Toggle Dropdown
9
Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы
Қазақстан Республикасының Заңы 2019 жылғы 18 наурыздағы № 236-VІ
Toggle Dropdown
Редакция 28.07.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
Осы Заң қорғаныс өнеркәсібі, мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы қоғамдық қатынастарды, сондай-ақ қару-жарақ пен әскери техника айналымының жекелеген мәселелерін реттейді.
Toggle Dropdown
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Toggle Dropdown
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Toggle Dropdown
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Toggle Dropdown
1) әскери мақсаттағы жұмыстар – заттай нәтижесі бар, қорғаныс объектілерін жобалауға, салуға, күрделі жөндеуге, қару-жарақ, әскери, автомобиль және арнайы техниканы, техникалық және арнайы құралдарды, ақпараттық, телекоммуникациялық және геоақпараттық жүйелерді, автоматтандырылған басқару жүйелерін әзірлеуге, өндіруге (құрастыруға), күрделі жөндеуге, жаңғыртуға байланысты қызмет, сондай-ақ ғылыми зерттеулер және мемлекетте қорғанысты, қауіпсіздікті және құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге байланысты өзге де қызмет;
Toggle Dropdown
2) әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді отандық беруші (бұдан әрі – жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық беруші) – Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын, талап етілетін сападағы әскери мақсаттағы жұмыстарды орындауға және әскери мақсаттағы қызметтерді көрсетуге мүмкіндіктері бар заңды тұлға;
Toggle Dropdown
3) әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтер – заттай нәтижесі жоқ, қару-жараққа, әскери, автомобиль және арнайы техникаға, техникалық және арнайы құралдарға техникалық және регламенттелген техникалық қызмет көрсетуге, оларды техникалық куәландыруға және диагностикалауға, техникалық қолдап отыруға, қызмет көрсетуге және жөндеуге, пайдаланылмайтын мүлікті өткізуге, құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жоюға және қайта өңдеуге байланысты қызмет, сондай-ақ ғылыми зерттеулер және мемлекетте қорғанысты, қауіпсіздікті және құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге байланысты өзге де қызмет;
Toggle Dropdown
4) әскери мақсаттағы тауарлар (өнімдер) – қару-жарақ, әскери, автомобиль және арнайы техника, техникалық және арнайы құралдар, заттай мүлік және арнайы мүлік, құжаттама, зияткерлік меншік құқығы объектілері, әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді) өндіруге, сынауға арналған жабдық, көрсетілген тауарларға (өнімдерге) жиынтықтауыштар және қосалқы бөлшектер;
Toggle Dropdown
5) әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді) отандық өндіруші (бұдан әрі – отандық тауар өндіруші) – Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында талап етілетін сападағы әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді) өндіру үшін қажетті өндірістік қуаттары бар заңды тұлға;
Toggle Dropdown
6) әскери өкілдіктер – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі әскери мақсаттағы тауарлардың (өнімдердің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімдердің), әскери мақсаттағы орындалған жұмыстардың және әскери мақсаттағы көрсетілген қызметтердің сапасын бақылауды және оларды қабылдап алуды жүзеге асыру үшін меншік нысандарына қарамастан ұйымдарда орналастырылатын оқшауландырылған құрылымдық бөлімшелері;
Toggle Dropdown
7) әскери техника – жауынгерлік машиналар, әскери корабльдер (катерлер мен әскери-көмекші кемелер), әскери әуе кемелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары жарақтандырылатын корабльдер (катерлер мен басқа да кемелер), әуе кемелері мен басқа да ұшу аппараттары;
Toggle Dropdown
8) әскери-техникалық көмек (техникалық жәрдем) – шет мемлекетке (шет мемлекеттен, халықаралық ұйымнан) өтеусіз немесе өзге де жеңілдікті негізде қару-жарақты, әскери техника мен әскери мақсаттағы өзге де тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ техникалық қолдау, мамандарды оқыту бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсыну (алу);
Toggle Dropdown
9) әскери-техникалық ынтымақтастық – мемлекеттердің әскери ұйымдарының қажеттіліктерін қанағаттандыруға, сондай-ақ олардың қорғаныс өнеркәсібін қолдауға және (немесе) дамытуға байланысты халықаралық қатынастар саласындағы қызмет;
Toggle Dropdown
10) әскери-техникалық ынтымақтастық субъектілері – мемлекеттік органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әскери мақсаттағы тауарларға (өнімдерге), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларға (өнімдерге), әскери мақсаттағы жұмыстарды орындауға және әскери мақсаттағы қызметтерді көрсетуге қатысты тиісті қызмет түріне құқығы бар заңды тұлғалар;
Toggle Dropdown
11) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері – қойылатын талаптар мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларында айқындалатын ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар;
Toggle Dropdown
12) жаңғырту – орындау нәтижесінде қару-жарақтың, әскери, автомобиль және арнайы техниканың, техникалық және арнайы құралдардың жекелеген тактикалық-техникалық элементтері олардың негізгі мақсаты бұрынғы күйінде сақтала отырып өзгеретін, оларда қолданылған техникалық құралдардың және жиынтықтаушы бұйымдардың ескірген үлгілерін жаңа, неғұрлым қазіргі заманғы үлгілермен ауыстырумен (немесе жаңа техникалық шешімдер қолданумен) сипатталатын, үлгінің тактикалық-техникалық сипаттамаларын жақсартуға бағытталған жұмыстар кешені;
Toggle Dropdown
13) жөндеу – қару-жарақтың, әскери, автомобиль және арнайы техниканың, техникалық және арнайы құралдардың механизмдерінің, жиынтықтаушы бұйымдарының немесе олардың құрамдас бөліктерінің жарамдылығын немесе жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіру, тоқтап қалу себептерін жою және жұмсалған ресурсын қайта қалпына келтіру жөніндегі операциялар кешені;
Toggle Dropdown
14) қару-жарақ – жанды күшке, техникалар мен инфрақұрылым объектілеріне зақым келтіруге, құрылыстарды (бекіністерді) бұзуға арналған әртүрлі қару түрлері, кешендер мен жүйелер, көрсетілген құрамдастарды имитациялайтын құралдар, оқ-дәрілер, сондай-ақ жүйелер, құрылғылар, жеткізгіштер мен аспаптар;
Toggle Dropdown
15) қару-жарақ пен әскери техниканың айналымы – қару-жарақ пен әскери техниканы әзірлеу, өндіру, жөндеу, сатып алу және өткізу, монтаждау, баптау, жаңғырту, орнату, пайдалану, сақтау, жөндеу және оларға сервистік қызмет көрсету, беру, құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өңдеу, Қазақстан Республикасына әкелу және Қазақстан Республикасынан әкету;
Toggle Dropdown
16) қорғаныс өнеркәсібі – жұмыс істеуі қорғаныстық-өнеркәсіптік әлеуетті дамыту мақсатында әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді) өндіруді, әскери мақсаттағы жұмыстарды орындауды және әскери мақсаттағы қызметтерді көрсетуді қамтамасыз ететін өнеркәсіп саласы;
Toggle Dropdown
17) қорғаныстық-өнеркәсіптік әлеует – отандық тауар өндірушілер мен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілердің Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының әскери мақсаттағы тауарларға (өнімдерге), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларға (өнімдерге), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерге қажеттіліктерін, сондай-ақ шетелдік тапсырыс берушілердің тапсырыстарын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындауға қабілеттілігі;
Toggle Dropdown
18) қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен – қоғамдық қатынастары қорғаныс өнеркәсібі саласында туындайтын, меншік нысандарына қарамастан заңды тұлғалардың жиынтығын қамтитын мемлекеттің әскери ұйымының құрамдас бөлігі;
Toggle Dropdown
19) қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен ұйымдары – қару-жарақ пен әскери техниканың айналымы саласында лицензиялары бар отандық тауар өндірушілер мен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілер;
Toggle Dropdown
20) қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен ұйымдарын жаңғырту – қару-жарақ пен әскери техниканың жаңа үлгілерін жасауды, әскери мақсаттағы жұмыстарды орындауды және әскери мақсаттағы қызметтерді көрсетуді қоса алғанда, өндірілетін әскери мақсаттағы тауарлардың (өнімдердің) номенклатурасын кеңейтуге, өндіру тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін жаңа технологиялар өндірісін техникалық қайта жарақтандыру, оларды тарту және ендіру жөніндегі жұмыстар кешені;
Toggle Dropdown
21) қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлар (өнімдер) – азаматтық мақсаттарда пайдаланылатын, бірақ әскери мақсаттағы тауарлар (өнімдер) ретінде пайдаланылуы не кейіннен бейіні өзгертіліп пайдаланылуы мүмкін өнім мен технологиялар;
Toggle Dropdown
22) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс – мемлекетте қорғаныс мұқтаждары, қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметі, мемлекеттік материалдық резерв, жұмылдыру, ғарыш қызметі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттар мен міндеттемелерді орындауы үшін сатып алынатын әскери мақсаттағы тауарлардың (өнімдердің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімдердің), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтердің тізбесін (номенклатурасын) бекітетін Қазақстан Республикасы Үкіметінің құқықтық актісі;
Toggle Dropdown
22-1) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті орган – мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
Toggle Dropdown
23) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушы – мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың құрамына кіретін әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді сатып алуға арналған өтінімді беретін және тиісті тауарларды (өнімдерді), жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алатын орталық атқарушы орган, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган, олардың ведомстволары;
Toggle Dropdown
24) мемлекеттік-қорғаныстық тапсырыстың әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді) отандық өндірушілерінің және әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді отандық берушілерінің тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – меншік нысандарына қарамастан әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді) өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын, әскери мақсаттағы жұмыстарды орындайтын және әскери мақсаттағы қызметтерді көрсететін, біліктілік талаптарына сәйкес келетін заңды тұлғалардың тізбесі;
Toggle Dropdown
25) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушы – мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауды жүзеге асыратын уәкілетті ұйым және заңды тұлға;
Toggle Dropdown
26) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі ғылыми зерттеулер (бұдан әрі – ғылыми зерттеулер) – мемлекеттің қорғаныс қабілетін арттыруға және ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған, қару-жарақтың, әскери техниканың, техникалық және арнайы құралдардың жаңа үлгілерін жасау, жарақтандыруда тұрған қару-жарақ пен әскери техниканың үлгілерін жаңғырту саласындағы қолданбалы және іргелі ғылыми зерттеулер, ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстар;
Toggle Dropdown
26-1) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі ғылыми-зерттеу жұмысы – қару-жарақтың, әскери техниканың, техникалық және арнаулы құралдардың жаңа үлгілерін жасау, қару-жарақ пен әскери техниканың жарақтандыруда тұрған үлгілерін жаңғырту саласындағы қолда бар білімді кеңейту және жаңа білімді алу мақсатында ғылыми ізденіспен, зерттеулер, эксперименттер жүргізумен байланысты болатын, мемлекеттің қорғаныс қабілетін арттыруға және ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жұмыс;
Toggle Dropdown
26-2) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар – қару-жарақ пен әскери техниканы, техникалық және арнаулы құралдарды жасау (жаңғырту) кезінде орындалатын жұмыстар кешені, қару-жарақ пен әскери техниканың, техникалық және арнаулы құралдардың тәжірибелік үлгілеріне арналған конструкторлық-технологиялық құжаттаманы әзірлеу немесе мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушымен келісу бойынша пысықтау немесе түзету, оларды дайындау және сынау;
Toggle Dropdown
26-3) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі тәжірибелік үлгі – мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды орындауға арналған тактикалық-техникалық тапсырмаға (техникалық өзіндік ерекшелікке, тактикалық-техникалық сипаттамаларға) осындай үлгінің сәйкестігін сынаулар жүргізу арқылы тексеру, қабылданған техникалық шешімдердің дұрыстығын тексеру, сондай-ақ қарулануға қабылдау және кейіннен сериялап жасауға беру мүмкіндігін айқындау үшін жаңадан әзірленген, пысықталған немесе түзетілген (жаңғырту мақсатында) конструкторлық-технологиялық құжаттама бойынша тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды орындау барысында дайындалған әскери мақсаттағы тауарлардың (өнімдердің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімдердің) үлгісі;
Toggle Dropdown
27) мүлікті жою – мемлекет бақылайтын, пайдаланылмайтын мүлікті құртып жіберу, кәдеге жарату, көму жөніндегі қызмет;
Toggle Dropdown
28) мүлікті кəдеге жарату – пайдаланылмайтын мүлікті оның ұрысқа тəн қасиеттерін пайдалануды немесе тікелей мақсаты бойынша қолдануды болғызбайтын жай-күйге келтіру, сондай-ақ оның құрамдастарын кейіннен пайдалану мақсатында бөлшектеу;
Toggle Dropdown
29) мүлікті көму – одан əрі пайдалануға жатпайтын пайдаланылмайтын мүлікті зиянды заттардың қоршаған ортаға түсуін болғызбау мақсатында арнайы белгіленген орындарда оқшаулау;
Toggle Dropdown
30) мүлікті қайта өңдеу – пайдаланылмайтын мүлікті тауарларды немесе өзге де өнімді өндіруде (дайындауда) одан әрі пайдаланылатын шикізатты немесе оны өзге де материалдарды ала отырып, оны тікелей мақсаты бойынша пайдалануды болғызбайтын жай-күйге келтіру, сондай-ақ онымен жұмыс істеуді жеңілдету, оның көлемін немесе қауіпті қасиеттерін азайту мақсатында қасиеттерін өзгерту;
Toggle Dropdown
31) мүлікті құртып жіберу – пайдаланылмайтын мүлікті толығымен жойып жіберу;
Toggle Dropdown
32) оқ-дәрілер – жанды күшке, техникалар мен инфрақұрылым объектілеріне зақым келтіруге, құрылыстарды (бекіністерді) бұзуға тікелей арналған қару-жарақтың құрамдастары, сондай-ақ көрсетілген құрамдастарды имитациялайтын құралдар;
Toggle Dropdown
33) пайдаланылмайтын мүлік – қорғаныс объектілерін қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қаруланудан шығарылған, тікелей мақсаты бойынша пайдалануға жарамсыз, есептен шығарылған, запаста сақтаудың кепілді мерзімдері өткен, қолданылмайтын басы артық әскери мүлкі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қаруланудан шығарылған, тікелей мақсаты бойынша пайдалануға жарамсыз, есептен шығарылған, запаста сақтаудың кепілді мерзімдері өткен, қолданылмайтын басы артық қаруы, әскери техникасы, арнайы құралдары, жеке қорғану құралдары, радиациялық, химиялық, биологиялық қорғау мүлкі, арнайы мақсаттағы көлік құралдары, арнайы техникалық құралдары, техникалық құралдары;
Toggle Dropdown
34) регламенттелген техникалық қызмет көрсету – қару-жараққа, әскери, автомобиль және арнайы техникаға, техникалық және арнайы құралдарға олардың қызмет ету (пайдалану) мерзімі ішіндегі жұмысқа қабілеттілігін немесе жарамдылығын ұстап тұру үшін пайдалану құжаттамасында белгіленген белгілі бір жол жүруден, атқарымнан немесе интервалдан кейін мерзімдік техникалық қызмет көрсету;
Toggle Dropdown
35) техникалық куәландыру және диагностикалау – қару-жарақтың, әскери, автомобиль және арнайы техниканың, техникалық және арнайы құралдардың техникалық жай-күйін бағалау және оларды одан әрі пайдалану, жөндеу немесе жаңғырту жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау мақсатында жарамсыздықтарды, ақауларды анықтауға бағытталған іс-шаралар кешені;
Toggle Dropdown
36) техникалық құралдар – қару-жарақты, әскери және арнайы техниканы қолдануға, оларға қызмет көрсетуге, жөндеуге және оларды сақтауға, оқытуға және тылдық қамтамасыз етуге арналған құралдар, жүйелер, кешендер, құрылғылар, байланыс құралдары, оптикалық және электрондық-оптикалық аспаптар, мемлекеттік құпияларды қорғау, радиоэлектрондық күрес, радиотехникалық және радиоэлектрондық барлау құралдары, сондай-ақ қорғаныс объектілері мен өзге де қорғалатын объектілердің күзетін (байқауды), қорғанысын (диверсияға қарсы қорғанысын) қамтамасыз ететін техникалық күзет құралдары;
Toggle Dropdown
37) техникалық қызмет көрсету – қару-жарақты, әскери, автомобиль және арнайы техниканы, техникалық және арнайы құралдарды мақсаты бойынша пайдалану, сақтау және тасымалдау кезінде жөндеуаралық кезеңдегі олардың техникалық даярлығын ұстап тұру және қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралар кешені, оларды өткізу қажеттілігі олардың техникалық жай-күйімен айқындалады;
Toggle Dropdown
38) қорғаныс өнеркәсібі саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – қорғаныс өнеркәсібі саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
Toggle Dropdown
39) уәкілетті ұйым – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді импорттауды, оқ-дәрілерді қоспағанда, пайдаланылмайтын мүлікті өткізуді (оның ішінде экспорттауды), құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жоюды және қайта өңдеуді, пайдаланылмайтын қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға) беру жөнінде қызметтер көрсетуді, қорғаныс өнеркәсібі саласындағы халықаралық көрмелерге қатысуды және оларды Қазақстан Республикасының аумағында ұйымдастыруды жүзеге асыратын заңды тұлға.
Toggle Dropdown
2-бап. Қазақстан Республикасының қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы заңнамасы