БҰЙЫРАМЫН:
-
Өнімдер:
Бесплатные документы -
Айдарлар:
Обзоры изменений законодательства
Аннотации
Аннотации










Бесплатные документы
Обзоры изменений законодательства
Аннотации
Аннотации
Отправить по почте

«Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 26 ақпандағы № 138 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 27 ақпанда № 18351 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2025 жылғы 13 мамырдан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 18.04.2025 жылғы № 180 Бұйрығына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген, 2014 жылғы 17 қазанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
01 «Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер» функционалдық тобында:
2 «Қаржылық қызмет» кіші функциясында:
мынадай мазмұндағы 222 бюджеттік бағдарламасы бар 249 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:
«249 Қазақстан Республикасы Индустрия жəне инфрақұрылымдық даму министрлігі
222 Тұрғын үй құрылыс жинақ салымдары бойынша сыйлықақылар төлеу»;
318 «Республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік активтер басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша 001 «Жергілікті деңгейде коммуналдық мүлікті және мемлекеттік сатып алу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша 011 «Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен» кіші бюджеттік бағдарламаның атауына орыс тілінде өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;
805 «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік сатып алу бөлімі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
001 «Жергілікті деңгейде мемлекеттік сатып алу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша:
мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалармен толықтырылсын:
«011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен
015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен»;
3 «Сыртқы саяси қызмет» кіші функциясында:
мынадай мазмұндағы 159 бюджеттік бағдарламасы бар 249 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:
«249 Қазақстан Республикасы Индустрия жəне инфрақұрылымдық даму министрлігі
159 Қазақстан Республикасы мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының арасындағы ынтымақтастық шеңберінде Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық жағдайына зерттеулер жүргізуді қамтамасыз ету»;
4 «Iргелi ғылыми зерттеулер» кіші функциясында:
мынадай мазмұндағы 131 бюджеттік бағдарламасы бар 249 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:
«249 Қазақстан Республикасы Индустрия жəне инфрақұрылымдық даму министрлігі
131 Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін базалық қаржыландыруды қамтамасыз ету»;
9 «Жалпы сипаттағы өзге де мемлекеттiк қызметтер» кіші функциясында:
243 «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
001 «Экономика, сауда саясатын, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы саясатты қалыптастыру және дамыту, табиғи монополиялар субъектілерінің және статистика қызметі саласындағы қызметті peттеу, бәсекелестікті қорғауды қамтамасыз ету, өңірлік даму және кәсіпкерлікті дамыту саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі көрсетілетін қызметтер» бюджеттік бағдарламасы және 100 «Экономика, сауда саясатын, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы саясатты қалыптастыру және дамыту, табиғи монополиялар субъектілерінің және статистика қызметі саласындағы қызметті peттеу, бәсекелестікті қорғауды қамтамасыз ету, өңірлік даму және кәсіпкерлікті дамыту саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету» бюджеттік кіші бағдарламасы атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«001 Инвестициялар тарту жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыру, экономика, сауда саясатын, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы саясатты дамыту, табиғи монополиялар субъектілерінің және статистика қызметі саласындағы қызметті peттеу, бәсекелестікті қорғауды қамтамасыз ету, өңірлік даму және кәсіпкерлікті дамыту саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі қызметтер
100 Инвестициялар тарту жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыру, экономика, сауда саясатын, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы саясатты дамыту, табиғи монополиялар субъектілерінің және статистика қызметі саласындағы қызметті peттеу, бәсекелестікті қорғауды қамтамасыз ету, өңірлік даму және кәсіпкерлікті дамыту саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету»;
102 «Экономика, сауда, мемлекеттік басқару, өңірлік даму және тұтынушылардың құқықтарын қорғау салаласында сараптамалық және консалтинг қызметтерін көрсету, зерттеулерді жүзеге асыру» бюджеттік кіші бағдарламасы атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«102 Экономика, сауда, мемлекеттік басқару, өңірлік даму және тұтынушылардың құқықтарын қорғау салаларында зерттеулер жүргізу, социологиялық, талдамалық және консалтингтік қызметтер көрсету»;
мынадай мазмұндағы 100, 103, 104, 105, 111 және 123 бюджеттік кіші бағдарламаларымен 001 бюджеттік бағдарламасы бар 249 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:
«249 Қазақстан Республикасы Индустрия жəне инфрақұрылымдық даму министрлігі
001 Стандарттау, метрология, өнеркәсіп, геология, индустриялық саясатты қалыптастыру, инфрақұрылымды және бәсекелестік нарықты, көлік және коммуникацияны, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру
100 Стандарттау, метрология, өнеркәсіп, геология, индустриялық саясатты қалыптастыру, инфрақұрылымды және бәсекелестік нарықты, көлік және коммуникацияны, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету
103 Социологиялық, талдамалық зерттеулер жүргізу және консалтингтік қызметтер көрсету
104 Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік органдарды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету
105 «Transport tower» әкімшілік-технологиялық кешені ғимаратын күтіп-ұстау
111 Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің күрделі шығыстары
123 Ағымдағы әкімшілік шығыстар»;
мынадай мазмұндағы 100, 101, 102, 105, 109, 114, 116, 119 және 122 бюджеттік бағдарламаларымен толықтырылсын:
«100 Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резерві есебінен іс-шаралар өткізу
101 Өкілдiк шығындарға арналған қаражат есебiнен іс-шаралар өткізу
102 Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резерві есебінен іс-шаралар өткізуге арналған мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін трансферттер
105 Бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалардың, оның ішінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларды, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу
109 Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу
114 Қазақстан Республикасы Үкіметі резервінің қаражаты есебінен соттардың шешімдері бойынша орталық мемлекеттік органдардың міндеттемелерін орындау
116 Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізуге арналған мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін трансферттер
119 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң арнайы резервi есебінен іс-шаралар өткізу
122 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң арнайы резервi есебінен іс-шаралар өткізуге арналған мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін трансферттер»;

Бұл мүмкіндік тек қана тіркелген пайдаланушыларға беріледі. Өтініш, кіріңіз немесе тіркеліңіз. |
|
| Тіркелу | |