Bestprofi Logo

Бұйрық № 186 от 2019-03-06г./Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi мен бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органдардың шоғырландырылған қаржылық есептiлiктi жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 640 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Отправить на почту


Языки документа

Внимание! Документ утратил силу с 13.06.2025 г.

Документ на казахском языке

Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi мен бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органдардың шоғырландырылған қаржылық есептiлiктi жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 640 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 6 наурыздағы № 186 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 12 наурызда № 18381 болып тіркелді

Осы Бұйрық 2025 жылғы 13 маусымнан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 28.05.2025 жылғы № 261 Бұйрығына сәйкес 

1. «Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi мен бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органдардың шоғырландырылған қаржылық есептiлiктi жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 640 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14624 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылы 10 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толыктырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi мен бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органдардың шоғырландырылған қаржылық есептiлiктi жасау қағидаларын бекіту туралы қағидаларында:

екінші бөлігі үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қызметкерлердің және өзге де есеп беретін тұлғалардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» баптары (жол коды 017);»;

үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қызметкерлер мен басқа да есеп беретін тұлғалар алдындағы қысқа мерзімді кредиторлық берешек» баптары (жол коды 218);»;

«24. ШҚЕ-2 «Қаржылық қызмет нәтижелерi туралы шоғырландырылған есеп» нысанының баптарын шоғырландыру кірістер мен шығыстардың ұқсас баптарын жолма-жол қосу арқылы жүзеге асырылады:

«Айырбас емес операциялардан алынатын кiрiстер» баптары (жол коды 010);

«Ағымдағы қызметтi қаржыландыру» баптары (жол коды 011) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің шоғырландырылған қаржылық есептілігінде ағымдағы қызметті қаржыландыруға бюджеттік бағдарламалар әкімшісінен алынған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің кіріс сомасы алынып тастауға жатады;

«Күрделi салымдарды қаржыландыру» баптары (жол коды 012) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің шоғырландырылған қаржылық есептілігінде күрделі салымдарды қаржыландыруға бюджеттік бағдарламалар әкімшісінен алынған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің кіріс сомасы алынып тастауға жатады;

«Қарыздар түсімдерінен түсетін кірістер» баптары (013-жол коды) шоғырландырылған қаржылық есептілікте бюджеттік орындау жөніндегі уәкілетті орган сыртқы қарыздарды алудан түскен табыс сомасын алынып тастауға жатады;

«Трансферттер бойынша кірістер» баптары (жол коды 014);

«Жергілікті өзін-өзі басқару органдарына берілетін трансферттер» баптары (жол коды 015);

«Қайырымдылық көмектен алынатын кірістер» баптары (жол коды 017);

«Бюджетке салық түсімдерінен түсетін кірістер» баптары (жол коды 020);

«Айыппұлдардан, өсімпұлдардан және санкциялардан түскен кірістер» баптары (020-1 жол коды);

«Басқа да салықтық емес түсімдер» баптары (020-2 жол коды);

«Бюджетке трансферттердің түсуі» баптары (020-3 жол коды);

«Айырбас операциялардан алынатын кiрiстер» баптары (жол коды 021);

«Активтердi басқарудан алынатын кiрiстер» баптары (жол коды 030);

«Сыйақылар» баптарында (жол коды 031) төмен тұрған бюджеттерге берілген сыйақы сомасы көрсетіледі;

«Активтердi басқарудан алынатын өзге де кiрiстер» баптары (жол коды 032);

«Өзге кiрiстер» баптары (жол коды 040) шоғырландырылған қаржылық есептілікте бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері арасындағы, бір бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер арасындағы ұзақ мерзімді активтер мен қорларды өтеусіз алу бойынша кірістер сомасы алынып тастауға жатады.

Бұдан басқа, бір бюджеттік бағдарлама әкімшісіне ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер арасындағы мемлекеттік мекемелердің ұзақ мерзімді активтері мен қорларын орталықтандырылған жабдықтаудан түсетін кірістер сомасы, кредиторлық және дебиторлық берешек өтеусіз қабылдап алу-беру жөніндегі кірістер сомасы алынып тастауға жатады;

«Мемлекеттiк мекеменiң шығыстары» баптары (жол коды 110);

«Еңбекақы төлеу» баптары (жол коды 111);

«Салықтар мен бюджетке төленетін төлемдер» баптары (жол коды 113);

«Қорлар бойынша шығыстар» баптары (жол коды 114);

«Iссапар шығыстары» баптары (жол коды 115);

«Коммуналдық шығыстар» баптары (жол коды 116);

«Жалдау төлемдері» баптары (жол коды 117);

«Ұзақ мерзiмдi активтердi ұстау» баптары (жол коды 118);

«Байланыс қызметтерi» баптары (жол коды 119);

«Активтер амортизациясы» баптары (жол коды 120);

«Активтердің құнсыздануы» баптары (жол коды 121);

«Өзге операциялық шығыстар» баптары (жол коды 122) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің шоғырландырылған қаржылық есептілігінде бюджеттік бағдарлама әкімшісінің ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерге ағымдағы қызметтi қаржыландыру мен күрделі салымдарға қаражат беру кезінде есептелген шығыстар сомасы алып тастауға жатады;

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған шығыстар» баптары (жол коды 123);

«Бюджеттiк төлемдер бойынша шығыстар» баптары (жол коды 130);

«Зейнетақылар мен жәрдемақылар» баптары (жол коды 131);

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание