Bestprofi Logo

Бұйрық № 57 от 2019-02-08г./Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі

«Акваөсіру (балық өсіру) өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 2 ақпандағы № 63 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы»

Отправить на почту


Языки документа

Внимание! Документ утратил силу с 22.11.2020 г.

Документ на казахском языке

«Акваөсіру (балық өсіру) өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 2 ақпандағы № 63 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 8 ақпандағы № 57 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 14 ақпанда № 18310 болып тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 22 қарашадан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 05.11.2020 жылғы № 340 Бұйрығына сәйкес 

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. «Акваөсіру (балық өсіру) өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 2 ақпандағы № 63 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №16693 болып тіркелген, 2018 жылғы 10 сәуірде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Акваөсіру (балық өсіру) өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа қосымшаға жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3), және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары − Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Ө. Шөкеев

«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 8 ақпандағы № 57 бұйрығына қосымша

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 2 ақпандағы № 63 бұйрығымен бекітілген

«Акваөсіру (балық өсіру) өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. «Акваөсіру (балық өсіру) өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – 2 (екі) жұмыс күні.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған).

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – субсидияның аударылғаны туралы хабарлама немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша көрсетілетін қызметті ұсынудан уәжді бас тарту.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық.

Көрсетілетін қызметті алушыға осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 және 2-қосымшаларға сәйкес электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі туралы хабарлама жолданады. Бұл хабарлама субсидиялаудың ақпараттық жүйесіндегі көрсетілетін қызметті алушының Жеке кабинетінде қолжетімді болады.

7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

8. Порталдың жұмыс кестесі – жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

9. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша акваөсіру (балық өсіру) өнімділігі мен өнім сапасын арттыруға субсидиялар алу үшін порталда өтінімді қалыптастырады және оны электрондық цифрлық қолтаңба қою арқылы тіркейді және куәландырады.

Өтінімнің қабылданғанын субсидиялаудың ақпараттық жүйесіндегі көрсетілетін қызметті алушының Жеке кабинетіндегі мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұранымның қабылданғаны туралы тиісті хабарлама растайды.

10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 4 қазандағы № 408 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17583 болып тіркелген) бекітілген Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларының 15-тармағында белгіленген талаптар негіз болып табылады.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, жұмыскерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым тиісті көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына беріледі.

Шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша жазбаша нысанда почтамен не жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

1) жеке тұлғаның шағымында аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, почталық мекенжайы көрсетіледі;

2) заңды тұлғаның шағымында атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қоюы тиіс.

Көрсетілетін қызметті алушының шағымды қабылдағанын шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, оның тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) растайды.

Сондай-ақ, көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8-800-080-7777 телефондары арқылы алуға болады.

Көрсетілетін қызметті алушыға шағымды қабылдаған адам оның шағымын қабылдағанын растау үшін талон береді, онда талонның нөмірі, күні, шағымды қабылдаған адамның тегі, шағымға жауап алу мерзімі мен орны, шағымды қарау барысы туралы ақпаратты алуға болатын адамның байланыс деректері көрсетіледі.

Шағым портал арқылы жіберілген кезде, көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» арыз туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің арызды өңдеуі (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы уәжді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.

12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

4-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:

1) тиісті көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында;

2) Министрліктің www.mgov.kz интернет-ресурсындағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінің «Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары» кіші бөлімінде орналасқан.

14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

15. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары порталда көрсетілген. Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777.

«Акваөсіру (балық өсіру) өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша

Құрметті ___________________________________________________________ (көрсетілетін қызметті алушы)

Сіздің 20___ жылғы «__» _________ №__________ өтініміңіз бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден _______________________ __________________________________________ себепті бас тартылды.

«Акваөсіру (балық өсіру) өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымша

Құрметті ___________________________________________________________ (көрсетілетін қызметті алушы)

Сіздің 20___ жылғы «__» _________№__________ өтініміңіз бойынша мемлекеттік қызмет көрсетілді және Сіздің №__________ есептік шотыңызға 20___ жылғы «__» __________ төлем тапсырмасымен _________ теңге мөлшерінде субсидия сомасы аударылғанын хабарлаймыз.

Акваөсіру (балық өсіру) өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымша

Акваөсіру (балық өсіру) өнімділігі мен өнім сапасын арттыруға субсидиялар алуға арналған өтінім

(кімге) ________________________________________________ басқармасына (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың)

(кімнен)_________________________________________ (заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

Маған мынадай балық түрлеріне:___________________________________________

_______________________________ килограмм көлемінде сатып алынған азық үшiн

________________________________теңге мөлшерінде субсидия төлеуді сұраймын. (сома санмен және жазбаша)

атауы ______________________________________________________________;

БСН (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның, ол жоқ болған жағдайда филиалдың (өкілдіктің) БСН-сы) ______________________________________;

басшысының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі __________________________;

мекенжайы: _________________________________________________________;

телефон (факс) нөмірі: ________________________________________________;

аты, әкесінің аты (бар болса), тегі _______________________________________;

ЖСН _______________________________________________________________;

нөмірі ______________________________________________________________;

кім берді ____________________________________________________________;

берілген күні ________________________________________________________;

мекенжайы: _________________________________________________________;

телефон (факс) нөмірі: ________________________________________________;

Дара кәсіпкер ретінде қызметін бастағаны туралы хабарлама – жеке тұлға үшін:

орналасқан жері______________________________________________________;

хабардар еткен күн _________________________________________________;

2. Екінші деңгейлі банктегі тауар өндірушінің ағымдағы шотының мәліметтері:

ЖСН/БСН __________________________________________________________;

Кбе ________________________________________________________________;

Банктің деректемелері ________________________________________________;

Банктің атауы _______________________________________________________;

БСК _______________________________________________________________;

ЖСК _______________________________________________________________;

БСН _______________________________________________________________;

Кбе ________________________________________________________________;

3. Балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтамадан алынған мәліметтер:

нөмірі және берілген күні _____________________________________________;

балықтардың түрі ___________________________________________________;

өсірілген балықтың көлемі ____________________________________________;

4. Түрлері Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның І және (немесе) ІІ қосымшаларына енгізілген балықтардың бекіре тұқымдас түрлерін қолдан өсіру жөніндегі қызмет туралы әкімшілік органда тіркелуді растау:

нөмірі және берілген күні_____________________________________________;

хабарлама нөмірі _____________________________________________________;

5. Акваөсіру (балық өсіру) өнімін өткізуге арналған шот-фактуралар туралы мәліметтер:

шот- фактураның нөмірі

шот- фактураның күні

акваөсіру (балық өсіру) өнімінің атауы

өткізілген өнімнің көлемі, килограмм

сатып алушының ЖСН/БСН-сы және атауы

1

2

3

4

5

6

1


 


 


 


 


 

2


 


 


 


 


 

3


 


 


 


 


 

6. Тауар өндіруші мен азық сатушы арасындағы сату-сатып алу шарттары туралы мәліметтер:

азық сатушының ЖСН/БСН-сы

азық сатушының атауы

шарт нөмірі

шарт жасалған күн

азық атауы

құны, теңге

азықтың көлемі, килограмм

1

2

3

4

5

6

7

8

1


 


 


 


 


 


 


 

2


 


 


 


 


 


 


 

3


 


 


 


 


 


 


 

7. Азық сатып алуға жұмсалған шығындарды растайтын шот-фактуралар туралы мәліметтер:

шот-фактураның нөмірі

шот-фактураның күні

азықтың атауы

сатып алынған азық көлемі, килограмм

сатып алынған азықтың құны, теңге

1

2

3

4

5

6

1


 


 


 


 


 

2


 


 


 


 


 

3


 


 


 


 


 

субсидияла-натын балық түрі

өндірілген өнім көлемі, килограмм

азық атауы және түрі

1 (бір) килограмм азықтың құны, теңге

1 (бір) килограмм азық өндіруге арналған шығыс нормасы

азық сатып алуға жұмсалған барлық шығыс, теңге

бюджеттік субсидиялар-дың тиесілі сомасы, теңге

1

2

3

4

5

7

8


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 

Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпиядан тұратын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді және өзге ақпаратты жинауға, өңдеуге, сақтауға, шығарып алуға және пайдалануға келісім беремін.

Өтінім беруші 20__ жылғы «__» _____ сағат 00:00-де қол қойып, жіберді:

ЭЦҚ-дан алынған деректер*_______________________________________

ЭЦҚ қойылған күні мен уақыты*___________________________________

Өтінімнің қабылданғаны туралы хабарлама:

Басқарма 20__ жылғы «__» _____ сағат 00:00-де қабылдады:

ЭЦҚ-дан алынған деректер*_______________________________________

ЭЦҚ қойылған күні мен уақыты*___________________________________

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание