Toggle Dropdown
1
Салымшыларға алдын ала және аралық тұрғын үй қарыздарын беру үшін "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" акционерлік қоғамына бюджеттік кредит берудің негізгі шарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 21 ақпандағы № 78 қаулысы.
Toggle Dropdown
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 180-бабының 2-тармағына және "2019 – 2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" 2018 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған салымшыларға алдын ала және аралық тұрғын үй қарыздарын беру үшін "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" акционерлік қоғамына бюджеттік кредит берудің негізгі шарттары бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасының Қаржы, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктері заңнамада белгіленген тәртіппен:
Toggle Dropdown
1) "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" акционерлік қоғамымен кредиттік шарт жасасуды;
Toggle Dropdown
2) кредит берудің негізгі және қосымша шарттарының орындалуын бақылауды;
Toggle Dropdown
3) бюджеттік кредитің мақсатты және тиімді пайдаланылуын, уақтылы өтелуі мен оған қызмет көрсетілуін бақылауды және мониторингілеуді қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
3. "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" акционерлік қоғамы (келісу бойынша) тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Қаржы, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктеріне кредиттің игерілуі туралы ақпарат берсін.
Toggle Dropdown
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне жүктелсін.
Toggle Dropdown
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2
019 жылғы 21 ақпандағы
№ 78 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
Салымшыларға алдын ала және аралық тұрғын үй қарыздарын беру үшін "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" акционерлік қоғамына бюджеттік кредит берудің негізгі шарттары
Toggle Dropdown
1. "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" акционерлік қоғамына (бұдан әрі – қарыз алушы) бюджеттік кредит беру үшін мынадай негізгі шарттар белгіленеді:
Toggle Dropdown
1) бюджеттік кредит қарыз алушыға "2019 – 2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" 2018 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңында 231 "Алдын ала және аралық тұрғын үй қарыздарын беру үшін "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" акционерлік қоғамына бюджеттік кредит беру" бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген 28000000000 (жиырма сегіз миллиард) теңге сомасында беріледі;
Toggle Dropdown
1
2) бюджеттік кредит қарыз алушыға мерзімділік, ақылылық және қайтарымдылық шарттарында 20 (жиырма) жыл мерзімге жылдық 0,15 %-ға (нөл бүтін жүзден он бес) тең сыйақы мөлшерлемесі бойынша теңгемен беріледі;
Toggle Dropdown
3) республикалық бюджеттен кредитті бөлу қарыз алушының корреспонденттік шотына бюджеттік кредиттің барлық сомасын біржолғы аудару жолымен жүзеге асырылады;
Toggle Dropdown
4) игеру кезеңі қарыз алушының корреспонденттік шотына бюджеттік кредит аударылған күннен бастап 17 (он жеті) жылды құрайды;
Toggle Dropdown
5) бюджеттік кредит бойынша есептелген сыйақыны төлеу жылына 2 (екі) рет жарты жылдық төлеммен жүзеге асырылады;
Toggle Dropdown
6) бюджеттік кредит бойынша негізгі борышты өтеуді қарыз алушы оның корреспонденттік шотына бюджеттік кредит аударылған күннен бастап 80 (сексен) айдан аспайтын кезеңді құрайтын жеңілдік кезеңі өткен соң жыл сайын 1000000 (бір миллион) теңге мөлшерінде тең үлестермен жүзеге асырады. Осы шарттардың 2) тармақшасында көзделген кредиттің мерзімі өткен соң негізгі қарыздың қалған сомасын өтеу біржола жүзеге асырылады;
Toggle Dropdown
7) бюджеттік кредит берудің мақсаты қарыз алушының "Нұрлы жер" мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасына қатысушыларға алдын ала және аралық тұрғын үй қарыздарын беруі болып табылады, бұл ретте сыйақының түпкілікті мөлшерлемесі жылдық 5 (бес) пайыздан аспауға тиіс.
Toggle Dropdown
2. Бюджеттік кредитті беру, өтеу және оған қызмет көрсету бойынша қосымша шарттар Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес кредиттік шартта белгіленеді.