқа) жеке мүлкін тасымалдау шығындарын өтеу қағидалары;

2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 29.02.2024 жылғы № 138 Қаулысына сәйкес (05.08.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 18.03.2024 жылдан бастап)

3) Көлікте жол жүргені үшін әскери, арнаулы оқу орындары курсанттарының, тыңдаушыларының шығындарын өтеу |2108477895]];

3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 28.02.2020 жылғы № 87 Қаулысына сәйкес (24.10.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.03.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 05.08.2022 жылғы № 532 Қаулысына сәйкес (28.02.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.08.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

4) Арнаулы мемлекеттік органның қызметкері орын ауыстырған кезде, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органның қызметкері қызметтен шығарылған кезде Қазақстан Республикасының аумағы бойынша көлiкте жүргені үшін арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің (курсанттардан, тыңдаушылардан басқа), олармен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінің шығындарын өтеу қағидалары бекітілсін.

2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

Маған _______________________________________________________________ ______________________________________________________________________ (оқиғаның түрі, тасымалдау маршруты, қашықтығы және мүліктің салмағы көрсетіледі) ________________________________________________ шығындарын өтеуді сұраймын. __________________ ____________ _______________ _____________________________ (лауазымы, атағы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (құжатта бар болса)

______ жылғы «______» _____________ (жылы) (күні) (айы) Бастық: _____________________ ____________ ______________________________ (бөлімше, атағы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (құжатта бар болса)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 5 тамыздағы № 532 қаулысына 3-қосымша

(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты

Маған _______________________________________________________________________ (оқиғаның түрі, тасымалдау маршруты, қашықтығы мен мүліктің салмағы көрсетіледі) шығындарды өтеуді сұраймын. Тиесілі соманы _______________________________________________аударуды сұраймын. ___________________ банктің № _________________ филиалы Дербес немесе карт-шот___________________________ Алушының ЖСН__________________________________ ____ жылғы «____» _______ Өтініш беруші __________ ______________________________ (күні) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Бастық: ______________ _________ _______________________________________________ (бөлімше, атағы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

1) «Арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасының аумағында көлікпен жол жүру және мүлікті тасымалдау шығындарын өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қазандағы № 1299 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 74, 1082-құжат);

2) «Арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасының аумағында көлікпен жол жүру және мүлікті тасымалдау шығындарын өтеу қағидалары мен нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қазанда № 1299 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 4 ақпандағы № 31 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 3, 15-құжат).

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаев

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 11 ақпандағы № 49 қаулысымен бекітілген

Қазақстан Республикасының аумағы бойынша көлікте жүргені үшін арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің (курсанттардан, тыңдаушылардан басқа) шығындарын өтеу қағидалары

1. Осы Қазақстан Республикасының аумағы бойынша көлікте жүргені үшін арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің (курсанттардан, тыңдаушылардан басқа) шығындарын өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 73-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағы бойынша көлікте жүргені үшін арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің (курсанттардан, тыңдаушылардан басқа) (бұдан әрі – қызметкерлер) шығындарын (бұдан әрі – шығындар) өтеу тәртібін айқындайды.

1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 05.08.2022 жылғы № 532 Қаулысына сәйкес (28.02.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.08.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

2-тарау. Қызметкерлердің шығындарын өтеу тәртібі

1) медициналық айғақтар бойынша стационарда емделуге жол жүру және кері қайту;

2) арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы белгілеген тәртіппен берілген жолдама негізінде медициналық қарап-тексеруге (куәландыруға) жол жүру және кері қайту;

2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 25.09.2024 жылғы № 778 Қаулысына сәйкес (29.02.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.10.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

4) Заңның 49-бабы 1-тармағының 6), 12-1) және 13) тармақшаларында көзделген жағдайлардан басқа, қызметтен шығарылу кезінде өтеледі.

4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 05.08.2022 жылғы № 532 Қаулысына сәйкес (28.02.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.08.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

3. Қызметкерлерге шығындарды өтеу бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бекіткен нормаларға сәйкес жүргізіледі.

3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.02.2024 жылғы № 138 Қаулысымен (05.08.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 18.03.2024 жылдан бастап)

Болған оқиға фактісі бойынша осы Қағидалардың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда қызметкерлердің шығындарын өтеуді қызметкерлер штатында немесе қарамағында болатын арнаулы мемлекеттік органның мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мекеме) жүзеге асырады.

Қызметкер қызметтен шығарылған жағдайда шығындарды өтеуді:

3-тармақтың үшінші бөлігі өзгертілді ҚР Премьер-Министрінің 24.10.2019 жылғы № 799 Қаулысымен (11.02.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание