«Экспорттық бақылау туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
Экспорттық бақылау мақсаттары үшін сыртқы экономикалық мәмілелер есебінің қағидалары мен нысанын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 13 ақпандағы № 76 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 15 ақпанда № 18313 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2023 жылғы 29 сәуірден бастап күшін жойды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 12.04.2023 жылғы №242 Бұйрығына сәйкес
«Экспорттық бақылау туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Экспорттық бақылау мақсаттары үшін сыртқы экономикалық мәмілелер есебінің қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес экспорттық бақылау мақсаттары үшін сыртқы экономикалық мәмілелер есебінің нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Ж. Қасымбек
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 13 ақпандағы № 76 бұйрығына 1-қосымша
Экспорттық бақылау мақсаттары үшін сыртқы экономикалық мәмілелер есебінің қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Экспорттық бақылау мақсаттары үшін сыртқы экономикалық мәмілелер есебінің қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Экспорттық бақылау туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 13-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленген және қазақстандық сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларының экспорттық бақылауға жататын өніммен олар жасаған сыртқы экономикалық мәмілелердің есебін жүргізу тәртібін айқындайды.
2-тарау. Сыртқы экономикалық мәмілелерді есепке алу тәртібі
2. Сыртқы экономикалық мәмілелерді есепке алуды сыртқы экономикалық мәмілелердің қатысушылары экспорттық бақылау мақсаттаы үшін сыртқы экономикалық мәмілелерді есепке алу нысанында (бұдан әрі – Нысан) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік немесе орыс тілдерінде жүзеге асырыды.
3. Нысан қағаз тасығышта жүргізіледі.
Нысан тігілген, ал ондағы парақтар нөмірленген болуы тиіс. Нысанның соңғы парағының сыртқы бетінде есепке алу журналын жүргізудің басталған күні, Нысандағы парақтардың саны, ал Нысан аяқталғаннан кейін – Нысандағы соңғы жазбаның реттік нөмірі және оны аяқтау күні қойылады. Көрсетілген жазбалар қазақстандық сыртқы экономикалық қызмет қатысушысы болып табылатын жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның басшысының қолымен расталады.
Нысанды электрондық түрде жүргізуге ондағы барлық есепке алу жазбаларын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында ақпараттар электрондық тасығыштарға көшірілген және осы жазбаларды қағаз тасығышқа шығару мүмкіндігі болған жағдайда жол беріледі. Бұл ретте Нысанда қамтылған жазбалар Нысанды ресімдеуге қойылатын талаптарды сақтай отырып күнтізбелік жыл аяқталғаннан кейін 1 айдан кешіктірілмей, қағаз тасығышқа шығарылады.
4. Нысандағы жазбалар сыртқы экономикалық мәмілелер жасалатын құжаттарда қамтылған сыртқы экономикалық мәміле туралы мәмілеттер негізінде қалыптасады. Шет тілінде жасалған есепке алу құжаттарының мемлекеттік немесе орыс тілдерінде сөзбе-сөз аудармасы болуы тиіс.
5. Жазбалар нысанға сыртқы экономикалық мәмілені жасау фактісі бойынша (осындай мәміле шеңберінде жүзеге асырылған сыртқы экономикалық операциялардың есепке алу құжаттарында көрсетілгеннен кейін тікелей), тауарларға, ақпаратқа, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге немесе осы мәміленің мәні болып табылатын зияткерлік шығармашылық қызметтің нәтижелеріне келіп түскен төлемақы мерзімдеріне қарамастан енгізіледі.
6. Нысандағы қателерді түзету, оны қағаз тасығышта жүргізген жағдайда да қағаз тасығышқа жазба қалдыра отырып, электрондық түрде жүргізген жағдайда да, осы Қағидалардың 2-тармағына сәйкес қазақстандық сыртқы экономикалық қызмет қатысушысы болып табылатын жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның басшысының қолымен расталады.
7. Қазақстандық сыртқы экономикалық қызмет қатысушылары, өздері жасайтын сыртқы экономикалық мәмілелердің есебінің толықтығын және дұрыстығын қамтамасыз етеді.
8. Қағаз тасығыштағы Нысандарды, олар жабылғаннан кейін, сондай-ақ электрондық түрдегі Нысандарда қамтылған есепке алу жазбаларының қағаз тасығыштары және есепке алу құжаттарын егер оларды едәуір ұзақ сақтау мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленбесе, қазақстандық сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар 5 жыл ішінде сақтайды.
9. Тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер түрлерінің (топтарының), зияткерлік қызмет нәтижелерінің тізбесі, экспорттық бақылау мақсаттары үшін есепке алуға жататын сыртқы экономикалық мәмілелер «Экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасын (тізімін) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 ақпандағы № 104 қаулысымен бекітілген.
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 13 ақпандағы № 76 бұйрығына 2-қосымша
Сыртқы экономикалық мәмілелерді есепке алу ЖУРНАЛЫ
№ |
Күні |
Оның негізінде сыртқы экономикалық мәмілелер жасалатын құжаттар |
Сыртқы экономикалық мәмілеге қатысушы, шет ел адамы туралы мәлімет |
Сыртқы экономикалық мәміле нысаны туралы мәлімет |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
Ескертпелер:
1. 1-бағанда сыртқы экономикалық мәмілелердің реттік нөмірі көрсетіледі.
2. 2-бағанда есептік жазбаларды енгізу күні көрсетіледі.
3. 3-бағанда оның негізінде сыртқы экономикалық мәміле жасалатын сыртқы сауда шартының (келісімшартының), оған қосымша келісімнің немесе өзге де құжаттың нөмірі (болған кезде) және күні көрсетіледі.
4. 4-бағанда тауарларды, ақпараттарды, көрсетілетін қызметтерді, зияткерлік қызмет нәтижелерін алушы немесе жұмыстарға тапсырыс беруші (жеке тұлға үшін - тегі аты-жөні және тұрғылықты жері, заңды тұлға үшін - атауы және орналасқан жері (мекенжайы) болып табылатын, сыртқы экономикалық мәмілеге қатысушы шет елдік адам (шет ел адамы, халықаралық ұйым не оның өкілі) туралы мәліметтер көрсетіледі.
5. 5-бағанда сыртқы экономикалық мәміле нысанының атауы, ол туралы қысқаша мәліметтер және оның функционалдық мақсаты көрсетіледі.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |