• Менің таңдаулыларым
«Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларының орындалуы жөніндегі есептерді әзірлеу және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 26 ақпандағы № 139 және «Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуын мониторингілеу және бағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 149 бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Назар аударыңыз! Құжаттың 16.06.2025 күші жойылды

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Түсініктемелер жазу, айту
  • Белгі бауына қою
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца(beta)
  • 1

«Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларының орындалуы жөніндегі есептерді әзірлеу және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 26 ақпандағы № 139 және «Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуын мониторингілеу және бағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 149 бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 6 наурыздағы № 17 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 11 наурызда № 18375 болып тіркелді

Осы Бұйрық 2025 жылдың 16 маусымнан бастап күшін жойды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 02.06.2025 жылғы № 48 Бұйрығына сәйкес 
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларының орындалуы жөніндегі есептерді әзірлеу және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 139 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекет тіркеу тізілімінде № 10685 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылы 10 сәуірде ресми жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегияларының орындалуы жөніндегі есептерді әзірлеу және ұсыну қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Даму жоспарының орындалуы жөніндегі есепті әзірлеу, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамын (бұдан әрі – Қор) қоспағанда, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму жоспарларының орындалуы жөніндегі есеп бөлімдерінің құрылымына сәйкес, сондай-ақ осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму жоспарларының орындалуы жөніндегі есеп нысандары мен көрсеткіштер тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады.
Акциялары (қатысу үлестері) компанияға заңды тұлғалар қабылдайтын шешімдерді айқындау құқығын беретін заңды тұлғаларға қатысты даму жоспарларының орындалуы жөніндегі есептің нысандары мен көрсеткіштер тізбесі ақпараттық сипатқа ғана ие және ол компанияның директорлар кеңесінің бекіту нысанасы болып табылмайды.
Даму жоспарының есебіне түсіндірме жазбада даму жоспары есебінің әрбір бөлімі бойынша түсініктемелер қамтылған және оның ажырамас бөлігі болып табылады.
Қордың даму жоспарының орындалуы жөніндегі есепті әзірлеу Қордың Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілетін Қордың даму жоспарының орындалуы жөніндегі есепті әзірлеу, бекіту, мониторингілеу, іске асырылуын бағалау, ұсыну қағидалары шеңберінде жүзеге асырылады.»;
Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму жоспарларының орындалуы жөніндегі есеп бөлімдерінің құрылымын осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму жоспарларының орындалуы жөніндегі есептің нысандары мен көрсеткіштер тізбесі осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) «Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуын мониторингілеу және бағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 149 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10663 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылы 9 сәуірде ресми жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегияларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуын мониторингілеу және бағалау қағидаларында:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Компанияның даму стратегиясы даму стратегиясында көзделген даму стратегиясына қажетті негіздемелерді, стратегиялық картаны, схеманы, кестелерді, компания қызметінің негізгі көрсеткіштеріне берілген нысаналы мәндер бойынша есептеулер кіретін қосымшаларды қамтиды.
Компанияның стратегиялық картасы компания қызметінің негізгі көрсеткіштеріне мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары көрсеткіштерінің декомпозициясын қамтиды және осы Қағидарларға 1-қосымшада көрсетілген нысан бойынша жасалады.»;
мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
«7-1. Тиісті саланы (аяны) басқару жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – тиісті саланың уәкілетті органы) жоспарланған онжылдық кезеңнің алдындағы жылдың бірінші мамырынан кешіктірмей, компанияға мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында көзделген индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге ықпал ететін сандық және сапалық көрсеткіштерді жолдайды.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Компанияның атқарушы органы жоспарланған он жылдық кезеңнiң алдындағы жылдың бiрiншi маусымынан кешiктiрмей даму стратегиясының жобасын әзірлеуді жүзеге асырады және оны, Қорды қоспағанда, тиісті саланы басқару жөніндегі уәкілетті органға қарауға және келісуге енгізеді.
Тиiстi саланың уәкілетті органы даму стратегиясының жобасын келіп түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды.
Ескертулер болған жағдайда, компанияның атқарушы органы бес жұмыс күні ішінде даму стратегиясының жобасын пысықтайды және оны тиiстi саланың уәкiлеттi органына қайтадан келісуге ұсынады.
Тиісті саланың уәкілетті органы пысықталған даму стратегиясының жобасын он жұмыс күні ішінде қарайды.»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Қорды қоспағанда, тиісті саланың уәкілетті органы компанияның директорлар кеңесi мақұлдаған компанияның даму стратегиясын бекiту туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулысының жобасын жоспарланған он жылдық кезеңнiң алдындағы жылдың бiрiншi қарашасына дейiн Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзудi қамтамасыз етедi.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган директорлар кеңесі және Ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңес мақұлдаған Қордың даму стратегиясын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулысының жобасын жоспарланып отырған он жылдық кезеңнiң алдындағы жылдың бiрiншi желтоқсанынан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзудi қамтамасыз етедi.»;
20-тармақтың 3-бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Даму стратегиясының іске асырылуын мониторингілеу бойынша есеп нысаны осы Қағидаларға 1-1-қосымшада берілген.»;
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«21. Мониторинг жүргізудің қорытындысы бойынша тиісті саланың уәкілетті органы даму стратегиясының іске асырылуы бойынша қорытынды дайындайды.
Қорытынды еркін нысанда жасалады және мынадай:
1) компанияның даму стратегиясының орындалуы бойынша есепте ұсынылған ақпаратты талдау және қорытындылауды;
2) қызметтің жоспарланған түйінді көрсеткіштеріне қол жеткізу дәрежесі (нақты нәтиженің жоспарланғаннан ауытқулары болған жағдайда соңғы нәтижеге ықпал еткен себептерді және факторларды ашу кажет) және қызметтің түйінді көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін өткізілген/жоспарланатын іс-шаралар туралы;
3) жекелеген мақсаттарды, міндеттерді, іс-шараларды, ресурстарды қайта бөлуді қайта қарау және проблемаларды шешуге жаңа тәсілдерді әзірлеген жағдайда олар бойынша ақпарат;
4) компания қызметінің тиімділігін арттыру бойынша және компанияның даму стратегиясын түзету бойынша ұсыныстарды;
5) компанияның жалпы саланы және экономиканың дамуына ықпал ету дәрежесі туралы мәліметтерді қамтиды.
Даму стратегиясының іске асырылуын мониторингілеу жөніндегі есеп пен қорытынды даму стратегиясының іске асырылуын мониторингілеу нәтижесі болып табылады.»;
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 4 және 5 қосымшаларға сәйкес 1-1 және 4-қосымшалармен толықтырылсын.
Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердiң, ұлттық холдингтердiң, ұлттық компаниялардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуын мониторингілеу және бағалау қағидаларында:
көрсетілген Қағидаларға 1, 2 және 3-қосымшалар осы бұйрыққа 6, 7 және 8-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 4-қосымша алып тасталсын.
2. Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі мәтінін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.