Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 13 наурыздағы № 122 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 15 наурызда № 18395 болып тіркелді
ID документа скопирован в буфер обмена
Бұйрық № 122 от 2019-03-13г./Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Языки документа
Уважаемые пользователи, процесс скачивания данного документа займет несколько минут.
Редакция 09.12.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі міндетін атқарушының өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жіберуді;
3) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін.
4. Осы бұйрық, 2019 жылғы 8 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Тізбенің 1-тармағының жиырма екінші абзацын, 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Тізбенің 2-тармағының жетінші, алпыс алтыншы, алпыс жетінші, алпыс сегізінші, алпыс тоғызыншы, жетпісінші, жетпіс бірінші, жетпіс екінші, жетпіс үшінші, жетпіс төртінші, жетпіс бесінші, жетпіс алтыншы, жетпіс жетінші, жетпіс сегізінші, жетпіс тоғызыншы, сексенінші, сексен бірінші, сексен екінші, сексен үшінші, сексен төртінші, сексен бесінші, сексен алтыншы, сексен жетінші, сексен сегізінші, сексен тоғызыншы, тоқсаныншы, тоқсан бірінші, тоқсан екінші, тоқсан үшінші, тоқсан төртінші, тоқсан бесінші абзацтарын, Тізбеге 13-қосымшаның 8-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б. Сапарбаев
КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі
КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасының цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 13 наурыздағы № 122 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі міндетін атқарушының өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының Тізбесі
1. «Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн бюджет қаражаты есебiнен беру, сондай-ақ жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 223 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11110 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылы 10 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн бюджет қаражаты есебiнен беру, сондай-ақ жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшiн өтініш беруші осы Қағидалардың 3-тармағында Тізбеленген құжаттарға мыналарды қоса береді:
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке тұлғаға төленген және міндетті зейнетақы жарналары табысынан жүзеге асырылған табыс сомалары туралы анықтама, ал дара кәсiпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар, сондай-ақ нысанасы жұмысты (қызмет көрсетуді) орындау болып табылатын, Заңның 24-бабының 2-тармағының 5) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалар үшін – мемлекеттік кірістер органы берген табысы туралы құжат болған кезде;
Ұйым (кәсіпорын) таратылған жағдайда табысы туралы мәліметтер көрсетілген архивтік анықтама немесе мемлекеттік архивтің немесе ведомстволық архивтің уәкілетті қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған архивтік құжаттың электрондық көшірмесі ұсынылады.
Орташа айлық табыс туралы архивтік құжатты беру мүмкіндігі болмаған жағдайда, орташа айлық табыстың мөлшері жинақтаушы зейнетақы қорларына немесе бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналары жүзеге асырылған табысқа сәйкес белгіленеді.
«Байқоңыр» кешенінің ресейлік ұйымдарында жұмыс істеген адамдар Ресей Федерациясының валютасымен төленген табысы туралы жұмыс берушінің анықтамасын ұсынады (бар болса).
Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындауға жүгінген күнге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамы туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсынан алады;
2) өтініш берушінің еңбек өтілін растайтын құжаттар:
еңбек кітапшасы;
еңбек кітапшасы жоқ немесе жарамсыз болса, еңбек кiтапшасында тиісті жазбалар, нақтылық болмаса, түзетулер және оқылуында әртүрлілік болса архив мекемелерiнен немесе жұмыс орнынан анықтамалар, мемлекеттік архивтің немесе ведомстволық архивтің уәкілетті қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған архивтік құжаттың электрондық көшірмелері немесе жұмыс орнынан анықтамалар.
Болуына қарай сондай-ақ:
бiлiмi туралы құжат;
әскери билет немесе қорғаныс істері жөніндегі басқарманың (бөлімнің) анықтамасы;
балалардың туу туралы куәліктері (азаматтық хал актілерін жазу органдары берген туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме немесе азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама);
«Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес прокуратура органдары берген ақталуы туралы анықтама;
әскери ұрыс қимылдарына қатысқаны туралы әскери комиссариаттың анықтамасы;
бірінші топтағы мүгедекке, екінші топтағы жалғызілікті мүгедекке және бөгде адамның көмегіне мұқтаж жасына байланысты зейнеткерге, сексен жасқа толған қарттарға, он алты жасқа дейінгі мүгедек балаға күтімді жүзеге асыру фактісін және кезеңін растайтын соттың шешімі;
Кеңес Одағы аумағында орналасқан мекемелердің, Қазақстан Республикасы мекемелердің, халықаралық ұйымның қызметкері жұбайы (зайыбы) шетелде тұрғанын растайтын құжат;
әскери қызметшiнiң, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің жұбайының (зайыбының) мамандығы бойынша жұмысқа орналасу мүмкiндiгi болмаған жерлерде тұрғанын растайтын құжат;
Қазақстан Республикасына тарихи елінде тұрақты тұру мақсатында келген этникалық қазақтардың шығу мемлекетіндегі еңбек қызметін растайтын құжат ұсынылады.
Жұмыс iстемейтiн ананың жас балаларды бағып-күткен уақытын растау үшін мына құжаттардың (олардың болуына қарай) біреуі ұсынылады:
балалардың жеке басын куәландыратын құжат;
балалардың (тегін өзгерткен кезде) неке туралы куәлігі (азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама) не некені бұзу туралы куәлігі немесе неке қию туралы актілік жазбадан үзінді көшірме;
балалардың орта оқу орнын бітіргені туралы аттестат;
орта-кәсіптік немесе жоғары оқу орнын бітіргені туралы диплом не балалардың оқығанын растайтын оқу орнының анықтамасы;
балалардың тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелген орнын растайтын құжат;
балалардың қайтыс болғаны туралы куәлік (не азаматтық хал актілерін жазу органдары берген қайтыс болғаны туралы актілік жазба немесе азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама);
балалардың әскери қызметті өткергенін растайтын құжат;
3) неке туралы куәлік (азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама) не некені бұзу туралы куәлік немесе неке қию туралы актілік жазбадан үзінді көшірме (тегін өзгерткен кезде).»;
6-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6-1. Базалық зейнетақыны тағайындау үшін өтініш беруші осы Қағидалардың 3-тармағында Тізбеленген құжаттардан басқа:
1) өтініш берушінің зейнетақы жүйесіне қатысу өтілін растайтын құжаттарды;
2) неке туралы куәлікті (азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама) не некені бұзу туралы куәлікті немесе неке қию туралы актілік жазбадан үзіндіні (бар болса) ұсынады.
Зейнетақы жүйесіне қатысу өтілін растайтын құжаттарға (олардың болуына байланысты) мыналар жатады:
1) осы Қағидалардың 4-тармағының 2) тармақшасында көзделген, өтініш берушінің 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін жинақталған еңбек өтілін растайтын құжаттар;
2) жұмыс iстемейтiн ананың жас балаларды бағып-күткен уақытын растайтын құжаттар:
балалардың туу туралы куәліктері (туу туралы актілік жазбадан үзінді немесе азаматтық хал актiлерiн жазу органдары берген азаматтық хал актiлерiн тіркеу туралы анықтама);
келесі құжаттардың біреуі (олардың болуына байланысты):
балалардың жеке басын куәландыратын құжат;
балалардың (тегін өзгерткен кезде) неке туралы куәлігі (азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама) не некені бұзу туралы куәлік немесе неке қию туралы актілік жазбадан үзінді;
балалардың орта оқу орнын бітіргені туралы аттестат;
балалардың арнаулы орта немесе жоғары оқу орнын бітіргені туралы диплом не білім алғанын растайтын оқу орнының анықтамасы;
балалардың тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелген орнын растайтын құжат;
балалардың қайтыс болғаны туралы куәлік (немесе қайтыс болғаны туралы актілік жазба немесе азаматтық хал актілерін жазу органдары берген азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама);
балалардың әскери қызметті өткергенін растайтын құжат;
3) жұмыс істемейтін әкенің жас балаларды нақты бағып-күткені фактісін және кезеңін растайтын сот шешімі;
Бұл ретте көрсетілген кезең баланың анасының зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне есептелмейді.
4) бірінші топтағы мүгедекті, екінші топтағы жалғызілікті мүгедекті және бөгде адамның көмегіне мұқтаж жасына байланысты зейнеткерді, сексен жасқа толған қарттарды, он алты жасқа дейінгі мүгедек баланы бағып-күтуді жүзеге асыру фактісін және кезеңін растайтын сот шешімі;
Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға), бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтімді жүзеге асыратын адамға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы алу туралы мәліметтерді мемлекеттік ақпараттық жүйелерден растау кезінде сот шешімін ұсыну талап етілмейді;
5) әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызмет, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет кезеңдерін растайтын (олардың болуына қарай) мынадай құжаттар:
еңбек кітапшасы;
әскери билет;
қызмет кезеңі туралы архив мекемесінің анықтамасы;
қорғаныс істері жөніндегі басқарманың (бөлімнің) немесе қызмет орнының анықтамасы;
қызметті өткеру туралы келісімшарт жасау және тоқтату негізінде қызметтік қатынастардың туындауын және тоқтауын растайтын бұйрықтың көшірмелері ұсынылады;
6) Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметтері және халықаралық ұйымдар қызметкерлерi жұбайының (зайыбының) шетелде, әскери қызметшiлердің (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің жұбайларымен мамандықтары бойынша жұмысқа орналасу мүмкiндiгi болмаған жерлерде тұру фактісін және кезеңін растайтын құжат;
7) «Байқоңыр» кешенінің ресейлік ұйымдарында 1998 жылғы 1 қаңтардан кейінгі еңбек өтілін растайтын құжат;
8) егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдардың 2004 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі еңбек қызметінің кезеңдерін растайтын құжаттар (олардың болуына қарай):
еңбек кітапшасы;
еңбек кітапшасы болмаса немесе жарамсыз болса, еңбек кiтапшасында тиісті жазбалар, болмаса, түзетулер және оқылуында әртүрлілік болса, жұмыс орнынан анықтама;
сот шешімі.
Егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдардың зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік төлемдерді аудару туралы орталықтандырылған дерекқордың мәліметтері негізінде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылған кезеңдер есепке алынады.»;
мынадай мазмұндағы 6-2-тармақпен толықтырылсын:
«6-2. Міндетті зейнетақы жарналары жүзеге асырылған кезең орталықтандырылған дерекқордағы міндетті зейнетақы жарналарын аудару туралы мәліметтермен расталады.
Міндетті зейнетақы жарналары толық және уақтылы аударылмаған жағдайларда міндетті зейнетақы жарналарын (олардың болуына қарай) жүзеге асыру кезеңдері мынадай құжаттармен расталады:
міндетті зейнетақы жарналары аударылған кезеңдер өтініш беруші еңбек өтілін растайтын құжаттарда көрсетілген еңбек қызметінің кезеңдеріне сәйкес келсе осы Қағидаларға 3-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша міндетті зейнетақы жарналарын аудару туралы жұмыс берушінің (құқықтық мирасқордың) немесе архивтік мекеменің растау анықтамасы;
міндетті зейнетақы жарналарын аудару кезеңдерін растайтын сот шешімі.
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшерін қайта есептеген кезде жеке практикамен айналысатын адамдардың, сондай-ақ нысанасы жұмысты (қызмет көрсетуді) орындау болып табылатын, Заңның 24-бабының 2-тармағының 5) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалардың, сондай-ақ өз пайдасына міндетті зейнетақы жарналарын жүзеге асырған дара кәсiпкерлердің және шаруа немесе фермер қожалықтарының басшылары және мүшелерінің (қатысушыларының) міндетті зейнетақы жарналары жүзеге асырылған кезеңі бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына тиісті салық кезеңiне төленуге жататын міндетті зейнетақы жарналарының кемінде жылдық сомасын аударған жағдайда бір жылға тең болады.
Егер көрсетілген адамдар енгізген міндетті зейнетақы жарналарының сомасы тиісті салық кезеңiне төленуге жататын міндетті зейнетақы жарналарының жылдық сомасынан аз болса, онда міндетті зейнетақы жарналары аударылған кезең енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының сомасына пропорционалды түрде айқындалады.
Міндетті зейнетақы жарналарын 2006 жылғы 1 шілдеге дейін аударған жағдайда жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу кезеңіне міндетті зейнетақы жарналары аударылған айдың алдындағы ай есепке алынады.
Егер бір айда жинақтаушы зейнетақы қорларына және (немесе) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын аудару бірнеше рет жүзеге асырылса, жинақтаушы жүйеге қатысу кезеңі бір айды құрайды.»;
осы Тізбеге 1-қосымшаға сәйкес 3-1-қосымшамен толықтырылсын.
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 08.06.2020 жылғы № 217 Бұйрығына сәйкес (17.03.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ күшін жойды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 17.03.2020 жылғы № 100 Бұйрығына сәйкес (13.03.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
4-тармақ күшін жойды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 23.11.2023 жылғы № 485 Бұйрығымен (08.06.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.12.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушының, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің және Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының Тізбесіне 1-қосымша
Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн бюджет қаражаты есебiнен беру, сондай-ақ жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидаларына 3-1-қосымша
Нысан
Жұмыс берушінің (құқықтық мирасқордың) мiндеттi зейнетақы жарналарын аудару туралы АНЫҚТАМА
Салымшы ________________________________________________________
Тегі |__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|
Аты |__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|
Әкесiнiң аты (бар болса)|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|
Туған күні |__|__|__|__|__|__|__|__|
күні айы жылы
Жеке басын куәландыратын құжаттың түрі:
______________________________________________________
Нөмiрi |__|__|__|__|__|__|__|__|__| берілді _________________________
Жеке сәйкестендіру нөмірі ___________________________________________
№ |__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|
Жұмыс берушінің атауы ______________________________________________
Жұмыс берушінің БСН-і (ЖСН-і) |__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|
Жұмыс берушінің орналасқан жері ___________________________________
бастап __________________________________ қоса алынған кезең бойынша
Төлем тапсырмасының күнi |
Төлем тапсырмасының нөмiрi № |
Банк БСК-i |
Банктiң атауы |
Жинақтаушы зейнетақы қоры немесе БЖЗҚ |
Шот нөмiрi |
Төлем тапсырмасының жалпы сомасы |
Жарналар сомасы |
Міндетті зейнетақы жарналары төленген кезең |
Осы ұйымда еңбек қызметінің кезеңі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
М.О. (бар болса)
Басшы ________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)
Бас бухгалтер _____________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушының, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің және Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының Тізбесіне 2-қосымша
2-қосымша күшін жойды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 08.06.2020 жылғы № 217 Бұйрығына сәйкес (17.03.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушының, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің және Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының Тізбесіне 3-қосымша
3-қосымша күшін жойды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 08.06.2020 жылғы № 217 Бұйрығына сәйкес (17.03.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушының, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің және Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының Тізбесіне 4-қосымша
4-қосымша күшін жойды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 08.06.2020 жылғы № 217 Бұйрығына сәйкес (17.03.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушының, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің және Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының Тізбесіне 5-қосымша
5-қосымша күшін жойды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 08.06.2020 жылғы № 217 Бұйрығына сәйкес (17.03.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушының, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің және Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының Тізбесіне 6-қосымша
6-қосымша күшін жойды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 08.06.2020 жылғы № 217 Бұйрығына сәйкес (17.03.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушының, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің және Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының Тізбесіне 7-қосымша
7-қосымша күшін жойды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 08.06.2020 жылғы № 217 Бұйрығына сәйкес (17.03.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушының, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің және Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының Тізбесіне 8-қосымша
8-қосымша күшін жойды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 08.06.2020 жылғы № 217 Бұйрығына сәйкес (17.03.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін а тқарушының, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің және Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының Тізбесіне 9-қосымша
9-қосымша күшін жойды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 08.06.2020 жылғы № 217 Бұйрығына сәйкес (17.03.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушының, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің және Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының Тізбесіне 10-қосымша
10-қосымша күшін жойды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 08.06.2020 жылғы № 217 Бұйрығына сәйкес (17.03.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушының, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің және Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының Тізбесіне 11-қосымша
11-қосымша күшін жойды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 08.06.2020 жылғы № 217 Бұйрығына сәйкес (17.03.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушының, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің және Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының Тізбесіне 12-қосымша
12-қосымша күшін жойды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 17.03.2020 жылғы № 100 Бұйрығына сәйкес (13.03.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушының, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің және Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының Тізбесіне 13-қосымша
13-қосымша күшін жойды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 23.11.2023 жылғы № 485 Бұйрығымен (08.06.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.12.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушының, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің және Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының Тізбесіне 14-қосымша
14-қосымша күшін жойды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 23.11.2023 жылғы № 485 Бұйрығымен (08.06.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.12.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена
Ссылка на документ скопирована в буфер обмена
Документ добавлен в избранное
Комментарий удален
Закладка успешно добавлена
Закладка удалена
Закладка изменена
Функция доступна только для подписчиков системы
Чтобы оставить закладку, пожалуйста
Содержание
Комментарий успешно добавлен