• Мое избранное
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 20 наурызда № 18404 болып тіркелді

Редакция 03.02.2026 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 41) тармақшасына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 17.07.2020 жылғы № 229 Бұйрығына сәйкес (06.06.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.08.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 13.07.2021 жылғы № 207 Бұйрығына сәйкес (03.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидалары бекітілсін.
2. «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 15 маусымдағы № 256 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17306 болып тіркелген, 2018 жылғы 3 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, қорғаныс және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2019 жылғы 15 наурыздағы № 108
бұйрығымен бекітілген
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау қағидалары
Қағидалар өзгертілді ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 06.06.2019 жылғы № 228 Бұйрығымен (15.03.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 13.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 17.07.2020 жылғы № 229 Бұйрығына сәйкес (06.06.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.08.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қағидалар өзгертілді ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 03.12.2020 жылғы № 366 Бұйрығымен (17.07.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.12.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қағидалар өзгертілді ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 13.07.2021 жылғы № 207 Бұйрығымен (03.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қағидалар өзгертілді ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 16.06.2022 жылғы № 197 Бұйрығымен (13.07.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қағидалар өзгертілді ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 23.12.2022 жылғы № 438 Бұйрығымен (16.06.2022 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 18.09.2023 жылғы № 332 Бұйрығына сәйкес (23.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 41) тармақшасына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және жергілікті бюджетте тиісті қаржы жылына көзделген қаражат есебінен және шегінде бюджеттік субсидияларды (бұдан әрі – субсидиялар) беру тәртібін, сондай-ақ «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.
1-1. Субсидиялаудың негізгі мақсаты асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту, өнімнің өнімділігі мен сапасын арттыру, оның ішінде асыл тұқымды малдың, өнімнің (материалдың), көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін арттыру, сондай-ақ өндірілетін мал шаруашылығы өнімін өндіруге арналған шығындарды арзандату болып табылады.
1-тарау 1-1-тармақпен толықтырылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 04.06.2025 жылғы № 189 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 22.06.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган –агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.09.2024 жылғы № 331 Бұйрығына сәйкес (25.06.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.10.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 03.10.2025 жылғы № 352 Бұйрығына сәйкес (04.06.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.10.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-1) азық дайындауға теріс әсер ететін қалыптан тыс ауа райы жағдайлары – cол өңір мен жыл мезгілі үшін қалыпты немесе әдеттегі ауа райынан ауытқып кететін ауа райы жағдайлары (атмосфералық немесе топырақ құрғақшылығы, аңызақ, үсік шалу, көлемі 20 миллиметр (бұдан әрі – мм) және одан да ірі бұршақтың түсуі немесе 12 сағат ішінде және одан аз уақыт ішінде жауын-шашын мөлшері 50 мм және одан да көп қатты нөсерлі жаңбырдың болуы (сел жүру қаупі бар өңірлерде 12 сағат және одан аз уақыт ішінде 30 мм және одан көп нөсерлі жаңбыр));
2-тармақ 1-1-тармақшамен толықтырылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.09.2024 жылғы № 331 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 14.10.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 04.06.2025 жылғы № 189 Бұйрығына сәйкес (30.09.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.06.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 03.10.2025 жылғы № 352 Бұйрығына сәйкес (04.06.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.10.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқор – диагностикалық зерттеулер нәтижелерін қоса алғанда, жануардың жеке нөмірі туралы, оны ветеринариялық дауалау туралы деректерді, сондай-ақ жануарды иеленуші туралы деректерді тіркеудің бірыңғай, көп деңгейлі жүйесін көздейтін, жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар жүзеге асыратын және ветеринария саласындағы уәкілетті орган пайдаланатын ветеринариялық есепке алу бөлігі;
3) бордақылау алаңы – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 7-1/37 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10466 болып тіркелген) бекітілген Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру қағидаларына сәйкес берілетін есепке алу нөмірлері бар, жануарларды бордақылауға арналған агроөнеркәсіптік кешен субъектісінің өндірістік инфрақұрылымы;
4) жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесі – жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының Жер кодексінде және «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалатын жер және құқықтық кадастрлардың мәліметтерін қамтитын ақпараттық жүйе;
5) мақсатты пайдалану – сатып алынған және субсидиялауға мәлімделген жануарларды осы Қағидаларда көрсетілген шарттар мен мерзімдерде өсімді молайту мақсатында пайдалану;
6) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
6-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.09.2024 жылғы № 331 Бұйрығына сәйкес (25.06.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.10.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6-тармақша алынып тасталды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 04.06.2025 жылғы № 189 Бұйрығына сәйкес (30.09.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.06.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7) селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық қоры – «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 34) тармақшасына сәйкес асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган айқындаған оператор жүргізетін, жануарлардың генетикалық әлеуетін жетілдіру және арттыру үшін, сондай-ақ асыл тұқымдық өнімді (материалды) есепке алу үшін пайдаланылатын, асыл тұқымды жануарлар және селекциялық процеске тартылатын жануарлар туралы деректерді жинаудың, жинақтаудың және өңдеудің автоматтандырылған жүйесі;
8) аналық мал басы – табынның өсімін молайту үшін пайдаланылатын, жыныстық жағынан жетілген бас (ірі қара мал шаруашылығы бойынша: асыл тұқымды жануарлар – 13 айдан бастап, тауарлық жануарлар – 18 айдан бастап, қой шаруашылығы бойынша – 12 айдан бастап, жылқы шаруашылығы бойынша – 36 айдан бастап; шошқа шаруашылығы бойынша: тауарлы және асыл тұқымды – 8 айдан бастап, толықтыратын бас – 4 айдан бастап);
8-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.09.2024 жылғы № 331 Бұйрығына сәйкес (25.06.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.10.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 04.06.2025 жылғы № 189 Бұйрығына сәйкес (30.09.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.06.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 03.10.2025 жылғы № 352 Бұйрығына сәйкес (04.06.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.10.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8-1) субсидиялау – бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын, субсидияларды нақты алушыларды өтеусіз және қайтарымсыз негізде қаржыландыру;
2-тармақ 8-1-тармақшамен толықтырылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 03.10.2025 жылғы № 352 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 20.10.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
9) субсидиялар алушылар (бұдан әрі – тауар өндіруші) – ауыл шаруашылығы өнімін өндірумен айналысатын жеке немесе заңды тұлға; тектік әлеуеті жоғары малдың (асыл тұқымды мал шаруашылығы) өсімін молайтумен, оларды сақтаумен және өсірумен айналысатын жеке және заңды тұлға; ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер көрсететін асыл тұқымдық орталық, асыл тұқымды жануарлардың ұрығы мен эмбриондарын өткізу жөнiндегi дистрибьютерлiк орталық, ұрықтандырушы-техник;
10) субсидиялауға арналған өтінімдердің электрондық тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – субсидиялауға арналған өтінімдер туралы және СМАЖ-да көрсетілген басқа да мәліметтердің жиынтығы;
11) субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – СМАЖ) – «электрондық үкіметтің» веб-порталымен өзара іс-қимыл жүргізуге, субсидиялар алуға арналған өтінімді тіркеуге, сондай-ақ оны электрондық түрде автоматтық өңдеуге мүмкіндік беретін, субсидиялау процестерін орындау бойынша қызметтер көрсетуге арналған, Интернет желісінде орналасқан ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығы;
12) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
12-тармақша алынып тасталды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 04.06.2025 жылғы № 189 Бұйрығына сәйкес (30.09.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.06.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
13) шағылыстыру маусымы – ұрпақ алу мақсатында аналық малды шағылыстыру кезеңі;
14) «электрондық үкіметтің» веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;
15) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы.
3. Субсидиялау осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес субсидиялар тізбесі мен нормативтері бойынша жүзеге асырылады.
Субсидияларды төлеу өтінім берген сәтте осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген субсидияларды алуға үміткер тауар өндірушілерге қойылатын өлшемшарттарға (бұдан әрі – өлшемшарттар) сай келетін, берілген өтінім негізінде жүзеге асырылады.
4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) осы Қағидалар өзгерген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты өзектендіреді және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына (бұдан әрі – ЖАО (көрсетілетін қызметті беруші)), «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 03.10.2025 жылғы № 352 Бұйрығына сәйкес (04.06.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.10.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5. Субсидия беру үшін қажетті мәліметтерді қамтитын СМАЖ-да іркіліс болған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші туындаған жағдай туралы Министрлікті дереу хабардар етеді, ол оны жоюға кіріседі.
Бұл ретте туындаған іркілісті жою бойынша жұмыстар жүргізілгеннен кейін Министрлік 3 (үш) жұмыс күні ішінде техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оны СМАЖ-ға орналастырады.
2-тарау. Субсидияны қалыптастыру және бөлу тәртібі
6. Субсидиялардың көлемін қалыптастыруды және бөлуді ЖАО (көрсетілетін қызметті берушілер) осы Қағидаларға 1-қосымшада белгіленген субсидия түрлері мен нормаларына сәйкес тиісті қаржы жылына арналған бюджет қаражаты шегінде мыналарды ескере отырып жүзеге асырады:
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.06.2024 жылғы № 217 Бұйрығына сәйкес (18.09.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.07.2024 жылдан бастап)
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 04.06.2025 жылғы № 189 Бұйрығына сәйкес (30.09.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.06.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 18.11.2025 жылғы № 428 Бұйрығына сәйкес (03.10.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.12.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
аудандардың/қалалардың жергілікті атқарушы органдарының ағымдағы жылға қажетті субсидиялар көлемдері туралы ұсынатын ақпараты;
алдыңғы жылы игерілген субсидия көлемдері туралы қорытынды деректер;
өңірлік ерекшеліктер;