Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
-
Продукты:
Судебная практика
Отправить по почте
«Авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 828 қаулысының және «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 наурыздағы № 274 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 5-тармағының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 11 ақпандағы № 53 қаулысы
Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 828 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 48, 648-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасын Үкіметінің 2013 жылғы 26 наурыздағы № 274 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 22, 356-құжат).
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |