Toggle Dropdown
"Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 6 ақпандағы № 76 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 6 ақпанда № 18271 болып тіркелді
1. "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №9756 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 17 қазанда жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:
бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
01 "Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер" функционалдық тобында:
1 "Мемлекеттiк басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкiлдi, атқарушы және басқа органдар" функционалдық кіші тобында:
123 "Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің аппараты" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
001 "Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қаланың, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер" бюджеттік бағдарламасы бойынша:
мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламаларымен толықтырылсын:
"011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен
015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";
379 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
001 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер" бюджеттік бағдарламасы бойынша:
мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламаларымен толықтырылсын:
"011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен
015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";
2 "Қаржылық қызмет" функционалдық кіші тобында:
мынадай мазмұндағы 001 бюджеттік бағдарламасы мен 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 318 - бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:
"318 Республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік активтер басқармасы
001 Жергілікті деңгейде коммуналдық мүлікті және мемлекеттік сатып алу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер
011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен
015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";
мынадай мазмұндағы 002, 010, 011, 014, 028, 032, 100, 106, 107, 108, 109, 115, 118, 119, 123 және 124 бюджеттік бағдарламаларымен толықтырылсын:
"002 Ақпараттық жүйелер құру
010 Жекешелендіру, коммуналдық меншікті басқару, жекешелендіруден кейінгі қызмет және осыған байланысты дауларды реттеу
011 Коммуналдық меншікке түскен мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және сату
014 Мемлекеттік органның күрделі шығыстары
028 Коммуналдық меншікке мүлікті сатып алу
032 Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары
100 Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резерві есебінен іс-шаралар өткізу
106 Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін жергілікті атқарушы органның төтенше резерві есебінен іс-шаралар өткізу
107 Жергілікті атқарушы органның шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу
108 Бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалардың, оның ішінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларды, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу
109 Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу
115 Жергілікті атқарушы органы резервінің қаражаты есебінен соттардың шешімдері бойынша жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін орындау
118 Қазақстан Республикасы Үкіметінің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезінде халықтың тіршілігін қамтамасыз етуге арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу
119 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң арнайы резервi есебінен іс-шаралар өткізу
123 Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінен берілетін нысаналы трансферттердің есебінен әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою, әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң саяси, экономикалық және әлеуметтiк тұрақтылығына, адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауіп төндiретiн жалпы республикалық немесе халықаралық маңызы бар жағдайларды жою бойынша ағымдағы шығыстарға іс-шаралар өткізу
124 Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінен берілетін нысаналы трансферттердің есебінен әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою, әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң саяси, экономикалық және әлеуметтiк тұрақтылығына, адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауіп төндiретiн жалпы республикалық немесе халықаралық маңызы бар жағдайларды жою бойынша даму шығыстарына іс-шаралар өткізу";
мынадай мазмұндағы 003 бюджеттік бағдарламасы бар 320 - бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:
"320 Республикалық маңызы бар қаланың, астананың стратегия және бюджет басқармасы
010 Салық салу мақсатында мүлікті бағалауды жүргізу";
733 "Облыстың мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
001 "Жергілікті деңгейде мемлекеттік активтер мен сатып алуды басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер" бюджеттік бағдарламасы бойынша:
мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалармен толықтырылсын:
"011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен
015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";
5 "Жоспарлау және статистикалық қызмет" функционалдық кіші тобында:
мынадай мазмұндағы 001 бюджеттік бағдарламасы мен 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 320 - бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын: