• Мое избранное
«Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың үлгілік нысанын, Субсидиялау шартының, Кепілдік шартының, Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға грант беру туралы шарттың, Бизнес-инкубациялау шеңберінде индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыруға грант беру туралы шарттың нысандарын бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 15.02.2020 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 2

«Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың үлгілік нысанын, Субсидиялау шартының, Кепілдік шартының, Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға грант беру туралы шарттың, Бизнес-инкубациялау шеңберінде индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыруға грант беру туралы шарттың нысандарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 6 наурыздағы № 18 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 11 наурызда № 18377 болып тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 15 ақпаннан бастап ҚР Ұлттық экономика министрінің 29.01.2020 жылғы № 5 Бұйрығына сәйкес
Редакция 17.06.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
«Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 234 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың үлгілік нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Субсидиялау шартының нысаны;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Кепілдік шартының нысаны;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға грант беру туралы шарттың нысаны;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Бизнес-инкубациялау шеңберінде индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыруға грант беру туралы шарттың нысаны бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың үлгі нысанын, Субсидиялау шартының, Кепілдік шартының, Грант беру туралы шарттың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 11 тамыздағы № 299 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15674 болып тіркелген, 2017 жылғы 27 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);
2) «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың үлгі нысанын, Субсидиялау шартының, Кепілдік шартының, Грант беру туралы шарттың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 11 тамыздағы № 299 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 11 сәуірдегі № 148 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16824 болып тіркелген, 2018 жылғы 11 мамырда Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).
3. Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау департаменті:
  • 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
  • 1
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына жіберуді;
  • 1
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметті Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Р. Дәленов
  • 1
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2019 жылғы 6 наурыздағы
№ 18 бұйрығына
1-қосымша
Нысан
«Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы үлгі шарт

____________ қаласы

20__ жылғы «____» __________

Осы «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы шарт (бұдан әрі – Шарт):
бірлесіп «Тараптар», ал әрқайсысы жеке алғанда «Тарап» деп не төменде көрсетілгендей аталатын
  1) «Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі»: ____________________________________________________________________ атынан ______________________________________________________негізінде әрекет ететін ____________________________________________________ және
2) «Қаржы агенттігі»:
  «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының атынан ____________________________ негізінде әрекет ететін _________________ ____________________________________________________________________
арасында:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 25 тамыздағы № 522 қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасына (бұдан әрі – Бағдарлама);
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 234 қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларына (бұдан әрі – Субсидиялау қағидалары), «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерін ислам банктері қаржыландырған кезде ислам банктерінің кірісін құрайтын тауарларға үстеме бағаның бір бөлігін және жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Ислам банктерінің қаржыландыруы кезінде субсидиялау қағидалары) және «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдік беру қағидаларына (бұдан әрі – Кепілдік беру қағидалары) сәйкес жасалды.
1. Терминдер мен анықтамалар
1. Осы Шартта мынадай негізгі терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) Бағдарлама шеңберінде экономиканың басым секторлары – экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне (бұдан әрі – ЭҚЖЖ) сәйкес экономиканың басым секторлары;
2) банк-төлем агенті – лизингтік компанияның/исламдық лизингтік компанияның уәкілетті банкі, ол қаржы агенттігімен келісіледі және лизингтік компанияның/исламдық лизингтік компанияның жобалар бойынша субсидияларды аудару мен есептен шығаруға арналған арнайы шотын жүргізу жөніндегі функцияларды жүзеге асырады;
3) бірінші бағыт – моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлерінің жаңа бизнес-бастамаларын қолдау;
4) екінші бағыт – экономиканың басым секторларында және өңдеу өнеркәсібі салаларында қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлерді/ индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін салалық қолдау;
5) ислам банкі – лицензияның негізінде «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-1-тарауында көзделген банк қызметін жүзеге асыратын және Бағдарламаға қатысатын екінші деңгейдегі банк;
6) исламдық қаржыландыру бойынша субсидиялау – болашақта кәсіпкердің операциялық қызметіне жататын белгілі бір шарттарды орындау орнына қаржыландыру бойынша тауарға үстеме баға/ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кірісін құрайтын жалгерлік төлемнің бір бөлігі ретінде ислам банкіне/исламдық лизингтік компанияға кәсіпкер төлейтін шығыстарды ішінара өтеу үшін пайдаланылатын кәсіпкерлерді мемлекеттік қаржылай қолдау нысаны;
7) исламдық қаржыландыру жөніндегі субсидиялау шарты – қаржы агенттігі, ислам банкі/исламдық лизингтік компания және кәсіпкер арасында жасалатын үшжақты жазбаша келісім, оның шарттары бойынша қаржы агенттігі кәсіпкерді ислам банкі/исламдық лизингтік компания берген қаржыландыру бойынша тауарға үстеме бағаны/ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кірісін құрайтын жалгерлік төлемнің бір бөлігін ішінара субсидиялайды;
8) исламдық лизингтік компания – өз қызметін «Қаржы лизингі туралы» 2000 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 2-1-тарауына сәйкес жүзеге асыратын, акционерлік қоғам нысанында құрылған, банк болып табылмайтын Бағдарламаға қатысушы заңды тұлға;
9) қаржы агенттігінің уәкілетті органы – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлық қоғамының ішкі актілерінде берілген кәсіпкердің жобасын субсидиялау мүмкіндіктері/мүмкін еместігі және тоқтатылуы/басталуы туралы шешімді қарау және қабылдау жөніндегі өкілеттіктер шегінде өз қызметін жүзеге асыратын, тұрақты әрекет ететін алқалы орган;
10) қаржылық лизинг шарты – лизингтік компания/банк/даму банкі және кәсіпкер арасында жасалған жазбаша келісім, оның шарттары бойынша лизингтік компания/банк/даму банкі кәсіпкерге қаржылық лизинг береді;
11) субсидиялар – қаржы агенттігі субсидиялау шарттарының/исламдық қаржыландыру жөніндегі субсидиялау шарттарының негізінде кәсіпкерлерді субсидиялау шеңберінде өтеусіз және қайтарымсыз негізде банкке/даму банкіне/ислам банкіне/лизингтік компанияға/исламдық лизингтік компанияға төлейтін мерзімді төлемдер;
12) субсидиялау – болашақта кәсіпкердің операциялық қызметіне жататын белгілі бір шарттарды орындау орнына кәсіпкер банкке/даму банкіне/лизингтік компанияға кредиттер/лизинг бойынша сыйақы ретінде төлейтін шығыстарды ішінара өтеу үшін пайдаланылатын кәсіпкерлерді мемлекеттік қаржылай қолдау нысаны;
13) субсидиялау шарты – қаржы агенттігі, банк/даму банкі/лизингтік компания және кәсіпкер арасында жасалған үшжақты жазбаша келісім, оның шарттары бойынша қаржы агенттігі кәсіпкердің банк/даму банкі/лизингтік компания берген кредиті/лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемесін ішінара субсидиялайды;
14) үшінші бағыт – кәсіпкерлердің валюталық тәуекелін төмендету.
Осы Шартта пайдаланылатын басқа терминдер мен анықтамалар Бағдарламада, Субсидиялау қағидаларында, Ислам банктерінің қаржыландыруы кезінде субсидиялау қағидаларында және Кепілдік беру қағидаларында айқындалған.
2. Шарттың нысанасы