• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Внимание! Документ утратил силу с 12.11.2022 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 19 ақпандағы № 121 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 22 ақпанда № 18339 болып тіркелді 

Осы Бұйрық 2022 жылғы 12 қарашадан бастап күшін жойды ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 31.10.2022 жылғы № 37 Бұйрығына сәйкес
Редакция 31.01.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Ә. Смайылов
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2019 жылғы 19 ақпандағы № 121
бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 06.01.2022 жылғы № 2 Бұйрығымен (26.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 23.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 06.01.2022 жылғы № 3 Бұйрығымен (26.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ күшін жойды ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 26.07.2019 жылғы № 776 Бұйрығына сәйкес (19.02.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 18.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. «Мемлекеттік кірістер органдары жедел-тергеу бөлімшелерінің (экономикалық тергеу қызметі) ұсталғандарды және қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 26 желтоқсандағы № 689 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12756 болып тіркелген, 2016 жылы 14 наурызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Қаржы мониторингі органдары жедел-тергеу бөлімшелерінің (экономикалық тергеу қызметі) ұсталғандарды және қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүру қағидасын бекіту туралы.»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Қаржы мониторингі органдары жедел-тергеу бөлімшелерінің (экономикалық тергеу қызметі) ұсталғандарды және қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүру қағидасы бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік кірістер органдары жедел-тергеу бөлімшелерінің (экономикалық тергеу қызметі) ұсталғандарды және қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүру қағидасында:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Қаржы мониторингі органдары жедел-тергеу бөлімшелерінің (экономикалық тергеу қызметі) ұсталғандарды және қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүру қағидасы.»;
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы қаржы мониторингі органдары жедел-тергеу бөлімшелерінің (экономикалық тергеу қызметі) ұсталғандарды және қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүру Қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 15-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және қаржы мониторингі органдары жедел-тергеу бөлімшелерінің (экономикалық тергеу қызметі) ұсталғандарды және қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүру тәртібін айқындайды.
2. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ҚПК) 128, 131-баптарының тәртібінде ұсталғандарды, сондай-ақ оларға қатысты ҚР ҚПК-нің 147-бабының негізінде сот күзетпен ұстауды санкциялаған адамдарды айдауылмен алып жүру жөніндегі міндетті орындау үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің (бұдан әрі – Комитет) Экономикалық тергеу қызметінде (бұдан әрі – ЭТҚ) және Комитеттің аумақтық органдарында (бұдан әрі – ЭТД) жедел қызметтердің қызметкерлерінің есебінен айдауыл топтар (бұдан әрі – Айдауыл) құрылады.»;
7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Айдауылдың қозғалысын бақылауды Комитеттің, ЭТД кезекші бөлімі орнатылған радио арналары және телефон байланысы бойынша үздіксіз жүзеге асырады.
8. Айдауылдың құрамын, аға айдауылды тағайындауды, нұсқама жүргізуді, байланыс тәртібін Комитеттің, ЭТД басшысының құқық қорғау қызметі мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары (оны алмастыратын тұлға) айқындайды.»;
12-тармақ мынадай редакция редакцияда жазылсын:
«12. Комитеттің, ЭТД жедел кезекшісі айдауылды жедел басқаруды қамтамасыз етеді және:
1) арнаулы автомобильдердің шығуы мен қайта келуін бақылап отырады;
2) жасақтардың қызмет ету аяқталған соң қаруларды, оқ-дәрілерді және басқа да оларға берілген арнаулы және техникалық құралдарды өз уақытында және толық тапсыруын қадағалайды.»;
21-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Айдауылдау туралы тапсырысты Комитеттің, ЭТД басшысының құқық қорғау қызметі мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарының (оны алмастыратын тұлға) қолымен және елтаңбалық мөрмен бекітіледі.»;
27-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қажет болған кезде Комитеттің, ЭТД жедел кезекшісін хабардар ете отырып, медициналық көмек көрсету үшін медициналық мекемеге жеткізіледі.»;
28 және 29-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«28. Айдауылданушы жол үстінде қайтыс болған жағдайда аға айдауыл Комитеттің, ЭТД жедел кезекшісін хабардар етеді, ол қажетті тергеу әрекеттерін жүргізу үшін жақын орналасқан ішкі істер органынан жедел топты шақырады.
Тергеу әрекеттерін жүргізгеннен кейін, қайтыс болған адамның мәйітін тергеушінің қаулысы бойынша сот-медициналық сараптама жүргізу үшін жақын маңда орналасқан мәйітханаға жеткізіледі.
29. Күдіктілерді, айыпталушыларды елді мекендердің шегінде айдауылдау арнаулы автомобильдерде жүзеге асырылады.
Ерекше жағдайларда, арнаулы автомобиль болмаған кезде, таяу қашықтыққа айдауылдау Комитеттің, ЭТД басшысының құқық қорғау қызметі мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарының (оны алмастыратын тұлға) рұқсатымен қызметтік жеңіл автокөлікпен жүзеге асырылуы мүмкін.»;
32-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Айдауылдың құрамын, санын және қаруландыруды Комитеттің, ЭТД басшысының құқық қорғау қызметі мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары (оны алмастыратын тұлға) айқындайды:»;
38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«38. Аға айдауыл түпкілікті барар пунктке дейін бара жатқан жолда Комитеттің, ЭТД кезекшісімен байланыс ұстап отыруға міндетті.
Айдауылданушылардың жүріп-тұруының қауіпсіздігін және сенімді күзетілуін қамтамасыз ету мақсатында арнаулы автомобильдер жарқылдағыш маяктармен, радиостанциялармен және Комитеттің, ЭТД кезекші бөлімінің пультіне дабыл беретін, жүргізуші мен айдауыл арасындағы сөйлесу құрылғыларымен жабдықталады.»;
39-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«39. Айдауылдау бағытының қашықтығы ұзақ болған жағдайда не әуе көлігі жалғыз қатынас құралы болып табылса тек Комитеттің, ЭТД басшысының құқық қорғау қызметі мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарының (оны алмастыратын тұлға) рұқсатымен көліктегі ішкі істер органдарымен келісу бойынша әуе кемелерін және әуе кемесінің командирін пайдалануға рұқсат етіледі.»;