Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот жүйесін жаңғырту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Заңы 2019 жылғы 21 ақпандағы № 227-VІ
Toggle Dropdown
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Toggle Dropdown
1. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 20, 151-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 128-құжат; № 18, 142-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 2, 7-құжат; № 7, 34-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 10, 50-құжат; № 14, 72-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-I, 140-құжат; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 23-II, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 8-II, 67-құжат; № 23, 119-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 9, 17, 18-құжаттар; № 13, 45-құжат; № 14, 50, 53-құжаттар; № 16, 56-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 9, 31-құжат; № 10, 32-құжат; № 14, 42-құжат; № 15, 47, 48-құжаттар; № 22, 83-құжат):
Toggle Dropdown
1) 5-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«Білім беру саласындағы уәкілетті органның осы баптың бірінші бөлігінің 4), 4-1), 6), 8-1), 8-3), 11), 11-1), 13), 14), 14-1), 14-2), 16), 19), 25), 27), 34), 38), 38-1), 38-2), 43-2), 44-3), 44-5), 46-11), 46-17), 46-18), 46-19) және 46-20) тармақшаларында көзделген өкілеттіктері әскери, арнаулы оқу орындарына және Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Сот төрелігі академиясына (бұдан әрі – Сот төрелігі академиясы) қолданылмайды.»;
Toggle Dropdown
2) мынадай мазмұндағы 5-2-баппен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
«5-2-бап. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Сот төрелігі академиясына қатысты құзыреті
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Сот төрелігі академиясына қатысты мынадай өкілеттіктерді жүзеге асырады:
Toggle Dropdown
1) Сот төрелігі академиясының білім беру қызметінің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының жекелеген бөлімдерін әзірлеуге қатысады;
Toggle Dropdown
2) Сот төрелігі академиясының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарының жекелеген бөлімдерін және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін әзірлеуге қатысады;
Toggle Dropdown
3) Сот төрелігі академиясы қызметінің қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Toggle Dropdown
4) Сот төрелігі академиясында оқу процесін, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қызметті ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Toggle Dropdown
5) Сот төрелігі академиясына оқуға қабылдау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Toggle Dropdown
6) үлгілік оқу жоспарларын және үлгілік оқу бағдарламаларын әзірлейді және бекітеді;
Toggle Dropdown
7) оқулық басылымдары мен оқу-әдістемелік кешендерді дайындау, сараптау, сынамалау, басып шығару және оларға мониторинг жүргізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Toggle Dropdown
8) Сот төрелігі академиясында білім алушылардың кәсіптік практикасы мен тағылымдамасын ұйымдастыру мен одан өту қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Toggle Dropdown
9) Сот төрелігі академиясына қайта қабылдау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Toggle Dropdown
10) Сот төрелігі академиясының педагог жұмыскерлері мен оларға теңестірілген адамдары лауазымдарының біліктілік сипаттамаларын әзірлейді және бекітеді;
Toggle Dropdown
11) Сот төрелігі академиясының педагог жұмыскерлері мен оларға теңестірілген адамдары, ғылыми жұмыскерлері лауазымдарына орналасу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Toggle Dropdown
12) Сот төрелігі академиясының ақпараттық жүйелері мен интернет-ресурстарына қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді;
Toggle Dropdown
13) Сот төрелігі академиясында білім алу нысандары мен технологияларын айқындайды;
Toggle Dropdown
14) Сот төрелігі академиясында білім беру технологияларын қолдана отырып оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Toggle Dropdown
15) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
Toggle Dropdown
3) 23-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Сот төрелігі академиясындағы, әскери, арнаулы оқу орындарындағы қосымша білім беретін білім беру бағдарламалары оқыту нәтижелеріне және (немесе) тиісінше Қазақстан Республикасының соттарындағы, құқық қорғау органдарындағы, Қорғаныс министрлігіндегі және ұлттық қауіпсіздік органдарындағы кәсіптік құзыреттерге, біліктілік сипаттамаларына және біліктілік талаптарына сәйкестікке бағдарлана отырып, білім алушылар мен мамандардың жан-жақты қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған.»;
Toggle Dropdown
4) 26-баптың 1-тармағындағы «Әскери» деген сөз «Сот төрелігі академиясын, әскери» деген сөздермен ауыстырылсын;
Toggle Dropdown
5) 29-баптың 2-тармағының төртінші абзацы «әскери» деген сөздің алдынан «Сот төрелігі академиясын,» деген сөздермен толықтырылсын;
Toggle Dropdown
6) 39-баптың 3-тармағының бірінші бөлігінде:
Toggle Dropdown
1) тармақша «сондай-ақ» деген сөзден кейін «Сот төрелігі академиясында,» деген сөздермен толықтырылсын;
Toggle Dropdown
2) тармақша «әскери» деген сөздің алдынан «Сот төрелігі академиясын,» деген сөздермен толықтырылсын;
Toggle Dropdown
7) 43-1-баптың 4-тармағының үшінші бөлігі «құзыреті» деген сөзден кейін «Сот төрелігі академиясына,» деген сөздермен толықтырылсын;
Toggle Dropdown
8) 52-баптың 8-тармағы «әскери» деген сөздің алдынан «Сот төрелігі академиясын,» деген сөздермен толықтырылсын;
Toggle Dropdown
9) 57-баптың 2-тармағының бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«2. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың білім беру саласындағы қызметін лицензиялау – біліктіліктер бойынша, Сот төрелігі академиясы, әскери, арнаулы оқу орындары үшін мамандықтардың топтары бойынша жүргізіледі.
Toggle Dropdown
Бұл ретте білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензияға қосымшада техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің мамандықтары мен біліктіліктерінің сыныптауышына сәйкес біліктіліктер бойынша, Сот төрелігі академиясы, әскери, арнаулы оқу орындары үшін мамандықтардың топтары бойынша шифр, атауы, оқыту мерзімі көрсетіледі.»;
Toggle Dropdown
10) 62-баптың 4-тармағының екінші бөлігі және 5-1-тармағы тиісінше «көлемі», «қаржыландыру» деген сөздерден кейін «Сот төрелігі академиясын,» деген сөздермен толықтырылсын;
Toggle Dropdown
11) 63-бапта:
Toggle Dropdown
3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«Қарамағында әскери, арнаулы оқу орындары бар мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бекітетін әскери, арнаулы оқу орындарының тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету және тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларына сәйкес әскери, арнаулы оқу орындары мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарынан тыс, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) ақылы негізде беруге де құқылы.
Toggle Dropdown
Сот төрелігі академиясының тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету және оның тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын Жоғарғы Соттың, жергілікті және басқа да соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.»;
Toggle Dropdown
4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«Әскери, арнаулы оқу орындарының ақылы негізде берілетін тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) бағаларды қарамағында әскери, арнаулы оқу орындары бар мемлекеттік органдардың бірінші басшылары осы оқу орындары басшыларының ұсыныстары бойынша бекітеді.
Toggle Dropdown
Сот төрелігі академиясының тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) бағаларды Сот төрелігі академиясы Жоғарғы Соттың, жергілікті және басқа да соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді.».
Toggle Dropdown
2. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-V, 153-құжат; 2016 ж., № 7-I, 50-құжат; № 22, 116-құжат; № 24, 123-құжат; 2017 ж., № 14, 51-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 12, 39-құжат):
Toggle Dropdown
15-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Сот төрелігі академиясында оқуды бітірген және біліктілік емтиханын тапсырған адамдар оқуды бітіргеннен кейін бір жыл ішінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына сәйкес соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселесі жөніндегі уәкілетті органда және оның аумақтық бөлімшелерінде «Б» корпусының мемлекеттік əкімшілік лауазымдарына уәкілетті органмен келісу бойынша конкурс өткізілместен орналаса алады.».
Toggle Dropdown
3. «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 23-II, 173-құжат; 2016 ж., № 7-I, 50-құжат; 2017 ж., № 6, 11-құжат; № 14, 51-құжат; № 16, 56-құжат):
Toggle Dropdown
1) 1-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«7. Кеңес аппараты туралы ережені Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.»;
Toggle Dropdown
2) 3-баптың 1-тармағында:
Toggle Dropdown
2) тармақшаның бірінші және екінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«2) аудандық және оған теңестірілген сот (бұдан әрі – аудандық сот) төрағасының, судьясының, облыстық және оған теңестірілген соттың (бұдан әрі – облыстық сот) сот алқасы төрағасының, судьясының, Жоғарғы Сот судьясының бос лауазымына кандидаттар іріктеуді конкурстық негізде жүзеге асырады:
Toggle Dropdown
конкурстың қорытындылары бойынша аудандық соттың төрағасы мен судьясының, облыстық соттың сот алқасы төрағасының және судьясының бос лауазымына тағайындау үшін кандидаттарды Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыным жасайды;»
Toggle Dropdown
3) тармақшаның бірінші және екінші абзацтарындағы «және сот алқалары төрағаларының» деген сөздер алып тасталсын;
Toggle Dropdown
5) тармақшада:
Toggle Dropdown
алтыншы абзацтағы «Сот жюриінің біліктілік комиссиясы» деген сөздер «Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссия)» деген сөздермен ауыстырылсын;
Toggle Dropdown
жетінші абзацта:
Toggle Dropdown
«тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін,», «немесе «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының талаптарын орындамағаны үшін» деген сөздер алып тасталсын;
Toggle Dropdown
«Сот жюриінің» деген сөздер «Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның» деген сөздермен ауыстырылсын;
Toggle Dropdown
мынадай мазмұндағы сегізінші абзацпен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
«тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін немесе «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының талаптарын орындамағаны үшін Сот жюриінің шешімі негізінде Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағаларын және судьяларын, жергілікті және басқа соттардың төрағаларын, сот алқаларының төрағаларын және судьяларын атқаратын лауазымдарынан босату мәселелерін қарайды;»;
Toggle Dropdown
мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
«6-1) Сот жүйесіндегі судья кадрларының жай-күйі туралы жыл сайынғы ұлттық баяндаманы қалыптастырады және оны Қазақстан Республикасының Президентіне ұсынады, оның кейіннен жариялануын қамтамасыз етеді;»;
Toggle Dropdown
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«7) Сот жюриінің және Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның шешімдеріне шағым жасау туралы судьялардың жолданымдарын қарайды;»;
Toggle Dropdown
13) тармақшадағы «мамандандырылған магистратураны» деген сөздер «Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігі академиясын» деген сөздермен ауыстырылсын;
Toggle Dropdown
16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«16) аудандық сот төрағасының, облыстық соттың төрағасының, сот алқалары төрағаларының және судьясының, Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағаларының және судьясының лауазымына кадр резервін (бұдан әрі – кадр резерві) қалыптастырады;»;
Toggle Dropdown
17) тармақшадағы «Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша» деген сөздер алып тасталсын;
Toggle Dropdown
18) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«18) Кеңес жанындағы Кадр резерві жөніндегі комиссияның құрамын бекітеді;»;
Toggle Dropdown
мынадай мазмұндағы 18-1) тармақшамен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
«18-1) Кеңес жанындағы Сот жюриінің құрамын бекітеді;»;
Toggle Dropdown
3) 4-бапта:
Toggle Dropdown
1-тармақта:
Toggle Dropdown
екінші бөліктегі «Мемлекеттік қызмет істері министрін» деген сөздер «мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның басшысын» деген сөздермен ауыстырылсын;
Toggle Dropdown
үшінші бөліктегі «Судьялар одағының» деген сөздер «заңгерлер жұртшылығының» деген сөздермен ауыстырылсын;
Toggle Dropdown
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«2. Жоғарғы Соттың кеңейтілген жалпы отырысы судьялар қатарынан кандидаттарды сайлайды және оларды Қазақстан Республикасы Президентінің Кеңес мүшелері етіп тағайындауы үшін ұсыным жасайды.
Toggle Dropdown
Кеңес құрамына судьялардың кандидатуралары Жоғарғы Соттың кеңейтілген жалпы отырысында аудандық және облыстық соттар, сондай-ақ Жоғарғы Сот судьяларының Кеңесте тең өкілдік етуін қамтамасыз ету ескеріле отырып, облыстық соттардың кеңейтілген жалпы отырыстары ұсыным жасаған кандидаттар қатарынан қаралады.
Toggle Dropdown
Судьялар Кеңес мүшелерінің кемінде жартысын құрайды.
Toggle Dropdown
3. Кеңес Төрағасын және лауазымы бойынша Кеңес мүшелерін қоспағанда, Кеңес мүшелері өз өкілеттіктерін үш жыл жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
Бұл ретте Кеңес Төрағасын және лауазымы бойынша Кеңес мүшелерін қоспағанда, Кеңес мүшелерінің жартысы бір жарым жыл сайын қайта тағайындалады.»;
Toggle Dropdown
7-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
«Кеңестің заңгер-ғалымдар мен адвокаттар қатарынан шыққан мүшелерінің еңбегіне ақы төлеу Кеңеске республикалық бюджеттен бөлінген қаражат есебінен жүргізіледі және Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін, мемлекеттік бюджет есебінен қамтылатын барлық органдар үшін қаржыландырудың және жұмыскерлердің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесіне сәйкес жүзеге асырылады.»;
Toggle Dropdown
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«10. Кеңес мүшесінің өкілеттіктері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, мынадай негіздер бойынша тоқтатылады:
Toggle Dropdown
1) өз қалауы бойынша;
Toggle Dropdown
2) шетелдік сарапшыларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату;
Toggle Dropdown
3) кәсіптік міндеттерін одан әрі атқаруға кедергі келтіретін денсаулық жағдайы;
Toggle Dropdown
4) әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп тану туралы не медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы сот шешімінің заңды күшіне енуі;
Toggle Dropdown
5) айыптау үкімінің заңды күшіне енуі, қылмыстық істің сотқа дейінгі сатыда Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтары немесе 36-бабы негізінде тоқтатылуы;
Toggle Dropdown
6) қайтыс болуы немесе қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімінің заңды күшіне енуі;
Toggle Dropdown
7) судьяның өкілеттіктерін тоқтату;
Toggle Dropdown
8) адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтату және одан айыру;
Toggle Dropdown
9) Кеңес құрамына қосуға негіз болған мән-жайлардың қолданысының тоқтатылуы;
Toggle Dropdown
10) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негіздердің туындауы.»;
Toggle Dropdown
4) 5-баптың 1-тармағында:
Toggle Dropdown
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
«2-1) Кеңес аппаратының құрылымын бекітеді;»;
Toggle Dropdown
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«6) Жоғарғы Соттың жалпы және кеңейтілген жалпы отырыстарына, судьялардың кеңестеріне, облыстық соттардың жалпы және кеңейтілген жалпы отырыстарына, Судьялар одағының, Судья әдебі жөніндегі комиссияның, Сот жюриінің, Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның отырыстарына қатысуға құқылы;»;
Toggle Dropdown
7) тармақшадағы «қызметінде регламенттің» деген сөздер «регламентінің» деген сөзбен ауыстырылсын;
Toggle Dropdown
5) 6-баптың 1-тармағында:
Toggle Dropdown
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«7) Кеңестің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша облыстық соттардың және Жоғарғы Соттың жалпы және кеңейтілген жалпы отырыстарының, соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестер және судья қоғамдастығы органдары, Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссия отырыстарының жұмысына қатысуға;»;
Toggle Dropdown
мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
«8-1) Кеңес отырысында қарау үшін шығарылатын мәселелер тізбесі бойынша ұсыныстар енгізуге;»;
Toggle Dropdown
6) 7-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
«8-1) Сот жюриінің және Кадр резерві жөніндегі комиссияның қызметін қамтамасыз етуді ұйымдастырады;»;
Toggle Dropdown
7) 9-баптың 1-тармағындағы «Кеңес мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданатын регламентте» деген сөздер «, оның ішінде шешімдер қабылдау және дауыс беруді өткізу тәртібі Кеңес мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданатын Кеңес регламентінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
Toggle Dropdown
8) 10-бапта:
Toggle Dropdown
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«1. Кеңестің соттардың кадр мәселелері, судьялардың тәртіптік жауаптылығы және олардың жұмыс сапасын бағалау жөніндегі шешімдері өзіне қатысты мәселе қаралып жатқан адамның, сондай-ақ шақырылған өзге де адамдардың қатысуынсыз, оның отырысқа қатысып отырған мүшелерінің кемінде үштен екі даусымен қабылданады.
Toggle Dropdown
Кеңестің өзге, оның ішінде рәсімдік мәселелер жөніндегі шешімдері оның отырысқа қатысып отырған мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданады.»;
Toggle Dropdown
2-тармақ алып тасталсын;
Toggle Dropdown
9) 11-баптың 2-тармағында:
Toggle Dropdown
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«3) Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссия өз құрамынан ротациялық негізде жіберетін екі судья;»;
Toggle Dropdown
5) тармақшадағы «өзге де жұртшылық» деген сөздер «заңгерлер жұртшылығының өзге де» деген сөздермен ауыстырылсын;
Toggle Dropdown
10) 12-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
«Комиссияның отырыстарына байқаушылар шақырылуы мүмкін.»;
Toggle Dropdown
11) 13-бапта:
Toggle Dropdown
1-тармақ «тапсыру» деген сөзден кейін «, олардың нәтижелеріне шағым жасау» деген сөздермен толықтырылсын;
Toggle Dropdown
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«4. Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігі академиясында оқуды бітірген адамдар оқуды бітірген күннен бастап төрт жыл бойы біліктілік емтиханын тапсырудан босатылады.
Toggle Dropdown
5. «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 29-бабының 2-тармағында көрсетілген адамдар біліктілік емтихандарын тапсыруға жіберілмейді.»;
Toggle Dropdown
7-тармақтағы «бір жылдан» деген сөздер «алты айдан» деген сөздермен ауыстырылсын;
Toggle Dropdown
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«10. Біліктілік емтиханын тапсыру рәсімі мыналарды қамтиды:
Toggle Dropdown
психологиялық тестілеу;
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының заңнамасын білуін компьютерлік тестілеу;
Toggle Dropdown
жазбаша эссе;
Toggle Dropdown
сот практикасынан жағдайларды модельдейтін есептерді шешу (кейстегі есептерді шешу) негізінде үміткердің меңгерген білімін практикада қолдану қабілетін тексеру;
Toggle Dropdown
біліктілік емтиханы кезеңдерінің бірімен қатар болуы мүмкін Комиссия мүшелерімен әңгімелесу.
Toggle Dropdown
Біліктілік емтиханын тапсыру тәртібі Кеңес шешімімен белгіленеді.
Toggle Dropdown
Судья лауазымына біліктілік емтиханы сұрақтарының санын, мазмұнын, әзірлеу тәртібін және тізбесін Кеңес айқындайды.»;
Toggle Dropdown
12) 14-бап мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«14-бап. Біліктілік емтихандарын қабылдаудан бас тарту
Toggle Dropdown
Біліктілік емтихандарын қабылдаудан бас тарту туралы шешімді Комиссия төрағасы қабылдайды және бұған судьялыққа кандидаттар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде қойылатын талаптарға сай келмеген жағдайларда жол беріледі.
Toggle Dropdown
Біліктілік емтихандарын қабылдаудан бас тартқан жағдайда, Комиссия төрағасы өтініш берілген немесе осы Заңның 13-бабының 2-тармағында көрсетілген арнайы тексерудің нәтижелері алынған күннен бастап бір ай ішінде азаматқа уәжді жауап беруге міндетті.»;
Toggle Dropdown
13) 15-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«1. Біліктілік емтиханын ойдағыдай тапсырған адамдар психологиялық тестілеу нәтижелері ескеріле отырып, Кеңестің шешімі бойынша қосымша ақпарат алу және хабарланған мәліметтердің анықтығын тексеру мақсатында полиграфологиялық зерттеуден өтуге жіберілуі мүмкін.»;
Toggle Dropdown
14) 5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«5-тарау. Аудандық соттың төрағасы мен судьясы, облыстық соттың сот алқасының төрағасы және судьясы, Жоғарғы Сот судьясы лауазымына тағайындау туралы ұсыным шығару»;
Toggle Dropdown
15) 16, 17 және 18-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«16-бап. Судья лауазымына конкурс
Toggle Dropdown
1. Кеңестiң аудандық сот төрағасы мен судьясы, облыстық соттың сот алқасының төрағасы және судьясы, Жоғарғы Сот судьясы лауазымына тағайындау туралы ұсынымы конкурстық қараудың нәтижелерi бойынша берiледi.
Toggle Dropdown
2. Конкурс жариялау туралы шешімді жыл сайын Кеңес бекітетін және Кеңестің интернет-ресурсында орналастырылатын конкурстар өткізу графигінің негізінде Кеңес хатшысының ұсынысы бойынша Кеңес Төрағасы қабылдайды.
Toggle Dropdown
Конкурстар өткізу графигі алдыңғы жылдың соңында бекітіледі және оның ішінде мына мәліметтерді қамтиды:
Toggle Dropdown
1) конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қабылдау мерзімі;
Toggle Dropdown
2) конкурс жарияланатын бос орындардың санаты (аудандық соттардың судьялары мен төрағалары, облыстық соттардың судьялары мен сот алқаларының төрағалары, Жоғарғы Соттың судьялары).
Toggle Dropdown
3. График судьялардың ауысуын талдау мен болжау, жергілікті соттардың төрағалары мен сот алқалары төрағаларының өкілеттік мерзімдері, сондай-ақ бар бос орындар ескеріле отырып жасалады.
Toggle Dropdown
Кеңестің конкурстар өткізу графигіне негізделген жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктері Кеңес регламентінде айқындалады.
Toggle Dropdown
4. Кеңестің аудандық сот судьясы, облыстық соттың сот алқасының төрағасы және судьясы, Жоғарғы Сот судьясы бос лауазымына орналасу үшін конкурс туралы хабарландыруын Кеңес аппараты Кеңес регламентінде белгіленген мерзімдерде – бірақ конкурсқа дейін, ал аудандық сот және облыстық соттың сот алқасының төрағалары лауазымдарына орналасу үшін аудандық сот және облыстық соттың сот алқасы төрағаларының өкілеттік мерзімі өткенге дейін кемінде екі апта бұрын Кеңестің интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде жариялайды.
Toggle Dropdown
5. Аудандық соттың төрағасы мен судьясы, облыстық соттың сот алқасының төрағасы және судьясы, Жоғарғы Сот судьясы лауазымына конкурсқа қатысу үшін Кеңестің конкурс туралы хабарландыруында көрсетілген мерзімдер ішінде, бірақ Кеңестің интернет-ресурсында хабарландыру жарияланған күннен бастап кемінде екі апта ішінде Кеңес аппаратына өтінішті және тізбесі Кеңес регламентінде белгіленген басқа да құжаттарды беру қажет.
Toggle Dropdown
Үміткерлердің жеке басы туралы толық және объективті ақпарат алу мақсатында Кеңес аппараты құқық қорғау органдарынан және олардың аумақтық бөлімшелерінен, басқа да мемлекеттік органдардан, адвокаттар алқаларынан, сондай-ақ мемлекеттік емес ұйымдардан үміткерлер туралы қосымша мәліметтер сұратуға құқылы.
Toggle Dropdown
17-бап. Аудандық соттың төрағасы мен судьясы, облыстық соттың сот алқасының төрағасы және судьясы, Жоғарғы Сот судьясы лауазымына конкурсқа қатысушылар
Toggle Dropdown
1. Аудандық соттың төрағасы мен судьясы лауазымына Кеңестің ұсынымын алу үшін конкурсқа – «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 29-бабы 1-тармағының талаптарына сай келетін азаматтар, ал жұмыс істеп жүрген судьялар болып табылатын кандидаттар «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 28-бабының және 29-бабы 1-тармағының талаптарына сай келсе, қатыса алады.
Toggle Dropdown
Аудандық сот төрағасының бос лауазымдарына кандидатуралар жұмыс істеп жүрген судьялар болуға немесе олардың судья лауазымында кемінде бес жыл жұмыс өтілі болуға тиіс.
Toggle Dropdown
2. Облыстық соттың сот алқасының төрағасы және судьясы, Жоғарғы Сот судьясы лауазымына Кеңестің ұсынымын алу үшін конкурсқа «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының талаптарына сай келетін азаматтар қатыса алады.
Toggle Dropdown
3. Аудандық соттың төрағасы мен судьясы лауазымына конкурсқа қатысушылар тұрғылықты жері немесе жұмыс орны бойынша Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің және облыстық соттың жалпы отырысының қорытындыларын алуға тиіс.
Toggle Dropdown
Облыстық соттың сот алқасының төрағасы лауазымына конкурсқа қатысушылар Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің және Жоғарғы Соттың жалпы отырысының қорытындыларын алуға тиіс.
Toggle Dropdown
Облыстық сот судьясы лауазымына конкурсқа қатысушылар Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің және тиісті облыстық соттың, сондай-ақ тұрғылықты жері немесе жұмыс орны бойынша облыстық соттың жалпы отырысының қорытындыларын алуға тиіс.
Toggle Dropdown
Егер облыстық сот судьясы лауазымына қонкурсқа қатысушылар өздері судья лауазымына үміттеніп отырған сот орналасқан өңірде жұмыс істейтін немесе тұратын жағдайда, облыстық соттың жалпы отырысының қорытындысын қайтадан алу талап етілмейді.
Toggle Dropdown
Жоғарғы Сот судьясы лауазымына конкурсқа қатысушылар тұрғылықты жері немесе жұмыс орны бойынша Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің қорытындысын да алуға тиіс.
Toggle Dropdown
Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің және жалпы отырыстың қорытындылары ұсынымдық сипатта болады.
Toggle Dropdown
4. Конкурсқа қатысушылар, жалпы отырыстардың, Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес отырысының өткізілетін күні туралы, сондай-ақ олар қабылдаған шешімдер туралы ақпарат Кеңестің интернет-ресурсында орналастырылуға және өзге де бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға жатады.
Toggle Dropdown
18-бап. Бос лауазымдарға кандидаттарды іріктеу тәртібі
Toggle Dropdown
1. Бос лауазымдарға кандидаттарды конкурстық іріктеуді Кеңес өз қызметіне араласуды болғызбайтын шарттарда, ашық және жариялы түрде жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
2. Жоғары білім деңгейі, биік моральдық-адамгершілік қасиеттер мен мінсіз бедел судьялардың бос лауазымдарына кандидаттарды іріктеудің негізгі өлшемшарттары болып табылады.
Toggle Dropdown
Аудандық сот төрағасының және облыстық соттың сот алқасы төрағасының бос лауазымына орналасуға арналған конкурс өткізу кезінде осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген өлшемшарттарға қосымша ұйымдастырушылық қабілеттер де ескеріледі.
Toggle Dropdown
Судьяның бос лауазымдарына кандидаттарды іріктеу Кеңес айқындайтын, «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында және осы Заңда көзделген талаптарға негізделген, судья лауазымдарының санаттары бойынша сараланған цифрлық және бағалау өлшемшарттарының, оның ішінде соттағы, прокуратурадағы, адвокатурадағы жұмысты ескеретін өлшемшарттардың жүйесі пайдаланыла отырып та өткізіледі.
Toggle Dropdown
3. Кеңес мүшелерінің тікелей Кеңес отырысы барысында аудандық соттардың төрағалары мен судьяларының, облыстық соттардың сот алқалары төрағаларының және судьяларының, Жоғарғы Сот судьяларының бос лауазымдарына орналасу туралы мәселені қарауы мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
Toggle Dropdown
1) судьяның бос лауазымы және оған орналасуға үміткер адамдардың саны туралы мәліметтерді жария ету;
Toggle Dropdown
2) Кеңес мүшелерінің судьяның бос лауазымына орналасуға үміткер кандидатураларды талқылауы;
Toggle Dropdown
3) Кеңес мүшелерінің дауыс беру үшін кандидатуралар ұсынуы;
Toggle Dropdown
4) Кеңес мүшелерінің ұсынылған кандидатура бойынша дауыс беруі.
Toggle Dropdown
Қажет болған кезде дауыс беру жасырын өткізілуі мүмкін;
Toggle Dropdown
5) Кеңес мүшелерінің бос лауазымға кандидатураларды қарау қорытындыларын шығару.
Toggle Dropdown
Кеңестің отырысына қатысып отырған мүшелерінің кемінде үштен екі даусын жинаған кандидат бос лауазымға орналасуға арналған конкурстың жеңімпазы деп танылады.
Toggle Dropdown
4. Жұмыс істеп жүрген судья болып табылмайтын және конкурста жеңіске жеткен кандидат қосымша түрде міндетті арнайы тексеруден өтуге тиіс.
Toggle Dropdown
Арнайы тексеруден өтуді Кеңес аппараты ұйымдастырады.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызметте үзіліссіз өтілі бар және бұрын арнайы тексеруден өткен кандидаттар кадр қызметі куәландырған тиісті анықтаманы ұсына алады.
Toggle Dropdown
Арнайы тексерудің нәтижелері туралы құжат берілген күнінен бастап бір жыл бойы жарамды болады.
Toggle Dropdown
5. Егер арнайы тексеру қорытындылары бойынша конкурста жеңіске жеткен кандидатқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталғанын, соның ішінде оның кейіннен Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бiрiншi бөлiгiнiң 1), 2), 5), 6), 7) және 8) тармақтарында көзделген негiздер бойынша тоқтатылғанын куәландыратын мәліметтер анықталған жағдайда, онда прокуратура органдары мұндай кандидаттарға қатысты қылмыстық істердің материалдарын зерделей отырып, қосымша тексеру жүргізеді, оның қорытындысы Кеңес отырысында қаралады.
Toggle Dropdown
Іріктеуден өткен және Кеңес тағайындауға ұсыным жасаған кандидатты аудандық сот төрағасы немесе судьясы, облыстық соттың сот алқасының төрағасы және судьясы, Жоғарғы Сот судьясы лауазымына тағайындауға кедергі келтіретін негіздер болған кезде, сондай-ақ ол бос лауазымға тағайындаудан бас тартқан жағдайда, Кеңес ұсыным беру туралы шешімнің күшін жояды және конкурсқа қатысқан адамдар қатарынан басқа кандидатты бос лауазымға тағайындау үшін ұсыным жасауы мүмкін.
Toggle Dropdown
6. Егер конкурс нәтижесінде ұсынылған бос лауазымдарға кандидаттар іріктеп алынбаса, онда мұндай бос лауазымдар бойынша конкурс өткізілмеді деп танылады және:
Toggle Dropdown
1) судья лауазымдарына конкурсқа қатысқан, бірақ оларға іріктеліп алынбаған кандидаттарға олардың келісуімен, конкурс қорытындылары бойынша толтырылмай қалған басқа судья лауазымдары ұсынылуы мүмкін;
Toggle Dropdown
2) қайта конкурс жариялануы мүмкін.
Toggle Dropdown
7. Бос лауазымдарға кандидаттарды іріктеу қорытындылары бойынша конкурс қорытындыларына орай ұсыным жасалған адамдар туралы ақпарат Кеңестің интернет-ресурсында орналастырылады.»;
Toggle Dropdown
16) 6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«6-тарау. Облыстық соттар төрағаларының, Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағаларының бос лауазымдарына кандидатураларды қарау тәртібі»
Toggle Dropdown
17) 19-бап мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«19-бап. Облыстық соттар төрағаларының, Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағаларының бос лауазымдарына кандидатураларды қарау тәртібі
Toggle Dropdown
1. Облыстық соттар төрағаларының, Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағаларының бос лауазымдарына кандидатураларды Кеңес Жоғарғы Сот Төрағасының оларды Жоғарғы Соттың жалпы отырысы қарағаннан кейін енгізген ұсынуы бойынша баламалы негізде қарайды.
Toggle Dropdown
2. Облыстық соттар төрағаларының бос лауазымдарына кандидатураларға, әдетте, облыстық сот судьялары немесе судья лауазымында кемiнде он жыл жұмыс өтілі бар адамдардың қатарынан ұсыным жасалады.
Toggle Dropdown
Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары лауазымына кандидатуралар Жоғарғы Сот судьяларының қатарынан ұсынылады.
Toggle Dropdown
Бұл ретте облыстық сот төрағасы, Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары лауазымына кандидаттарды іріктеу кезінде кадр резервінде тұрған және ұйымдастырушылық қабілеттері бар адамдарға басымдық беріледі.
Toggle Dropdown
3. Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуына тиісті соттың жалпы отырысында баламалы негізде қаралған барлық кандидаттардың материалдары қоса беріледі.
Toggle Dropdown
4. Кеңес отырыста облыстық соттар төрағаларының, Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағаларының бос лауазымдарына ұсынылған барлық кандидатураларды міндетті түрде қарайды.»;
Toggle Dropdown
18) 20-бапта:
Toggle Dropdown
«тиісті сотта» деген сөздер алып тасталсын;
Toggle Dropdown
«қатарынан» деген сөз «немесе тең дәрежелі соттарда осындай лауазымға» деген сөздермен ауыстырылсын;
Toggle Dropdown
19) 21-бапта:
Toggle Dropdown
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«1. Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы немесе Сот жюриінің шешімі Кеңестің соттың төрағасын, сот алқасының төрағасын және судьяны лауазымынан босату туралы мәселені қарауы үшін негіз болып табылады. Жоғарғы Соттың Төрағасы соттың төрағасын, сот алқасының төрағасын және судьяны кәсіби жарамсыздығына орай лауазымынан босату туралы ұсынуды Кеңеске Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның шешімі негізінде енгізеді.
Toggle Dropdown
Сот жюриі соттың төрағасын, сот алқаларының төрағаларын және судьяларды тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін немесе «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының талаптарын орындамағаны үшін атқаратын лауазымдарынан босату туралы шешімді Кеңеске енгізеді.»;
Toggle Dropdown
2-тармақтағы «регламентте» деген сөз «Кеңес регламентінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
Toggle Dropdown
20) 24-бап мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«24-бап. Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның немесе Сот жюриінің шешіміне шағым жасау туралы мәселені қарау
Toggle Dropdown
1. Судья Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның немесе Сот жюриінің шешіміне Кеңеске шағым жасай алады.
Toggle Dropdown
2. Кеңес Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның немесе Сот жюриінің шешіміне шағым жасау туралы мәселені қарау кезінде өзіне қатысты Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссия немесе Сот жюриі шешім қабылдаған судьяның түсініктемесін тыңдайды. Судьяның Кеңес отырысына дәлелсіз себептермен келмеуі мәселені қарауға кедергі келтірмейді. Отырыста судьяның, Кеңес хатшысының өтінішхаты бойынша шақырылған басқа адамдардың хабарлары тыңдалып, құжаттар жария етілуі және өзге де материалдар қаралуы мүмкін.
Toggle Dropdown
3. Кеңес Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның немесе Сот жюриінің шешіміне шағым жасау туралы мәселені қарау қорытындылары бойынша мынадай шешімдердің бірін қабылдауға құқылы:
Toggle Dropdown
1) Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның немесе Сот жюриінің шешімін негізді деп тану;
Toggle Dropdown
2) Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның немесе Сот жюриінің шешімін негізсіз деп тану және іс жүргізуді тоқтата отырып, оның күшін жою;
Toggle Dropdown
3) Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның немесе Сот жюриінің шешімін негізсіз деп тану және қайтадан қарауға жібере отырып, оның күшін жою.».
Toggle Dropdown
4.«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» 2018 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2018ж., № 16, 52-құжат):
Toggle Dropdown
33-баптың 11-тармағының бірінші бөлігі «Адвокаттың,» деген сөзден кейін «Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің және» деген сөздермен толықтырылсын.
Toggle Dropdown
2-бап. Осы Заң, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізілетін Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриі қызметінің мәселелері жөніндегі ережелерді қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Президенті Н. НАЗАРБАЕВ